Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет213/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   269
Пассивті 

салқындату

Ауа 


температурасы 

дəндер 


температурасынан  төмен  болғанда,  бүкіл  дəндер  топтамасына 

пассивті салқындату қолданылады, бұл кəдімгі табиғи ауа тартып 

шығару  арқылы  қойманы  желдету  жолымен  жүзеге  асырылады. 

Пассивті салқындатудың артықшылығы – бұл əдіс оңай, дəндерді 

аудастырудың  қажеті  болмайды,  қосымша  шығын  да  керек 

етпейді.  Алайда,  ол  əрдайым  бірдей  тиімді  бола  бермейді. 

Атмосфералық 

ауа 


мен 

астықтың 

араласуы, 

беттесуі 

шектеулілігіне  байланысты  (дəндердің  салқындауы  үйменің 

үстіңгі  бетінен,  жағынан  басталады),  сондай-ақ  жылу  жəне 

температура  өткізгіштігінің  нашарлығынан,  əсіресе,  дəндердің 

төменгі қабаттары тым баяу салқындайды. 

Пассивті  салқындатуды  құрғақ  жəне  орташа  құрғақ  дəндер 

үшін  ғана  қолдану  тиімді.  Ылғалдылығы  да,  температурасы  да 

біршама жоғары, қабат қалыңдығы 1 м астықты баяу салқындату 



 

419


 

қызу  қауіпіне  тосқауыл  бола  алмайды.  Іс  жүзінде  мұны  есте 

ұстаған дұрыс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет