Бидайбеков Е


Таратылған ақпараттық ресурстардан ақпараттың гипермәтіндік құрылымын құру және таңдау, іздеуді ұйымдастыру негізінде оқыту



бет68/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108
6.2.1 Таратылған ақпараттық ресурстардан ақпараттың гипермәтіндік құрылымын құру және таңдау, іздеуді ұйымдастыру негізінде оқыту
Іздеуді ұйымдастыру мен интернет желісінен алынған таңдаулы ақпарат бойынша оқыту моделі ғаламдық ақпараттық ортадағы жинақталған ресурстар мен ерекше дидактикалық және әдістемелік мүмкіндіктерге негізделеді. Арнайы іздеу технологиялары мен жүйелері дәстүрлі оқу-тәрбиелік үдерісті өзгерте алатын үлкен әлеуетке ие. Олар білім алушылардың өзін-өзі тану мен дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ізденуші ісін итермелеуді жоғарылатуға, оқыту үдерісіне қарым-қатынасын өзгертуге қосымша дидактикалық шарттарды құрады. Осы технологиялардың өзгешелігі білім алушыны үлкен таңдау мүмкіндіктерін және әр бағыттағы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді.

Іздеу технологиялары адамға қажетті ақпаратты табуға көмектесетін әртүрлі ақпараттық-анықтамалық жүйеде жүзеге асырылады. Осыған мысал ретінде тақырыптық каталогтар мен іздеу жүйелерінің қызметтерін келтіруге болады.

Тақырыптық каталогтар – бұл Интернетте жиналған ақпараттың негізіндегі осы жүйелерде редакторлардың қолмен дайындаған ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Тақырыптық каталогтағы керек бөлімге тез өту үшін кілт сөздерін пайдалана отырып автоматты іздеуді қолдануға болады. Тақырыптық каталогтың мысалдары:


  • Ресейлік Интернеттің балаларға арналған ресурстарының каталогы (http//www.kinder.ru);

  • «Ресейлік білім беру» федералдық порталы (http//www.portal.edu.ru);

  • Оқушы әлемі: білім беру ресурстарының каталогы (http//www.school.holm.ru)

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым минисрлігі (www.edu.gov.kz/ru)

  • Білім алушыларға арналған білім беру ресурстарының каталогы www.pushkinlibrary.kz

Іздеу жүйелері Интернеттен желілік программа-роботтармен автоматты түрде жасалатын мәліметтердің негізіндегі күрделі ақпараттық-анықтамалық жүйелерді және адамға керекті сұрақтарға жауап беретін әртүрлі ақпараттық ресурстарды сілтемені қамтамасыз етеді. Оларға мысал:

  • Google (http//www.google.kz);

  • (http//www.rambler.com);

  • (http//www.yandex.ru).

Іздеу технологиялары мен жүйелерінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, информатика мұғалімі оқушыларға баяндама, реферат дайындап, белгілі бір оқуға байланысты сұрақтар туралы іздеу мен салыстырулар жүргізуді ұсына алады. Бірақ, оқушылардың зерттеу қызметіндегі ақпараттық ресурстармен жұмыс (керекті ақпаратты табу, оны талдап, зерделеу мақсатында қолдана алу) істеу маңызды болып табылады. Ақпаратты іздеу – зерттеу қызметінің бір кезеңі және таратылған ақпараттық ортада құрылымсыз құжаттық ақпаратты іздеу үдерісі. Осы жағдайда ол белгілі құжаттардың жиынының арасынан берілген тақырыпқа арналған, алдын ала берілген іздеу шарттарын қанағаттандыратын немесе дәйектер, мағлұматтар және мәліметтерден құралған бір құжатты анықтайды.

Іздеу үдерісі керекті ақпаратты жинауға, өңдеуге, ұсынуға арналған біртекті операциялардан құрылады. Әдетте ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:



  1. Ақпараттың қажеттілігін анықтау және ақпараттық сұраныс құру.

  2. Ақпараттың қайнар көзін анықтау.

  3. Айқындалған ақпараттық массивтерден ақпаратты бөліп алу.

  4. Қабылданған ақпаратпен танысу және нәтижелерді бағалау.

Ақпаратты іздеуді дұрыс ұйымдастыру үшін Интернет ресурстары веб-сайт, веб-портал және веб-сақиналардан құралғанын білу керек.

Веб-сайт немесе сайт ол – Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын, бір тақырыпен байланысқан веб-беттер жиынтығы. Барлық ашық веб-беттердің жиынтығы бүкіләлемдік торды (WWW) құрайды. Веб-бет – бүкіләлемдік тордың гипермәтіндік ресурсы. Веб-беттерде мәтіндермен қатар бейнелер мен басқа беттерге тез көшуге арналған сілтемелер орналасады. Ол жерде медиафайлдар, мысалы, дыбыстық файлдар мен бейнелер (бейне), апплеттер, сонымен қатар беттің мазмұнын динамикалық ететін скрипттер орналаса алады.

Оқушылардың оқу-тану қызметін ұйымдастыру үшін мұғалім Интернеттегі веб-сайттарды белсенді қолдана алады. Мысалы, мұғалім оқушыларға электрондық кітапхананы қолдануды ұсына алады.

Электрондық кітапхана – оқырманға кез келген уақытта керек болып қалатын әртүрлі мәтінді (көбінесе әдеби, сонымен қатар басқа тақырыпты, тіпті компьютерлік программалар туралы) жинауға арналған веб-сайт. Шығармалардың электрондық кітапханасында таратылған форматтарды екі категорияға бөлуге болады: он-лайн мәтінін оқуға арналған формат және оқырманның компьютеріне жазып алуға арналған формат.

Электрондық кітапхананың арасынан Free Computers Book http://www.freecomputerbook.com) және программалау мен компьютер бойынша(http://books.kulichki.net.) кітап қорын ерекшелеуге болады.

Кітапхана информатика, программалау (Delphi,C,C++), операциялық жүйелер (Unix, FreeBSD, Linux, Netware), мәліметтер қоры (SQL,Access), компьютерлік жабдықнама, желілер және программалық қамтамасыз ету (Photoshop, Flash MX) бойынша оқулықтардан тұрады. Оларды оқуға да, жазып алуға да болады. Сонымен қатар, сайттың форумында немесе чатта әртүрлі мәселелерді талқылауға болады.

Қатысушылармен зерттеулерді өткізу үшін виртуалдық мұражай саяхаты секілді Интернет ресурстарын қолданудың формасы үлкен мүмкіндікке ие болады. Виртуалдық мұражай (мұражайдың веб-сайты) – мұражай материалдарының экспозициялары үшін ұтымды веб-сайт типі. Қарастырылған мәліметтер әртүрлі аумақтарда, яғни тарихи артефакт пен өнер құралдарынан бастап ата-тектік жәдігерлер мен виртуалдық топтамаға дейін болуы мүмкін. Виртуалдық мұражай экспонаттарды сақтаудың мәселелерін шешу үшін интернет-технологияларды қолданудың сәтті мысалы болып табылады.

1991 жылы Интернетте алғашқы веб-сайт-мұражайлары шыға бастады. Алғашында шынайы мұражайдың сайты болды, кейіннен виртуалдық мұражайлар да шыға бастады. Алғашқы виртуалдық мұражай 1994 жылы ашылды.

Кез келген құжаттар мен суреттер жиыны веб-сайт мұражайы бола алмайды. Виртуалдық мұражайдың сандық топтамалары екі айрықша мінездемелерді ұстануға тиіс: виртуалдық саяхат және іздестіру жүйесі.

Интернетте мұражайдың көптеген саны бар – виртуалдық мұражай мен шынайы мұражайлардың электрондық көрсетілімдері. Мысалы: виртуалдық компьютерлік мұражайда компьютер дәуіріне дейінгі жарықтандырылатын есептеу тарихы, біздің және шетелдердегі есептеу техникасының даму тарихы, электр байланыстар тарихы http://computer-museum.ru құжатында жинақталған.

Қатысушылардың іздестіру жұмыстары мен медиабілімдер үшін интернет-басылым қолдануға болады. Бұл интернет арқылы өзінің өнімін тарату бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. Әдетте, дәстүрлі басылымдық және эфирлік БАҚ-ның өзінің веб сайттары болады. Олар кейде өзінің мазмұны жағынан толығымен қайталанып келеді, кейде тек мақала анонстарын немесе өткен сандағы мәтіндерді құрайды. Мысалы: «Ашық жүйе» веб-сайт басылымынан “Computerwold”, “Cети”, “LAN”, “Windows IT Pro”, “Мир ПК” журналдарының жаңа сандарын табуға болады. Таспалық формада шықпайтын, эфирден жіберілмейтін, тек өзінің веб-сайтында жарияланатын интернет басылымдар да кездеседі.

Веб-порталдар сайты ақпараттық ресурстар ұйымының басқа типі болып табылады. Ол интернет қолданушыға басқа сайттардан әрі қарай мәліметтер алуға мүмкіндік береді, басқаша айтқанда көптеген ішкі сілтемелерді құрайды. Ережеге сәйкес, порталдар қолданушыға оның қызығушылығын қанағаттандыратын ақпарат құрылымы мен талғамына сәйкес қосымша мүмкіндіктер тізімін ұсынады.

“Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технология” порталы (http://www.ict.edu.ru) федерациялық білім беру порталдар жүйесіне кіреді. Ол қазіргі кездегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар аумағында білім берудің кешендік ақпараттық қолдауын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл порталдың сілтемелері электрондық кітапханаға, кітаптар топтамасына, интернет-ресурс бумасына, конференция материалдарына апарады. Порталдың әртүрлі параметр бойынша керекті материалдарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін іздеу жүйесі бар.

Интернет ресурстар ұйымының тағы бір тәсілі тақырыптары ұқсас веб-сайттарды біріктіретін веб-сақина болып табылады. Сондықтан осындай сақинасы бар қатысушының әрбір сайты өзінің веб-беттерінде сақинаның келесі және алдыңғы мүшесіне өтетін сілтемелерді орналастырады. Сілтемелерге өту арқылы сақинаның барлық мүшелерінің сайттарын көруге болады. Веб-сақина іздеу жүйелері және каталогтармен интернетте сайттарды бірыңғайлаудың тәсілі болып табылады.

Ақпараттың әртүрлі түрлерін продукциялауға және іздеуге бағытталған оқушылардың ақпараттық қызметі информатиканы оқытуда медиа білім беру элементін сабақтастыру кезінде белсенді түрде қолданылуы мүмкін. Медиа білім беру оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуымен, әрі коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ортасында баланың жеке шығармашылық «леуетін жүзеге асырудың мүмкіндіктерімен байланысты. Информатиканы оқытуда медиа білім беру элементтерінің түрі өте көп. Бұл – медиамәтінді құру, виртуалдық экскурсия, көрмелер және т.б.

Жасалынған жұмыстар мұғалімдермен және басқа оқушылармен талданады, олардан мүмкін болатын қателер ізделінеді. Содан кейін бұл жұмыстар нақтыланады және модификацияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет