Бәйдібек Баба- алып


Сімтікұлы Қайыпберді – ұлт азаттық көтерілістің сарбазы



бет119/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   415

Сімтікұлы Қайыпберді – ұлт азаттық көтерілістің сарбазы


1883 жылы Жаркент уезі, Байынқол болысы, Текес елді мекенінің Айыржал ауылында туған. 1916 жылы көтерілісте Жасақ басшысы болған. Ерлікпен осы майданда дүниеден қайтқан.

Жарылқасынұлы Қожеке – ұлт азаттық көтерілістің сарбазы


1886 ж Жаркент уезі, Байынқол болысы, үлкен қақпақ елді мекенінде туған. 1916 жылғы ақпатша жарлығына қарсы шыққан Қарақара жәрмеңкесі көтерілісіне шығып, ерен ерлік көрсеткен. 30 жасында майдан алаңында қаза тапты.

ШОҒАН АБЫЗ ҰРПАҚТАРЫ


Дәуім Тұғыжым Алжан Шажа
(Мәмбет) (Үмбет)



Асан Үсен
Айдос Төле

Еламан Жоламан
Тілеуке Түке Мәнке Дөңке Айбек Қойбас Емеген Тұрсын



Шоған Абыз ұрпағының шежіресі
Шоғанның төрт ұлы бар – Тұғыжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет.
1.Дәуімнен Асан, Үсен. Асаннан – Айтбай, Сиқымбай. Үсеннен – Аманқұл, Жайын. Аманқұлдан – Ақтан, Орыс. Жайыннан – Жолшора, Назар. Назардан төрт ата тарайды: Еспенбет, Жәменке, Қосай, Қотан. Жолшорадан – Өтеген, Қойлыбай. Өтегеннен – Елібай. Елібайдан – Мәлікбек, Қазыбек. Қойлыбай 5 атаға бөлінеді: Байсары, Бұқарбай, Қалыбек, Жәнбек, Баймырза. Байсарының 11 баласы болған: бірінші әйелінен – Қарабатыр, Бозбатыр, Байбатыр, Сарыбатыр; екінші әйелі Түтін сұлудан – Ағанас, Тоғанас, Төртуыл, Қаракесек, Қалқамбай; үшінші әйелі Лақ анадан – Сырымбет таралады. Бұқарбай 5 атаға бөлінеді: Наурызбай, Қасқарау, Қонай, Шонай, Тоғай. Қалыбек 3 атаға бөлінеді: Байсерке, Жұмабай, Жұман. Жәнібек 4 атаға бөлінеді: Сатыбалды, Қараш, Жылқыбай, Әлі. Баймырза 6 атаға бөлінеді: Тама, Табылды, Бітібай, Алашбай, Қаңтарбай, Ботақан.

  1. Тұғыжым. Шоғанның екінші баласы Тұғыжымнан – Айдос, одан Төле ұрпағы таралады. Төледен – Еламан, Жоламан. Жоламаннан – Қорғанбай. Қорғанбайдан – Мұсылман, Несіпбай. Несіпбайдан – Иманбай. Иманбайдан – Иманәлі. Иманәліден – Бақыт, Бағдат, Бақытжан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет