Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет167/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   230
ЫҚШАМДАУ
Бағыныңқы  сөйлемдер  екі  түрде  айтылады.  1)  Толық 
түрде.  2)  Ықшам  түрде.  Толық  түрде  айтылған  бағыныңқы 
сөйлемдердің  бәрін  болмаса  да,  көбін-ақ  ықшам  түрге 
айналдыруға болады. Ықшамдау деп сол толық түрден ықшам 
түрге  айналдыру  айтылады.  Қазақ  тілінде  толық  түрінен  де 
ықшам түрі көбірек жүреді. Бағыныңқы сөйлемнің көбі ықшам 
түрге айналғанда, басыңқы сөйлемге сіңісіп, жоғалып кетеді. 
Жазғанда бағыныңқы сөйлемнің толық түрі мен ықшам түрінің 
қай қолайлысы, көркемі алынады. Сондықтан ықшам түрінен 
толық түрі көркем болып шықпайтын болса, онда сөйлемдерді 
ықшамдаудың  қажеті  жоқ.  Жана  да  ондай  сөйлемдер 
ықшамдалмайтын сөйлемдерге саналады. Бағыныңқы сөйлемді 
ықшамдауға болады: 1) зат есім арқылы, 2) сын есім арқылы, 
3)  етістіктің  есімше  түрі  арқылы,  4)  етістіктің  көсемше  түрі 
арқылы.
Мысал: 1) Түсі қандай болса, ісі сондай болады. Бұл толық 
түрі. Ықшам түрінде айтқанда, «Ісі түсіндей болады» дейміз 
(зат  есім  арқылы).  2)  Ит  жүйрік  болса,  оны  түлкі  сүймес. 
Мүны  ықшамдап  айтқанда,  «Ит  жүйрігін  түлкі  сүймес» 


262
дейміз. (Мүнда сын есім арқылы) 3) Қалай пішілсе, киім со-
лай  тігілмекші.  Мұнда  ықшамдап  айтқанда,  «Пішілуінше 
киім  тігілмекші»  дейміз  (мұнда  етістік  зат  есімге  айналған 
түрі  арқылы).  4)  Атаңа  не  қылсаң,  алдыңа  сол  келер.  Мұны 
ықшамдап айтқанда, «Атаңа қылғаның алдыңа келер» дейміз 
(мұнда етістіктің есімше түрі арқылы). 5) Олар көше алмады, 
үйткені көлігі жоқ болды. Мүны ықшамдап айтқанда, «Көлігі 
жоқ  болып,  олар  көше  алмады»  дейміз  (мұнда  етістіктің 
көсемше түрі арқылы).
1-інші  мысалда  «түсі  қандай  болса»  деген  бағыныңқы 
сөйлем  жоғалып,  «түсіндей»  деген  жалғыз  ауыз  сөз  болып, 
басыңқы сөйлемге сіңісіп кетіп тұр. 2- інші мысалда «ит жүйрік 
болса» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып, «ит жүйрігін» де-
ген екі ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге сіңісіп тұр. 3-інші 
мысалда «қалай пішілсе» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып, 
«пішілуінше» деген бір ауыз сөз болып сіңіріп тұр. 4-інші мы-
салда  «атаңа  не  қылсаң»  деген  бағыныңқы  сөйлем  жоғалып, 
«атаңа қылғаның» деген екі ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге 
сіңісіп  тұр.  5-інші  мысалда  «үйткені  көлігі  жоқ  болды»  де-
ген  бағыныңқы  сөйлем  ықшамдалып,  «көлігі  жоқ  болып» 
деген  бағыныңқы  сөйлемге  айналып  тұр.  Мұнда  алдыңғы 
сөйлемдер сияқты бағыныңқы сөйлем жоғалып кеткен жоқ, тек 
ықшамдалған. Оның себебі көсемше арқылы ықшамдалуында. 
Көсемше арқылы ықшамдалған бағыныңқы сөйлемдер өз ал-
дына сөйлемнің күйін ықшамдалған күнде де жоғалтпайды.
Толық  түріндегі  бағыныңқы  сөйлемдер  мен  басыңқы 
сөйлемнің арасы теріс үтірмен айырылады. Ықшам түріндегі 
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге сіңісіп жоқ болып кет-
кенде, ешбір тыныс белгісімен бөлінбейді. Егер де бағыныңқы 
сөйлем  ықшамдалғанмен,  басыңқы  сөйлемге  сіңісіп  кетпей, 
өз алдына сөйлем күйінде қалса, онда толық түрдегідей теріс 
үтірмен айырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет