Білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы»



бет1/23
Дата02.03.2023
өлшемі209,97 Kb.
#71258
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Ф.7.03-11
Сәдібекова М.С.
6В04210 - «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы» пәнінен


ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Шымкент, 2021 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ



Сәдібекова М.С.


6В04210 - «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы» пәнінен
ОҚУ ҚҰРАЛЫ


Шымкент, 2021 ж
ӘОЖ 343.
ББК 60.90.(2)8
Құрастырған: аға оқытушы С.М.Сәдібекова

6В04210 - «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы» пәнінен Оқу құралы. Шымкент: ОҚУ, 2021.


Оқу құралы 6В04210 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламаға және мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған және семинар сабағын орындауға барлық мәліметтер қамтылған.
Аннотация: «Заң психологиясы» оқу пәні «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалаврларын даярлайтын оқу-кәсіби бағдарламасының құрамына кіреді. Заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Құқық қорғау қызметінің мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Ол сот өндірісі мәселесі мен «Сот психологиясы» атауынан бастау алады. Мұндай жағдай «Заң психологиясы» ғылымы пайда болғанға дейін, атап айтқанда 70-жылдарға дейін сақталып келді. Бұл ғылым саласының атауының өзгеруі оның пәніне жаңаша қарауды талап етті. Қоғамды құқықтық тәрбиелеудің, заңдылықты нығайтудың, құқық қорғау органдарының кадрларымен жұмыс істеу және оларды басқарудың, сотталғандардың түзелуінің психологиялық мәселелерін зерттеу басталды.
Сабиров А.А. - з.ғ.к. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі
Накышов Н.Н. - з.ғ.к. М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының з.ғ.к. аға оқытушы
Сүттібаева А.А. –з.ғ.к., Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к.
Әдістемелік нұсқау «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасында қаралып, басылымға ұсынылған
«___»________ 2021 ж., хаттама № ____
Оқу құралы «Заң» факультетінің әдістемелік коммисиясы мақұлдаған
«___»________ 2021 ж., хаттама № ____
Баспаға М.Ауезов атындағы ОҚУ-нің Әдістемелік Кеңесі ұсынған
(№ ___ хаттама «____»__________ 2021 ж)

© М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазахстан университеті, 2021


Басылымға жауапты аға оқытушы М.Сәдібекова
ЖОСПАР

Кіріспе.......................................................................................................................6


Тақырып 1. Заң психологиясы пәні мен міндеттері.............................................8
Тақырып 2. Заң психологиясы пәнінің даму тарихы.........................................12
Тақырып 3. Заң психологиясының ғылыми зерттеу әдістері............................15
Тақырып 4.Құқықтық психологияның феноменологиясы................................18
Тақырып 5.Құқықтың сананың қалыптасуы.......................................................21
Тақырып 6.Криминалдық психология.................................................................23
Тақырып 7.Қылмыскер жеке басының психологиясы.......................................29
Тақырып 8.Жасөспірімдердің қылмыстық мотивациясы..................................32
Тақырып 9. Әйелдер қылмыстық әрекеті............................................................38
Тақырып 10.Адвокат психологиясы....................................................................41
Тақырып 11.Сот психологиясы............................................................................44
Тақырып 12.Прокурор психологиясы.................................................................48
Тақырып 13.Алдын-ала тергеу.............................................................................52
Тақырып 14. Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі.............................................................................................................58
Тақырып 15.Пенитенциарлық психология.........................................................63
Практикалық (семинар) сабақтары.....................................................................65
Реферат тақырыптары...........................................................................................77
Студенттің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар.................................................79
Заң психологиясы пәніне арналған бақылау сұрақтары...................................80
Тест тапсырмалары................................................................................................84
Глоссарий...............................................................................................................99
Ұсынылған әдебиеттер тізімі.............................................................................102


КІРІСПЕ
Құқық қорғау қызметінің мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Ол сот өндірісі мәселесі мен «Сот психологиясы» атауынан бастау алады. Мұндай жағдай «Заң психологиясы» ғылымы пайда болғанға дейін, атап айтқанда 70-жылдарға дейін сақталып келді. Бұл ғылым саласының атауының өзгеруі оның пәніне жаңаша қарауды талап етті. Қоғамды құқықтық тәрбиелеудің, заңдылықты нығайтудың, құқық қорғау органдарының кадрларымен жұмыс істеу және оларды басқарудың, сотталғандардың түзелуінің психологиялық мәселелерін зерттеу басталды.
Қазіргі уақытта психологиялық ғылым едәуір түрде дамып, адамдар қызметінің барлық салаларына енді. Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысын жетілдіру үшін де қолданылады.
Заңгердің психологиялық мәдениеті қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қамтамасыз ететін психологиялық білім, тәжірибелер мен әдістердің дамыған жүйесінің заңгерлерде болуын талап етеді. Психологиялық мәдениет заң саласындағы қызметтердің тиімділігін арттыруға әсер етеді.
Бұл жұмыстың өзектілігін дәлеледеп, заң психологиясы тақырыбын ашу үшін мынадай мақсаттар қойылады:
- Заң психологиясын психология ғылымының бір саласы ретінде қарастыру;
- Заң психологиясының пәнін, әдістерін, міндеттері мен жүйесін ашу.
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде. Психология – адамдардың психикалық қызметінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін ғылым. «Психология» термині гректің «психе» (жан), «логос» (ғылым) деген сөздерінен шыққан, яғни адамның ішкі, субъективті әлемі туралы ғылым болып табылады.
Заң психологиясы ғылымның әр түрлі салаларының белгілерін қамтиды және ол психологияға да, заңтануға да тиесілі болып табылады. Заң психологиясы қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, т.б. әр түрлі құқықтық қатынастардың салаларындағы адамдардың психикасының заңдылықтарын зерттейді.
Заң психологиясының пәнінің мақсаты- қазіргі уақытта ғылымның дамуы 2 жағдайда қарастырылады: бір жағынан, ғылымдардың өзара бір-бірінен ерекшеленуінен көрінсе, екінші жағынан, салалардың өзара араласуынан, интеграциясынан көрінеді. Бұл процесс ғылымның жаңа саласының пайда болуына алып келеді. Міне, заң психологиясы да психологиялық және құқықтық ғылымдардың араласуы, бірігуінен пайда болған. Кез - келген ғылым саласының пәні болады, ол пән ретінде осы ғылым саласы зерттейтін қатынастар болады.
Заң психологиясының міндеттері - қоғамдағы адам өмірі көптеген жазылған және жазылмаған нормаларға тәуелді. Қоғамның негізгі міндеті- өмір сүріп отырған қоғам талап етіп отырған мінез – құлық нормалары мен үлгілеріне сай жеке адамды қалыптастыру.
Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерге синтез жасау. Заң категорияларының іргелі психологиялық мәнін ашу болып табылады.
Жеке міндеттеріне:
1. заң нормаларының тиімділігінің психологиялық шарттарын зерттеу;
2. қылмыскерді психологиялық тұрғыдан зерттеу, қылмыстық мінез – құлықтың мотивтерін ашу;
3. қылмыстың алдын алудың қоғамдық психологиялық негізін әзірлеу;
4. түрлі заң қорғау іс - әрекетінің психологиялық заңдылықтарын зерттеу (тергеушінің,прокурордың, судьяның т.б.);
5. түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың түзету мен қайта тәрбиелеу шараларының психологиялық заңдылықтарын зерттеу;
6. заң орындары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруда, ұсыныстар әзірлеу.
4. Заң психологиясында қолданылатын әдістер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет