1-билет Механикалық қозғалыс. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық



бет1/35
Дата06.01.2022
өлшемі119,78 Kb.
#15616
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
физика билет


1-билет

1. Механикалық қозғалыс. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық.

Денің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Шартты түрде қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырып қарастырылып денені санақ денесі деп атау келісілген. Ал онымен салыстырғнада орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталатын болды.

Кез-келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.

Мысалы, бала эскалатормен көтеріліп келе жатыр делік. Бала тыныштық күйде не қозғалыстамын десе болады. Себебі бала эскалатормен қозғалып барады, ал эскалатор қабырғасымен салыстырғанда ол тыныштықта тұр. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ. Қозғалыс – барлық денелерге тән қасиет.

Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

Мысалы ретінде жаңбыр тамшысының, парашют ашылғаннан кейінгі парашюттін қозғалысын қарастыруға болады. Бұндай қозғалыс табиғатта сирек кездеседі.

Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты емес қозғалыс деп аталады.

Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын физикалық шама қолданылады.



Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілгшен уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

(м/с) S=U*t

2.Электромагниттік толқын және оның қасиеттері

1865-1873 Максвелл сегіз жыл бойы тынбай жүргізген электромагниттік өріс теориясы:

1) Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.

2) Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады.

Айнымалы электромагниттік өрісінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.

1887-1888 Герц электромагниттік өрістің кеңістікте толқын түрінде тарайтындығын дәлелдеді

1)Электромагниттік толқын әр түрлі заттарда да, вакуумде де тарай алады.

2) Электромагниттік толқындар – тек көлденең толқындар.

3) Вакуумдегі электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы с=3*

4) Вакуумге қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады. Ол мына өрнекпен анықталады. n-ортаның сыну көрсеткіші n >1

5) Электромагниттік толқындар да энергия тасиды.

c-жылдамдығы, V—жиілік

Электромагниттік толқындар шкаласы.

Төменгі жиілікті толықндар, радиотолқындар, микротолқындар, инфрақызыл толқындар, ақ жарық, ультракүлгін толқындар, рентген сәулелері, гамма-сәулелері.

3.Берілгені: Шешуі:

F=2H F=kx к==50Н/м

x=4см=0,04м k=

Табу керек:

к=? Жауабы: к=50Н/м



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет