Бэби-бумерлер ұрпағы (1943-1963 жылы туғандар)



Дата26.04.2023
өлшемі33,64 Kb.
#87318

Ұрпақ теориясы
Бэби-бумерлер ұрпағы (1943-1963 жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары 1973 жылға дейін қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына Сталиннен кейінгі жылымық, адамның ғарышқа ұшуы, қырғиқабақ соғыс, медицинаның жақсаруы, ғылымның дамуы, білім беру жүйесінің жақсы сапаға ие болуы әсер еткен. Әкелері соғысқа қатысқандықтан бұл ұрпақ өзін «жеңімпаз ұрпақ» деп санаған.
Басты құндылықтары: оптимизм, пайда мен карьераға құштарлық, ұжымшылдық, «командашылдық», «жастық культі».
Осы ұрпақтың педагогтерінің мінездемесі: Басқа тыңдаушылардан тұратын командалық оқу формасын қалайды. Басқа тыңдаушылардан тұратын командалық оқу формасын қалайды. Жеке білім беру бағытын құруды талап ететін, біліктілікті арттыруда жинақтау жүйесін қабылдағысы келмейтін педагогтер. Қашықтықтан білім беру технологияларына, жеке жоба жұмыстарына сақтықпен қарайды. Біліктілікті арттыру курстар барысында аттестаттау үдерісіне максималды дайындығы арқылы жеке кәсіби өсуге деген қызығушылығы көрінеді. Сабақ формасына лекция, бағдарламалардан нақты мысалдарды көрсету арқылы тәжірибелік жұмыстар, әдістемелік әзірлемелер, сабақтың конспектілері


Х-ұрпақ немесе Белгісіз ұрпақ (1963-1983 жылдары туғандар)
Бұлардың құндылықтары 1993 жылға дейін қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына қырғиқабақ соғыс, қайтақұру, жариялылық, Ауғанстандағы соғыс, Чернобыль апаты, СПИД, есірткі сияқты оқиғалар әсер еткен.
Басты құндылықтары: өзгерістерге дайындық, таңдау мүмкінігі, жахандық ақпараттану, техникалық білім, индивидуализм, ғұмыр бойы оқуға әзірлік, көзқарастардың бейресмилігі, жаңа эмоция іздеу, прагматизм, өзіне ғана сену, гендерлік теңдік.
Осы ұрпақтың педагогтерінің мінездемесі: Кез- келген формада білім алуға дайын, соның ішінде тыңдаушылар тобында да, білім берудің жинақтық жүйесіне де (үздіксіз білім алу) қарыс емес. Білім алу формасын таңдауы қосымша кәсіби бағдарламасының тақырыбына байланысты. Қашықтықтан білім алу технологияларына (таңдау мотиві – курс өтетін жерге баратын уақытты үнемдеу, жеке оқу графигінің мүмкіндіктері) таңдауды береді. Бейресми көз-қарасты айту мүмкіндіктері бар дискуссияларға, интербелсенді оқыту формасына қатысуға дайын. Командалық жұмыс тәсілінен қашады. Мақсат пен курстардың мазмұнына деген прагматикалық қарым-қатынас — « жеке кәсіби іс-әрекетіне деген нақты ұсыныстарды алу». Кейін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдану үшін жеке жоба жұмыстарына деген қызығушылық. Үнемі біліктілікті арттыруға ұмтылады сонымен қатар, өздік білім алуды да арттырады.


Ү-ұрпақ немесе Желі ұрпағы немесе Миллениумдер (1983-2003 жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары әлі де қалыптасып жатыр. 2014-2015 жылдар бұл ұрпақ үшін өтпелі кезең болады.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына КСРО-ның ыдырауы, террористік актілер мен аймақтық соғыстар, сандық технологиялардың күрт дамуы, ғаламдық аурулар, ғаламдық мода мен өнер әсер етті. Ұялы телефондар мен интернет бұл буын үшін күнделікті, үйреншікті дүние.
Басты құндылықтары: парыз бен борыш, жауапкершілік, аңқаулық, бағына білу. Бұл ұрпақ үшін маңызды дүние бірден пайда көру, табысқа бірден ие болу.
Осы ұрпақтың педагогтерінің мінездемесі: берілген ұрпақтың кәсіби біліктілігін арттырудың тиімділігі олардың бостандық, жауапкершілік, нәтиже, тезарада сыйақы алу құндылықтар жүйесінің ескерілуіне байланысты. Курстарда талап етілсе 30ға дейінгі жас мамандар қашықтықтан оқу технологияларына, өздерінің білім алу бағытын құруға дайын, бәсекелестіктің барлық талаптарына (рейтинг, қоғам алдында сөйлеу тсс) төтеп бере алады.


Z-ұрпақ (2003-2023 жалдар арасында дүниеге келетіндер)
Бұлардың құндылықтары енді ғана қалыптасады. Және де бұған бәріміз ықпал ете аламыз.
Көп нәрсе осы ұрпақтың сапасы мен болмысына байланысты болады.
Бір анығы бұл ұрпақ үшін дипломнан гөрі білім артық болады. Бұл ұрпақ қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөліп, қалыптасқан ережелерді, заңдарды сақтауға бейім болады. Техникалық даму, ғылым дамуы бұлар үшін үйреншікті дүние болатыны анық. Бұл ұрпақ жаңалықтарға бейім ұрпақ.

Әр ұрпаққа қатысты мынадай да ерекшеліктер бар.


Үнсіз ұрпақ негізінен әдебиет пен тілге жақын болды.
Бэби-бумерлер математикаға әуес болды.
Х-ұрпақ тарихқа бейім, тарихты жақсы көреді.
Миллениумдер әдебиет пен киноға құмар.
Z-ұрпақтар шетел тілдерін білуге әуес болады дейді ғалымдар.
https://surak.baribar.kz/521008/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет