Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі «Өнер алды — қызыл тіл»



бет1/5
Дата30.04.2022
өлшемі44,71 Kb.
#32961
  1   2   3   4   5

Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі

«Өнер алды — қызыл тіл», — деп білген халқымыз ежелден сөз өнерін қадірлеген. Мұралардың ең қымбаты, асылы — сөз өнері. Қазақ халқы қымбат сөздің, киелі сөздің құдіретіне бас иген. Сөз өнерінен аяулы, ардақты өнер жоқ, өйткені ол — ұлтымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы, абыройы.

Сөз өнерінің негізін, əрине, сөз түзеді. Қазақтың киелі де, қасиетті шешендік өнері «бар өнердің биігі» ретінде саналған. Оған тағы да бір дəлел «Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қоңыр жайсаңы да — біздің қазіргі өміріміз деп білем», — деп жазады ғалым М.Б.Балақаев «Қазақ əдеби тілі» атты еңбегінде.

Шешендік сөздер — мəн-мағынасы терең тəрбиелік мəні зор, кұнды дүние. Ең алдымен, шешендердің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, халық жадында сақталған.

Шешендік сөздер деп қазақ халқының өмірінде арғы-бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен белгілі бір тарихи тұлғалар есімдеріне байланысты айтылатын өнегелік мағына-мазмұны терең сөздерді айтады. Шешендік сөздер өскелең ұрпақты ақылдылыққа, төзімділікке баулып, елді, жерді сүюге, батырлық пен елдікті, ізгілік-жақсылықты дəріптеп, əділдік үшін күресуге, ел қамын жейтін қамқор азамат болып өсуге тəрбиелейді.

Бүгінгі қоғам бізден əр адамның өз пікірін, өз ой-қарасын орнымен, өз мақсат-мүддесі тұрғысынан жетік жеткізіп, қойылған сұрақ, ой таластарға жауап бере білуді қажет етеді. Пікірлесе алу, ой сала білу, пікір таластыра білу, адамның білімін, білігін, сөз байлығын танытумен бірге қоғамдағы орнын да анықтайды. Қоғамның осындай талаптарына сай сөйлесе білу, пікірлесу мəдениетінің негіздерін үйренуіміз керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет