Тәжірибелік сабақ №5: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізіндегі қолданыстағы «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының ерекшеліктері Тәжірибелік сабақ №5: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізіндегі қолданыстағы «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының ерекшеліктері.
Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында оқушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады.
Оқу бағдарламасы – бұл пәннің құрылымдастырылған сипаттамасын, сондай-ақ пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер туралы мәлімет ұсынатын құжат.
Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады.
Спиральді оқу бағдарламасы:
Деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Оқу бағдарламасы спиральдік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.
Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қолданылатын құжаттар:
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген).
Оқу бағдарламасы.
Оқу жоспары.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау өткізудің тәртібі (Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары).
Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.