Бәйдібек Баба- алып


Серкебаев Сәдуақас - елағасы



бет92/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   415

Серкебаев Сәдуақас - елағасы


1921 жылы 15-ші қыркүйекте Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. Мамандығы ұстаз. Абай атындағы ҚазПИ-ді /1957 ж./тәмамдаған. Қомсомол /1937 ж./, Коммунистік партия мүшесі / 1942-1991 жж./ Панфилов атындағы 8 гвардия дивизия құраиында / 1941 – 1945 жж./ әскери міндетін атқарған. Партия, Кеңес жұмысында
/1945-87 жж./ Кеген ауданы Партия комитетінің I – хатшысы. "Ерлігі үшін" /1942 ж/ 2- медальмен, "Қызыл Жұлдыз" /1943 ж/, "Ұлы Отан соғысының I – дәрежелі " /1944 ж./ 2 рет "Құрмет белгісі" /1977-78/ орденімен марапатталған. 3-рет Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің /1967 -72, 84 жж./ Құрмет грамотасының иегері. С. Серкебаев өмір жолы, газет, журналда жарық көрген. Мақала, естелігі 1985 ж. 4. II – обл., мемлекеттік архивтің 586 қорында.

Түркебайұлы Айтжан – қоғам қайраткері


1900 жылы Жаркент уезі Қызылбөрік болысы. Құрметі қыстағында дүниеге келген Айтжанның туған ағасы Абиыр Табан деген жерде мектеп ашты. Айтжан осы мектептен сауаттанып Құрметі қыстағындағы мектептен білімін толықтырды. Осы мектепті бітірген соң Қырғыз республикасының Қарақол қаласындағы /Прожевальк/ орман шаруашылық техникумына оқуға түсті. Техникумды үздік бағамен бітіріп, өз туған ауылындағы "КазЛес" құрлыс басқармасының бастығы болды. Тамаша ұйымдастырушы Айтжан Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберілді. 19 жасынан туған халқының жарқын болашағы, сәнді тұрмысы үшін қызмет етті. 1919 жылы Жаркент уездік жұмыскерлер одағының төрағасы, Қазақ милиция басқармасының бастығы болды. 1922 жылдары ВКП \б\ уездік комитетінің АГЮ меңгерушісі болды. Шекарадағы Қызыл Армияның полкінде саяси жетекшілдік жұмыс атқарды. 1923-25 жылдары ВКП – ның уездік комитетінің хатшысы 1927-28 жылдары Жетісу губерниясының бастығы қызметін істеді. 1931 жылы Мәскеу қаласындағы Свердлов атындағы университетке оқуға түсті. 1934 жылы ВКП – ның орталық комитетінің жолдамасымен Қазақстанға қайта оралды. 1937 ж. Қазақ ССР жер шаруашылығы Халық комиссариятының төрағасы болды. Жаркент қаласында ашылған орта мектептің салтанатына қатысып, Алматыға келе жатқан кезінде, поезд үстінде атаман Аненковтың жансыздары атып кетті. 1977 жылы 21 қараша айында Қазақ ССР министрлер


кеңесінің N 525 қаулысына сәйкес Айтжан Түркебаевқа құрмет көрсетіп, Құрметі аул-ғы орта мектепке оның есімі берілді. Алматы, Жаркент қалаларында, Кеген, Жалаңаш кеңшарларында Түркебаев атымен аталатын көшелер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет