Білім беру бағдарламасына арналған мемлекеттік тест сұрақтары



Дата26.11.2023
өлшемі44,16 Kb.
#128352
түріБілім беру бағдарламасы

Жануарлар патологиясы» пәнінен 6В09101- «Ветеринариялық медицина»
білім беру бағдарламасына арналған мемлекеттік тест сұрақтары


Зат алмасудың бұзылуына байланысты торшалар мен ұлпалардағы құрылымдық өзгерістер
Дистрофия
Атрофия
Некроз
Гиперемия
Регенерация


Коллоидты дистрофия дамиды
Қалқанша безде
Бүйректе
Бауырда
Мида
Ұйқы безде
Кілегейлі дистрофия дамиды
Кілегейлі қабықтарда
Теріде
Тері асты шелде
Бауырда
Көкбауырда


Өкпенің созылмалы веналық гиперемиясында түзілетін пигмент
Гемосидерин
Гемофусцин
Липофусцин
Гематоидин
Липохром


Стромалық-қантамырлық диспротеиноздар түрлері
Мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз, амилоидоз
Мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз, меланоз
Мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз, гемосидероз
Мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз, некроз
Мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз, гиперкератоз


Липидтекті пигменттердің түрлері
Липофусцин, липохромдар, Е дәрумені жетіспеушілігінің пигменті, цероид
Меланин, липофусцин, гемосидерин
Билирубин, гемофусцин, гематин
Гемосидерин, гематин, меланин
Билирубин, гемосидерин, ферритин


Мына морфологиялық сипат қай пигментке сәйкес: макрофагтар цитоплазмасында қоңыр түcті, Перлс тәсілін қойғанда көгілдір-жасыл түсті болады
Гемосидерин
Меланин
Билирубин
Ферритин
Липофусцин


Гемоглобинтекті физиологиялық пигменттер
Билирубин, гемосидерин, ферритин
Меланин, липофусцин, гемосидерин
Билирубин, гемофусцин, гематин
Гемосидерин, гематин, меланин
Гематоидин, меланин, липохром


Осмий қышқылымен май тамшылары қандай түске боялады
Қара
Қызыл
Сары
Жасыл
Көк


Түйірлі дистрофия дамиды
Бауырда, бүйректе, миокардта
Бауырда, көкбауырда, миокардта
Қуысты мүшелерде
Бауырда, көкбауырда, өкпеде
Бауырда, бүйректе, мида


Атрофия кезінде мүшенің қоңыр түсі байланысты
Липофусциннің мол жиналуына
Меланиннің мол жиналуына
Гематоидиннің мол жиналуына
Гемофусциннің мол жиналуына
Гемосидериннің мол жиналуына


Өлі ошақтың өзін қоршаған тірі ұлпадан бөлініп, босауы
Секвестрация
Организация
Мутиляция
Петрификация
Инкапсуляция


Гиперемия дегеніміз
Мүшеде немесе дене бөлігінде қанның шектен тыс көп жиналуы
Мүшеде немесе дене бөлігінде қанның шектен тыс азаюы
Мүшеде немесе дене бөлігінде қанның болмауы
Петрификация
Инкапсуляция


Нағыз тастар
Энтеролиттер
Пилобезоарлар
Фитобезоарлар
Конглобаттар
Плюмоконкременттер


Тромбоз дегеніміз
Тірі кезде қанның қан тамырларында не жүрек қуысында ұюы
Қанның өлгеннен кейін ұюы
Қанның қан тамырынан тыс жерде ұюы
Тірі кезде қанның қан тамырынан тыс жерде ұюы
Өлгеннен кейін қанның қан тамырынан тыс жерде ұюы


Некроз дегеніміз
Тірі организмде торшалар мен ұлпалардың өлуі
Зат алмасудың бұзылуына байланысты торшалардың өлуі
Паренхималық торшалардың өлуі
Организм өлгеннен кейін торшалар мен ұлпалардың өлуі
Зат алмасудың бұзылуына байланысты туындайтын құрылымдық өзгерістер


Некроздың морфологиялық түрі
Коагуляциялық
Қантамырлық
Жарақаттық
Аллергиялық
Мезенхималық


Құрғақ некроздың түсі
Ақшыл-сары
Көкшіл
Қара
Қоңыр
Шие түстес


Некроздың организациясы
Ошақта дәнекер ұлпаның өсуі
Қабықтың пайда болуы
Әктің шөгуі
Кистаның пайда болуы
Сүйектің пайда болуы


Петрификация - бұл
Әктің шөгуі
Қабықтың пайда болуы
Ошақта дәнекер ұлпаның өсуі
Кистаның пайда болуы
Сүйектің пайда болуы


Паренхималық майлану дистрофиясы мына бояу арқылы анықталады
Судан 3
Ван-Гизон
Гематоксилин-эозин
Толуидин көгі
Пикрин қышқылы


Мына үдеріс қайтымды
Мукоидтық ісіну
Апоптоз
Гиалиноз
Амилоидоз
Фибриноидтық ісіну


Перлс реакциясы арқылы анықтайды
Гемосидеринді
Меланинді
Билирубинді
Липофусцинді
Порфиринді


Кахексия кезінде бауырда түзіледі
Липофусцин
Гемосидерин
Билирубин
Меланин
Ферритин


Подагра – бұл
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Липидтер алмасуының бұзылуы
Пигменттер алмасуының бұзылуы
Кальций алмасуының бұзылуы
Амин қышқылдарының алмасуының бұзылуы


Несепқышқылды инфаркт - бұл
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Кальций алмасуының бұзылуы
Калий алмасуының бұзылуы
Темір алмасуының бұзылуы
Майлар алмасуының бұзылуы


Патологиялық әктенудің түрі
Метастаздық
Ошақты
Диффузды
Идиопатиялық
Эндогенді


Жіті веналық гиперемияда өкпеде дамиды
Домбығу
Гемосидероз
Гиалиноз
Склероз
Қабыну


«Жұпар жаңғағына ұқсас» деп бауыр аталады
Созылмалы веналық гиперемияда
Жіті веналық гиперемияда
Анемияда
Қабынуды
Шокта


Қанталау -
Қанның ұлпаларға сіңуі
Қанның қуыстарда жиналуы
Қанның сыртқы ортаға шығуы
Қан тамыр қабырғасының жыртылуы
Қан тамыр қабырғасының езілуі


Қызыл тромб әдетте пайда болады
Веналарда
Жүрек қуысында
Қолқада
Капиллярларда
Артерияларда


Гиалинді тромб әдетте пайда болады
Капиллярларда
Жүрек қуысында
Қолқада
Веналарда
Артерияларда


Бір бірімен алмасатын қызыл және ақ тромб бөліктерінен тұратын тромб
Аралас
Қызыл
Ақ
Гиалинді
Қабырғалық


Құрамында эритроциттер мол тромб
Қызыл
Ақ
Гиалинді
Тығындайтын
Аралас


Миокард инфарктісінің ақырында қалыптасады
Тыртық
Петрификат
Абсцесс
Киста
Гемосидероз


Ми инфарктісінің ақырында қалыптасады
Киста
Петрификат
Абсцесс
Тыртық
Гемосидероз


Бүйрек (көкбауыр) инфарктісінің ақырында қалыптасады
Абсцесс
Петрификат
Киста
Тыртық
Гемосидероз


Фибринді қабынудың түрі
Крупозды
Іріңді
Катарлы
Геморрагиялық
Шіріп


Іріңді қабынудың ең жиі себебі
Стафилококктар
Токсиндер
Қарапайымдылар
Вирустар
Химиялық заттар


Микроскопия кезінде іріңді экссудаттың құрамында көп мөлшерде болады
Нейтрофилді лейкоциттер
Фибрин
Эритроциттер
Макрофагтар
Лимфоциттер


Іріңді қабынуға жатады
Абсцесс
Киста
Гематома
Гранулема
Анасарка


Флегмона қабынудың мына түріне жатады
Іріңді
Катарлы
Шіріп
Фибринді
Геморрагиялық


Ұлпаның еруімен және қуыстың пайда болуымен өтетін ошақты іріңді қабыну
Абсцесс
Киста
Флегмона
Гранулема
Эмпиема


Продуктивтік қабынудың морфологиялық түрі
Гранулематозды
Іріңді
Сарысулы
Геморрагиялық
Фибринді


Продуктивтік қабынуда
Пролиферация басым болады
Альтерация басым болады
Экссудация басым болады
Абсцесс пайда болады
Лейкоциттердің эмиграциясы басым болады


Гранулема – бұл
Продуктивтік қабыну ошағы
Іріңді қабыну ошағы
Казеозды некроз ошағы
Фибринді қабыну ошағы
Қанталау ошағы


Пролиферация дегеніміз
Торшалардың көбеюі
Торшалардың өлуі
Торшалардың зақымдануы
Қабынудың ақыры
Регенерацияның бір түрі


Гидропиялық дистрофияның ақыры
Колликвациялық некроз
Коагуляционный некроз
Мукоидтық ісіну
Амилоидоз
Гиалиноз


Үдерістің таралуы бойынша дистрофияның түрі
Жергілікті
Паренхималық
Аралас
Майлану
Стромалық-қантамырлық


Паренхималық протеиндік дистрофияны атаңыз
Күстену дистрофиясы
Мукоидтық ісіну
Фибриноидтіқ ісіну
Гиалиноз
Амилоидоз


Күстену дистрофиясына тән
Шектен тыс мүйіздену
Торшаларда гликогеннің жиналуы
Торшалардың көлемінің кішіреюі
Жеткіліксіз мүйіздену
Торшаларда май тамшыларының жиналуы


Дистрофияның даму механизмі
Инфильтрация
Склероз
Гиалиноз
Метахромазия
Фрагментация


Кілегейлі дистрофия жатады
Паренхималық көмірсулық дистрофияларға
Паренхималық диспротеиноздарға
Стромалық-қантамырлық диспротеиноздарға
Стромалық-қантамырлық майлану дистрофияларға
Стромалық-қантамырлық көмірсулық дистрофияларға


Фибриноидты дистрофияға тән
Терең және қайтымсыз дезорганизация
Терең және қайтымды дезорганизация
Амилоидтың жиналуы
Гиперкальциноз
Гипермеланоз


Дәнекер ұлпаның дезорганизациясы басталады
Мукоидты ісінуден
Фибриноидты ісінуден
Амилоидоздан
Фибриноидты некроздан
Гиалиноздан


«Саго дәніне ұқсас» көкбауырда амилоид жиналады
Фолликулдарда
Трабекулдарда
Қабықта
Қан тамырларда
Қызыл пульпада


Амилоидоздың даму механизмі
Бұрмаланған синтез
Резорбция
Инфильтрация
Трансформация
Декомпозиция


Бояудың түсін өзгерту қабылеті
Метахромазия
Метаплазия
Гиперплазия
Гемосидероз
Гипермеланоз


Қоңыр атрофияның себебі
Кахексия
Сарғаю
Гемолиз
Семіру
Меланоз


Анасарка – бұл домбығу сұйықтығының жиналуы
Тері асты шелде
Көкірек қуысында
Құрсақ қуысында
Жүрек қабының қусында
Буын қуысында


Гидроперикардит – бұл домбығу сұйықтығының жиналуы
Жүрек қабының қуысында
Көкірек қуысында
Құрсақ қуысында
Тері асты шелде
Буын қуысында


Гидроторакс – бұл домбығу сұйықтығының жиналуы
Көкірек қуысында
Жүрек қабының қуысында
Құрсақ қуысында
Тері асты шелде
Буын қуысында


Асцит – бұл домбығу сұйықтығының жиналуы
Құрсақ қуысында
Көкірек қуысында
Жүрек қабының қусында
Тері асты шелде
Буын қуысында


Гидроцефале – бұл домбығу сұйықтығының жиналуы
Ми қарыншаларында
Көкірек қуысында
Жүрек қабының қусында
Тері асты шелде
Буын қуысында


Гидроцеле – бұл транссудаттың жиналуы
Еннің қынаптық қабығында
Көкірек қуысында
Жүрек қабының қусында
Тері асты шелде
Ми қарыншаларында


Стаз - бұл
Микроциркуляторлық арнада қан ағымының тоқтауы
Артериялық қанның келуінің азаюы
Қанның мүшеден ағып кетуінің қиындауы
Артериялық қанның келуінің тыйылуы
Қанның ұюы


Инфаркт – бұл некроз
Ангиогендік
Тура
Токсикалық
Жарақаттық
Аллергиялық


Ценкер некрозы дамиды
Қаңқа бұлшық еттерінде
Мида
Сүйекте
Кілегейлі қабықтарда
Қан тамырлардың қабырғасында


Эмболияның түрі
Бактериалық
Ишемиялық
Вакаттық
Қабынулық
Антигендік


Катарлы қабынуға тән
Экссудатта кілегейлі заттың болуы
Кілегейлі қабықта қабыршақтың пайда болуы
Қабыршақтың баоқуы
Экссудатта эритроциттердің болуы
Экссулатта тромбоциттердің болуы


Гиперплазия - бұл
Торшалар санының көбеюі
Дәнекер ұлпаның өсуі
Май ұлпасының өсуі
Мүшелердің көлемінің кішіреюі
Торша органеллаларының санының азаюы


Метаплазия -
Бір ұлпа түрінің басқа түріне айналуы
Жойылған ұлпа орнының толтырылуы
Мүшенің салмағының артуы
Торшалардың санының көбеюі
Торшалардың көлемінің ұлғаюы


Гранулалық ұлпа - бұл
Жас дәнекер ұлпа
Талшықты дәнекер ұлпа
Қан тамырлары аз ұлпа
Торшалары аз ұлпа
Жетілген дәнекер ұлпа


Бір бүйректі алып тастағанда екіншісінде байқалады
Викарлы гипертрофия
Метаплазия
Вакаттық гипертрофия
Қабыну инфильтрациясы
Гистологиялық аккомодация


Жүдеу - бұл
Жалпы атрофия
Гипоплазия
Гиперплазия
Аплазия
Анаплазия


Фиизиологиялық атрофияға жатады
Қартайған шақта жыныс бездерінің атрофиясы
Қысымнан болған атрофия
Әрекетсіздіктен болған атрофия
Қызметтің бұзылуынан
Ангиогенді атрофия


Атрофия дегеніміз
Тірі кезде торшалар, ұлпалар, мүшелер көлемінің кішіреюі
Мүшелер көлемінінің стромасының өсуінен үлкеюі
Торшалар, ұлпалар, мүшелер көлемінің туа біткен кішіреюі
Бір ұлпа түрінің басқа түріне айналуы
Жойылған ұлпа орнының толтырылуы


Альтерация дегеніміз
Торшалардың бүлінуі
Торшалардың гиперплазиясы
Торшалардың гипертрофиясы
Торшалардың эмиграциясы
Торшалардың атрофиясы


Іріңді қабыну кездеседі
Барлық мүшелер мен ұлпаларда
Теріде
Кілегейлі қабықтарда
Сірлі қабықтарда
Тек ішкі мүшелерде


Сыртқы түріне және микроскопиялық құрылымына қарай тромбтардың түрлері
Ақ, қызыл, аралас, гиалинді
Ақ, қызыл, аралас, фибринді
Ақ, сары, аралас, гиалинді
Ақ, сары, аралас, фибринді
Ақ, сары, қызыл, гиалинді


Қан тамырлар қабырғасына байланысты тромбтар
Қабырғалық, тығындайтын
Ақ, қызыл
Гиалинді, фибринді
Аралас, қабырғалық
Аралас, тығындайтын


Түсіне байланысты инфаркттің түрлері
Анемиялық, геморрагиялық, қызыл жиекті ақ инфаркт
Анемиялық, ишемиялық, қызыл жиекті ақ инфаркт
Анемиялық, коллатералдық, қызыл жиекті ақ инфаркт
Анемиялық, вазомоторлық, қызыл жиекті ақ инфаркт
Анемиялық, гиалинді, қызыл жиекті ақ инфаркт


Қатерлі ісіктерге тән белгілерді көрсетіңіз
Метастазданады, рецидивтер болады, инфильтративтік өсу тән
Метастазданады, рецидивтер болады, экспансивтік өсу тән
Метастазданады, рецидивтер болады, эндофиттік өсу тән
Метастазданады, рецидивтер болады, экзофиттік өсу тән
Метастазданады, рецидивтер болады, диффузды өсу тән
Ісіктер этиологиясы туралы ілімдер
Физикалық-химиялық, вирустық, дизонтогенетикалық, полиэтиологиялық
Физикалық-химиялық, бактериялық, дизонтогенетикалық, полиэтиологиялық
Физикалық-химиялық, паразиттік, дизонтогенетикалық, полиэтиологиялық
Физикалық-химиялық, микоздық, дизонтогенетикалық, полиэтиологиялық
Физикалық-химиялық, гельминттік, дизонтогенетикалық, полиэтиологиялық


Ісіктердің өсу түрлері
Экспансивтік, инфильтративтік
Экспансивтік, экзофиттікк
Экспансивтік, эндофиттік
Экспансивтік, орталық
Инфильтративтік, экзофиттік


Эпителий ұлпасының қатерсіз ісіктері
Папиллома, аденома
Папиллома, карцинома
Папиллома, саркома
Папиллома, миома
Папиллома, ангиома


Эпителий ұлпасының қатерлі ісіктері
Карцинома
Саркома
Миома
Тератома
Липома


Дәнекер ұлпаның қатерлі ісіктері
Саркома
Миома
Липома
Фиброма
Карцинома


Ісіктерді зерттейтін ғылым
Онкология
Нозология
Патология
Гистология
Неврология


Гуморалды иммунитетке қатысатын торшалар
В-лимфоциттер, плазмоциттер
В-лимфоциттер, моноциттер
В-лимфоциттер, фиброциттер
В-лимфоциттер, лаброциттер
В-лимфоциттер, гистиоциттер


Сүтқоректілер иммундық жүйесінің шеткі мүшелері
Лимфалық түйіндер, көкбауыр, лимфоидты ұлпа
Лимфалық түйіндер, тимус, лимфоидты ұлпа
Лимфалық түйіндер, сүйек кемігі, лимфоидты ұлпа
Лимфалық түйіндер, бауыр, лимфоидты ұлпа
Лимфалық түйіндер, бүйрек, лимфоидты ұлпа


Сүтқоректілер иммундық жүйесінің орталық мүшелері
Сүйек кемігі, тимус
Сүйек кемігі, лимфалық түйіндер
Сүйек кемігі, лимфоидты ұлпа
Сүйек кемігі, көкбауыр
Лимфалық түйіндер, тимус


Құстар иммундық жүйесінің орталық мүшелері
Сүйек кемігі, тимус, Фабрициус қапшығы
Сүйек кемігі, көкбауыр, Фабрициус қапшығы
Сүйек кемігі, тимус, лимфоидты ұлпа
Сүйек кемігі, тимус, макрофагалді жүйе
Сүйек кемігі, тимус, көкбауыр


Құстар иммундық жүйесінің шеткі мүшелері
Көкбауыр, лимфоидты ұлпа
Көкбауыр, сүйек кемігі
Көкбауыр, Фабрициус қапшығы
Көкбауыр, тимус
Көкбауыр, макрофагалді жүйе


Фибринді қабынудың түрлері
Крупозды, дифтериялық
Крупозды, диффузды
Крупозды, абсцесс
Крупозды, флегмона
Крупозды, эмпиема
Катарлы экссудаттың құрамына кіреді
Кілегейлі зат, десквамацияланған эпителий, лейкоциттер, сарысу
Кілегейлі зат, десквамацияланған эпителий, эритроциттер, сарысу
Кілегейлі зат, десквамацияланған эпителий, тромбоциттер, сарысу
Кілегейлі зат, эритроциттер, лейкоциттер, сарысу
Кілегейлі зат, лимфоциттер, лейкоциттер, сарысу


Пролиферативтік қабынудың түрлері
Гранулематозды, диффузды
Гранулематозды, дифтериялық
Гранулематозды, ошақты
Гранулематозды, крупозды
Гранулемалық, мезенхималық


Іріңді қабынудың түрлері
Абсцесс, флегмона, эмпиема
Абсцесс, гранулема, флегмона
Абсцесс, флегмона, эмпиема
Гранулема, абсцесс, эмпиема
Гранулема, флегмона, эмпиема


Терінің ошақты пигментсізденуі
Витилиго
Невус
Альбинизм
Меланоз
Лейкодермия


Көкбауыр амилоидозының түрлері
Фолликулалық, диффузды
Фолликулалық, дифтериялық
Фолликулалық, крупозды
Дифтериялық, крупозды
Дифтериялық, диффузды
Қоздырушының организмге ену орны немесе жолы
Инфекция қақпасы
Инфекция ошағы
Инфекция бастамасы
Біріншілік ошақ
Аффект


Ішектің бір бөлігінің екінші бөлігіне енуі
Инвагинация
Химостаз
Бұралуы
Жарық
Түсу


Диагноз қойыңыз: бауырдың көлемі кішірейген, сарғыш-қоңыр түсті, тығыздығы қатты, беті ірі- және ұсақ түйірлі
Атрофиялық цирроз
Гипертрофиялық цирроз
Билиарлы цирроз
Гепатит
Гепатоз


Сүйек ұлпасының жүейлі зақымдануымен фосфор-кальций алмасуының бұзылуымен сипатталатын өсіп келе жатқан малдың созылмалы ауруы. Себебі - Д дәруменінің және минералдық заттардың жеткіліксіздігі
Рахит
Остеопороз
Остеодистрофия
Остеофиброз
Остеомаляция


Бұл жалпы инфекциялық ауру: нақтылы қоздырушысы жоқ, өтуінде кезеңділік жоқ, иммунитет қалыптаспайды, жұқпайды
Сепсис
Туберкулез
Бруцеллез
Пастереллез
Сальмонеллез


Бұл құбылыстың нәтижесінде «құтырық түйіншектері» пайда болады
Нағыз нейронофагия
Жалған нейронофагия
Плазморексис
Кариопикноз
Кариорексис


Бұл ауруда инфекциялық гранулеманың ортасында қоздырушының өзі орналасады
Актиномикоз
Маңқа
Бруцеллез
Сальмонеллез
Туберкулез


Мидың қабынуы
Энцефалит
Менингит
Пахименингит
Лептоменингит
Лейкоэнцефалит


Жұлынның қабынуы
Миелит
Энцефалит
Пахименингит
Лептоменингит
Лейкоэнцефалит


Ми мен жұлынның қабынуы
Энцефаломиелит
Энцефалит
Пахименингит
Лептоменингит
Лейкоэнцефалит


Жіті іріңсіз лимфоцитарлы энцефалит дамиды
Нейротропты вирустық ауруларда
Эпителиотропты вирустық ауруларда
Полицеллюляротропты вирустық ауруларда
Гемотропты вирустық ауруларда
Пневмотропты вирустық ауруларда


Құтырықта ганглиозды торшалардың цитоплазмасында пайда болады
Бабеш-Негри қосынды-денешіктері
Боллингер қосынды-денешіктері
Зейфрид қосынды-денешіктері
Лектур қосынды-денешіктері
Иост–Деген қосынды-денешіктері


Рахитте сүйек-шеміршек будандасқан жерінде пайда болады
Рахиттік таспихтер
Рахиттік шеміршектер
Рахиттік сүйелдер
Рахиттік ісіктер
Рахиттік тастар


Қосынды-денешіктер мына ауруларда пайда болады
Вирустық
Бактериялық
Улануларда
Микоздарда
Микоплазмоздарда


Вирустардың талғампаздылық қасиеті
Тропизм
Вируленттілік
Паразитизм
Комменсализм
Синергизм


Жіті өтумен, қызбамен, менинго-энцефалитпен, жүйке жүйесінің
бұзылуымен, терінің қышынуымен сипатталатын вирустық ауру. Диагноз қойыңыз.
Ауески ауруы
Аусыл
Шешек
Құтырық
Инфекциялық энцефаломиелит


Диагноз қойыңыз. адам мен малдың жіті өтетін, энцефаломиелитпен, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Сойып-зерттеуде қарында бөгде заттар табылады
Құтырық
Аусыл
Шешек
Ауески ауруы
Инфекциялық энцефаломиелит


Бұл вирустық ауруда патологиялық анатомиялық өзгерістер шошқаның жасына байланысты болады, ал клиникасында терісінің қышуы болмайды, осы себепті ол зақымдалмайды
Ауески ауруы
Аусыл
Шешек
Құтырық
Инфекциялық энцефаломиелит


Сиыр өкпесінде домалақ, көлемі тарының дәніндей, қатты, сұр түсті түйіншектер бар. Гистоло­гиялық зерттеуде түйіншектер эпителиоидты, лимфоидты және аздаған копядролы алып торшалардан тұрады. Түйіншектің ортасы некроздалған. Диагноз қойңыз:
Туберкулдер
Маңқа түйіншектері
Актиномикомалар
Аспергиллемалар
Халикоздар


Диагноз қойңыз: көкбауыр 2-3 есе үлкейген, шеттері доғалданған, қабығы кернелген, қызыл-қара түсті, тығыздығы жұмсақ, ұлпасы балқыған, қара май тәрізді, қырындысы мол
Сепсистік көкбауыр
Спленит
Көкбауыр гиперплазиясы
Көкбауыр атрофиясы
«Саго» дәніне ұқсас көкбауыр


Мес қарынның жіті тимпаниясында бауыр мен өкпеде дамиды
Бауыр ишемиясы, өкпенің жіті іркілмелі гиперемиясы және домбығуы
Бауыр мен өкпе ишемиясы
Бауыр дистрофиясы және өкпенің домбығуы
Бауыр мен өкпенің жіті іркілмелі гиперемиясы
Бауыр ишемиясы және өкпенің эмфиземасы


Диагноз қойыңыз: тері асты шелде, бүйрек айналасында, шарбыда май жоқ. Қаңқа бұлшық еттер мен паренхималық мүшелердің көлемі күрт кішірейген, сүйектер ырсиып, анық көрінеді
Жүдеу
Семіру
Сусыздану
Туберкулез
Паратуберкулез


Диагноз қойыңыз: өкпе үлкейген, ашық-қызғылт түсті, тығыздығы мамық тәрізді. Гистологиялық: альвеолы қатты кеңейген, олардың қабырғасы жұқарған, кейбір жері жыртылған
Эмфизема
Ателектаз
Бронхопневмония
Домбығу
Гиперемия
Диагноз қойыңыз: өкпе үлкейген, тығыздығы қамыр тәрізді, қызыл түсті, тілік бетінен көбік аралас сұйықтық ағады, бронхтар мен кеңірдекте көбік аралас сұйықтық бар, өкпе кесекшелері суда ауыр қалқиды
Домбығу
Ателектаз
Пневмония
Эмфизема
Гиперемия


Диагноз қойыңыз: өкпенің жоғарғы және жүректік бөлігі үлкейген, көкшіл-қызыл түсті, тығыздығы қатты, тілік бетінен қызғылт түсті, сарысулы-кілегейлі сұйықтық ағады
Бронхопневмония
Ателектаз
Домбығу
Эмфизема
Гиперемия


Крупозды пневмония кезеңдерінің бірізділігі
Гиперемия, қызыл гепатизация, сұр гепатизация, шешуші
Гиперемия, сұр бауырлану, шешуші, қызыл бауырлану
Қызыл гепатизация, гиперемия, сұр гепатизация, шешуші
Сұр гепатизация, қызыл гепатизация, гиперемия, шешуші
Гиперемия, шешуші, сұр гепатизация, қызыл гепатизация


Өкпенің ауасыз күйі, көлемінің кішіреюімен
Ателектаз
Домбығу
Пневмония
Эмфизема
Гиперемия


Ателектаз түрлері
Туа біткен, жүре біткен
Туа біткен, жіті
Туа біткен, созылмалы
Туа біткен, жітілеу
Туа біткен, жасырын


Жүре біткен ателектаз түрлері
Компрессиялық, обтурациялық
Туа біткен, обтурациялық
Туа біткен, компрессиялық
Компрессиялық, жүре біткен
Обтурациялық, туа біткен


Өкпенің ауамен шамадан тыс толуы
Эмфизема
Домбығу
Пневмония
Ателектаз
Гиперемия


Өкпеде ауаның орналасуына байланысты эмфиземаның түрлері
Альвеолалық, интерстицийлік
Альвеолалық, обтурациялық
Интерстицийлік, туа біткен
Альвеолалық, компрессиялық
Альвеолалық, жүре біткен


Диагноз қойыңыз: өкпенің зақымданған жері нығыз, ет тәрізді, ұйқы безіне ұқсайды, беті кедір-бұдырлы, тілік беті түйірлі
Созылмалы бронхопневмония
Жіті бронхопневмония
Жіті гиперемия және домбығу
Крупозды пневмония
Сарысулы пневмония


Бұл пневмонияда альвеолалар қуысында фибринді экссудат жиналады
Крупозды пневмония
Жіті бронхопневмония
Жіті гиперемия және домбығу
Созылмалы бронхопневмония
Сарысулы пневмония


Альвеолалық эмфиземаға тән белгіні таңдаңыз
Тығыздығы мамық тәрізді
Индурация
Мәрмәрлік
Тығыздығы қамыр тәрізді
Тілік беті ылғалды


Өкпенің көлемді ауруларына жатады
Эмфизема
Индурация
Гиперемия
Ишемия
Қабыну


Қабынудың орналасуына байланысты пневмонияның түрлері
Ацинозды, лобулярлы, лобарлы, тоталды
Ацинозды, милиарлы, лобарлы, тоталды
Ацинозды, лобулярлы, лобарлы, ірі ошақты
Ацинозды, түйірлі, лобарлы, тоталды
Ационозды, лобулярлы, диффузды, тоталды


Диагноз қойыңыз. Үдеріс біртіндеп дамиды, қабыну бронхтардан баслаып, альвеолаларға ауысады, негізінен төлдер ауырады, жіті және созылмалы өтеді
Бронхопневмония
Іріңді пневмония
Жіті гиперемия және домбығу
Крупозды пневмония
Сарысулы пневмония


Өкпенің қабынған жері үлкейген, күрең-қызыл түсті көкшіл реңді, тығыздығы бойынша көкбауырға ұқсайды, тілік бетінен ылайлы қызғылт сұйықтық ағады, бронхтарды қысқанда кілегейлі зат шығады. Кесекшелер суда батады. Диагноз қойыңыз.
Жіті бронхопневмония
Іріңді пневмония
Созылмалы бронхопневмония
Крупозды пневмония
Сарысулы пневмония


Пневмонияның экссудаттың түріне қарай түрлері
Сарысулы, геморрагиялық, іріңді, катарлы және фибринді
Сарысулы, геморрагиялық, іріңді, катарлы және жіті
Сарысулы, геморрагиялық, іріңді, катарлы және жітілеу
Сарысулы, геморрагиялық, іріңді, катарлы және созылмалы
Сарысулы, геморрагиялық, іріңді, катарлы және аралас


Бронхопневмонияға тән белгіні таңдаңыз
Жіті және созылмалы түрі бар
Өкпенің түгел бір бөлігі зақымданады
Қабыну альвеолалардан басталады
4 кезеңде жүреді
Негізінен ересек мал ауырады


Шошқа обасында көкбауырдағы патоморфологиялық өзгерістер
Гиперплазия, шеттегі инфаркттер
Спленит
Спленомегалия
Атрофия
Өзгеріссіз


Крупозды пневмонияның синонимі
Фибринозды
Іріңді
Сарысулы
Геморрагиялық
Казеозды


Диагноз қойыңыз: өкпеде деңгейі түскен аймақтар бар, олардың тығыздығы нығыз, күрең-қызыл түсті, ет тәрізді, шекарасы анық, кесекшелер суға батады, тілік беті жұмсақ
Ателектаз
Бронхит
Жіті гиперемия және домбығу
Пневмония
Эмфизема


Диагноз қойыңыз: өкпенің бөліктері зақымдалған, олардың тығыздығы қатты, бауырдікіндей, түсі біркелкі емес: күрең-қызыл, сұр, қызыл ошақтар бар, тілік беті құрғақ, түйірлі
Крупозды пневмония
Созылмалы альвеолалық эмфизема
Жіті альвеолалық эмфизема
Жіті бронхопневмония
Созылмалы бронхопневмония


Гиперемия кезеңін сипаттайтын белгі
Альвеолалар қанға тоған
Өкпе ұлпасы деңгейінің түсуі
Альвеолаларда фибриннің жиналуы
Эритроциттер диапедезінің күшеюі
Қабыну домбығуы


Крупозды пневмонияның сұр гепатизация кезеңіндегі экссудаттың элементтері
Фибрин және лейкоциттер
Фибрин және эритроциттер
Фибрин және тромбоциттер
Фибрин және лимфоциттер
Фибрин және домбығу сұйықтығы


Крупозды пневмонияға тән белгіні таңдаңыз
4 кезеңде жүреді
Қабыну бронхтардан басталады
Үдеріс біртіндеп дамиды
Жіті және созылмалы түрі бар
Негізінен төлдер ауырады


Өлі туылғанда төлде анықталады
Өкпенің тоталді ателектазы
Жіті веналық гиперемия
Жіті бронхопневмония
Өкпе эмфиземасы
Өкпенің домбығуы


Кеңірдек пен бронхтар бітелгенде мынадай ателектаз дамиды
Обтурациялық
Компрессиялық
Аралас
Күрделі
Біріктірілген


Гепатизация кезеңінде нығызданудың себебі
Альвеолаларда фибриннің жиналуы
Гиперемия
Өкпе ұлпасы деңгейінің түсуі
Альвеолаларда қанның жиналуы
Альвеолаларда домбығу сұйықтығының жиналуы


Миокардиттің түрлері
Альтеративтік, интерстицийлік
Туа біткен, жүре біткен
Сүйелді, ойылымды
Физиологиялық, патологиялық
Миогенді, тоногенді


Бүйректің қабынуы
Нефрит
Нефроз
Нефроптоз
Гидронефроз
Тубулонефроз


Интерстицийлік іріңсіз нефриттің түрлері
Ошақты, диффузды
Гломерулонефрит, тубулонефрит
Гломерулонефрит, интерстицийлік нефрит
Гломерулонефрит, нефроптоз
Интерстицийлік нефрит, тубулонефрит


Дистрофиялық өзгерістер негізінен ирек түтікшелерінде дамиды
Тубулонефроз
Нефроз
Нефроптоз
Гломерулонефроз
Нефрит


Іріңсіз гематогенді нефриттердің түрлері
Гломерулонефрит, интерстицийлік нефрит
Гломерулонефрит, тубулонефрит
Ошақты, диффузды
Гломерулонефрит, нефроптоз
Интерстицийлік нефрит, тубулонефрит


Дистрофиялық өзгерістер негізінен шумақтарда дамиды
Гломерулонефроз
Нефроз
Нефроптоз
Нефрит
Тубулонефроз


Бүйректер кішірейген, бүріскен, бозғылт-қоңыр түсті, тығыздығы нығыз, беттті кедір-бұдырлы, қабығы қиын алынады
Диффузды интерстицийлік нефрит
Экстракапиллярлы гломерулонефрит
Ошақты интерстицийлік нефрит
Жіті интракапиллярлы гломерулонефрит
Созылмалы интракапиллярлы гломерулонефрит


Бүйректер үлкейген, қабығы оңай алынады, түсі әркелкі, қыртысты қабаты кеңейген, үлкейген шумақтар қызыл-сұр түсті түйіншектер түрінде көрінеді. Диагноз қойыңыз.
Жіті интракапиллярлы гломерулонефрит
Экстракапиллярлы гломерулонефрит
Диффузды интерстицийлік нефрит
Ошақты интерстицийлік нефрит
Созылмалы интракапиллярлы гломерулонефрит


Диагноз қойыңыз: 6 айлық бұзаудың бүйректері аздап үлкейген, бозғылт түсті, қыртысты қабатта ақшыл, домалақ ошақтар көрінеді, олардың кейбіреулерінің пішіні сына тәрізді
Ошақты интерстицийлік нефрит
Диффузды интерстицийлік нефрит
Экстракапиллярлы гломерулонефрит
Жіті интракапиллярлы гломерулонефрит
Созылмалы интракапиллярлы гломерулонефрит


Бүйректер кішірейген, беті кедір-бұдырлы немесе түйірлі, тығыздығы қатты, қабығы қиын алынады, қыртысты қабаты жұқарған, милы және шекара қабаттарда ұсақ кисталар көрінеді. Диагноз қойыңыз.
Диффузды интерстицийлік нефрит
Экстракапиллярлы гломерулонефрит
Ошақты интерстицийлік нефрит
Жіті интракапиллярлы гломерулонефрит
Созылмалы интракапиллярлы гломерулонефрит


Қуықтың кілегейлі қабығының қабынуы
Уроцистит
Нефрит
Пиелонефрит
Гломерулонефрит
Уролитиаз


Диагноз қойыңыз: бүйрек үлкейген, бетінде ақшыл түсті, көлемі әртүрлі, диаметрі 2 см ошақтар көрінеді. Тілік бетінде олар қыртысты қабатта орналасқанын және пішіні сына тәрізді екенін көруге болады
«Ақ шұбар бүйрек»
Ошақты интерстицийлік нефрит
Диффузды интерстицийлік нефрит
Экстракапиллярлы гломерулонефрит
Интракапиллярлы гломерулонефрит


Шошқа жүрегінің екіжармалы қақпақшасында тығыз, сұрғылт түсті, кедір-бұдырлы құрылымдар бар. Гистологиялық: олар арасында гранулалық ұлпа өскен фибринді массадан тұрады. Диагноз қойыңыз
Сүйелді эндокардит
Ойылымды эндокардит
Өлекселік қан ұйындысы
Қарапайым эндокардит
Ісік


Жүрек көлденеңінен де, ұзынынан да үлкейеді, жүрек еті гипертрофия нәтижесінде қалыңдайды. Диагноз қойыңыз
Жүректің тоногенді кеңеюі
Миокардтың концентрлік гипертрофиясы
Альтеративтік миокардит
Миокардтың эксцентрлік гипертрофиясы
Жүректің миогенді кеңеюі


Жүрек қуысы көлденең бағытта кеңейген, папиллярлы еттер мен трабекулалар жалпайып, тегістеледі. Диагноз қойыңыз
Жүректің миогенді кеңеюі
Миокардтың концентрлік гипертрофиясы
Альтеративтік миокардит
Миокардтың эксцентрлік гипертрофиясы
Жүректің тоногенді кеңеюі


Жүректің жіті кеңеюінің маңызды морфологиялық белгісі
Өкпенің альвеолалық эмфиземасы
Өкпенің интерстицийлік эмфиземасы
Өкпе ателектазы
Жіті бронхопневмония
Созылмалы бронхопневмония


Артериялардың интимасында липидтер мен протеиндердің жиналуымен, кейіннен дәнекер ұлпаның қаулап өсуімен сипатталатын созылмалы ауру
Атеросклероз
Атерокальциноз
Атероматоз
Артериит
Аневризма


Аутолиздік үдерістердің салдарынан атеросклероздық бляшкаларда протеиндік-липидтік кешендердің ыдырап, детриттің түзілуі
Атероматоз
Атерокальциноз
Эндоартериит
Артериит
Аневризма


Атеросклероздық бляшкаларда кальций тұздарының шөгуі
Атерокальциноз
Эндоартериит
Атероматоз
Артериит
Аневризма


Артериалық тамырдың оның қабырғасындағы патологиялық үдерістер салдарынан жергілікті, шектеулі кеңеюі
Аневризма
Эндоартериит
Атероматоз
Артериит
Атерокальциноз


Веналық тамыр қуысының жергілікті тұрақты түйінді кеңеюі
Варикс
Эндоартериит
Атероматоз
Флебит
Атерокальциноз


Диагноз қойыңыз: мес қарын кеңейген, ішінде бықырған азық пен газдар бар, онығ қабырғасы жұқарған. Бауыр кішірейген, боз. Өкпе толыққанды, қамыр тәрізді. Бронхтарда көбікті сұйықтық бар, қан ұйымаған. Көрінетін кілегейлі қабықтар көкшіл
Мес қарынның тимпаниясы
Өңештің бітелуі
Мес қарынның атониясы
Ішектің бұралуы
Мес қарынның қабынуы


Диагноз қойыңыз: аналық қой терең буаз кезінде өлді. Сойып-зерттеуде жатырда 2 ұрық, бауыры үлкейген, топыраұ түстес, бүйректер жұмсақ, сарғыш-сұр түсті, өкпе қызыл түсті, қамыр тәрізді, жүректің қарыншалары кеңейген, мес қарын азыққа толы
Кетоз
Мес қарынның атониясы
Майлану гепатозы
Жүректің дилятациясы
Остеодистрофия
Диагноз қойыңыз. Жылқы түйілу белгілерімен ауырып, өледі. Сойып-зерттеуде: құрсақ қуысында көп мөлшерде мөлдір қан аралас сұйықтық бар, қарыны кеңейген, тоқ ішек өз осі айналасында 180 градусқа бұралған. Оның қабырғасы қалыңдаған, күрең-қызыл түсті, ішіндегісі ылайлы, қызыл түсті
Тоқ ішектің бұралуы
Қарынның жіті кеңеюі
Топалаң
Тоқ ішектің инвагинациясы
Пастереллез


Қабыну үдерісінің орналасуына байланысты эндокардиттердің түрлері
Вальвулярлы, париеталді, хордалық, папиллярлы, трабекулярлы
Сүйелді, ойылымды, париеталді, хордалық
Париеталді, ойылымды, хордалық, папиллярлы, трабекулярлы
Вальвулярлы, сүйелді, париеталді, хордалық, папиллярлы
Сүйелді, вальвулярлы, париеталді, хордалық, папиллярлы


Қабыну компонентінің басым болуына қарай эндокардиттердің түрлері
Сүйелді, ойылымды
Сүйелді, продуктивтік
Сүйелді, париеталді
Сүйелді, экссудативтік
Сүйелді, диффузды


Бұл аурудың жіті түрімен 2-4 апталық бұзаулар мен 5 айға дейінгі торайлар ауырады, өзгерістер негізінен ас қорыту жолдарында орналасады
Сальмонеллез
Пастереллез
Некробактериоз
Тілме
Колибактериоз


Ірі қара малдың бұл ауруы екі түрде өтеді: аса жіті (домбығу) және жіті (көкіректік)
Пастереллез
Сальмонеллез
Некробактериоз
Тілме
Колибактериоз
Бұл ауруда крупозды пневмонияның ерекшеліктері болады: а) «мәрмәрлік» айқын емес; б) экссудатта эритроциттер көп; в) некроз пайда болады.
Пастереллез
Сальмонеллез
Некробактериоз
Тілме
Колибактериоз


Диагноз қойыңыз: бас, мойын, төс аумағында тері асты шелдің домбығуы, геморрагиялық диатез, жақасты, жұтқыншақарты, жауырыналды лимфалық түйіндердің сарысулы қабынуы
Пастереллездің домбығу түрі
Пастереллездің көкіректік түрі
Сальмонеллездің жіті түрі
Сальмонеллездің созылмалы түрі
Пастереллездің аралас түрі


Диагноз қойыңыз: крупозды-некроздық пневмония, сарысулы-фибринді плеврит, фибринді перикардит, кейде перитонит, сарысулы лимфаденит
Пастереллездің көкіректік түрі
Пастереллездің домбығу түрі
Сальмонеллездің жіті түрі
Сальмонеллездің созылмалы түрі
Пастереллездің аралас түрі


Ауылшарушылық малдың бұл ауруы септицемиямен, жіті және созылмалы энтеритпен сипатталады, негізінен төлдер ауырады. Адам да ауырады. Диагноз қойыңыз.
Сальмонеллез
Пастереллез
Некробактериоз
Тілме
Колибактериоз


Диагноз қойыңыз: торай өлексесінің аутопсиясында - фолликулярлы-ойылымды колит және тифлит, тоқ ішектің басым бөлігі некроздалған, көкбауыр гиперплазиясы, бауырдың майлану дистрофиясы, онда милиарлы гранулеалар мен некроздар, бронхопневмония, жүдеу және жалпы анемия
Созылмалы сальмонеллез
Жіті сальмонеллез
Некробактериоз
Тілме
Пастереллез


Сүтқоректілер мен құстардың жіті инфекциялық ауруы, крупозды пневмониямен, тері асты және ет арасы клетчатканың домбығуымен, геморрагиялық диатезбен сипатталады. Диагноз қойыңыз.
Пастереллез
Сальмонеллез
Некробактериоз
Тілме
Колибактериоз


Құстардың бұл инфекциялық ауруы жіті түрінде крупозды пневмониямен, сарысулы-фибринді перикардитпен, геморрагиялық диатезбен, бауырда, көкбауырда және миокардта некроз ошақтарымен, жіті катарлы-геморрагиялық дуоденитпен, ал созылмалы түрінде – сақалдың фибринді-некроздық қабынуымен және некрозымен, сарысулы-фибринді артритпен сипатталады
Пастереллез
Сальмонеллез
Некробактериоз
Тілме
Колибактериоз


Бұл ауруда гистологиялық зерттеуде бауырдағы түйіншектер ек түрде болуым мүмкін: біреуі – гепатоциттердің қарапайым тән емес токсикалық некрозы, екіншісі – гранулемалар
Сальмонеллез
Пастереллез
Некробактериоз
Тілме
Колибактериоз


Туберкул – бұл
Ошақты пролиферативтік қабыну
Диффузды пролиферативтік қабыну
Сарысулы қабыну
Фибринді қабыну
Іріңді қабыну


Құс туберкулезінде жиі зақымданатын мүше
Бауыр
Өкпе
Бүйрек
Көкбауыр
Ішек
Ірі қара мал өкпесінің туберкулезі
Ацинозды, ацинозды-нодозды, лобулярлы, лобарлы, кавернозды
Ацинозды, нодозды, милиарлы, кавернозды
Субмилиарлы, лобулярлы, лобарлы
Ацинозды, милиарлы, лобарлы, кавернозды
Ацинозды, субмилиарлы, лобарлы, кавернозды


Сиыр өкпесінде домалақ, қатты, сұр түсті түйіншектер бар. Гистологиялық түйіншектер эпителиодты, лимфоидты, бірнеше көпядролы алып торшалардан тұрады. Түйіншектің ортасы некроздалған. Диагноз қойыңыз.
Туберкулездік гранулема
Аспергиллездік гранулема
Сальмонеллездік гранулема
Маңқа гранулемасы
Актиномикоздық гранулема


Біріншілік туберкулездің кезеңдері
Біріншілік кешен, ерте генерализация
Біріншілік кешен, екіншілік кешен
Біріншілік кешен, кеш генерализация
Біріншілік кешен, күрделі кешен
Біріншілік кешен, толық кешен


Диагноз қойыңыз: тауықтың бауырында көптеген домалақ пішінді, ақшыл-сұрғылт, тарының дәніндей түйіншектер бар. Гисто: бұл құрылымдар эпителиодты, лимфоидты торшалардан тұрады. Оның ортасы біркелкі, эозинмен қызғылт түске боялады. Оның айналасында алып торшалар орналасады
Туберкул
«Інжу маржан»
Каверна
Секвестр
Казеоз


Үй және жабайы жануарлардың, сонымен қатар адамның созылмалы бактериялық ауыруы, клиникалық-анатомиялық тұрғыда мүшелер мен ұлпаларда ерекше түйіншектердің пайда болуымен сипатталады
Туберкулез
Бруцеллез
Паратуберкулез
Маңқа
Актиномикоз


Бастапқыда ол сұрғылт-ақ түсті, нығыз, мөлдір, домалақ пішінді, көлемі тарыдай не бұршақтай, кейіннен – көмескі, құрғақ, сарғыш түсті, үгіледі. Диагноз.
Туберкулездік гранулема
Аспергиллездік гранулема
Сальмонеллездік гранулема
Маңқа гранулемасы
Актиномикоздық гранулема


Сірлі қабықтар туберкулезі
«Інжу маржан»
Казеоз
Каверна
Секвестр
Ацинус


Екіншілік туберкулез кезеңдері
Кеш генерализация, мүшелердің жеке зақымдалуы
Кеш генерализация, өкпенің зақымдалуы
Ерте генерализация, кеш генерализация
Кеш генерализация, бауырдың зақымдалуы
Кеш генерализация, желіннің зақымдалуы


Диагноз қойыңыз: ішектің ерекше қабынуымен сипатталатын күйіс қайыратын малдың созылмалы ауруы, оның қабырғасы 5-20 есе қалыңдайды, кілегейлі қабығы қатпарланады, сырт қарағанда қаракөл елтірісіне ұқсайды. Клиникалық белгілері іш өту, жүдеу.
Паратуберкулез
Бруцеллез
Туберкулез
Маңқа
Актиномикоз


Ірі қара мал паратуберкулезіндегі ішектің қабынуы
Диффузды пролиферативтік қабыну
Ошақты пролиферативтік қабыну
Сарысулы қабыну
Фибринді қабыну
Іріңді қабыну


Түйіншектер мен ойылымдардың пайда болуымен сипатталатын тақтұяқтылардың созылмалы бактериялық ауруы
Маңқа
Бруцеллез
Паратуберкулез
Туберкулез
Актиномикоз


Пастереллездің көкіректік түрінде өкпеде болатын өзгерістер
Крупозды некрозды пневмония
Жіті катарлы пневмония
Өкпе эмфиземасы
Жіті іркілмелі гиперемия және домбығу
Сарысулы пневмония


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет