Бәйдібек Баба- алып


Нысанбаев Еркебұлан - полковник



бет59/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   415

Нысанбаев Еркебұлан - полковник


1915 ж. Жаркент уезі, Шонжы селосында туған. 1935 ж. Тоғызбұлақ елді мекеніндегі Жаңабай батыр атындағы Қазақ орта мектебінде оқып, орта білім алған. 1941 ж. әскерге алынып Новосибирск қаласындағы Әскери училищені тәмамдады. Осы жылы басталған неміс- орыс соғысына қатысып рота, полк басқарды. Ерліктері үшін I- II-дәрежелі Қызыл Жұлдыз орденімен, Чехословакия, Румыния, Польша, Венгрия жерін неміс фашистерінен азат еткендігі бағаланып көптеген медальдармен марапатталған. Елге оралған соң Алматы қалалық әскери басқармасында қызмет істейді. Зейнеткерлік демалысқа шығып "Алатау" кинотеатрына директор болды. 1967 ж. дүниеден қайтты. Мүрдесі орталық зиратта.

Қожа-Ахметұлы құрман - елағасы


Шежіреші. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Майдан - Еңбек ардагері. Әйгілі Ханкелді батырдың 7-ұрпағы, 1916 ж. Қарқара ұлт-азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі Құдайбергенұлы Жаңабай батырдың немересі. Жоғарғы білімді, тарихшы.
"Еңбек Қызыл Ту", "Халықтар достығы", "Құрмет белгісі", Бірінші дәрежелі Отан Соғысы "Қызыл Жұлдыз" ордендері мен "Соғыстағы Ерлігі", "Еңбектегі Ерлігі" т.б. 20 медальдар мен Қазақ Республикасының Құрмет грамоталарының иегері. Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы.
Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен 3000 майдангерлерді тауып Республика, облыс аудандық газеттерде, Республикалық журналдарда жариялаған.
"Ханкелді", "Жаңабай", "Тохнияз" деген хикаялармен "Біз-біз едік", "Қарқара" деген поэмалардың авторы.

Қожахметұлы Кеңесбай - ғалым


1938 ж. тамызда Алматы обл. Ұйғыр ауданындағы Сүмбе ауылында дүниеге кеді.
1956-1961 жылдары аралығындағы Кеңесбай Қожахмет-ұлы ҚазМУ- дың тарих факультетінен жоғары білімді тарихшы мамандығын алды.
1961 ж. Шонжы ауылында мұғалімдік қызметте болып 1963 жылы жалпы тарих мамандығы бойынша ҚазМУ-дың аспирантурасына қабылданды. МГУ-дің және Африка елдері институтының аспиранты ретінде тіркеліп, осы жерде ғылыми тақырыбы анықталып, диссертациясына қор жинау үшін Египетке жіберілді.
1968 жылы К. Қожахмет-ұлы Мәскеуде КСРО Ғылыми Академиясының шығыстану институтында кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғаған.
1968 жылдан бастап Қазақтың Әл-Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, тарих факультетінің сырттай бөлімінің деканы, Шығыстану факультетінің Оңтүстік Азия елдері тарихы кафедрасының меңгерушісі.
1997ж. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ -дің арнаулы ғылыми кеңесінде К. Қожахмет -ұлы Ұлттық тәуелсіздік жолындағы қарулы күресті қолдайтын Азия және Африка халықтары ынтымақтастық ұйымының тарихы /1995-1975 жж./ атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымының докторы деген ғылыми атақ берілді.
Кеңес Қожахметұлы Азия және Африка, Европа мен Америка елдері тарихын терең білетін тамаша лектор ретінде танылған. К.Қожахмет - ұлы 100 астам ғылыми еңбектер және 4 ірі монографиялық басылымдарды жариялады. Азия және Африка елдерінің ұлт-азаттық, ынтымақтастық қозғалысы мәселелерін Қазақстанда және КСРО аймағында ең бірінші зерттеген ғалымдардың алдыңғы шебінде Кеңес Қожахмет -ұлының есімі аталды.
Ұлт-азаттық күрес мәселелеріне байланысты, Бүкіл Одақтық Шығыстанушылардың конференцияларында 1970-1971 жж. Мәскеуде, 1983 жылы Бакуде, 1985 жылы Звенгородта, 1992 жылы АҚШ-тың Монтерей қаласындағы жиындарға баяндамалар жасады.
1970 жж. Азия және Африка елдерімен ынтымақтасуы Қазақ комитеті Президиумның, Москвадағы Азия және Африка елдерімен ынтымақтасу Кеңесі, Африка институты /Москва/Ғылым Кеңесінің


мүшесі.
Профессор Кеңесбай Қожахмет-ұлы орта мектеп оқушыларына арнап "Қазіргі заман тарихы", "ХХ ғасыр тарихы" атты оқулықтарды, хрестоматиялық құжаттарды қазақ және орыс тілінде жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет