Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#2324
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

«Шырағың сөнбесін»
Заманымыздың  ірі  жазушысы  Тахауи  Ахтановтың  «Шы- 
рағың  сөнбесін»  атты  көлемді  романы,  сырт  қарағанда,  Ұлы 
Отан соғысы тақырыбына арналған сияқты көрінеді. Кітаптың 
аннотациясында  да  осылай  таныстырылған.  Бір  жағынан, 
дұрыс та болар: оқиға XX ғасырдағы ең сұрапыл соғыстың ең 
бірінші күнінен бастап, аяқталған кезіне дейінгі мезгілде өтеді, 
кейіпкерлердің  баршасы  –  осы  өрт  жалынында  шарпылып 
жатқандар. Әрі-беріден соң, жай қызықтап қана оқып шықсаң, 
роман  шым-шытырық  оқиғалы  туынды  болып  та  көрінуі 
мүмкін. Тіпті, шіркін «мұның сюжетін киноға да алуға болар 
ма еді!» деп те ойлайсың. Ғаламат кино болып шығар еді, бірақ 
онда  тек  әрекет-қимылдарын,  ұрыс-шайқастарды,  босқын-
қашқындардың бастан кешкендерін ғана көрер едік.
Ал, меніңше, үңіле, жазушының айтпақ ойын (идеясын) біл- 
мек  болып,  зер  сала  оқыған  оқырманның  танымынша,  бұл 
романның  негізгі  тақырыбы  –  адам  және  дүние,  яғни  адам 
және оның өмір сүріп жатқан кезеңі, қоршаған ортасы... тіпті 
қазбаласақ, адамның ішкі дүниесі.
Мұндағы  кейіпкерлердің  портреттері  –  моральдық  бейне- 
лері:  ар-ұят,  намыс-жігер,  өштік-қастық,  рух  күш-қуаты  т.б. 
тұрғысынан беріледі.
Өрмектің арқауы соғыс болғанмен, оны дүние етіп шығарған 
өрмек  жіптері  –  адамдар,  жазушы  тандаған  кейіпкерлер.  Бас 
кейіпкер – Нәзира, совет армиясының командирі – аға лейте-
нант Қасымбектің жаңа түскен келіншегі, 19-ға толмаған өмірі 
үшке бөлінген, алдыңғы екі бөлігін «дүлей соғыс қылышпен 
шапқандай кілт үзіп тастап, өзін қаңбақтай домалатып, белгісіз 
жаққа» алып кеткен жап-жас қазақ қызының өмірінің үшінші 
бөлігіндегі  тағдыр-талайы  әңгімеленеді.  Осы  бас  кейіпкер  – 
оқиғалар  қазығы  емес,  ол  сол  оқиғаларда  көрінген  адамның 
жан дүниесінің иесі, әйтеуір бір адамның емес, қазақ әйелінің 
ой-пайымы,  тартысы,  сол  тартыста  көрінетін  ұлттық  және 
адамдық  келбеті,  рухы,  рух  күші.  Демек,  романның  тілі  мен 

181
жазушының  шеберлік  стиліндегі  ерекше  тетіктерін  оның 
айтпақ идеясына бағындырылған тұстарынан іздеу керек.
Әдетте көркем туынды не автордың өз атынан, не кейіпкердің 
атынан  беріледі  (баяндалады).  «Шырағың  сөнбесін»  кейіп- 
кердің аузымен берілген. Сөйлеп отырған – Нәзира. Бастан-аяқ 
сөз де – соныкі, ой да – сонікі, таным- түйіндер де – Нәзиранікі. 
Демек,  оқиғаларды  баяндап,  адамдардың  ішкі-сыртқы 
бейнесін беріп отырған – мектепті кеше ғана бітірген, тұрған 
жерінен  ұзап  аттамаған,  Қамқа  әжесінен  басқа  адамдармен 
көп  «сырласпаған»,  Дариға  жеңгесінің  жеңгетайлығы  мен 
бастамасының  арқасында  ғашық  болған-болмағанын  өзі  де 
білмеген,  жағасында  төрт  бұрышты  екі  кубигі  бар  командир 
жігіт  –  Қасымбектің  етегінен  ұстап,  аяқ  жетпейтін  түу-түу 
алысқа,  Белоруссияға,  жат  ортаға  кете  барған  Нәзира.  Сон- 
дықтан романның тілі де бастан-аяқ Нәзираның сөйлеу үрдісі, 
сөз  машығы  болуы  керек.  Міне,  тілге  келгенде,  жазушыдан 
күтетін  шеберлік  те,  қиындық  та,  ерекшелік  те  осы  жерде 
көрінеді.
Қазақ  көркем  сөз  дүниесінде  мәтіні  кейіпкер  атынан  ұсы- 
нылатын  шығармалар  аз  емес.  Автордың  өзі  баяндайтын 
әңгіме,  повесть,  романдарға  қарағанда,  кейіпкердің  аузымен 
баяндалатын туындыларды жазу, меніңше, оңай емес. Бұған жа-
зушы әдейі барады, таңдап, барша ерекшелігі мен киындығын 
біліп  алып  барады.  Бұл  жерде  шығарма  қандай  кейіпкердің 
атынан беріліп тұр – осының мәні зор. Ол кейіпкер жоғары ин-
теллект иесі, мәдениетті, жоғары білімді адам ба, ол еркек пе, 
әйел ме, жас па, кәрі ме немесе мүлде сауатсыз не шала сауатты 
ауыл адамы ма (мұндай жандар XX ғасырдың орта тұстарында 
өмірде  болды  ғой),  өмір  жолын  енді  аттаған,  орта  мектепті 
бітірер-бітірместегі (Нәзира сияқты) балғын жас па, қысқасы, 
сөйлейтін кейіпкердің кім болатынының мәні – сол туындының 
тілдік-стильдік  шырайын  танытады.  Әсіресе  шығарманың 
«заңды  авторы»  –  жазушы  таңдаған  «қосалқы  (әңгімелеуші) 
авторының»  әйел  не  еркек,  жас  не  жасамыс  болып  келуінің 
мәні орасан зор. Автор ер адам, ал «қосалқысы» әйел болса, 
әсіресе таза қазақы ауыл адамы болса, «әйелше» сөйлей (жаза) 
білуі керек. Ал әйелше, әйел балаша сөйлеу үшін әйел затының 

182
психологиясын,  ой  түйіндеу  қабілетін  (ерекше  лігін),  тіпті 
сөйлеу үстінде жиі қолданатын сөздері мен сөз түйдектерін де 
жақсы білуі керек. Әйтпесе әңгіме нанымсыз шығады.
Т.Ахтанов Нәзираны сөйлетеді, кітаптың 367-бетінде баян- 
далған  оқиғалар  мен  суреттелген  адамдар,  оларға  берілген 
бағалар  Нәзираның  «аузынан  шыққан».  Жоғарыда  айттық, 
сөйлеуші кейіпкер 19 жасар, орысшасы мәз емес, «қазақша да 
көп сөйлей бермейтін» Нәзира мен жазушы Ахтановтың (егер 
осы романды Тахаң жазушы атынан баяндаса) сөз бен сөйлеу 
машығына  келгенде,  аралары  алшақ  жатыр.  Сондықтан  жа-
зушы роман тілін Нәзираға икемдейді. Бірақ икемдеу деген – 
шығарманы таза ауыл қызынша, «түк көрмеген» жасөспірімше 
тым  қарапайым,  тым  жұпыны,  тым  «ауылша»  сөйлетіп  жазу 
емес.  Белгілі  орыс  жазушылары,  «сондай-ақ  дүние  жүзіндегі 
ең шебер өзге жұрт жазушылары» сияқты жазушы Ахтанов та 
сөйлеудің фото (ксеро) көшірмесін бермейді, тым қарапайым 
күнделікті  сөйлеу  элементтерін,  жергілікті  ерекшеліктерді 
көп қоспай-ақ кейіпкерін түсінікті, көңілге қонымды, құлаққа 
жағымды, «әдеби тілге» ұқсас түрде сөйлеуге икемдейді. Со-
нымен  қатар  ауызекі  сөйлеу  үрдісіне  тән  одағай,  қыстырма 
сөздерді,  сөзін  (ойын)  дәлелдей  түсетін  мақал-мәтелдерді, 
ретімен  келіп  тұрған  кейбір  қарапайым,  тіпті  тұрпайылау 
сөздерді  беріп  отыруы  –  Нәзира  әңгімесін  шынайы  етіп 
шығарған. Фактілер келтірелік.
Баяндау  мәнері  –  кәдімгі  әңгіме  айту  стилі:  сөйлем дер, 
негізінен, шұбалаңқы емес, жинақы:
Онда  қуанып  оянушы  едім...  Адамның  көңілі  тоқ,  төрт 
құбыласы  түгел  болса,  ұйқы  мен  ояудың  арасында  сондай 
бір тәтті сәттер болады. Оны бірден сілкіп тастап, ұшып 
тұруға  дәтің  бармайды.  Тек  мені  елегізіткен  бір  нәрсе  оң 
жағым  ойсырап  жатыр.  Ойбай-ау,  Қасымбек  менен  бұрын 
тұрып  кетіпті.  Күйеуінің  өзінен  бұрын  тұрғаны  –  жас 
келіншекке жараспайтын-ақ нәрсе. Егер елде, ауылда болсаң, 
жас келіннің әр қадамын баққан, сумаңдаған әйелдердің сүйір 
тіліне  ілінер  едім.  Мұндай  жағдайда  мен  үшін  бір  тәуірі 
біз  елден  алыста  –  Батыс  Белоруссияда  жүрміз.  Күйеуім 
Қасымбек  –  әскери  адам,  аға  лейтенант.  Ал  әскер  дегеннің 

183
заңы  өзіне  басқа  бо лады  екен,  күн  демейді,  түн  демейді,  кез 
келген уақытта жөнеле береді. Әрине, енді жай уақытта мен 
бұрынырақ  оянушы  едім,  бірақ  соңғы  кезде  Қасымбек  менен 
бұрын тұратын әдет тауып алды... (6-бет).
Бұл – романның алғашқы беттерінен алынған микромәтін. 
Ең  соңғы  беттерінен  келтірсек,  мұнда  да  сөйлем  құрылысы, 
мәтін түзімі бүкіл шығарманың өн бойындағыдай: сөйлемдер 
қысқа,  көбінесе  жай  сөйлемдер,  бірақ  соншама  ақпаратты, 
әңгіме желісі үзілмей тартылған:
Бірақ менің осал жерім көп екен. Вагонға бір орыс әйелі кірді. 
Қолына  түйіншек  ұстап  келе  жатыр  ма  десем,  кішкентай 
қызын жетелеп келеді. Бес-алты жасар қыздың басына үлкен 
түбіт шәлі тартып, оның ұшын беліне екі қайыра орап бай-
ланып,  кішкене  қыз  кіре  сала  орамалды  шеш  деп  қыңқылдай 
бастады... Неден шошынғанымды білмеймін, тұла бойым дір 
ете түскендей болды... Көз алдыма кішкентай Па раша келіп 
тұра қалды... (366-бет).
Міне,  бұл  келтірілген  екі  үзінді  (мысалдар)  Тахауи  Ахта- 
новтың  «Шырағың  сөнбесін»  («Жазушы»  баспасы,  Ал маты, 
1981  жыл)  кітабынан  алынды  (Әр  мәтін  бөлігінен  соң  осы 
кітаптың  беті  ғана  көрсетіледі).  Екеуінің  де  синтаксистік 
суреті  бірдей.  Және  осынау  бір  үзіктерден  Нәзираның  тек 
сөз  үрдісі  ғана  емес,  жеке  өз  басының  ұлттық  психологиясы 
анық  көрінеді.  Ауылда  тәрбиеленген  қазақ  қызының  сана-
сында  үлкенді  сыйлау,  ер  азаматты  қадірлеу  сияқты  ұлттық 
дәстүр  сіңіп  қалған.  Оны  Нәзира  келте-келте  қайырылған 
сөйлемдерімен ғана емес, ойбай-ау деген одағайдың аузынан 
қалай шығып кеткенімен де, жараспайтын-ақ нәрсе деп өзін 
өзі тәртіпке шақыруымен де көрсетіп тұр. Ал екінші үзіндіде 
Нәзираның нәзік жанын фашистер көз алдында атып тастаған 
алты  жасар  Параша  балапанның  өлімі  өмірі  көз  алдында 
тұратын ауыр халін көреміз.
Максим Горький А.П.Чеховтың шығармашылығын сөз ет-
кенде,  «Чеховтың  жазғанында  сөздің  өзінен  оның  мазмұны 
көп»  деген  екен,  яғни  шағын  бір  микромәтінде,  бір  абзацта, 
кейде,  тіпті,  бір  сөйлемде  жазушы  бірнеше  идеяны  (ойды, 
тақырыпты)  қамтып  кететіні  болады.  Т.Ахтанов  кейіпкерінің 

184
аузымен  берілген  бір  шағын  мәтін  үзігінде  де  әрі  сол  кейіп- 
кердің (айтушының) мінездемесі, алған тәрбиесінің – мораль- 
дық құндылықтарының сипаты, ішкі жан тебіренісі, ой қорыту 
машығы – қысқасы, біреу емес, бірнеше мазмұн жатыр.
Роман тілінің «жеңілдетілген синтаксисін» өз алдына жеке 
зерттеу  нысаны  етуге  болады.  Бұл  жерде  біздің  көңіл  ауда-
рып отырғанымыз және әрі қарайғы талдауларымыздың кілті 
–  «Шырағың  сөнбесін»  романының  кейіпкер  аты нан  баян-
далатын  тілі  ауызекі  сөйлеу  мәнеріне  (үніне),  яғни  орысша 
«разговорная  тональность»  дегенге  жататындығы  және  оның 
сөз  қолданысынан  бастап,  сөйлем  құрылысы,  мәтін  түзімі, 
әңгімеші  автор  мен  кейіпкерлер  тілінің  жақындықтары  мен 
алшақтықтары барын есте ұстап отыру болды.
Көркем  шығарма  тілін  әңгіме  еткенде,  ең  алдымен,  көңіл  
аударатын тұсы – лексикалық сипаты, яғни автордың сөз таң- 
дауы.  Нағыз  көркемсөз  иесі,  жазушылық  талантты  «Құдай- 
дың өзі берген» қаламгер қай шығармасында да «Сөз таңдау» 
дегенге бой ұрады, қай жерде қай сөзді қандай мақсат көздей 
қолдануға үлкен мән береді. Ал бұл туындысында сөз таңдауда 
Тахауи Ахтановтың иығына түскен жүк екі есе ауыр болғаны 
даусыз,  алдымен,  ол  өзінің  қалам  иесі  –  жазушы  екенін, 
екіншіден, өзі сөйлетіп отырған «кіші автор» – кейіпкер екенін, 
ол «автордың» ауылда өскен жап-жас қазақ қызы екенін бір сәт 
естен шығармауы керек.
Автор – Нәзира ұзын-сонар (бүкіл роман бойына) әңгімесін 
өзінің  тілі  шыққаннан  машықтанған  сөйлеу  дағдысымен  ба-
яндайды. Сондықтан мұнда күнделікті сөйлесуде, жай әңгіме 
айтқанда,  «қызыл  сөзге»  көп  жуымайды.  «Қызыл  сөз»  деп 
отырғанымыз  –  кекесін,  жағымсыз  мәндегі  термин  емес, 
керісінше, эпитет, метафора, әсірелеу, кейіптеу сияқты көріктеу 
элементтеріне,  үн  гармониясына,  яғни  ұйқасты,  аллитераци-
ялы,  ассонансты  қайталама  қатарлы  көріктеу  құралдарына 
қатысты сөз орайы. Автор оларға өте сирек барады. Бұл – жал-
пы ауызекі сөйлеу тілінің нормалық сипаты. Міне, осы стильдік 
талапты жа зушы қатаң ұстаған. Роман тілінде әсем эпитет, ме-
тафора дегендер жоққа тән. Теңеулер негізінен аналитикалық 
амалмен,  яғни  суреттеме  сөздермен  беріледі  және  түгелге 

185
жуық  қазақтың  этномәдени  сипатын  танытатын  үлгілер  бо-
лып келеді. Нәзира бала күнінен көріп өскен, өзі білетін заттар 
мен  құбылыстарды  алып,  соларға  ұқсатып  теңейді.  Мысалы, 
Николай Топорков өзінің жан досы – «подругасы» – Светаның 
күйеуі – «сопақ бет, аласа шот мандай, су ішуге мойнын созған 
аттың басы сияқты иегі ілгері ұмсынып біткен» (19-бет) жігіт. 
Ал Света сияқты сұлу келіншекке ұрлана көз тіккен командир 
еркектер  «май  ұрлаған  мысықтай,  көздері  жалтырап  шыға 
келеді» (110- бет). Ал Нәзира өңкей орыс әйелдерінің ішінде 
өзін  «мен  оларға  орамалдың  шетіне  бөлек  түйген  түйіншек 
сияқты  шығармын»  деп  сезінеді  (165-бет).  Қысқасы,  осы 
тақылетті теңеулерді біраз теріп алуға болады.
Нәзира тіліне оралған эпитет-сипаттамалар да ауызекі тілге 
тән. Әйел – ақылды, тұрмысқа бейім, барлығына төзімді де-
ген сияқты осындай эпитеттердің орнына «әйел деген халық, 
айналып кетейін, жақсы ғой» (11-бет) деп 4-5 сөзбен бір-ақ си-
паттайды. Жақсы ғой деген екі-ақ сөз айналып кетейін деген 
қыстырма бағамен келгенде, әйел затқа қарата айтуға болатын 
небір әсем, әсерлі эпитеттерді басып кетеді.
Шығармада  бас  кейіпкер-автор  Нәзира  сөйлеп  отырған- 
дықтан, жалпы сөйлеу (әңгіме айту) актісіне тән және бір белгі 
–  сөйлеушінің  әңгіме  өзегі  болып  отырған  адамдарға,  болып 
жатқан оқиғаларға, өткенге не болашаққа қатысты көзқарасын, 
пейілін, бағасын т.т. білдіріп отыруы. Ол үшін әр алуан көңіл 
күйін (таңдану, аяу, жек көру, сөйлесу т.б. сияқты) білдіретін 
сөздерді (одағайлар т.б.) қыстыра сөйлейді. Келіншегінің аяғы 
ауыр екенін ескеріп, күйеуі ерте тұрып шай қойғанда, Нәзира: 
Қой  құрысын,  ұят-тағы,  –  дейді.  Светаның  күйеуі  Николай 
туралы айтқанда: «Байғұс жаман жігіт емес» (110-бет), – деп 
баға  береді.  Мұндағы  байғұс  деген  бір  сөздің  өзі  қаншама 
эмоциялық реңк беріп тұр: жақсы досының күйеуі болған соң 
кеміткісі келмеген. Бірақ мүсіркеушілікке, әйтеуір көңілі, тол-
майтын пейілі де, қысқасы, бір байғұс сөзінің дәл осы жерде 
таңдап, оның қолданылуы, оның Нәзираның аузына салынуы 
– автор Тахаңның қалам шеберлігі.
Бейбіт кезде үлкен командирдің әйелі болған соң Ели завета 
Сергеевна соғыстың ең алғашқы күндерінде елге қайтуға бет 

186
алған әйелдер тобына күйеуі сияқты бастық болғысы келетінін 
оның  қылығынан,  іс-әрекетінен,  қысқасы,  жаңа  жағдайдағы 
«тәртібінен»  байқап  қалған  сезімтал  Нәзира  оны:  «Бастық 
болғысы келіп... соншама тыштаңдаған, тыраш нәрсе» (114-
бет),  –  деп  сынайды.  Бұл  жердегі  тыштаңдаған  деген  сөз  – 
күнделікті  сөйлеуде  қолданыла  беретін  бағалауыш  сөздердің 
бірі.  Оны  әдетте  қарапайым,  тіпті  дөрекілеу  сөз  деп  танып 
жүрміз. Мұндай сөздердің экспрессивті бояуы өте қою болады. 
Нағыз жағымсыз баға, тыштаңдаған, тыраштанған, тыраш 
әйел демей, нәрсе деудің де стильдік сыры (жүгі) көрініп тұр: 
адамды нәрсе дей салу бір қарағанда, ауызекі сөйлеуде кетіп 
жататын жаңсақтық, ағаттық болып көрінуі мүмкін. Бірақ жа-
зушы Нәзираның аузымен осылайша айтқызғанда, осынау бір 
жағымсыз кейіпкерге әншейінде бас командирдің әйелі екенін 
әдейі көрсетіп, өзгелерге ақыл айтып, тіпті саяси үгіт-насихат 
жүргізіп  жүретін,  бірақ  бастарына  қиын  күндер  туғанда, 
мүсәпір  кейпін  көрсеткен  Елизавета  Семеновнаға  деген 
жеккөрінішті қатардағы өзі сияқты адам санатына қоспайтын 
таным  Нәзираға  осылай  айтқызады.  Міне,  көркем  дүние  тілі 
үшін  сөз  таңдаудың  «көкелері»  осындай  және  оларды  бұл 
романның тілінен «күреп алуға» болады.
Нәзира-автор – өте нәзік жанды, сезімтал, көріп білгеніне 
өз  бағасын  бере  алатын  іштей  «білімі  жоғары»  жан.  Әсіресе 
ол адамдарды танығыш, бұл өскен орта – әке-шеше тәрбиесін 
көрген,  әжесінің  ақылы  мен  сөздерін  құлағына  құйып  өскен 
орта болғандықтан, кәрі-жас әрбір адамға өз көзімен қарап та-
нып дағдыланған. Нәзира қиыр шетте, қиын жағдайда жүргенде 
де айналасын тани жүруден көз жазбайды. Жан досы (подру-
гасы)  –  Светадан  бастап,  өзі  бірге  соғыс  өртінен  (елге  жету 
үшін) қашып келе жатқан әйелдердің барлығының дерлік бет-
бейнелерін, мінездерін, сөйлесу мәнерлерін аз сөзбен дәл та-
ныстырып отырады; балапандарын шұбыртқан тауықтай, төрт 
кішкентай баласы бар, бірақ сабырлы, асып-сасуды білмейтін 
Ираида Ивановна, хрусталь вазасын шүберекке орап, кеудесіне 
қысып  алған  үлкен  командирдің  әйелі  Ели завета  Сергеевна, 
ұрысқақ  Муся  т.т.  осылай  бірер  сөзбен  әрқайсысының  ада-
ми портретін береді. Әрі қарай Нәзираның осы танымын сол 

187
әйелдердің  қысталаң  шақтардағы  іс-қылықтары  дәлелдей 
түседі: төрт баланың анасы – Ираи да Ивановна пойыз бір жер-
де ұзақ тоқтап тұрғанда аш келе жатқан балалары үшін көрініп 
тұрған  селодан  тамақ  алып  келуге  бел  байлайды,  ана  жүрегі 
сезгендей төртеудің екеуін 7 жасар ұлы мен емізулі қызын алып 
кетеді, сол арада пойыз жүріп кетіп, қалған екі баласы анала-
рынан ажырап қалады. Света мен Нәзираға ол екеуін әрі қарай 
бас-көз болып алып жүрулері міндеттеледі. Осы жерде Нәзира 
өз  анасынан  7  жасында  жетім  қалған  күйін  есіне  түсіреді. 
Шығармада лирикалық емес, сюжеттік шегініс едәуір орын 
алады.  Осындай  шегіністің  бірі  –  осы  жерде.  Бір-ақ  беттік 
шегіністе оқиға параллелі берілген мәтінде Нәзира портретінің 
бір беті ашылады: ол тағдыр ұқсастығын сезіне білетін жаны 
бай жас және оның рухани портретін беретін тек сезімталдығы, 
әр  нәрсені  білмекке  ұмтылатындығы,  айналасындағы  адам- 
дарға деген жылы сезімі сияқты қасиеттері ғана емес, ең ал-
дымен,  ана  сүтімен  бірге  алған  ұлттық  тәлімі,  қазақтың 
қарапайым жасының дүниетанымы, ол танымнан түйген ада-
ми ой-толғамдары. Портреттің бұл қырлары да өте нәзік түрде 
тілдік амал-тәсілдердің қолданысы арқылы көрсетіледі. Адам 
портретін беруде Нәзира өзін де аямайды:
«Мен өзі, сірә, зерек емеспін-ау деймін, бір әңгіме естісем, 
әбден  түбіне  жетіп  түсіне  қоймай,  ойыммен  оқтын-оқтын 
қойырып  оралып,  бір  нәрсені  білгім  келсе,  күйіс  қайырған 
түйедей  талмап-талмап  барып  жұтатын  әдетім  бар»...
(62-бет).  Өзін  сынап  отырып,  бір  жағымды  қасиетін  таныта-
ды: бір нәрсені білгісі келсе, күйіс қайырған түйедей болса да, 
әйтеуір түбіне жетіп түсініп алатын қасиеті бар екен. Әрине, 
көркем  шығармадағы  адамдардың  портреті  (сыртқы  түр-
тұрпаты емес, ішкі жан дүниесінің портреті) Нәзира осындай-
мынадай  деп  арнайы  жазылған  сөздермен,  мәтін  үзіктерімен 
берілмейді. Ол шешесі оққа ұшып өлген 7 жасар қызды өздері 
қонған  деревнядағы  үйге  тастап,  енді  екі-екіден  бөлініп  бы-
тырап  кетпек  болғанда,  мені  де  ала  кетіңдер  деп  жылаған 
кішкене қыз балаға сонша жаны ашиды, қабырғасы қайысады, 
қолынан келгені – алдаусыратып ақыл айту. Сен мұнда жалғыз 
қалмайсың  ғой,  қамқор  болатын  адам  бар.  Кішкене  шыдай 

188
тұр, қарағым, бұ жердегілер де жаман кісілер емес, әлі-ақ ба-
уыр басып, өз баласындай болып кетерсің, аман болса, папаң 
да сені іздеп тауып алмай қоймас. Мамаңның артында қалған 
жалғыз шырағы сенсің ғой, сол шырағын сөндірме, айналай-
ын,  сен  аман  бол  (117-бет),  –  дейді.  Ал  бала  көзі  адырайып, 
өзіне  таңырқай  қарап  қалады.  Сөйтсе,  ол  осылайша  қазақша 
жұбатып  тұр  екен,  бірақ  бала  сөздерін  түсінбесе  де,  көзінен 
бір нәрсені ұғып, Нәзираны құшақтай алады. Міне, бұл эпи зод 
та – шындық. Жүректен шыққан мұндай жұбату – алдарқату 
сөзді  Нәзира  орысша  айта  алмас  еді,  оның  орысшасы  мәз 
емес, «орыс деген халықпен араласқанына үш-ақ ай» (ал өткен 
ғасырдың  30-жылдарындағы  қазақ  мектептерінде  де  орыс 
тілінің оқытылуы қандай болғаны белгілі ғой, тіпті де соңғы 
30-40-жылдағыдай емес). Тіпті орыс әйелдерінің аты мен оры-
стар қосып айтатын әкесінің атын қатарынан дұрыстап айта да 
алмайды,  мынадай  жүректен  шыққан  шынайы  сөзді  Нәзира, 
әрине, орысша айтпасы хақ, бірақ жаны осындай сөзді айту ке-
рек деп тұр: ол әкесін соғыс қармап жатқан, шешесі көз алдын-
да оққа ұшқан, айдаладағыдай бейтаныс адамдардың арасын-
да қалып бара жатқан жеті жасар қыз баланы аяп, жүрегі қан 
жылап тұр. Өзі де жеті жасында анасынан айырылғандықтан 
ба (бірақ ол шет жұртта емес, мейірімі мол әжесінің, әкесінің, 
туған-туыстардың,  бүкіл  ауылдың  қанатының  астында  бол-
ды  ғой),  әлде  құрсағында  жаңа  өмір  басталған  болашақ  ана 
болғандықтан  ба,  әлде  ең  негізгісі,  тағдыр  тәлкегіне  түскен 
жандарды  аяу  сезімі  сияқты  адамдық  қасиеттің  күштілігінен 
бе  –  әйтеуір  бала  дегенде,  Нәзираның  жаны  жай  таппай, 
өкпе-бауыры  езіліп  тұрады.  Фашистер  қуып  ұстап,  бүкіл  де-
ревня  халқын  шетінен  атып  өлтіріп  жатқанда,  «тырнақтай 
әнші қыз бес жасар Парашканың: «Дяденьки, дяденьки, мені 
өлтірмеңдер. Мен ән салып беремін. Мен әнді жақсы айтамын!» 
–  деп  шешесінің  мойнынан  құшақтап,  шырылдап  ән  салған 
күйі оққа ұшқанын көрген сәті Нәзира-автордың өмірі есінен 
кетпейді, көз алдында тұтасқан мұнар болып тұрады. Тіпті бес 
жыл от-жалынның ішінде аман қалып, соғыс бітіп, елге қайтып 
келе жатқанда да, вагонға кірген бір әйелдің қолындағы жетек-
теген кішкене қызы Параша болып көрінеді. Осы соңғы эпизод 

189
Нәзираның  талай  Парашалардың  соғыс  кезіндегі  тағдырына 
жаны қалай қиналғанын «қиналдым, аядым, жаным түршікті» 
деген  сияқты  баяндауларсыз  білдіреді.  «Ән  салып  берем,  дя-
деньки,  мені  өлтірмеңдер!»  деп  шырылдаған  суреттер  көз 
алдына  елестегенде,  «қасымда  отырған  екі  баланы  мойын-
дарынан  қылқындырып  қысып  алыппын,  олар  қолтығымнан 
шыққысы келіп бұлқынғанда барып байқадым» (366-бет) де-
ген бір ғана сөйлеммен бас кейіпкер бейнесі (адами портреті) 
толық ашылады.
Роман  –  соғысқа  қатысты  оқиғалы  шығарма  емес,  ұлттық 
этномәдени  құндылықтарды  көрсетуге  арналған  туынды 
деп  танылатын  сияқты.  Әңгімеші-автор  –  ең  ал дымен,  қазақ 
халқының өкілі. Оның қазақтығы бүкіл болмысынан, түсінен 
бастап,  ой  түйіндерінен,  қарым-қатынасынан  көрінеді.  «Қара 
жерден кіндігін үзбеген қазақтың қызымын ғой, бозды бұйратта, 
өлеңді тепсеңде асыр са лып аунап-қунап... жусан мен топырақ 
исін қолқама сіңіріп өскенмін, бой жеткен кезімнің өзінде де 
кейде тіпті көк майсаға аунағым келіп, аусарым ауып тұратын» 
(284-бет),  –  деп,  қазақы  табиғатын  өзі  атап  береді.  Түсінде 
қалың  жылқы  көреді,  пойызда  ұйықтап  жатқанда  естілген 
доңғалақтардың дүрсілі қалың жылқының тұяқ дүрсілі болып 
сезіледі, паровоздың гудогы шыңғырып кісінеген жылқының 
даусы болып естіледі. Жоғарыда айттық, теңеулері де қазақы, 
ал теңеу дегеніміз – айналадағы дүниені көріп, әр нәрсені са-
лыстыру ғой. Мақал-мәтелдер де – дүниенің ұлттық танымы, 
ұлттық философиясы. Бұларды да автор шеберлікпен пайдала-
нады.
Психологиялық туынды дейтін себебіміз – мұнда бас кейіп- 
кердің ішкі дүниесі – жан сыры ақтарылады. Нәзира – қорқа 
да, қайғыра да, өзгенің өксігін бөлісе де білетін жан. Бір ғана 
эпизодтан  мысал  келтірелік:  Қайтейін  ойы  құрғыр  он  саққа 
жүгіреді.  Қайсысын  қармасам  да,  көңілге  жұбаныш  әкелер  
бірі  жоқ».  Немістер  бұл  дүнияда  менің  бар-жоғымды  біл- 
мейтініне,  қанша  сенейін  десем  де  көңілі  құрғыр  қобалжи 
береді. Бір-екі ай тыныш жерде бұғып жатып, қауіп-қатерді 
жатырқап  қалғанмын  ба?  Әйтпесе  бұдан  да  қорқынышты 
сағаттарым  болып  еді  ғой.  Светадан  айырылып,  қалың 
орманның ішінде жалғыз қалғанда...

190
Сондағы  бір  ғажабы  –  алдымен  өзімнің  халімді  ойламап-
пын.  Светаның  айтқан  хикаясы  (Света  неміс  офицерімен 
еркінен тыс бір түн төсектес болғанда, жүкті болып қалғанын 
әйелдік  табиғаты  сезіп,  соны  айтқан  болатын  –  Р.  С.)  ақыл-
ойымды билеп, оның аяқ астынан душар болған қасіреті тұла 
бойымды жайлап алды да содан арыла алмай, әлек бо лып оты-
ра  беріппін.  Біреудің  қасіретін  ішіме  түсіріп  алып,  сонымен 
жарыса ойлап, жарыса қиналып, арамтер болатын жандай 
жаман мінезім бар екен – бейне бір Света қасіретін маған та-
стап: «Мә, мынаны талғажау ете тұр», – деп өзі кетіп қалған 
сияқты...(133-бет/).  Міне,  осы  микромәтіннен  Нәзираның 
психологиялық күйін көреміз.
Жоғарыда айттық, романның негізгі үні – адам психологи-
ясы, әйел психологиясы. Психология дегеніміз – адамның жан 
дүниесі ғой. Көркем әдебиетте кейіпкердің психикалық кейпін 
беруде,  меніңше,  әңгіменің  (шығарманың)  кейіпкер  атынан 
баяндалуының  артықшылығы  мен  ерекшелігі  бар.  Адам  өз  
жанын  өзі  түсінеді,  яғни  өзінің  дүниетанымы,  сенімі,  мұра- 
тының ең нәзік қылдарын өзге емес, адамның өзі біледі, әрине, 
оны кез келген адам ап-анық етіп айтып бере алмас, бірақ жеме-
жемге  келгенде,  өзі  туралы  әңгімелегенде,  өзінен-өзі  көрініп 
жатады.  Мы салы,  Светаның  қасіретін  қалай  қабылдағанын, 
қалай  түсінгенін  Нәзира  көп  сөзбен  айтпайды,  «тек  біреудің 
қасіретін  ішіме  түсіріп  алып,  сонымен  жарыса  қиналатын 
жаман  мінезім  бар»  деген  бір  сөйлеммен  ғана  өзінің  сезім 
дүниесін жайып салған.
Психология дегеніміз – адам психикасын зерттейтін білім-
ғылым  саласы  болса,  сол  психиканы  көрсететін  адамның 
дүниетанымы,  сана-сезім  дүниесі,  ақыл-ойы,  темпераменті, 
мінезі,  қабілеті,  әр  нәрсені  байқауы,  қабылдауы,  сөйлеу 
машығы тағысын тағы көркем шығарманың өзегі, негізгі иде-
ясы  болмаққа  керек.  «Шырағың  сөнбесін»  бас  кейіпкерінің 
де,  өзге  кейіпкерлерінің  де  жан  дүниесі  осы  параметрлерден 
көрінген  және  оларды  шығарманың  тілі  мен  стилі  барын-
ша  көрсете  білген.  Нәзира  сияқты  соғыс  өртінің  ең  бірінші 
жалынының шарпуынан бастарын, балаларын ала қашқан, әуелі 
Мәскеуге жетіп, одан әрі жұрттарына (қалалары мен деревня, 
ауылына)  жетуге  аттанған  әйелдердің  мінезін  автор  (Нәзира-

191
Ахтанов)  көп  сөзбен  сипаттап  жатпайды,  бұған  Елизавета 
Сергеевна  алғашқыда  күйеуі  сияқты  бастықпын  деп  сезініп, 
бұйырып-үйретіп отырады («тәртіп керек, әйел жолдастар!»), 
бірақ бірінші қиындықтан кейін-ақ салы суға кетіп, сүмірейіп 
қалады («ал мен не істеймін»), Муся күлегеш, ұрысқақ, Маруся 
аз  сөзді,  салмақты,  бірақ  қиын  тұста  істің  жөнін  таба  біледі, 
бұлаңдаған  сұлу  келіншек  Алевтина  Павловна  қиын-қыстау 
кез келгенде, жол табатын нағыз практик («менің ойымша да 
Алевтина Павловнаның айтып отырғаны дұрыс», – деді Мару-
ся) екендіктерін жақша ішіндегі сөйлемдермен ғана білдіреді. 
Нәзираның  күйеуі  Қасымбек  –  «кәдімгідей  байсалды-ақ 
жігіт»;  қатты  қысып  сүйіп  алуға  именшек,  сезімге  сараң  бо-
лып көрінгенмен, нағыз сезімнің адамы, бұл кейіпкердің адами 
портретін  кітаптың  алғашқы  беттерінде  Нәзира-автор  екі-үш 
сөйлеммен  ғана  сипаттап  өтеді.  Ал  жолшыбай  бір  кездесіп, 
кейін  партизандар  тобында  бірге  болған  жалғыз  қазақ  жігіті 
«аты қызық» Абан (Әбен емес) да – «тегін» кейіпкер емес, ол 
да – шығарманың психологиялық үнін (тонын) қоюлата түсетін 
тұлға, мұның да осы тұлғасы Нәзираның сараң сөзімен таны-
лады.
Енді  кейіпкерлер  диалогтері  жайында  әңгіме  етсек.  Бұл 
туындының және бір өзгешелігін көрсетуге тура келеді. Әдетте 
кейіпкерлер диалогтері және монологтерінің стильдік қызмет 
атқаратыны  белгілі.  Қайсыбір  кейіпкердің  сөйлеу  мәнері 
арқылы  жазушы  оның  бейнесін  сомдай  түседі.  Бұл  тәсіл 
әдетте барлық кейіпкерлері бір тілде сөйлейтін шығармаларда 
сәтті  шығады.  Ал  кейіпкерлері  (кейде  тіпті  үш-төрт)  түрлі 
тілде  қарым-қатынасқа  түсетін  шығармаларда  жазушы  әр 
кейіпкерді әрдайым өз тілінде сөйлете алмайды. Тегі, көркем 
шығармаларда  негізгі  мақсат  –  кейіпкердің  сөйлеу  үрдісін 
көрсету  емес  екендігі  де  белгілі.  Демек,  мұндайда  жазушы 
орыс-қазақ және басқа да халықтар өкілдері бар шығармасын 
негізінен  бір  тілде  жазады,  айталық,  осы  романда  барлық 
кейіпкерлердің  сөзі  қазақша  берілген.  Демек,  бұл  жерде 
аса  ұқыптылық  ке рек.  Мысалы,  орыс  кейіпкерлерінің  аузы-
на  қазақтың  мақалдарын,  ұйқасты-ырғақты  ұлттық  теңеулі 
сөздерін  сала  алмайды,  яғни  салмаған.  Қазақ  еместердің 
сөздерін  де  Нәзира  айтып  отырғандықтан,  өзінің  ұққанынша 

192
берген:  сөйлемдері  шағын,  мағлұматы  айқын.  Нәзира  өзі 
ағытылып орысша сөйлей алмаса да, орысша тұрмыстық сөзді 
(«бытовая речь» дегенді) түсінеді. Сол түсінгенін қазақшалап 
беріп,  әңгімесін  айта  береді.  Бұл  диалогтердің  сөйлемдері  – 
қысқа, негізінен тұрмыстағы кәдімгі айтылатын сөздер.
Шешелері  пойыздан  қалып  қойған  екі  баланың  тағдырын 
шешпек болған әйелдердің диалогтері:
–Келесі станциядан қалдырып кетейік, анасын тосып ал-
сын.
– Денің сау ма, титтей бала не біледі, адасып өлмей ме?
–  Далаға  таста  деппін  бе?  Станцияның  бастығына  та-
стап кетеміз де.
– Мынау алас-қапаста станция бастығы бала баға ма? Ай-
тады екен ау...
– Әй, қойыңдар, – жамырап бара жатқан қатындарды Алев-
тина Павловна тоқтатты (68-бет).
Міне,  барлық  жердегі  орыс  адамдарының  диалогтері  осы 
тақылеттес.  Әрине,  бұл  –  дәл  аударма  емес,  Нәзираның  бұл 
диалогтегі ұққан сөздерінің қазақша мазмұны.
Ал  романның  таза  қазақтар  туралы  бөліктерінде,  яғни 
«сюжеттік  шегіністерде»  Нәзираның  өткен  күндерді  есіне 
алған сәттерінде қазақ кейіпкерлердің диалогтері сөйлеу тіліне 
тән одағай, қаратпа, қыстырма сөздермен, қарапайым элемент-
термен нағыз қазақша диалог етіп берілген. Мысалы:
Дариға жеңгем... мойнымнан құшақтап алып:
– Қыз-ау, сен әлгі демалысқа келген кәмендерді көрдің бе? 
– деді.
– Көрдім.
– Көрсең, жаным-ау, не бітіріп жүрсің ?Жұрт деген тек 
гу-гу етеді. Өзі әлі үйленбепті. Тұқымы да ақкиіздің ішінде ды-
рауы көрінеді. Осы жолы құр кетпейді деседі. Я-я, жай келіс 
емес, қалыңдық іздеп келіпті дейді.
– Іздесе қайтейін?
Дариға  жеңгем  «денің  сау  ма?»  дегендей,  бетіме  үрпие 
қарады.
– Қыз-ау, не дейсің сен? Бүкіл аудан аузын ашып отырған 
жалғыз жігітті...
– Қойшы, Дариға-айу ерні көнтиген, көзі быттиған біреуді 
соншама...

193
– Қыз-ау, есің дұрыс па? Қазақ айтқан емес пе, «ат ерінді, 
ер мұрынды келсін» деп.
Мұның мұрны кішкентай, ерні үлкен ғой.
– Е, болса ше? – деп өз екпінімен кете берді де кенет сөз 
мағынасын түсініп, өз ағаттығына күліп жіберді. – Туһ, сен де... 
Оның ернін қайтесің. Құдай беріп, қолыңа түссе, әлі-ақ ерт-
теп мініп аласың ғой (29-30-беттер).
Міне,  бұл  шағын  диалог  –  нағыз  қазақтардың  –  қайын 
сіңлісі  мен  жеңгесінің  диалогі.  Нәзираның  Қасымбекпен, 
Абанмен де (соғыс кезеңінде басқа қазақша сөйлейтін жал ғыз 
адам) әңгімелері қазақша, бірақ мұндай қазақы диалогтер көп 
емес, өйткені олардың бірге болған күндері де аз. Сондықтан 
кейіпкер тілі машығы арқылы оның бейнесін сомдай түсу тәсілі 
бұл шығармада бірінші кезекте тұрмаған.
Көркем  шығарма  үш  түрде:  не  бір  нәрсені  (оқиғаны, 
адамдарды)  суреттеу  не  баяндау  немесе  бір  нәрсе  туралы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет