Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


)Орта ғасырдағы Қазақстандағы кесенелер



бет66/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79
2)Орта ғасырдағы Қазақстандағы кесенелер Кесенелерді салудағы негігі үлгі күмбез тәріздес болған.VІІ – VІІІғ.ғ. басталып, бітпей қалған кесене Ақыртас ғимараты. Бұл ескерткішті Тасақыр деп те атайды. Ақыртас бүгінгі Тараз қаласының шығыс жағынан 40 км. жерде орналасқан.
Х – ХІІ ғ.ғ. жататын тарихи ескерткіштер Айша бибі, Бабаджа – қатын кесенелері. Х – ХІІ ғ.ғ. Тараз қаласының маңындағы сәулет өнерінің тамаша туындысы «Бабаджа - қатын» кесенесі (ХІ – ХІІ ғ.ғ. ең алғаш салынған кесене). Х – ХІІ ғ.ғ. Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы «Айша – Бибі» кесенесі (ХІ – ХІІ ғ.ғ. салынған). Айша бибі кесенесі салынған кездегі құрылыс жүйесін сақтаған Тараз жеріндегі ескерткіш. Кесененің сырқы қабырғалары түгелдей оюлы терракот кірпіштермен қапталған.
ХІV – ХV ғ.ғ. сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлілер ғимараттарды күмбез шатырмен жабу болды. Қазақстанда ХІV – ХV ғ.ғ. ірі сәулет құрылыстарын салу жандана бастады.
ХІV – ХV ғ.ғ. сәулет өнерінің тамаша үлгісі Дәуітбек кесенесі (Созақта).
ХІV – ХV ғ.ғ. далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған кесене Алаша хан кесенесі болды. Алаш ханның кесенесі немесе кұмбезі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Кесенедегі қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі кең қолданылған. Қабырғалары сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді.
ХІV – ХV ғ.ғ. Орталық Қазақстанда Жошы хан кесенесі салынған. Алаша хан мен Жошы хан күбездері Сарыарқа аймағында орналасқан.
Сығанақ маңындағы біркүмбезді кесене Көккесене. Бұл кесененің қабырғасының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісінде қаланған. Кесене шайбанилық Әбілқайыр хан жерленген болатын.
Сырдарияның төменгі ағысында ХІІ ғ. Сырлытам кесенесі салынған.
ХІV – ХV ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғимараты Қ.А.Яссауи кесенесі. Бұл кесенеде қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған. Кесененің биіктігі 37,5 метр. Кесененің ішіндегі ең негізгі бөлме кітапхана.
Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км. жерде Арыстанбаб кесенесі орналасқан. Кесене 2 бөлмеден тұрады. XIVғ. құлап қалған Арыстанбаб кесенесінің күмбезін Темір қалпына келтірді. Кесене ХІХ ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.
XVғ. ІІ жартысында салынып, жартылай сақталған ескерткіш Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі. Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпытас Яссауи күмбезінің ішінен табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет