1. Жарық терапиясы фототерапия



бет1/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

1.Жарық терапиясы (фототерапия Жарықпен емдеу (фототерапия)-малдың организміне жарықтың энергиясымен (көрінетін жарық) әсер ететін ем әдісі. Жарық өте күшті белгі беретін қоздырғыш. Жарық сәулелері көздердің тор қабықтары арқылы интерорецепторлар байланыстарының жәрдемі мен ми қабына үздіксіз әсер етіп, сол арқылы ағзалардың қызметтеріне рефлекторлы түрде ықпалын тигізеді және белгілі бір мөлшерде зат алмасу процесін арттырып не төмендетіп тұрады. Жарық, организмге терінің, кілегей қабықтарының экстерорецепторлары арқылы биологиялық әсерін де тигізеді. Жарықтың энергиясын дұрыс пайдаланып,ауруларды нәтижелі сақтандыруды және емдеуде тәулік ішіндегі жарықтың жеткілікті мөлшерін, оның ұзақтығын және жарық көзінің күшін дұрыс анықтау өте маңызды жағдай. Малдың кейбір физиологиялық күй-жайында (мысалы, сауылып жүрген мезгілі,жұмыртқалайтын кезі)өнімділігі жоғары мал күшті жарық қоздырғыштарын, кей жағдайларда (мысалы бордақылағанда) - қараңғылықты керек етеді. Оптикалық жарық энергиясын алу үшін, қыздыру лампаларын мысалы көк түсті Минин лампасын, соллюкс және жылытқыш люминисценттік лампаларын қолданады. Жарық энергиясын тері ауруларында (экзема), көршиқан, сом жаралары шыққанда, азықтандырудың салдарынан дамитын төменгі және орта дәрежеде қан азайғанда қолданады. Ірі малдың пневмониясын, бір мезгілде соллюкс және сынап-кварц лампаларымен ПРК-2 (ДРТ-400)қосарландырып емдегеннен болымды нәтиже алынған.
2. Терапияның физиологиялық принципі Міне, сондықтан ең негізгі мақсат аурудың алдын алу болып табылады. Бұл үшін алдын-ала емдеудің маңызы өте зор, емдеудің тиімділігін арттыруда өте көп мүмкіндік береді. Малды қандай ауру болмасын дер кезінде емдеу, тиімді де пайдалы. Бұл үшін мал дәрігері маманының қолында түрлі дәрі-дәрмек емдеу түрлері мен әдістері болуы керек. Физиологиялық принципті жүзеге асыру үшін, қолданылатын дәрі-дәрмек организмнің физиологиялық қорғану реакцияларын жоймай, қайта оларды қуаттандыру керек. Бұл үшін дәрі- дәрмектің мөлшерін, ерекшелігін еске алу қажет. Емдеу барысында тек бір әдіс емес, түрлі әдістер мен дәрі дәрмектер қолданылса ғана, ауру малды сақтап қалуға болады. Негізінен мал дәрігерінің сүйенетін ережесі - бұл мүмкіндігінше ауруды алдын-ала, ерте емдеу. Неге десеңіз, ауру бірден пайда болмайды, организмде өзгерістер, ауытқулар бірден сырт көзге білінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет