Бәйдібек Баба- алып


Молдасанұлы Жолсейіт – еңбек ері



бет269/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   415

Молдасанұлы Жолсейіт – еңбек ері


1930 жылы Кеген ауданы, Қарқара ауылында туған. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін мектеп қабырғасында оқып жүрген оның арманы көп, әрі асқар еді. Амал арман жолын қууды сұрапыл соғыс бөліп кетті. 1941 жылы бәрін тастап еңбекке араласуға тура келді. Сөйтіп, Ж.Молдасановтың одан кейін жарты ғасырға жуық уақытқа созылған шопандық жолы басталып кеткен еді. Ал, бұл жарты ғасырдың әр күні мен түні ерен еңбекке толы болды. Сол қарапайым еңбек оны бақытқа жеткізді, ел ықыласына, халық құрметіне бөледі. Өйткені, ол осы жылдар ішінде іргелі екі шаруашылықтың малындай қой өсірген еді. Бұған аға шопанның жыл сайын бағымындағы әр жүз саулықтан 120- дан бастап 175 – ке дейін төл алып, аман өсіре білгендігі дәлел бола алады.
Сондай ерен еңбегінің нәтижесінде Ж.Молдасанов 1973 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды, мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. СОКП – ның XXIV, XXV, XXVI сьездеріне делегет, Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, СОКП Ораталық Тексеру комиссияының мүшесі болды. Осылайша ол қарапайым еңбегімен қатар үлкен – үлкен қоғамдық жұмыстар атқарды.
Қазірде Ж.Молдасанов егемен еліміздің ерікті фермері. Ол жаңа жағдайда, жаңа жігермен еңбек етіп өзінің фермерлік шаруашылығын жылдан – жылға нығайтып келеді.

Көшкінұлы Сүлеймен – елағасы


1936 жылы, 17 қазанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Меркі ауылында дүниеге келді. Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (1990). Талдықорған зооветтехникумын (1957), Алматы зоотехникалық – малдәрігерлік институтын (1971) бітірген.


1957-1970 ж. Кеген ауданы "Тоғызбұлақ" колхозында кіші зоотехник, фермамамеңгерушісі, бас зоотехник, 1970-1973 ж. "Жылысай" совхозының бас зоотехнигі, 1973-1975 ж. Панфилов ауданы "Көктал" совхозының бас зоотехнигі, 1975-1979 ж. Гвардия ауданы Ленин атындағы асылтұқымды мал зауытының директоры. 1979-1980 жылдары Кербұлақ аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы, 1980-1985 жылдары Талдықорған аудандық кеңес атқару комитетінің бірінші орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1985-1992 ж, Панфилов ауданы "Октябрь" қой совхозының директоры болды. 1992- 1997 ж. Панфилов ауданы әкімнің орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1997 жылдан "Керімағаш" санаториясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті.
С. Көшкінұлы Кеген, Гвардия, Кербұлақ, Талдықорған, Панфилов аудандарының экономикасының нығаюына, ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосты.
Отан алдында еткен еңбектері үшін С.Көшкінұлы Қазақ КСР Жоғарығы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Кеңес Одағының және Қазақстан Республикасының бірнеше медалімен марапатталып, "Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері" атағына ие болды. Панфилов ауданының құрметті азаматы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет