Білім беру бағдарламасы бойынша 2023-2024 ОҚу жылына резидентураға түсуге арналған емтихан сұРАҚтары



Дата29.09.2023
өлшемі73,5 Kb.
#111778
түріБілім беру бағдарламасы






«Астана медицина университеті» КеАҚ

АМУ КеАҚ
-бет



2023-2024 оқу жылына резидентура мамандықтары бойынша түсу емтихандарына арналған сұрақтар тізімі




«7R01137 – Неврология ересектердің, балалардың» білім беру бағдарламасы бойынша 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА РЕЗИДЕНТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ



  1. Балалардың жүйке-жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Бір жасқа дейінгі балалардың психомоторлы дамуының кезеңдері.

  2. Орталық паралич – клиникасы, бір жасқа дейінгі балалардағы ерекшеліктері.

  3. Жұлынның мойын, кеуде, бел деңгейіндегі зақымдалуы.

  4. Бел остеохондрозының рефлекторлы, компрессионды - түбіршектік синдромдары. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы,диагностика шаралары, емі.

  5. Мойын остеохондрозының рефлекторлы, компрессионды - түбіршектік синдромдары. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы, емі.

  6. Кеуде остеохондрозының рефлекторлы, компрессионды- түбіршектік синдромдары. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы, емі.

  7. Үшкіл нерв невралгиясы. Этиопатогенезі, клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  8. Бет нерв невралгиясы. Этиопатогенезі, клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  9. Тіл-жұтқыншақ невралгиясы. Этиопатогенезі, клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  10. Полиневропатиялар. Жіктелуі, этиопатогенезі,клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  11. Жіті полирадикулоневропатия. Гийена-Барре. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  12. Созылмалы қабынуды демиелинизациялайтын полирадикулоневропатия. Гийена-Барре. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  13. Праксис, апраксия түрлері.

  14. Афазия, афазия түрлері.

  15. Гнозис, агнозия түрлері.

  16. Беткей және терең рефлекстер, рефлекторлық доғалардың тұйықталу деңгейлері, зерттеу әдістері.

  17. Беткей және терең сезімталдық, зерттеу әдістері, зақымдалу белгілері.

  18. Сезімталдықтың бұзылу түрлері.

  19. Сезімталдықтың қыртыстық бұзылу түрі, Джексендік эпилепсия.

  20. Балалардың церебралды сал ауруы, жіктелуі,патогенез,клиникасы, дифференциалды диагностикасы,емі, ауру болжамы.

  21. Мишық, құрылымы, атқаратын қызметі, зерттеу әдістері, зақымдалу белгілері.

  22. Атаксия, атаксия түрлері.

  23. Шашыранды склероз. Жіктелуі, клиникасы, диагностика шаралары, дифференциалды диагностикасы,емі, ауру болжамы.

  24. Ишемиялық инсульт. Жіктелуі,пайда болу себептері,патогенезі, клиникасы ,диагностика шаралары, емі.

  25. Геморрагиялық инсульт. Жіктелуі,пайда болу себептері,патогенезі, клиникасы диагностика шаралары, емі.

  26. Транзиторлық ишемиялық шабуыл. Пайда болу себептері,патогенезі, клиникасы ,диагностика шаралары, емі.

  27. Созылмалы ми қан-айналым жетіспеушілігі. Жіктелуі,пайда болу себептері,патогенезі, клиникасы диагностика шаралары, емі.

  28. Ересектердегі гидроцефалия. Пайда болу себептері,патогенезі, клиникасы диагностика шаралары, емі.

  29. Пирамидалық жүйе. Құрылысы, атқаратын қызметі, зерттеу әдістері,симптомдары және зақымдалу синдромдары.

  30. Пирамидалық жүйенің зақымдалуы басым болатын дегенеративті аурулар. Штрюмпель ауруы. Клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  31. Экстрапирамидалық жүйе. Құрылысы, атқаратын қызметі,симптомдары және зақымдалу синдромдары.

  32. Экстрапирамидалық жүйенің зақымдалуы басым болатын тұқым қуалайтын аурулар. Паркинсон ауруы. Клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  33. Экстрапирамидалық жүйенің зақымдалуы басым болатын тұқым қуалайтын аурулар. Гентингтон хореясы. Клиникасы, диагностика шаралары, емі.

  34. Бульбарлы және псевдобульбарлы синдром. Оральды автоматизм симптомдары.

  35. Ми бағанының ортаңғы ми деңгейінде зақымдалуы кезіндегі альтернирлеуші синдромдар.

  36. Ми бағанының көпір деңгейінде зақымдалуы кезіндегі альтернирлеуші синдромдар.

  37. Сопақша ми зақымдалуы кезіндегі альтернирлеуші синдромдар.

  38. Иіс сезу анализаторы. Зерттеу әдістері, зақымдалу симптомдары.

  39. Көру анализаторы. Зерттеу әдістері, зақымдалу симптомдары.

  40. Көз қозғалтқыш нервтері (көз қозғалтқыш, шығыршық, әкетуші). Зерттеу әдістері, зақымдалу симптомдары.

  41. Қосымша нерв. Зерттеу әдістері, зақымдалу симптомдары.

  42. Кіреберіс-ұлу нерві, Зерттеу әдістері, зақымдалу симптомдары.

  43. Ушкіл нерв. Зерттеу әдістері, зақымдалу симптомдары.

  44. Эпилепсия. Этиопатогенез, классификация, клиника, диагностика, емі.

  45. Эпилептикалық энцефалопатиялар, анықтамасы,бір жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін түрлері.

  46. Таралымды идиопатикалы (генетикалық) эпилепсия. Этиопатогенез, классификация, клиника, диагностика, емі.

  47. Ошақтық идиопатикалы (генетикалық) эпилепсия. Этиопатогенез, классификация, клиника, диагностика, емі.

  48. Уэст синдромы. Леннокс-Гасто синдромы. . Этиопатогенез, диагностика, емі, болжамы.

  49. Прогрессирлеуші бұлшықет дистрофиялары.Классификациясы, критерийлері және формалары. Дюшен, Эрба-Рот, Ландузи-Дежерин формаларының критерийлері.

  50. Мотонейрон аурулары: жұлын-бұлшық ет атрофиясы,жіктелуі, диагностика шаралары, емі.

  51. Туа пайда болған нейропатиялар: Шарко-Мари-Тут. Жіктелуі, диагностика шаралары, емі.

  52. Бел-аяқ қол миопатиялары, диагностикасы, емі.

  53. Миастения-этиология, патогенез, клиника, диагностика, емі. Миастеникалық және холинергиялық криз. Миастеникалық криз кезіндегі шұғыл көмек.

  54. Экстрапирамидалық нерв жүйесінің басым зақымдалуымен жүретін тұқымқуалайтын жүйелі дегенерациялар- гепатоцеребральды дистрофия.

  55. Мишық және оның қосылыстарының басым зақымдалуымен жүретін тұқымқуалайтын жүйелі дегенерациялар – Фридрейх отбасылық атаксиясы.

  56. Бүйірлік амиотрофиялық склероз. Этиопатогенез, клиника, ағымы, емі, болжамы.

  57. Когнитивті функцияның басым зақымдалуымен жүретін дегенеративті аурулар. Альцгеймер ауруы. Этиопатогенез, клиника, диагностика, емі.

  58. Жедел шашыранды энцефаломиелит. Классификация, клиника, диагностика, емі, болжамы.

  59. Жедел іріңді менингит, классификация, патогенез, клиникалық ерекшеліктері, дифференциальды диагностика, емі, болжамы.

  60. Жедел серозды менингит, классификация, патогенез, клиникалық ерекшеліктері, дифференциальды диагностика, емі, болжамы.

Резидентураның білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету
Комитетінің 23.05.2023 жылғы № отырысында бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет