Глоссарий Абыз



бет1/5
Дата02.02.2023
өлшемі20,74 Kb.
#64704
  1   2   3   4   5

Глоссарий
1.Абыз – ертеде елдің тəу ету жоралғыларына басшылық жасайтын əрі жаугершілік жағдайында жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан əлеуметтік тəртіптің ертедегі нормалары мен принциптерін жетік меңгерген беделді тұлға. 
2.Агни - Ежелгі Үндістанда от құдайы.
3.Аид - өлілер құдайы.
4.Амон – Ежелгі Египет құдайы, Фивы қаласының қорғаушысы.
5.Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.
6.Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым
7.Антикалық мәдениет (лат. antiquus ежелгі) Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. 
8.Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. 
9.Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. 
10.Артха — адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі іс-әрекеттердің нормалары болып табылады(үндә-будда мәдениеті).
11.Архаикалық мәдениет - адамзат мәдениетінің бастауы.
12.Бен-бен – Ежелгі Египеттіктердің тас құдайы.
13.Брахманизм – Ежелгі Үндістанда ведашылықтың негізінде пайда болып, оны алмастрған діни философиялық жүйе.
14.Буддизм (санскритше – buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. 
15.Ведалар – үнділердің қасиетті, діни кітабы.
16.Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. 
17.Гиза – Пирамидалар тұрғызылған жер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет