Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы



бет1/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы


Молдабаева Роза Аппакбайқызы
Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ


Оқу- әдістемелік құралы

Автордың түпнұсқасымен басылды


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті



Г.Б. Бейсенбекова., Р.А. Молдабаева., С.М. Нұрғалиева


ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ











Қарағанды
2005


Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева. Р.А., Нұрғалиева С.М.

Жас ерекшелік психологиясы: оқу - әдістемелік құрал. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. 134 б.


Оқу- әдістемелік құралы жоғарғы оқу орнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жазылды. Жас ерекшелік психологиясының қарастыратын онтогенездегі психикалық даму процесінің негізгі заңдылықтарына сипаттама бере отырып, әр жас кезеңдегі жаңарыстар мен психикалық процестерді диагностикалауға тірек болады.


Оқытушылар мен жоғары оқу орындағы педагогикалық мамандық студенттеріне және оқырман қауымға арналған.
Пікір жазғандар: Ә.Ә.Әлімбаев философия ғылымдарының докторы,
профессор
Р.Ш. Сабырова психология ғылымдарының кандидаты, доцент
психология ғылымдарының кандидаты, доцент
К.С. Дүйсетаева, дарынды балаларға арналған «Дарын»
мектебінің директоры педагогика ғылымдарының кандидаты,
Г.Б. Бейсенбекова.,
Р.А. Молдабаева.
С.М.Нұрғалиева, 2005


Алғы сөз
Қазақстан Республикасының егемендігі,ондағы туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуынжәне жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.Қоғамның білім беру жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуыөз кезегінде Республикада жаңа буын оқулықтарын өмірге алып келуде.
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптасуы,жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі.
Білім берудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін оқушылардың өздерінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескерк отырып ,білім беруді қамтамасыз ету ұсынылған.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында:Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып ,оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті(41-бап),Білім беру ұйымы баланың қалауын,жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып ,таңдауға құқысы бар,-деген баптары педагог пен ата-аналарға арналып ,мектеп пен ата-ана алдында зор жауапкершілік жүктейді.(38-бап)
Білім беру ісінің жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша балаға деген көзқарастың өзгертілуі.Өйткені бала өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі .Сондықтан білімнің көп деңгейлік жаңа моделінде оқушылар үшін де ,педагогтар мен ата-аналар үшін де даралық ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілетін дамыту өте қажет.
Біздің міндетіміз өзінің тілін, дінін,дәстүрін,әдет-ғұрпын біліп,өз елін,туған жерін,ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.
Ол үшін жоғарғы оқу орнында болашақ педагог кадрларды осы міндетті жүзеге асыратындай етіп даярлау қажет.Әрине, бұл студенттердің психологиялық білімді терең игермейінше, әдебиеттерді өз беттерінше оқымайынша,психологиялық байқау мен экспериментерді өткізу ікерлігі мен дағдысын меңгермейінше жүзеге аспайды. Бірақ осы жолда көптеген кедергілерге кез болып отырмыз,оның бірі - қажетті оқу-әдістемелік құралдардың аздығы.Осының өзі бізге осы оқу-әдістемелік құралды құрастыруға түрткі болды.Бұл оқу-әдістемелік құралды құрастырғанда қазіргі психологиялық ғылымның теориялық негізін саналы меңгеруіне және студенттерде психологиялық білімге деген ,оларды практикада қолдануға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыратындай болуы қажет дегенді басшылыққа алдық.
Бұл оқу-әдістемелік құралда студенттерге бала психикасының даму процестері, онтогенездегі психикалық дамудың негізгі заңдылықтары,бала психологиясының әр жас кезеңіндегі маңызды ерекшеліктері ,түрлі оқу ситуацияларындағы мектеп оқушыларының өзіне тән ерекше іс-әрекеті ,мінез-құлқы мен психикалық күйлерінің өзгешеліктері туралы түсінік беруге тырыстық.
Балалардың психикалық ерекшеліктері мен қабілеттері әрқашан айқын көріне бермейді,сондықтан да олардың танымдық мүмкіншіліктерін, бейімділіктерін және қызығушылықтарын диагностикалау аса қажет болып табылады. Сол себепті баланың танымдық және жеке бас ерекшеліктерін анықтауға қажетті әдістемелердің біразын ұсынылып отыр.
Жоғарғы оқу орнының педагогикалық мамандықтарының студенттеріне,педагогтарға оқушылардың ішкі жан дүниесін тереңірек түсінуге біздің ұсынып отырған оқу-әдістемелік құралымыз өз септігін тигізеді деп сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет