«бекітемін» ҚР Ғжбм «Ұлттық тестілеу орталығы» рмқК директоры



бет1/7
Дата06.04.2023
өлшемі57,93 Kb.
#79794
  1   2   3   4   5   6   7




«БЕКІТЕМІН»
ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры
___________ Р. Т. Емелбаев
«_____»______________2023 ж.

«Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы
(2023 жылдан бастап қолдану үшін)


1. Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау барысында Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеу мақсатында құрастырылған.
2. Мiндетi: Педагогтердің білім деңгейінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау.
3. Мазмұны: «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.



Тақырып



Тақырыпша

Оқыту мақсаттары

01

Отбасындағы дәстүр мен мерекелер

01

М.Мақатаев «Тоқта,ботам!» өлеңі.


Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді) 5 сынып

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау; мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау; мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу

02

Еңбек нарығы және сұраныс

02

Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы».


Ғабиден Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау; Тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану; Етістіктің бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану

03

Ұлы Дала табиғаты

03

Тұмар ханшайым туралы аңыз. 5 сынып


Д. Досжан «Жібек жолы» романы (үзінді). 6 сынып


І. Есенберлин «Көшпенділер» (үзінді).


Қ. Мырзалиев «Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңі

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау; Жазба жұмыстарында лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу,құрастыру; Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану; Етістіктің шақтарының (ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

04

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті

04

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы.


Ғ. Мүсірепов
«Қазақ солдаты» романы (үзінді).


Сәбит Оразбай «Өмірдің өзі театр» әңгімесі

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

05

Ұлттық экологиялық мәдениет. Мұхит – тіршілік мекені
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар

05

Қадыр Мырзалиев «Аралым» өлеңі.


Т. Сұлтанбеков «Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді).


Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі.

Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау; есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану; Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

06

Ұлттық таным және мерекелер

06

Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі.


О.Бөкей «Апамның астауы» әңгімесінен (үзінді).


Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі (үзінді)

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; Шығармада көтерілген жалпы- адамзаттық мәселені айқындау; Мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану; жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру. жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

07

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

07

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»


Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар»

Мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау, үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану; бөлшектік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

08

Бұқаралық ақпарат құралдарында-ғы гендерлік бейне. Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

08

Қ. Аманжолов «Жас дәурен»


Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы.


М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді) 8сынып

мәтін идеясымен байланысын анықтау; шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

09

Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

09

Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы.


Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады».


Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. 11 сынып

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану; Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру, етістік шақтарының (мақсатты және болжалды келер шақ етістік шақтарының (мақсатты және болжалды келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

10

Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы

10

Бердібек Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі.


Қ. Т.Нұрмағанбетов «Он төрт жасар жігіт».


М. Әлімбаев
«Ең үлкен байлық» ертегісі.

Мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру: мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Өтініш жасаудың түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу оны бағалау; Құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

11

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік

11

Мұхтар Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар».


М.Сәрсеке «Жетінші толқын» (үзінді)

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау; Құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; Жазба жұмыстарында (себеп) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

12

Қоғам және заң

12

Қоғам және заң «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң».


Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (деректі әңгіме).


Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері»

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау; Жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру; Өздік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

13

Тіл.Өнер. Әдебиет

13

Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы.


М. Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу; Сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану; Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

14

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі

14

Ыбырай Алтынсарин «Атымтай жомарт».


Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек».


С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (үндеу) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; Мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану салыстырмалы, күшейтпелі, Асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

15

Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі

15

Дүкенбай Досжан «Төрт патшаны көрген кейуана» хикаяты


Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер».

Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; Мәтін құрауда есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану; Өздік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

16

Алаш идеясы мен қайраткерлері. Туризм. Экоту- ризм

16

Д.Әшімханов «Бес арыс» кітабынан үзінді


А. Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» (үзінді).


Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы


Ілияс Жансүгіров, «Жетісу суреттері» өлеңі.


Шоқан Уалиханов «Жоңғария очерктері» (үзінді)

Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу: Мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап, оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау

17

Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

17

М. Мақатаев
«Ертең біз жол жүреміз»

Жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу; Өзгелік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану

18

Толеранттылық – ел бірлігі. Ұлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік

18

Сайын Мұратбеков «Телі өскен ұл» повесі.


Т. Әлімқұлов «Қараой» әңгіме 8 сынып.


Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек»



Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау; Жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; Оқшау сөздердің қызметін білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану етістіктің қалау рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

19

Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші. Биоалуан түрлілік, биотехнология жаңалықтары

19

Мұқағали Мақатаев «Сағатым қайда, сағатым?» өлеңі.


М.Әуезов «Көксерек» 8 сынып

мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; демеулік шылаулардың (болымсыздық немесе қарсы мәнді, нақтылау) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

20

Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, статистикалық ақпараттар, суреттер, және т.б). әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, образын ашу, кейіпкерлер портреті, шығармадағы көркемдегіш құралдар қолданысы, тілдік көрінісін талдау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет