Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтады. Олар көбінесе машиналардың двигателі мен жұмыс атқарушы тетіктерінің аралығында қолданылады



бет1/4
Дата06.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#79965
  1   2   3   4

Берілістер

Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтады. Олар көбінесе машиналардың двигателі мен жұмыс атқарушы тетіктерінің аралығында қолданылады.




2.2. Берілістердің пайдалануы

1. Машина двигательдерінің айналу жылдамдығы өте жоғары, ал іс жүзінде машина қызметі әр түрлі жылдамдықты қозғалыспен байланысты. Егер двигательдердің айналу жылдамдығын төмендетсек, олардың габариттік мөлшері ұлғайып, бағасы қымбаттайды.


2. Берілістер арқылы жылдамдық төмендейді, ал күш моментінің шамасы жоғарылайды. Энергия сақтау заңы бойынша берілістердің пайдалы әсер коэффициентін ескермесек, жылдамдықты қанша рет кемітсек, күш моментін сонша рет жоғарылатамыз. Ал бұл жағдай іс жүзінде барлық машиналар үшін керек.
3. Берілістер айналмалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс істейтін тетіктерінің жылдамдығын өзгерту үшін қажет. Сондай-ақ олар бір двигательден бірнеше механизмдерге қозғалыс беру үшін қолданылады. Берілістер механикалық, пневматикалық және гидравликалық болып бөлінеді.
Машина бөлшектері курсында тек қана айналмалы қозғалысты беретін механикалық берілістер қарастырылады және оларды бұдан былай жай берілістер деп атаймыз. Гидравликалық, пневматикалық және тағы басқа берілістер жайында арнаулы оқулықтарда жазылған.
Біз қарастыратын берілістер жұмыс істеу негізіне байланысты, қозғалыс пен қуат айналмалы денелердің өзара тікелей жанасуы арқылы және оларды жалғастыратын үшінші иілгіш бөлшектің көмегімен берілетін болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа фрикциялық, тісті және червякті берілістер, ал екіншісіне – ременді, шынжырлы берілістер жатады. Осы аты аталған берілістердің негізгі көрсеткіштермен танысып кеткен жөн.


2.3. Механикалық берілістердің негізгі сипаттамасы.

Барлық берілістердің негізгі көрсеткіштері – олардың қуаты мен жылдамдық шамасы, беріліс саны және пайдалы әсер коэффициенті.


Механика теориясы курсынан белгілі, айналмалы бөлшектің сызықтық немесе шеңберлік жылдамдығын олардың айналу осінен қашықтығына және бұрыштық жылдамдығына байланысты табуға болады:


D – айналмалы дененің диаметрі;
 - айналу немесе бұрыштық жылдамдық.
Осы сызықтық жылдамдық векторының бойымен шаңдерге жанама (радиусқа перепендикуляр) әсер ететін күшті шеңберлік кұш деп атаймыз. Олардың қуатпен және сызықтық жылдамдықпен байланысын төмендегіше өрнектеуге болады:


Вт
Р – шеңберлік күш, Н;
 - сызықтық жылдамдықм/с.
Егер білікке әсер ететін күш моменті белгілі болса, онда шеңберлік күш:

Сондай-ақ көптеген жағдайларда есептеу кезінде қуат пен күш моментінің қатынасын білген жөн. Егер қуат киловатт өлшемімен берілгенде былай жазуға болады:


ал қуат ат күшімен берілсе:


п – айналу жылдамдығы, айн/мин;
М – күш моменті, кГ см. СИ системасында:
N – қуат Вт өлшемінде;
 - рад/с, бұрыштық жылдамдық;
М - Н м, момент.

Жоғарыда айтылған берілістердің негізгі көрсеткіштерінің бірі олардың беріліс саны. Берілістердің беріліс саны деп жетекші және жетектегі дененің айналу жылдамдықтарының қатынасын айтады.


и – берілістердің беріліс саны.

Берілістердің пайдалы әсер коэффициенті әдеттегідей пайдалы қуаттың (жетектегі денеге әсер етуші) жұмсалған қуатқа (жетекші денеге әсер етуші) қатынасынан табылады.


Сатылы орналасқан бірнеше тісті берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенті, олардың әрқайсысының пайдалы әсер коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең:


ж – берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенті;


- жеке тісті берілістердің пайдалы әсер коэффициенті, сондай-ақ берілістердің жалпы беріліс саны осылай табылады:
- берілістердің жалпы беріліс саны;
- жеке тістердің беріліс саны.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет