Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


§19.  Жуан  сөздің  аяғы  жай  қалыпта  дауыссыз  я  жарты



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#610
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
§19.  Жуан  сөздің  аяғы  жай  қалыпта  дауыссыз  я  жарты  
дауысты  дыбыс  болса,  ортақ  тәуелдік  түрінде  былай  жал-
ғанады:
«Күш» деген сөз  І-ші жақ 
ІІ-ші жақ 
 ІІІ-ші жақ
Жекеше: Атау  күшіміз 
күшіңіз 
 күші

122
Ілік жалғау 
күшіміздің 
күшіңіздің 
 күшінің
Барыс жалғау 
күшімізге 
күшіңізге 
 күшіне
Табыс жалғау 
күшімізді 
күшіңізді 
 күшін
Жатыс жалғау 
күшімізде 
күшіңізде 
 күшінде
Шығыс жалғау  күшімізден 
күшіңізден 
 күшінен
Көпше: Атау 
күштеріміз 
күштеріңіз 
 күштері
Ілік жалғау 
күштеріміздің  күштеріңіздің   күштерінің
Барыс жалғау 
күштерімізге  күштеріңізге   күштеріне
Табыс жалғау 
күштерімізді  күштеріңізді   күштерін
Жатыс жалғау 
күштілерімізде  күштеріңізде   күштерінде
Шығыс жалғау  күштерімізден  күштеріңізден   күштерінен
26)  Дағдыландыру.  Осы  үлгі  бойынша  аяғы  дауыссыз 
я  жарты  дауысты  жіңішке  сөздерді  ортақ  тәуелдік  түрінде 
жалғаулату.
Жай қалып пен тәуелді қалып арасындағы айырықтар
Жай қалыпта:  Битарап 
  Тәуелді қалыпта:
 
І-ші жақ 
ІІ-ші жақ 
  ІІІ-ші жақ
Барыс жалғау  -ға, -ге 
-а, -е 
  -на, -не
Табыс жалғау  -ды, -ні 
–   

Жатыс жалғау  -да, -де 
–   
-нда, -нде
Шығыс жалғау  -дан, -ден 
  – 
  -нан, -нен
 
-нан, -нен 
  – 
  –
 
  
 
ҚОРЫТУ
Жалғаулар
Септік – -ның, -дың, -ға, -ге, -қа, -ке, -ны, -ды, -да, -дан, 
-нан, -ден, -нен.
Көптік – -лар, -лер, -дар, -дер.

123
Тәуелдіктер
1) Оңаша – -м, -ң, -ы, (-сы)
17
 
2) Ортақ – -мыз (-ымыз), -ңыз (-ыңыз), -ы (-сы)
18
 
ЗАТ ЕСІМНЕН ТУҒАН СӨЗДЕР
Түпкі зат есімдер түпкі заттың есімін көрсетеді. Түпкі затқа 
қатысқан  екінші  зат  болса,  ол  екінші  затты  атау  үшін  түпкі 
заттың есіміне һәр түрлі жұрнақтар жалғанады. Мысалдар:
§1.  «-шы»  жұрнақ  заттың  есіміне  жалғанады:  сол  затқа 
қатысы бар адамдарды атау үшін. Мәселен: «Үй» де ген сөзге 
«-ші»  жұрнағын  жалғап  «үйші»  дейміз,  үй  істейтін  адамды 
атау  үшін;  «Жылқы»  деген  сөзге  «-шы»  жұрнағын  жалғап 
«жылқышы»  дейміз,  жылқы  бағатын  адамды  атау  үшін; 
«Балық»  деген  сөзге  «-шы»  жұрнағын  жалғап  «балықшы» 
дейміз, балық аулайтын адамды атау үшін; «Егін» деген сөзге 
«-ші»  жұрнағын  жалғап  «егінші»  дейміз,  егін  егуші  адам ды 
атау үшін. «Су» деген сөзге «-шы» жұрнағын жалғап «сушы» 
дейміз, су таситын адамды атау үшін уа ғайри сондай.
Дағдыландыру.  «-шы»  жұрнағы  жалғанарлық  сөздерді 
тапқызып, жалғату.
§  2.  «-лық»  (-лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік)  жұрнақ  зат  есімге 
жалғанады:
Әуелі, сол зат үшін жұмсалатын нәрсені атау үшін. Мәселен: 
«Арқа» деген сөзге «-лық» жұрнағын қосып «арқалық» дейміз, 
арқа  үшін  жұмсалатын  нәрсені  атау  үшін;  «Тер»  деген  сөзге 
«-лік» жұрнағын қосып «терлік» дейміз, тер үшін жұмсалатын 
нәрсені  атау  үшін;  «Мұрын»  деген  сөзге  «-дық»  жұрнағын 
17
 
Сөз аяғы дауысты дыбыс болса, «ы» алдында «с» қосылады.
 
18
 
Ортақ  тәуелдіктің  ІІІ-ші  жағы  оңаша  тәуелдікпен  бірдей;  Ортақтығын 
«олар» деген сөз қосылғанынан білеміз.

124
қосып «мұрындық» дейміз, мұрын үшін жұмсалатын нәрсені  
атау үшін; «Түн» деген сөзге «-дік» жұрнағын қосып «түндік» 
дейміз  түн  үшін  жұмсалатын  нәрсені  атау  үшін;  «От»  деген  
сөзге  «-тық»  жұрнағын  қосып  «оттық»  дейміз,  от  үшін 
жұмсалатын  нәрсені  атау  үшін.  «Өркеш»  деген  сөзге  «-тік» 
жұрнағын қосып «өркештік» дейміз, өркеш үшін жұмсалатын 
нәрсені атау үшін уа ғайри сондай.
Екінші,  басқа  нәрселерге  сол  затты  өлшеу  болатындығын 
көрсету  үшін.  Мәселен:  «Ай»  деген  сөзге  «-лық»  жұрнағын 
жалғап  «айлық»  дейміз,  айдың  өлшеу  болғандығын  көрсету 
үшін;  «Түйе»  деген  сөзге  «-лік»  жұрнағын  жалғап  «түйелік» 
дейміз,  түйенің  басқаларға  өлшеу  екендігін  көрсету  үшін; 
«Жыл» деген сөзге «-дық» жұрнағын жалғап «жылдық» дейміз, 
жылдың басқаларға өлшеу болғандығын көрсету үшін; «Күн» 
деген сөзге «-дік» жұрнағын жалғап, «күндік» дейміз, күннің 
басқаларға өлшеу болғандығын көрсету үшін; «Оқ» деген сөзге 
«-тық»  жұрнағын  жалғап  «оқтық»  дейміз,  оқтық  басқаларға 
өлшеу  болғанын  көрсету  үшін;  «Көйлек»  де ген  сөзге  «-тік» 
жұрнағын жалғап «көйлектік» дейміз, көйлек басқаларға өлшеу 
болғанын көрсету үшін.
Үшінші, сол заттың қалпын көрсету үшін, мәселен: «Аға» 
деген  сөзге  «-лық»  жұрнағын  жалғап,  «ағалық»  дейміз,  аға 
қалпын  көрсету  үшін;  «Іні»  деген  сөзге  «-лік»  жұрнағын 
жалғап, «інілік» дейміз, іні қалпын көрсету үшін; «Шал» деген 
сөзге «-дық» жұрнағын жалғап «шалдық» дейміз, шал қалпын 
көрсету үшін; «Ел» деген сөзге «-дік» жұрнағын жалғап «елдік» 
дейміз,  ел  қалпын  көрсету  үшін;  «Жұрт»  деген  сөзге  «-тық» 
жұрнағын  жалғап  «жұрттық»  дейміз,  жұрт  қалпын  көрсету 
үшін.
Дағдыландыру. «-лық», (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақ 
жалғанарлық сөздерді тапқызып, жалғату.
§  3.  «-шылық»  (-шілік)  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады, 
сол  затқа  лайық  қалпын  атау  үшін.  Мәселен:  «Адам»  де-
ген  сөзге  «-шылық»  жұрнағын  жалғап  «адамшылық»  дейміз, 
адамға лайық қалпын атау үшін; «Жігіт» деген сөзге «-шілік» 
жұрнағын жалғап «жігітшілік» дейміз, жігітке лайық қалпын 

125
атау  үшін;  «Қазақ»  деген  сөзге  «-шылық»  жұрнағын  жалғап 
«қазақшылық» дейміз, қазаққа лайық қалпын атау үшін. 
Ескерту.  Бұл  «-шылық»  (-шілік)  жұрнағынан  «балық-
шылық»,  «егіншілік»  деген  сөздердегі  «-шылық»,  «-шілік 
жұрнақтарын  айыру  тиіс,  үйткені  бұлардағы  «-шылық»  екі 
жұрнақтан болған: «-шы» һәм «-лық» (балықшылық, егіншілік) 
һәм бұлар заттың жай ғана қалпын көрсетеді.
Дағдыландыру.  «-шылық»,  «-шілік»,  жұрнақтарын  жал-
ғарлық сөздерді тапқызып жалғату.
§ 4. «-шыл» жұрнақ зат есіміне жалғанады. Сол затты екінші 
зат  жарататындығын,  сүйетіндігін  көрсету  үшін.  Мәселен: 
«Ұйқы» деген сөзге «-шыл» жұрнағын жалғап «ұйқышыл» деп, 
ұйқыны  сүйетіндігін  көрсетеміз;  «Ұлт»  деген  сөзге  «-шыл» 
жұрнағын  жалғап  «ұлтшыл»  деп,  ұлтты  сүйетіндігін  көрсе- 
теміз;  «Қазақ»  деген  сөзге  «-шыл»  жұрнағын  жалғап  «қазақ-
шыл» деп, қазақты сүйетіндігін көрсетеміз уа ғайри сондай.
Дағдыландыру.  «-шыл»  жұрнағын  жалғарлық  сөздерді 
тапқызып, жалғату.
§  5.  «-шық»  (-шік)  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады,  сол 
заттың кішкенелігін көрсету үшін. Мәселен: «Қап» деген сөзге 
«-шық» жұрнағын жалғап «қапшық» деп, қаптың кішкенелегін 
көрсетеміз; «Үй» деген сөзге «-шік» жұрнағын жалғап «үйшік» 
деп, үйдің кішкенелігін көрсетеміз уа ғайри сондай.
Дағдыландыру. «-шық» (-шік) жұрнақ жалғарлық сөздерді 
тапқызып, жалғату.
§  6.  «-ша»  (-ше)  жұрнақ  та  зат  есіміне  жалғанады,  сол 
заттың  кішкенелігін  көрсету  үшін.  Мәселен:  «Құман»  де-
ген сөзге «-ша» жұрнағын жалғап «құманша» деп, құманның 
кішкенелігін көрсетеміз; «Көрпе» де ген сөзге «-ше» жұрнағын 
жалғап  «көрпеше»  деп,  көрпенің  кішкенелігін  көрсетеміз  уа 
ғайри сондай. 
Ескерту. Құнанша, дөненше, бұқаша, өгізше, інгенше, та-
йынша  уа  ғайри  сондай  сөздерді  осы  жолмен  болған  заттың 
кішкене  һәм  сүйкімділігін  көрсету  үшін  сол  заттың  есіміне 

126
мынау жұрнақтар жалғанады: «-шақ», «-қан», «-қай». Мысалы: 
құлын-құлыншақ, бота-бота-қан, бала-балақай.
Дағдыландыру. «-ша» (-ше) жұрнақ жалғанарлық сөздерді 
тапқызып жалғату.
§ 7. «-қой» (-көй -гөй) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол 
затты  күйттеушіні  атау  үшін.  Мәселен:  «Сықақ»  деген  сөзге 
«-қой»  жұрнағын  жалғап  «сықаққой»  деп  күйттеушіні  айта-
мыз; «Әзіл» деген сөзге «-гөй» жұрнағын жалғап «әзілгөй» деп, 
әзіл күйттеушіні атаймыз; «Бата» деген сөзге «гөй» жұрнағын 
жалғап «батагөй» деп, бата күйттеушіні атаймыз.
Дағдыландыру.  «-қой»  (-көй,  -гөй)  жұрнақ  жалғанарлық 
сөздерді тапқызып, жалғату.
§ 8 «-нікі» (-дікі)
19
 жұрнақ зат есіміне жалғанады, нәрсенің 
сол  затқа  тиісті  екендігін  көрсету  үшін:  Мәселен:  «Кісі»  де-
ген сөзге «-нікі» жұрнағын жалғап «кісінікі» дейміз, нәрсенің 
кісіге тиісті екендігін білдіру үшін; «Мал» деген сөзге «-дікі» 
жұрнағын жалғап «малдікі» деп, нәрсенің малға тиісті екендігін 
білдіреміз уа ғайри сондай.
Дағдыландыру. «-нікі» (-дікі) жұрнақ жалғанарлық сөздер 
тапқызып, жалғату.
§  9.  «-лы»  (-ды,  -ты)  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады,  сол 
заттың  екінші  затта  барлығын,  хаттә  молдығын  да  көрсету 
үшін.  Мәселен:  «Бала»  деген  сөзге  «-лы»  жұрнағын  жалғап 
«балалы»  деп,  баласы  көптігін  көрсетеміз;  «Мал»  деген 
сөзге «-ды» жұрнағын жалғап «малды» деп, малы барлығын, 
молдығын  көрсетеміз;  «Ұлақ»  деген  сөзге  «-ты»  жұрнағын 
жалғап  «ұлақты»  деп,  ұлағы  барлығын  көрсетеміз  уа  ғайри 
сондай.
Дағдыландыру.  «-лы»  (-ды,  -ты)  жұрнақ  жалғанарлық 
сөздер тапқызып, жалғату.
19
 
«-нікі», «-дікі» жұрнақ «-ның» (-дың) жалғауларынан шыққан; «-ныңкі», 
«-діңкі» орнына «-нікі», «-дікі» болып кеткен.

127
§ 10. «-сыз» жұрнақ зат есіміне жалғанады сол заттың екін-
ші затта жоқтығын көрсету үшін. Мәселен: «Бала» деген сөзге 
«-сыз»  жұрнағын  жалғап  «баласыз»  деп,  баласы  жоқтығын 
көрсетеміз; «Мал» деген сөзге «-сыз» жұрнағын жалғап «мал-
сыз» деп, малы жоқтығын көрсетеміз; «Жан» деген сөзге «-сыз» 
жұрнағын жалғап «жансыз» деп, жаны жоқтығын көрсетеміз 
уа ғайри сондай.
Дағдыландыру.  «-сыз»  жұрнағын  жалғайтын  сөздер  тап-
қызып, жалғату.
§ 11. «-лас» (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнақ зат есіміне 
жалғанады, сол затқа басқалар ортақ екендігін көрсету үшін. 
Мәселен:  «Ата»  деген  сөзге  «-лас»  жұрнағын  жалғап  «ата-
лас» деп, атаға ортақ екендігін көрсетеміз; «Жер» деген сөзге 
«-лес» жұрнағын жалғап «жерлес» деп, жерге ортақ екендігі» 
көрсетеміз; «Жол» деген сөзге «-дас» жұрнағын жалғап «жол-
дас»  деп,  жолға  ортақтығын  көрсетеміз.  «Көл»  деген  сөзге 
«-дес» жұрнағын жалғап «көлдес» деп, көлге ортақ екендігін 
көрсетеміз;  «Құдық»  деген  сөзге  «-тас»  жұрнағын  жалғап 
«құдықтас» деп құдыққа ортақ екендігін көрсетеміз; «Шек» де-
ген сөзге «-тес» жұрнағын жалғап «шектес» деп, шекке ортақ 
екендігін көрсетеміз уа ғайри сондай.
Дағдыландыру. «-лас» (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағын 
жалғайтын сөздер тапқызып, жалғату.
§  12.  «-еке»  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады,  сол  затты  зор 
тұту  үшін  я  көңіл  аулау  үшін.  «Аға»  деген  сөзге  «еке»  де-
ген жұрнақ жалғап «ағеке» десек, ағаны зор тұтқанымыз яки 
көңілін  аулағанымыз  көрінеді.  «-еке»  жұрнақ  жалпы  есімге  
жай  жалғанады.  Жалпы  есімге  жалғанғанда  ол  есім  қысқар-
тылып  айтылады.  Мәселен:  «Ысмайыл»  деген  есім  жұрнақ 
жалғанғанда қысқарылып «Ыс-еке» болады; «Ыбраһім» деген 
есім  жұрнақ  жалғанғанда  қысқарылып  «Ыб-екең  болады  уа 
ғайри сондай.
Ескерту.  «-еке»  жұрнақ  көбінесе  үлкен  адамдарға  ай-
тылады. Кей сөздерде «-еке» орнына жалғыз «-й» қосылады. 
Мәселен: аға-ағай, апа-апай, ата-атай.

128
Кішіге  сөйлегенде  есіміне  басқа  жұрнақ  яки  жұрнақ  ор-
нына  бүтін  сөз  жалғанады.  Мәселен:  -жан,  -ан,  -ман,  -ш
Сүйткенде  «Тұрмұхаммед»  деген  есім  «Тұрман»  болып, 
«Ермұхаммед»  деген  есім  «Ержан»  бо лып,  «Қосмұхаммед»  
деген есім «Қосан», «Жұмағали» деген есім «Жұмаш» болып 
уа ғайри сондай жұрнақтар я сөздер қосылып айтылады.
Дағдыландыру.  Жоғарыда  көрсетілген  «-еке»,  «-жан», 
«-ман», «-ан», «-ш» жұрнақтарын жалғарлық сөздер тапқызып 
жалғату.
§ 13. «-шаң» (-ше) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол зат 
екінші затта көрнеу екендігін көрсету үшін, мәселен: «шапан» 
деген сөзге «-шаң» жұрнағын жалғап «шапаншаң» дейміз: кісі 
үстінде  шапан  көрнеу  екендігін  көрсету  үшін;  «бөрік»  деген 
сөзге «-шең» жұрнағын жалғап, «бөрікшең» дейміз: кісі басын-
да бөрік көрнеу екендігін көрсету үшін.
Ескерту. «-шаң» (-шең) жұрнақ басқа мағынада да жүреді 
яғни зат есіміне жалғанады басқа мағына туғызу үшін. Мәселен: 
«Ашу»  деген  сөзге  «-шаң»  жұрнағын  жалғап  «ашушаң» 
дейміз,  ашуы  оңай  пайда  болғандығын  көрсету  үшін;  «Тер» 
деген  сөзге  «-шең»  жұрнағын  жалғап  «тершең»  дейміз,  тері 
тез  шығатындығын  көрсету  үшін;  «Кір»  деген  сөзге  «-шең» 
жұрнағын  жалғап  «кіршең»  дейміз,  кір  оңай  қонатындығын 
көрсету үшін.
Сүйтіп, «-шаң» (-шең) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол 
заттың оңай пайда болғандығын көрсету үшін де.
Дағдыландыру.  «-шаң»  (-шең)  жұрнақтар  екі  түрлі 
мағынасында жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
§ 14. «-а» (-е) жұрнақ зат есіміне жалғанады сол затты іске 
айналдыру  үшін.  Мәселен:  «Ас»  деген  сөзге  «-а»  жұрнағын 
жалғап «аса» дейміз, асты іске айналдыру үшін; «Дем» деген 
сөзге «-е» жұрнағын жалғап «деме» дейміз, демді іске аудару 
үшін.
Дағдыландыру. «-а» (-е) жұрнақ жалғарлық сөз тапқызып, 
жалғату.

129
§  15.  «-ла»  (-ле,  -да,  -де,  -та,  -те)  жұрнақ  зат  есіміне 
жалғанады, істі сол затпен істеу үшін. Мәселен: «Таға» деген 
сөзге  «-ла»  жұрнағын  жалғап  «тағала»  дейміз,  істі  тағамен 
істеу үшін; «Шеге» деген сөзге «-ле» жұрнағын қосып «шеге-
ле»  дейміз,  істі  шегемен  істеу  үшін;  «Тұз»  деген  сөзге  «-да» 
жұрнағын  жалғап  «тұзда»  дейміз,  істі  тұзбен  істеу  үшін; 
«Көз» деген сөзге «-де» жұрнағын жалғап «көзде» дейміз, істі 
көзбен істеу үшін; «Таяқ» деген сөзге «-та» жұрнағын жалғап 
«таяқта»  дейміз  істі  таяқпен  істеу  үшін;  «Тіс»  деген  сөзге  
«-те» жұрнағын жал ғап «тісте» дейміз, істі тіспен істеу үшін.
Дағдыландыру.  «-ла»  (-ле,  -да,  -де,  -та,  -те)  жұрнақтар 
жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
§  16.  «-ғар»  (-қар,  -кер)  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады: 
басқаны сол затта болдыру үшін. Мәселен: «Аң» де ген сөзге 
«-ғар» жұрнағын жалғап «аңғар» дейміз, аңында болдыру үшін; 
«Бас» деген сөзге «-қар» жұрнағын жалғап «басқар» дейміз, ба-
сында болдыру үшін; «Ес» деген сөзге «-кер» жұрнағын жалғап 
«ескер» дейміз, есінде болдыру үшін. 
Дағдыландыру.  «-ғар»  (-қар,  -кер)  жұрнақ  жалғанарлық 
сөздер тапқызып, жалғату.
§ 17. «-сын» жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол зат сияқтану 
үшін. Мәселен: «Адам» деген сөзге «-сын» жұрнағын жалғап 
«адамсын»  дейміз,  адам  сияқтану  үшін;  «Жігіт»  деген  сөзге 
«-сін»  жұрнағын  жалғап  «жігітсін»  дейміз,  жігіт  сияқтану 
үшін.
Дағдыландыру.  «-сын»  жұрнағы  жалғарлық  сөздерді 
тапқызып, жалғату.
§  18.  «-шыла»  (-шіле)  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады,  сол 
зат сияқты істеуді көрсету үшін. Мәселен: «Қазақ» деген сөзге 
«-шыла» жұрнағын жалғап «қазақшыла» дейміз, қазақ сияқты 
істеу  үшін;  «Естек»  деген  сөзге  «-шіле»  жұрнағын  қосып 
«естекшіле» дейміз, естек сияқты істеу үшін.
Дағдыландыру.  «-шыла»  (-шіле)  жұрнағын  жалғарлық 
сөздер тапқызып, жалғату.

130
§ 19. «-ық» (-ік) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол зат пай-
да  болуын  көрсету  үшін.  Мәселен:  «От»  деген  сөзге  «-ық» 
жұрнағын  жалғап  «отық»  дейміз,  от  пайда  бо луын  көрсету 
үшін; «Жел» деген сөзге «-ік» жұрнағын қосып «желік» дейміз, 
жел  пайда  болуын  көрсету  үшін.  Бұл  жұрнақтар  орнына  кей 
сөздерде «-ай» (-ей) жұрнақ та айтылады. Мәселен: «От» деген 
сөзге «-ай» жұрнағын жалғап «отай» дейміз, от пайда болуын 
көрсету үшін; «Іс» деген сөзге «-ей» жұрнағын жал ғап «ісей» 
дейміз, іс пайда болуын көрсету үшін.
Дағдыландыру.  «-ық»  (-ік),  «-ай»  (-ей)  жұрнақтар 
жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
§  20.  «-гер»  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады,  сол  затты  
қолданушыны  көрсету  үшін.  Мәселен:  «Сауда»  деген  сөзге  
«-гер»  жұрнағын  жалғап  «саудагер»  дейміз,  сауданы  қолда-
нушыны көрсету үшін.
Дағдыландыру.  «-гер»  жұрнағы  жалғанарлық  сөздер 
тапқызып жалғату.
§  21.  «-дай»  (-дей)  жұрнақ  зат  есіміне  жалғанады,  басқа 
затты сол затқа балау үшін, теңеу үшін. Мәселен: «Ай» деген 
сөзге  «-дай»  жұрнағын  жалғап  «айдай»  дейміз,  біp  нәрсені 
айға  балағанда;  «Күн»  деген  сөзге  «-дей»  жұрнағын  жалғап 
«күндей»  дейміз,  нәрсені  күнге  балағанда;  «Оқ»  деген  сөзге 
«-тай»  жұрнағын  жалғап  «оқтай»  дейміз,  оққа  балағанда; 
«Шөп» деген сөзге «-тей» жұрнағын жалғап «шөптей» дейміз, 
шөпке балағанда.
Дағдыландыру. «-дай» (-дей) жұрнағын жалғарлық сөздер 
тапқызып, жалғату.
§ 22. «-дағы» (-дегі) жұрнақ зат есіміне жалғанады, нәрсенің 
болуы сол затта екендігін көрсету үшін. Мәселен: «Тау» деген 
сөзге «-дағы» жұрнағын жалғап «таудағы» дейміз, болуы тау-
да болса; «Үй» де ген сөзге «-дегі» жұрнағын жалғап «үйдегі» 
дейміз, болуы үйде болса; «Жас» деген сөзге «-тағы» жұрнағын 
жалғап «жастағы» дейміз, болуы жас кезде болса; «Түс» деген 
сөзге «-тегі» жұрнағын жалғап «түстегі» дейміз, болуы түс кез-
де болса.

131
Дағдыландыру.  «-дағы»  (-дегі)  жұрнағын  жалғарлық 
сөздер тапқызып, жалғату.
СЫН ЕСІМ
Нәрселердің  сынын  көрсететін  сөздерді  сын  есім  дейміз. 
Сын екі түрлі 1. Тек сыны, 2. Сыр сыны. Тек сыны нәрсенің 
тегін көрсетеді. Мәселен: ағаш аяқ, күміс қасық алтын жүзік, 
қағаз ақша, жез құман, киіз қалпақ, мақта жіп, қайыс жүген 
уа ғайри сондайлар. 
Іздету. Тек сыны сөздер таптыру.
Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, 
түсін,  тегін,  тұлғасын,  пішінін,  жайын,  күйін  көрсетеді. 
Мәселен: биік, аласа, жуан, жіңішке, толық, нәзік, арық, семіз, 
тоқ,  аш,  шебер,  шорқақ,  ұста,  олақ,  ақ,  қара,  қызыл,  сары, 
көк, жасыл, торы, күрең, шабдар, бурыл, зерек, кеще, тентек, 
жуас, шадыр, момын, қу, сұм, аңқау уа ғайри сондайлар.
Іздету. Сыр сыны сөздер таптыру.
Сыр  сынында  үш  шырай  бар:  1.  Жай  шырай.  2.  Талғаулы 
шырай. 3. Таңдаулы шырай.
Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді. 
Мәселен:  жақсы  атан,  жаман  қой,  тентек  бала,  жуас  aт, 
шорқақ кісі, қызыл шүберек, биік ағаш уа ғайри сондайлар.
Талғаулы  шырай  нәрсе  сиқының  бірінен-бірі  я  кемдігін 
көрсетеді; оны көрсету үшін жай сындағы сөзге «-рақ», «-рек» 
деген талғау қосымшалары
§ 1. «-рақ» қосымша жуан сөзге, «-рек» қосымша жіңішке 
сөзге  тіркеледі.  Мәселен:  жақсы-жақсырақ  жаман-жа-
манырақ, зерек-зерегірек, семіз-семізірек уа ғайри солайша. 
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерге талғау қосымшаларын 
тіркету.
Аласа, төмен, ақ, қызыл, сұр, қара, сары, шұбар, бай, батыр, 
жарлы, жақын, алыс, үлкен, кіші, биік! ескі, жаңа, терең, таяз, 
саяз, арзан, қымбат, қою, сұйық, ерке, тік, жеңіл, тегіс.
Іздету. Талғау қосымшаларын тіркерлік сөздер таптыру.

132
§  2.  «-рақ»,  «-рек»  қосымшаларсыз  талғау  шырай  да  бо-
лады. Мәселен: Сиырдан жылқы биік; Аттан атан мықты; 
Қарағайдан қайың аласа; Асаннан Досан кіші; Темірден ағаш 
жеңіл уа ғайри сондай.
Талғау шырайын күшейткенде, көптеген сөз қосылып айты-
лады. Мәселен: Сиыр түйеден көп
20
 аласа; Қой аттан көп арзан; 
Талдан қарағай көп биік; Темірден ағаш көп жеңіл уа ғайри со-
лай.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерді  талғау  шыраймен 
күшейткізу.
Қыстан  күз  жылы,  күзден  шілде  жылы;  Айраннан  қымыз 
жақсы;  Ағаштан  темір  берік;  Тезектен  тас  ауыр;  Түлкіден 
қасқыр үлкен; Кесірткеден жылан ұзын; Түйеден піл зор; Шек-
пеннен күпі қалың; Бүлдіргеннен шие қызыл; Жазудан оқу оңай; 
Теңізден көл кіші; Aйдан күн жарық; Таяқтан құрық ұзын; Би-
дайдан тары ұсақ; Киізден шүберек жұқа; Көлден теңіз терең, 
Қатықтан қымыз сұйық.
Іздету. Осылар сияқты сөздерді балаларға таптыру.
§  3.  Таңдаулы  шырай  нәрсенің  сиқы  өте  артық  екендігін 
көрсетеді.  Оны  көрсету  үшін  жай  шырайдағы  сөздің  алдына 
ең, нақ, тaп, тым, бек, хас деген сөздер қосылып айтылады. 
Мәселен:  ең  жақсы,  нақ  шешен,  тап  зерек,  тым  қорқақ,  бек 
нәзік, хас батыр уа ғайри сондайлар. 
Дағдыландыру.  Жай  шырайлы  сөздер  таптырып,  оларға 
қосалқы сөздерін қостырту. 
§ 4. Таңдаулы шырай екінші түрлі де болады: жай шырайдағы 
сөз  таңдаулы  шырайға  түсуге  бас  дыбыстары  бөлек  алынып, 
оған  «-п»  дыбысы  жалғанып,  сол  бөлектенген  дыбыстар  сөз 
алдына қойылып айтыла. Мәселен: анық – ап-анық, аулақ – ап-
аулақ, шолақ – шоп-шолақ, қысқа – қып-қысқа, тайпақ – тап-
тайпақ, жалпақ – жап-жалпақ, семіз – сеп-семіз, ақшам – ап-
ақшам уа ғайри сондайлар.
20
 
«Көп» деген сөз орнына «анағұрлым» деген сөз де айтылады

133
Дағдыландыру. Жай шырайдағы сөздерді тапқызып, оларға 
«-п» қостырып, таңдау шырай еткізу.
§ 5. Кеңде таңдау қосалқы сөздердің орнына басқа сөздер де 
жүреді. Мәселен: өте жақсы, айрықша жүйрік, аса құнтақты, 
тіпті әдемі, артықша шебер. Өте, айрықша, артықша, тіпті, 
аса деген сөздер мұнда ең, нақ тым бек, хас деген сөздердің 
орнында айтылып тұр.
Дағдыландыру. Жай шырайдағы сөздерді тапқызып, оларға 
өте, айрықша, артықша, аса, тіпті деген сөздерді қостырып, 
тандау шырай еткізу.
Ескерту. Есімдер заттың сынын да, істің сынын да көрсетеді. 
Мәселен: жақсы: жақсы кісі деп те, жақсы екен деп те айта-
мыз; Жаман aт деп те, жаман жүреді деп те айтамыз; Оңай 
жұмыс деп те айтамыз, оңай істедім деп те айтамыз; Шапшаң 
адам  деп  те,  шапшаң  сөйлейді  деп  те  айтамыз;  Шабан  aт 
деп те, шабан жүреді деп те айтамыз уа ғайри сондай. Бұлар 
үстеу сөздердің орнына жүргендіктен, сын есім болмай, үстеу  
болады.
Сын  есімнің  кейбіреулері  зат  есімнің  орнына  жүреді. 
Мәселен: «Арзан еттің сорпасы татымас» дегеннің орнына 
«арзанның  сорпасы  татымас»  деп  айтылады.  «Арзан  еттің» 
деген  екі  сөздің  орнына  «арзан»  деген  жалғыз  сөз  жарап 
тұр.  Сондықтан  мұндай  зат  пен  сын  орнына  бірдей  жүретін 
сөздерді зат сын дейміз. Жалғыз сынды көрсететін сөзді жай 
сын деміз. Зат сынның жалғаулары да, зат есім жалғаулары да 
бірдей. Жай сынның жалғауы өзіне жалғанбай, соңындағы зат 
есімге жалғаады. Түсінікті болу үшін мысал келтіреміз.

134
І. ЗАТ ЕСІМ
1) «Аласа» деген сөз  Жекеше 
 Көпше
Атау 
кім? аласа 
 
кімдер? аласалар
Ілік жалғау 
кімнің? аласаның  кімдердің? аласалардың
Барыс жалғау  кімге? аласаға 
кімдерге? аласаларға
Табыс жалғау  кімді? аласаны 
кімдерді? аласаларды
Жатыс жалғау  кімде? аласада 
кімдерде? аласаларда
Шығыс жалғау  кімнен? аласадан  кімдерден? аласалардан
2) «Семіз» деген сөз  Жекеше 
 Көпше
Атау 
 
не? семіз   
нелер? семіздер
Ілік жалғау   
ненің? семіздің 
нелердің? семіздердің
Барыс жалғау 
неге? семізге 
нелерге? семіздерге 
Табыс жалғау 
нені? семізді 
нелерді? семіздерді
Жатыс жалғау 
неде? семізде 
нелерде? семіздерде
Шығыс жалғау  неден? семізден 
нелерден? семіздерден
Қысқасы:  зат-сынның  жалғаулары  зат  есімнің  жалғаула-
рындай аяқ дыбысына қарайды.
Зат-сын  –  зат  есім  сияқты  жай  қалпында  да,  тәуелді  қал-
пында да айтылады.
Дағдыландыру. Зат-сын сөздерді алып жалғаулату. Мәсе-
лен, арзан, қымбат, асыл, жасық, бай, кедей уа ғайри сондай.
ІІ. ЖАЙ СЫН
1) «Аласа адам» деген сөз
Жекеше Атау 
қандай адам? 
аласа адам
Ілік жалғау 
қандай адамның? 
аласа адамның
Барыс жалғау 
қандай адамға? 
аласа адамға
Табыс жалғау 
қандай адамды? 
аласа адамды

135
Жатыс жалғау 
қандай адамда? 
аласа адамда
Шығыс жалғау 
қандай адамнан? 
аласа адамнан
Көпше Атау 
қандай адамдар? 
аласа адамдар
Ілік жалғау 
қандай адамдардың?  аласа адамдардың
Барыс жалғау 
қандай адамдарға? 
аласа адамдарға
Табыс жалғау 
қандай адамдарды?  аласа адамдарды
Жатыс жалғау 
қандай адамдарда? 
аласа адамдарда
Шығыс жалғау 
қандай адамдардан?  аласа адамдардан
2) «Семіз мал» деген сөз
Жекеше Атау   
қандай мал?   
семіз мал
Ілік жалғау 
 
қандай малдың? 
семіз малдың
Барыс жалғау   
қандай малға?   
семіз малға
Табыс жалғау   
қандай малды?  
семіз малды
Жатыс жалғау   
қандай малда?  
семіз малда
Шығыс жалғау   
қандай малдан? 
семіз малдан
Көпше Атау   
қандай малдар? 
семіз малдар
Ілік жалғау 
 
қандай малдардың?  семіз малдардың
Барыс жалғау   
қандай малдарға? 
семіз малдарға
Табыс жалғау   
қандай малдарды? 
семіз малдарды
Жатыс жалғау   
қандай малдарда? 
семіз малдарда
Шығыс жалғау   
қандай малдардан? 
семіз малдардан
Мұнан  көрінеді:  жалғаулар  сын  есімге  жалғанбай,  соңын-
дағы зат есімге жалғанатындығы.
Дағдыландыру. Жай сынды сөздерді жалғаулату. Мәселен: 
бай қазақ, сараң кісі, қара сиыр, торы aт, қызыл шапан, ақ 
көйлек, зерек бала уа ғайри сондай сөздер.
Тек  сынын  көрсететін  сөздерге  де  жалғаулар  осылайша 
жалғанады яғни нәрсенің тегі атаушы сөзге жалғанбай, нәрсенің 
өзі атаушы сөзге жалғанады. Мысалмен көрсетейік.
2) «Алтын ақша» деген сөз
Жекеше Атау 
қандай ақша? 
алтын ақша

136
Ілік жалғау 
қандай ақшаның? 
алтын ақшаның
Барыс жалғау 
қандай ақшаға? 
алтын ақшаға
Табыс жалғау 
қандай ақшаны? 
алтын ақшаны
Жатыс жалғау 
қандай ақшада? 
алтын ақшада
Шығыс жалғау  қандай ақшадан? 
алтын ақшадан
Көпше Атау 
қандай ақшалар? 
алтын ақшалар
Ілік жалғау 
қандай ақшалардың?  алтын ақшалардың
Барыс жалғау 
қандай ақшаларға? 
алтын ақшаларға
Табыс жалғау 
қандай ақшаларды? 
алтын ақшаларды
Жатыс жалғау 
қандай ақшаларда? 
алтын ақшаларда
Шығыс жалғау  қандай ақшалардан?  алтын ақшалардан
Ескерту.  «Қандай  ақша?»  деген  сөздердің  орнына  «не 
ақша?» деп те сұралады. Хәтте, тек сынында «қандайдан» гөрі 
«не» деп сұрау көбірек жұмсалады.
Дағдыландыру. Тек сынын көрсететін сөздерді жалғаулату. 
Мәселен: күміс қасық, ағаш аяқ, қайыс жүген уа ғайри сондай 
сөздерді.
Сын есімнен туған сөздер.
Түбір  сын  есімдер  заттың  сындарын  көрсетеді  Нәрсенің 
сыны қалыпты күйінен тысқары болса яки сыннан өтетін басқа 
нәрсе я іс болса, сын есіміне һәр түрлі жұрнақтар жалғанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет