Зертханалық жұмыс №4 Орта білім беру жүйесіндегі цифрлық платформалар (bilimland.kz, kundelik.kz. daryn-online) Тапсырма http://bilimland.kz сайтында информатика пәнінен жасалған цифрлық білім беру ресурстарына талдау жасау. Сіздің мамандығыңызға сәйкес әр түрлі цифрлық платформаларды пайдалана отырып, оқу сабағының үлгісін (жоспарын) ұсыныңыз.
- Daryn.Online - платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген. Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған мобильді қосымшасы да бар.
Оқыту 2 форматта өтеді:
синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;
асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.
Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.
- BilimLand - 42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма әзірленген. Компания мәліметінше, күн сайын 1,5 млн бірегей қолданушы кіріп, сайт 30 млн рет қаралады. 3 500 мектеппен платформаны пайдалану туралы келісімшарт жасалған.
- Kundelik - 2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.
- Mektep.EDUS және ok.edus.kz платформасы - Mektep.EDUS электронды мектеп платформасын Kundelik.kz баламасы деуге болады. Қазіргі таңда жүйеге 160-қа жуық мектеп қосылған.
- Оpiq.kz - Оpiq.kz электронды оқулықтар платформасы 1 қыркүйектен бастап лицензия сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді. Оқушылар платформаны тегін пайдалану үшін мектеп "Алматыкітап" баспасымен шарт жасасады. Ал оқулықтардың электронды нұсқасы almatykitap.kz сайтында орналасқан.
Бүгінгі күнгі пайдалы интернет-ресурстар.
Google құралдары: пошта қызметі, іздеу жүйесі, аудармашы, құжаттарды тегін сақтау орыны және т.б.
TED (Technology Entertainment Design) бірегей идеяларды таратуды мақсат тұтқан жыл сайынғы конференциялар. 1984 жылдан бері АҚШ-та өткізіліп келеді. Ғылым, өнер, саясат, дизайн, мәдениет, бизнес саласындағы тақырыптар бойынша дәрістер оқылады. Атақты адамдар да қатысады, мысалы Билл Клинтон да осы конференцияда дәріс оқыған.
Достарыңызбен бөлісу: |