Билет 1 Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің мақсаты. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер



бет1/14
Дата31.05.2022
өлшемі55,94 Kb.
#36011
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Билет 1
1. Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінің мақсаты.
2. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер.


1.1. Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінің мақсаты.
Бағалау – оқу процесінің (студент әрекеттерінің, сабақтың, пәннің, курстың) қаншалықты нәтижелі екендігін анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын анықтау.
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəнінің мақсаты: «Бағалау», «Бағалау жүйесі», «Бағалау өлшемдері» ұғымдарымен таныстыру, өзгерген білім беру тұғырнамасының қалыптасуы, құзыреттілік тəсілге негізделген жаңа білім беру стандартының жасалуы, оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға əсер ететін пəнаралық жəне жүйелі сипатқа ие оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын іздеуге негіз болып отыр. Критериалды бағалау технологиясының педагогикалықұйымдастыру негіздерін анықтау; осы технологияның практикалық жүзеге асу моделін жасау. Білім берудің əдіснамалық қағидаларын ескере отырып, оқытудың нəтижесін кретериалды бағалаудағы қазақстандық жүйеде бар ғылыми жетістіктер негізінде үйрену, сонымен бірге, мектептегі білімнің сапасын көтеру үшін оқушылардың функциональдық сауаттылығын жəне əрбір оқушының оқу жетістігінің денгейлерін қалыптастыру стратегиясын оқу.
Пəннің міндеттері:
- Бағалаудың өлшемдік технологияларының ғылыми негізін ашу;
- Пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлау;
- Білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін кретериалды бағалау жүйесін жасау;
- Тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін -өзі бағалау механизмін анықтау;
- Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын анықтау.

1.2. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. 
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
 Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. 
Жаңа әдіс -тәсілдерді қолданудың тиімді тұстары:
1. Тұлғаның пәндерге деген қызығушылығын оятады;
2. Тұлғаның танымдық қабілеттілігі орнайды;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Тұлғаны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Мұғалімнің уақытын үнемдейді;
6. Қосымша мағлұматтар береді.
Оқыту әдістері білім көзіне байланысты:Сөздік, көрнекілік,тәжирибелік болып бөлінеді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет