Сөж тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.11.2022
өлшемі284,03 Kb.
#47784
  1   2


 
“ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ” 
«ВЕТЕРИНАРИЯ» факультеті 
«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ
ГИГИЕНА» кафедрасы 
«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ГИГИЕНА ЖӘНЕ САНИТАРИЯ» пәні 
 
 
 

СӨЖ 
Тақырыбы: Бұзауларға арналған қора-жайларға қойылатын
ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-
бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары 
 
Орындаған:  
Топ: 
Қабылдаған:  

 
Алматы, 2022 жыл 


 
Жоспар: 
I. 
Кіріспе 
II. 
Негізгі бөлім 
II.1. Мал шаруашылығындағы жалпы гигиеналық және 
ветеринариялық-санитариялық шаралар 
II.2. Бұзауларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-
санитариялық және гигиеналық талаптар 
II.3. Малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту 
шаралары 
III. Қорытынды 
IV. 
Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
Кіріспе 
Қай заманда болмасын адам тiршiлiгiнде iрi қара малының орны өте 
зор. Сол себепті дұрыс күтiп-бағу жолдары мен малдың денсаулығын сақтап, 
оның өнiмдiлiгiн арттыру – қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. 
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекшi салаларының 
бiрi – iрi қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнiмдерiнiң негiзгi 
түрлерiмен (ет, сүт және т.б.) қамтамасыз ету осы саланың өркендеуiне 
тiкелей байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсiру 
жүйелерiн жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың 
гигиеналық жағып жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын 
жетiлдiру, шымыр да шыныққан төл өсiру, малдың сан-салалы ауруларымен 
күрес, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты мiндет болып 
табылады. 
Малды күтiп-бағу жүйелерi мен әдiстерi деп мал шаруашылықтары 
орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай 
материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жумсай отырып, мал 
өнімдерiн барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-
санитариялық, гигиена лық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын 
айтады. Ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал 
бағудың жүйелерi мен ережелерiне ферманың бас жоспарынан бастап, малды 
күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызатын барлық 
тәсiлдерiне дейiн сай келуі тиiс. 


Мал шаруашылығындағы жалпы гигиеналық және ветеринариялық-
санитариялық шаралардың басты мақсат – мал шаруашылығы 
кәсiпорындарын ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қорғап ауру 
тудырмау, оның алдын алу. Бұл бағытта жалпы гигиеналық және 
ветеринариялық-санитариялық шараларды мал шаруашылықтарында 
мүлтiксiз жүргiзудiң мәнi орасан зор. Әсiресе дезинфекция, дезинсекция, 
дератизация және дезодорация, өлексені дер кезiнде утильдеу шараларын 
жүргiзiп отыру малды инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғаудың 
кепілі.
Мал қораларының санитариялық-гигиеналық ережелерге сай келмейтiн 
жағдайларына мыналар жатады: олардың бактериялармен ластануы, 
шаңдануы, оң иондардың пайда болуы, температура мен бiршама 
ылғалдылық, аммиактың, күкірттісутегiнiң, көмiрқышқыл газының 
жинақталуы, индол, скатол және басқадай зиянды иiстi газдардың пайда 
болуы. 
Объектінің жоғары санитариялық-гигиеналық мәдениетi, жақсы 
санитариялық және техникалық жағдайлары, ауаны кезiнде дұрыс тазартып 
отыру осының бәрі мал қораларында қалыпты температуралық – ылғалдылық 
режимiн және ауаның тұрақты құрамын сақтап отыруға, қора iшiндегi ауадан 
микроорганизмдер мен шаңды аластатуға, өкпеде теріс иондардың 
жинақталуына жәрдемдеседі. 
Мал шаруашылықтарында барлық шараларды алдын ала ескеру қажет, 
яғни малдың iндет және күрт ауруларын болдырмау жане оның таралмау 
жолын қарастырған жөн. Адамды малдан жұғатын әртүрлi аурулардан сақтау 
және малдан алынатын өнiмнiң сапасы жоғары болуы қамтамасыз етiлуi тиiс. 
Мiндеттi түрде мал шаруашылықтарында санитариялық мәдениеттi көтеру 
қажет, яғни мал қораларында ветеринариялық-санитариялық ереженi 
бұлжытпай орындау, сондай-ақ олар іске берiлген кезде, техникалық 
құралдарды пайдаланған кезде де, ыдыстарды және транспортты қолданған 
кезде де барлық санитариялық-гигиеналық ереженi қадағалау керек. Мал 
қорасын салғанда, жобалағанда және жаңалағанда гигиеналық, 
ветеринариялық-санитариялық ереже бұзылса тек шаруашылыққа ғана өз 
зиянын тигiзiп қоймай, жалпы сол жердiң мал шаруашылығының iндеттiк 
жағдайына да әсерiн тигiзедi. Сонымен қатар, мал шаруашылығы 
айтарлықтай экономикалық зардапқа ұшырап қана қоймай, мал өнімділігі 
төмендейді, ауруға ұшырайды, шығынға жол берiледi. 
Мал шаруашылықтарында әртүрлі індетті, инвазиялық аурулардан сақ 
болу үшiн, бiршама ұйымдастыру шаруашылық, гигиеналық, 


ветеринариялық-санитариялық шараларды орындау керек. Ондай шараларға 
жататындар: 
а) шаруашылыққа жаңа әкелген малды карантиннен өткiзу кезінде 
барлық ветеринариялық-санитариялық шаралар қатал сақталуы керек; 
б) мал басын топтастыру кезiнде, малды сатып алған шаруашылық 
барлық iндеттi аурулардан сау болуы тиiс; 
в) көлiк немесе фермада жұмыс iстейтiн жұмысшылар арқылы малға 
ауру тарату жолын болдырмау, сол үшін фермаға кірер алдында дезөткел 
жане ветсанөткiзу жолы, арнайы киімдерді зарарсыздандыру, т.б. шаралар 
сақталуы тиiс; 
г) арнайы қоршау арқылы тарайтын әртүрлi iндеттi ауруларға қарсы 
күрес жүргiзу; 
д) малшылардың арасында туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез және 
басқа iндеттi аурулардың тарамауы үшiн оларға дер кезінде медициналық 
тексерiлу жұмысы жүргiзiлуi тиiс. 
Әрбiр өндiрiс кешенiндегi мал басына арнап бөлек малшылар тобын 
құрады, олар малды күтiп бағады, азықтандырады. Ауру малға алғашқы 
шұғыл көмек көрсетедi және барлық ветеринариялық-санитариялық 
шараларды орындайды. Осы малшылар арнайы киімдермен, аяқ киiмдермен 
қамтамасыз етіледі. Ферма территориясына бөтен адам тек мал дәрiгерiнiң 
рұқсаты бойынша кiре алады. 
Арнайы мал шаруашылық зонасында жеке меншік және шаруашылық 
малдарының эпизоотияға қарсы барлық шараларды қолдана отырып малды 
емдеу жұмыстарын жүргiзедi.
Мал арасында ауру шықпас үшiн, малды күтiп-баққанда барлық 
зоогигиеналық режимдi технологиялық норма бойынша сақтау керек. 
Сондай-ақ, мал қорада тиiстi микроклимат болуы тиiс және таза болғаны 
жөн. Әрқашан мал азығының сапасын тексеріп тұру және азықтандыру 
жүйесiн де бақылап тұрған жөн. 
Ферма территориясын, қора iшiн таза ұстау және санитариялық 
тұрғыдан тәртiп болу ретінде айына бір рет санитариялық күн белгiленген 
жөн. Осы күнi қора iшiн және территорияны мұқият тазалайды, жем-шөптiң, 
қидың қалдықтарын алып тастайды: тазалайды, ақтайды, су құбырларын 
сырлайды, еден қабырғаларына жөндеу жүмыстарын жүргiзедi. Әсіресе, мал 
сауатын залға аса көңiл бөлiнедi, сүт бөлмесiн өте таза ұстау керек. 
Жаздыкүнi мал қорада дезинфекция, дератизация жургiзедi. Мaл қорадан 
тарайтын иiстi, микробты, шаң-тозаңды жою мақсатында, сондай-ақ, ауа 


бассейнінің таза болу ретінде қора айналасына ағаш, көп жылдық шөп 
отырғызу керек. Осы ағаштар ауадағы газды сiңіредi, шаң-тозаңға тосқауыл 
болады, яғни биологиялық фильтр есебінде өте маңызды роль атқарады. 
Сонымен қатар, осы көк шөп, ағаштың арқасында ферма территориясының 
санитариялық-гигиеналық жағдайы жақсарады. 
Денсаулығы жақсы төл алып, өсіру тұрғысындағы қамқорлық ата-
енесін дұрыс таңдаудан, ұрықтандырудың қолайлы мерзімін белгілеуден, 
буаз сиырларды уақытында суалтып, оларға жақсы жағдай жасаудан 
басталуға тиiс. Шағылысқа тек денсаулығы мықты, жақсы жетілген, 17-18 
айлығындағы салмағы кемiнде 300 кг қашарлар ғана түсіріледі. Іштегі төлдiң 
қарқынды жетiлуiне буаз малды азықтандыру, ұстау және куту жағдайлары 
да үлкен әсер етедi. 
Жаңа туған бұзау организмi бiрнеше жетілу кезеңінен өтедi. Бұзау 
жетілуінің осы түрлi кезеңiнде күтiп-бағудың да түрлі жағдайын қажет 
етеді.Денсаулығы жақсы төл алу үшiн мынадай үш фактордың маңызы өте 
зор. Олар – буаздығының соңғы кезеңiндегi сиырды бұзаулауға дайындау, 
бұзаулату, төлдi уызына жарыту. Бұзау ұстаудың мынандай әдістері 
қолданылады:
- табиғи (шаруашылық); 
- тұрақты емiзiп асырау: 
- қолдан сүт берiп асырау:
Сондай-ақ, бұзауды қоралар /С.И. Штейман, 1947/ мен қора сыртындағы 
үйшiктерде асырау әдiсi қолданылады. 
Табиғи (шаруалық) әдісті қолданған кезде бұзаулар енелері мен 
бірге ұсталады, сөйтіп олар тiкелей уыз емедi. 
Тұрақты емізіп асырау әдiсi шаруашылық көзiмен қарағанда бүкіл 
әдiстердiң iшiнде мүлде жетiлдiрiлмеген, шаруашылықты тауарлы сүттен 
айыратын және сиыр саууга кедергi келтiретiн әдiс. Бұл әдiс тиiмсiз, 
шаруашылықты экстенсивті типіне жатады. 
Бәрiнен де қолдан сүт берiп асырау әдiсi тиімдірек. Бұл әдiс кезiнде 
бұзау енесінен бөлiнiп, енесiнiң уызы қолмен берiледi. Сонда әрi бұзау да 
дұрыс қоректендiрiледi, сүт те алынады, сиырдың сүттілігі де арттырылады. 
Жақсы сауып сиыры бар жердiң барлығында бұзау енесімен бiрге 
ұсталынады, оларға сүт мысалы, Швейцариядагыдай, Голландиядагыдай, 
тағы басқа елдердегiлей шелекпен беріледі. 


Бұзауға уыз бен сүт қолдан берiлгенде гигиена тұрғысынан қарағанда 
мынандай факторлар еске алынған жөн: 
1. Бұзауға туғаннан кейiн 1-1,5 сағаттан кешiктiрiлмей дер кезiнде уыз 
iшкiзу. Уыз бұзау үшін оның тiршiлiгiнiң алғашқы сәтiндегi ең толық құнды 
азық болып табылады. 
2. Жаңа туған бұзаулар арасында асқазан-ішек ауруларының алдын алу 
үшiн уыз бен сүтті асықтырмай iшкiзiп үйрету керек. Ең жақсысы емiзiктi 
ыдыспен берген дұрыс. 
3. Бұзау еметін уыз бен сүт жылы (35-37°С) болуы тиiс. 
4. Желiнi ауру сиырлардың бұзауына енесінің уызын беруге болмайды. 
Мұндай жағдайда жаңа бұзаулаған дені сау сиырлардың ғана уызы берiледi 
немесе қолдан уыз жасалады: сиырдың жаңа сауылған 1 л сүт 10 мл балық 
майы, 1 г ас тұзы және тауыктың 1 жұмыртқасы. Осы қоспа бiркелкi 
қоймалжынға айналғанша бұлғанып, араластырылады. Сауу кезiндегi 
тазалыққа баса назар аудару керек. Сауар алдында сиыр желiнi жылы сумен 
мұқият жуылып, кұрғатып сүртіледі. Сүт құйылатын ыдыс пен емiзiк бұзау 
сүтін емiзiк бұзау сүтін еміп болған соң, жуылып, кептіріледі. 
Бұзауға 10 күндiгiнен бастап, ене сүтiнiң орнына жиынтық сүт 
немесе сүт орнына жүретін заттар беруге болады. 20-30 күндiгiне дейiн 
бұзауларға қаймағы алынбаған сүт берiледi де, 30 күндiгiнен бастап, сүттiң 
мөлшерi 30-50 пайыз азайтылып, көк сүт қосылады. 6 айға дейiн асыл 
тұқымды және пайдаланылатын төлге жұмсалатын қаймағы алынбаған сүт 
шығыны 200-250 кг құрайды. Дені сау бұзауды бiрте-бiрте және мүмкiндiгiне 
қарай ертерек iрi азыққа тағы басқа жем-шөпке үйрету керек. Ірі азыққа 
бұзаулар тiршiлiгiнiң 7-10 күндiгiнен үйретіле бастайды. Шырынды 
азықтардан шөп, қызылша, картоп бұзауларға 2-3 апталығынан үйретіледі. 15 
күндігінен бастап оларға жем (арпа және сұлы ұны, бидай жарма) берiледi. 
Минералды қосымша азық ретiнде ас тұзы, бор, сүйек ұнын қолданады. Олар 
сутпен бірге, ал содан соң 2-3 апталығынан бастап жеммен қосып беріледі. 2 
айлығынан бастап сүрлем беруге болады. 
Бұзау – бір жасқа дейінгі төлі. 
Торпақ-тана – бір жастан асқан төлі. 
Баспақ – күзге қарайғы бұзау. 
Қашар – бір жастағы ұрғашы сиыр. 
Құнажын – екі жастағы төл беретін сиыр. 
Дөнежін – табынға түскен ұрғашы сиыр. 


Бесті сиыр – бірнеше рет бұзаулаған сиыр. 
Кенже тайынша – жас сиырдың атауы. 
«Аралас» әдiс кезiнде бұзау аз ба, көп пе ǝйтеуiр, енесін емеді де, содан 
соң сүт ыдыспен iшкiзiледi. Мәселен, бұзау енесiне анда санда салынады да, 
ыдыспен сүт берiлiп, кейiннен ол да берілмейді. 
«Суық» әдіс кезiнде бұзаулар қыстыкүнi жылытылмайтын бұзау 
қораларында немесе қорадан тыс үйшіктерде өсiрiлетiн болады. Оның мәнi 
мынада: бұзаулар тiршiлiгiнiң алғашқы күнiнен бастап, таза ауада жеке 
жұқалап салынған үйшіктерде профилакторийлерде ұсталады. Ол үшін бұзау 
бөлімінің оңтүстiк жағынан әр бұзауға 6м² есебімен алаң бетондалады да, 
сүтті бағыттағы бұзаулар 2 айлығына дейiн мөлшері 1.2х1,3 м үйшiктерде 
ұсталады. Үйшiктiң алдыңғы жағына ұзындығы 1,3 м алаң (вольер) 
салынады. Сол үйшіктің алдынғы қабырғасы ауа райы қолайсыз кезде 
брезентпен жабылады. Үйшiктiң бетонды негiзi вольерге 20 см қалыңдықта 
ағаш үгіндісі мен 20-25 см қалыңдықта сабан төселеді. Мұндай клеткалар 
қатарынын төбесi бастырмамен жабылады. Алаң қар түспейтіндей және жел 
өтінен сақтайтындай етiлiп, қалыңдай қоршалады. 
Бұзауларды мұндай үйшiктерде өсiру кезiнде мынандай негiзгi 
жағдайларды сақтау қажет:
- сиырлар бокстарда бұзаулағаннан кейiн бұзаулар 8-24 сағат енелерiнiң 
бауырында ұсталады; 
- үйшiктерде денсаулығы жақсы мықты бұзаулар ғана қалдырылады;
- бұзауларға уыз бен сүт 36 градусқа дейiн жылытылып қана беріледі;
- құрғақ төсеніш мол етiлiп төселеді, жаздыкүнi шыбын шіркейлермен күрес 
жүргiзiледi және бұзаулар шығарылған соң территория мен алаң 
дезинфекцияланады. 


А.А.Фальков пен О.О. Тагаевтың /1992/ деректерi бойынша бұзау 
өсіруінің суық әдiсi – республикамыздың оңтүсiк аймақтарында анағұрлым 
тиiмдi екен. Өйткенi, бұл тәсiл төлдiң тiршiлiк -тынысын жақсартады, 
денсаулығын нығайтып, бұзау организмінің физиологиялық көрсеткішін 
күшейтеді. 
Көптеген сауын фермаларында жаңа туған бұзау бір қора жайда – 
профилакторийлерде әдеттегi әдiспен (республикамыздың солтүстік, батыс 
және шығыс аймақтарында) өсiрiледi. Профилакторийде бұзау жеке клеткада 
ұсталады. Мұндай тәсiл физиологияға негiзделген. Өйткені, ол бұзауға 
сыртқы ортаға уйренуге, жылу реттеуiн қалыпқа келтіруге, басқа 
бұзаулардан мазасызданбауға мүмкіндік береді. Белгілі бір дәрежеде шартты 
ауру қоздырғыш микрофлорамен қатынаста болады да, асқазан-ішек 
ауруларының алдын алуға жағдай жасалады. Бұзауларға арналған 
клеткалардың көптеген түрлерi ұсынылған. Клеткалар профилакторий 
еденінен 15-20 см биік болу керек. Ең ыңғайлысы Эверс клеткасы болып 
табылады. Сондай-ақ төменгi жағының ені 50 см, үстiңгi жағының ені 30 см, 
ұзындығы (А.Н. Моголовский 1974) 100 см клетка да ұсынылған. Сонымен 
бірге жiңiшкертілген клеткалар да қолданылады. Олар батарея түрiнде 5-6 
данадан, кейде бiр-бiрден қондырылады мұндай клеткалардың мөлшері 90 
х40 см. (П.М. Лущик /1970) жаңа туған бұзауларды профилакторийде 
бұзаулау бөлiмiнiң қасынан салынған бокстарда өсіру жөнінде ұсыныс 
жасаған. 
Бокстар-саңылаусыз, жылы, құрғақ, жеке стерильденген бөлме. Олар 
7-10 бузауға есептелген (еден алаңы әр бұзауға 3 м²). Әрбiр бокста бiрнеше 
жеке және жалпы клетка болады. Бокстардың температурасы – 15-20ºС, 
ылғалдылығы 50-70 пайыз. Олар сумен жылытылады. Күлгін-қызыл 
қыздырғыштармен де жылытуға болады. Бұзаулау бөлiмiнде сиырлар жалпы 
төлдеген кезде бiр бұзаушыға 4-5 бокстан болуға тиiс. Әуелі бокс 
дезинфекцияланады, содан соң ғана бұзау жіберіледі. Жаңа туған бұзаулар 


әуелi жеке клеткаларға кiргiзiледi де сонда 3-5 тәулiк ұсталып, содан соң 
жалпы клеткаға көшіріледі. Бокстарға жаңа туған бұзаулар 3-4 куннiң iшiнде 
кiргiзiледi де, содан соң керекті бұзау санының жиналған-жиналмағанына 
қарамастан, тоқтатылады. Соңғы бұзау қабылданған сәттен 10 күн өткенде, 
барлығы бұзау қораның келесi секциясына көшiрiледi. Сөйтiп, олар топтық 
клеткаларға орналастырылып, бокска жаңа туған басқа бұзаулар 
қабылданады. Бұзауларды профилакторийде өсіру кезiнде микроклимат 
үлкен роль атқарады. Қолайлы микроклиматпен камтамасыз ету үшiн 
профилакторийді автоматты жылыту жүйесiмен жабдықтау керек (1.6.1-
кесте). 
Бұзаулардың жылуды аз бөлiнуiне байланысты малды инфрақызыл, 
жылытқышпен қыздыру жолымен дұрыс микроклимат жасауға болады. Ол 
үшiн ИК-220-100, ИКУФ-2 және т.б. шамдары пайдаланылады. 
Кейбір авторлар бұзауды профилакторийлік кезеңде ұстаудың түрлi 
әдiстерiн зерттей келiп, оларды профилакторийдің оқшауланған 
секцияларында ұстау әдiсiне келіп тоқталған. Тәжiрибе секциялар санының 
төртеуден кем болмауы, желдету жүйесi мен канализациялы болу керек 
екенін көрсетті. Әрбiр секцияда бұзау үшiн мөлшері 0,5х1,2 м, еденнен 45 см 
көтерілген, торлы типті жеке клеткалар қолданылады. 
Профилакторийдің әрбiр секциясы жаңа туған (айырмашылығы 3-4 
күндік) бұзаулармен толтырылады. Олар 8-12 күннен соң,секциядан топтап 
күтіп-бағуға арналған бұзау қораға көшiрiледi. Секциялар босатылған соң, 
жеке клеткалар, еден, қабырға, төбе жуылып, ластан тазартылады да 
күйдіргіш натрийдің 3-4 пайыз ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады. 1 м² 
ауданға 1 л ерiтiндi жұмсалады, экспозиция – 3 сағат. Бiр тәуліктен соң бәрi 


сумен қайта жуылады.Профилакторий секциялары бұзаудың жаңа тобымен 
олар әбден тазартылып, кептiрiлiп және ауа температурасы 18 – 20°С – қа 
дейiн жылытылған соң толтырылады. Профилактикалық үзiлiс кемінде 5 
тәулік болуға тиiс. 
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп мал шаруашылықтары 
орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай 
материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал 
өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-
санитариялық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын 
айтады. Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және 
қолда – күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Оларда малды байлап және 
байламай ұстау әдістері пайдаланады. Соған орай ветеринариялық-
санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен 
ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап, малды күтіп-бағу және 
азықтандыру технологиясына жатқызылатын барлық тәсілдеріне дейін сай 
келуге тиіс. Қолда бағу кезеңінде мал қора-жайда, ал жайылым кезеңінде 
жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан 
ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Өйткені, бұл жағдай 
бұзаудың табиғи түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. 
Себебі, мұндай да мал еркін жүріп күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, 
витаминге, микро-элементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жайылым 
кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні 
қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады. 
Қолда-лагерьде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл 
жаппалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, жабдықталған жазғы 
лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оңды 
әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу кезінде негізгі фермада 
жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық 
шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Қолда (қолда-серуендетіп) бағу 
жүйесінде мал жыл бойы ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. 
Бұл әдіс мал көп шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда 
қолданылады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп 
табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларда серуеңдетіліп, шабылған көк 
балаусамен азықтандырған орынды және экономикалық жағынан тиімді 
деген тұжырым бар. Алайда мұндай жүйе кезінде азықтандыру, күтіп-бағу 
технологиясы бұзылса және уақтылы серуендетілмесе мал түрлі ауруларға 
көбіне жаппай шалдыққыш келеді. Республикамыздың тұрақты 
аймақтарындағы шаруашылықтарда малды жыл бойы қолда серуендетіп, ал 
таулы аймақтарында қолда-жайылымда ұстау қалыптасқан. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет