«бетперденің вирустан сақтанудағы маңызы» баяндамасы



бет1/4
Дата18.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#94519
  1   2   3   4

«БЕТПЕРДЕНІҢ ВИРУСТАН САҚТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ» БАЯНДАМАСЫ
Автор: Назарбекова Айерке
СЖО -21-09 тобының студенті,
Ғылыми жетекші: химия және биология пәндерінің оқытушысы
Куспанова Лаура Узакбаевна
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК


Зерттеудің өзектілігі: Коронавирус инфекциясы респираторлы вирус болғандықтан, вирустың ауа тамшылары арқылы жұғу қаупі бар. Бетперде, қолғап сынды қорғаныш құралдарының вирустан қорғау қасиеті бар. Қорғаныш құралдары сапалы болуы және тәртіпке сай қолданылуы шарт. Бетперденің қорғаныштық қабілетін жете меңгеріп, оны тиімді қолдану жолдарын танып білу – зерттеуіміздің өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: егер біз бетперденің өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, оны сақтық шараларында тиімді қолдана алсақ, онда өз денсаулығымызды сақтай алып, салауатты өмір салтын ұстана аламыз.
Ғылыми жұмысының максаты: Медициналық бетперде туралы танып-білу, оның вирустан қорғаудағы қорғаныштық қызметі және сақтық шараларын сақтаудағы маңыздылығын айқындау.
Ғылыми жұмысының міндеттері:
- Бетперденің пайда болу тарихын танып - білу;
- Бетперденің құрылысы мен түрлеріне сипаттама жасау;
- Бетперденің (масканың) қорғаныс құралы ретінде пайдасын анықтау;
- Қазіргі бетперделер мен респираторларды қолданудағы шартын тану;
- Бетпердені қолдан тігіп алу жолдарын практика жүзінде қарастыру.
Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы. Медициналық бетперденің вирустан қорғанудағы маңыздылығы анықталды.
Жұмыс қорытындысы: Сақтық шараларын сақтау барысында бетпердені қалай дұрыс пайдалану және қолдану шарттары анықталды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: Бетперденің қорғаныстық қызметі жан - жақты қарастырылды. Вирустан бетперде арқылы қорғану жолдары таныстырылды, осы материалдар болашақта бетперде туралы зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет