Білім беру философиясы 20-07 тобы Орындаған: Жүсіпбекова Ақайна

Дата22.02.2022
өлшемі46,73 Kb.
#26116

Білім беру философиясы

20-07 тобы

Орындаған: Жүсіпбекова Ақайна

Нұрсұлтанова Айгерім

Білім – адам баласының маңызды қасиеті. Сол арқылы ол өзінің ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, өзіндік «менін» сезініп, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда бола алады. Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы.

  • Білім – адам баласының маңызды қасиеті. Сол арқылы ол өзінің ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, өзіндік «менін» сезініп, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда бола алады. Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы.

Білім – тұлғаның қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарады. В.И.Дальдің сөздігінде «білім», «білдіру», «үйрету» деген мағынада қолданылған. Яғни, үйрету мен тәрбиелеу бір-бірімен өте байланысты. Философиялық әдебиет білімді адамның рухани келбеті деп қарастырады.

  • Білім – тұлғаның қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарады. В.И.Дальдің сөздігінде «білім», «білдіру», «үйрету» деген мағынада қолданылған. Яғни, үйрету мен тәрбиелеу бір-бірімен өте байланысты. Философиялық әдебиет білімді адамның рухани келбеті деп қарастырады.

Қазіргі ғасырды адамзат «жылдамдық ғасыры, бірігу ғасыры», информация ғасыры деп бағалап жүр. Бұған «білім ғасыры» деген анықтаманы да қосуға болады. Өйткені, білімді болудың аса үлкен қажеттілік екендігін адам баласы осы ғасырда өте жақсы түсінген сияқты. Постиндустриялдық өркениет заманының білім беру кеңістігіне үш сипат тән: ізгілендіру, біріктіру, кірігу процесінің жоғарылығы және инновациялылық.

Білімнің инновациялық сипаты қазіргі өркениеттің негізгі рухани жолы – тұлғаның ішкі қуанышы мен сапасының, шығармашылығының дамуына жағдай жасауында болып отыр. Адам баласы таптық, топтық, жыныстық, нәсілдік белгілерден әлдеқайда кең. Оның әлемге қатынасы жан-жақты және терең.

Білім философиясы – жалпы философияның бір бөлігі немесе саласы. Ол философияның өзегін құрайтын «адам-әлем қарым-қатынасын» білім алу, білім беру, басқаша айтсақ, білімдеу тұрғысынан қарастырады. Философияның бүкіл тарихында білімнің сипаты, білім мен сенім, білім мен адамгершілік, білім мен іскерлік сияқты сұрақтар жан-жақты қарастырылған.

Яғни білімнің адам тұлғасын жетілдірудегі, ұйымдастыруындағы құндылықтың табиғатын анықтау – білім философиясының негізгі міндеті. Білім философиясы жақында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанына қарамастан, оның құрамында негізгі бағыттары қалыптасты. Білім онтологиясы – білім деген не сұрағына жауап беріп, оның табиғатын, мәнін, мағынасын түсіндіреді. Білім аксиологиясы – білімдегі құндылықтардың табиғатын және білімнің өзіндік құндылықтың сипатын айқындайды.

Білім логикасы – білімнің пайда болу тетіктерін, білімнен білімнің туындау заңдылықтарын зерттейді. Білім әдістемесі – білімді үйрету жолдары мен оған әсер етудің тетіктерін үйретеді. Білім этикасы – білім мен адамгершіліктің өзара қарым-қатынасын қарастырып, адамды ірілендірудегі білімнің маңызын анықтайды. Білім эстетикасы – жан мен адам қарым-қатынасындағы сұлулық пен ұсқынсыздық, әдемілік пен сүреңсіздіктің табиғатын анықтаудағы білімнің маңызын зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет