«Бекітемін» директоры



бет1/3
Дата23.09.2024
өлшемі78,82 Kb.
#145334
  1   2   3
Байланысты:
Әрбір бала бір жұлдыз тренинг



«Бекітемін»
директоры:
_______________

Тақырыбы: Әрбір бала бір жұлдыз,


жарқырауына жәрдем ет!


(Ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылармен тиімді әдіс-тәсілдер
мен жұмыс формалары )

Қызылорда қаласы


Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!


Мақсаты: Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жеке тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және қажет болған жағдайда оқушыға әлеуметтік көмек көрсету.
Міндеттері:
- Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету;
- Баланың ойы, арманы мен қызығушылықтарын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы анықтай отырып, сол бағытта қолдау көрсету;
- Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;
- Баланың жан-жақты психологиялық-медициналық дамуына жағдай жасау, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, өмірге деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы (Түсіндірме )
Бұл ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сараптай отырып, тиімді әдіс-тәсілдер мен оқушыға жүргізілген әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-мәдени бағыттағы жұмыстар бойынша талдама жасау.
Өткізілетін жұмыстың жаңалығы:
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларды алдымен жанына терең үңілу арқылы өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал еттік. Осы орайда оқушымен анкета толтыру, сауалнама жүргізу, эссе жаздыру, түрлі психологиялық тренингтер өту арқылы оқушының үмітін жандырып, жақсылыққа сендіріп, алға ұмтылуға көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылармен денсаулығының әсерінен туындаған депрессиядан арылып, жарқын болашаққа ұмтылдыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет