Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


 Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары с



Pdf көрінісі
бет123/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151

§
4. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары с,
ш
дыбыстарына аяқталса, келесі сөз ж, ш дыбыстарынан ба-
сталса, екі сөз аралығында қос шш дыбысы айтылады. Мыса-
лы, Досжан, сөзшең, бос шылбыр, жас жаным деген сөздердің
айтылуы: Дошшан, сөшшең, бошшылбыр, жашшаным. Сол
сияқты алдыңғы сыңар з дыбысына аяқталса, келесі сыңар ж
дыбысынан басталса, қос жж айтылады. Мысалы, ғазиз жан,
тоғыз жерде дегендердің айтылуы: ғазижжан, тоғұжжерде.
Осы ережеге байланыстырып, «Абай» операсындағы Абай
мен   Ажардың   арияларынан   алынған   мына   шумақтардың
орфо-эпиясын талдап көрелік:
Жазылуы:
Бауырым жара, сөзім нала, 
Дертпен келем мен бүгін. 
Аямас жау мені айнала 
Салды салмақ сұмдығын. 
Қараңғыда жалғыз жарық 
Әлсіз қолда өшер ме? 
Айдарым жоқ, жеке қалып,
Зұлмат жаншып өтер ме?
Айтылуы:
Бауұрұмжара / сөзүмнала/ 
Дертпеңгелем / мембүгүн/ 
Айамашшау / менайнала // 
Салдысалмақ / сұмдұғұн // 
Қараңғыда / жалғыжжарық/
Әлсізғолда / өшерме // 
Айдарымжоқ / жекеғалып 
Зұлматжаншып / өтөрме //
Бұл заң екі сөздің аралығында ғана емес, түбір мен қосым-
шаның түйіскен жерінде де болады. Мысалы, жұмысшы,
259


қосшы, басшы деген сөздер айтылуда жұмұшшы, қошшұ, баш-
шы болып естіледі.
Осы ережені ескеріп, мына сөздердің дұрыс айтылуын жа-
зып және оқып көрсетіңдер.
ҚызЖібек, Бозжігіт, ауызша, орысша, көзсіз (батыр), құшсаң,
көшсін,   қас   жақсы,   қас   жаман,   жас   жарым,   Көзжақсым,   еш
жұмысы   (жоқ),   бес   жылдық   (оқу),   үш   жылдық   жоспар,   қазша
(мамырлаған), қасша (дұшпанша), жазшы, тас жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет