Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың тәсілі ретіндегі аттестация туралы не айтасыз?



Дата31.08.2022
өлшемі19,54 Kb.
#38327

  1. Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың тәсілі ретіндегі аттестация туралы не айтасыз?

Білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына біліктілік санатын беру арқылы аттестаттау алғаш рет енгізілді. Сертификаттау жалпы үш жыл сайын жүргізіледі және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде заңнаманы білуге және басқарушылық құзыреттерді қалыптастыруды анықтауға бағытталған тест тапсырылады. Екінші кезеңде аттестаттау кезеңдегі жұмыстың тиімділігі бағаланады.. Біліктілік бағасы кезеңінде басшылардың құжаттары бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия атқаратын қызметіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және үш санаттың біреуін беру туралы шешім қабылдайды. Осылайша лауазымдық жалақысына ай сайынғы үстемеақы алады. Яғни, аттестация біліктілікті арттырудың, сондай-ақ басшыларды ынталандырудың бір тәсілі ретінде тиімді деп атға болады.Бір қызықты факт келтіре кетейін, ең көп жалақыны Швейцарлық ұстаздар алады екен, олардың ең төменгі айлық табысы жылына шамамен 33 000 долларды құрайды екен.

  1. Білім беруді цифрлық трансформациялау туралы пікіріңіз қандай?

Цифрлық трансформациялау немесе цифрлық мектепке көшу – білім беру қызметінің нәтижелерін, білім беру мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оның нәтижелерін бағалауды қоса алғанда, жалпы білім беру процесін жүйелі түрде жаңарту, білімінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін және жалпы білім беру сапасы бойынша әлемнің жетекші елдерінің қатарына кіруін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда білім беру процесін басқару, оқушылардың зерттеушілік және жобалық қызметі, жеке білім беру логистикасы цифрлық құралдарсыз, ақпаратты жүйелі талдау дағдыларынсыз, аралас оқыту әдістерін меңгермейінше, мемлекеттік электрондық қызметтер мен сервистердің платформаларын тиімді пайдалана білмейінше, онлайн-коммуникация дағдыларынсыз, цифрлық қауіпсіздік негіздерін білмей мүмкін емес. Цифрлық мектепке көшу (немесе оның цифрлық трансформациясы) білім беру процесі цифрлық оқу-әдістемелік материалдармен, құралдармен және сервистермен қамтамасыз етілетін цифрлық ортада жүреді. Жалпы білім беру процесін цифрландыру оқушының заманауи сұраныстарына, қызығушылықтарына толықтай сәйкес келеді, бұл дегеніміз білім беру сапасына оң әсерін тигізеді.Сондықтан білім беру ұйымы басшысының басты және маңызды міндеті цифрлық технологияларды қолдана отырып, шығармашыл педагогті тәрбиелеу.

  1. Қазіргі білім беру жүйесінде қандай мәселелер ( проблемалар) бар?

Бүгінгі таңда білім беруде көптеген проблемалар бар. Бірақ, ең бастысы деп мен мынаны санаймын.Жеткіншектік кезеңде адамгершілік бағдарларды қалыптастыру. Балаларға Интернет пен теледидар көп әсер етеді және жиі теріс әсерін тигізеді.Балалар бір-бірін аямайды және агрессивті. Қазіргі білім берудің мақсаты балаларға белгілі бір білім беру ғана емес, сонымен бірге қоғамда өмір сүруге үйрету деп санаймын. Педагог балаларға бірлесіп жұмыс істеуді, сыныптастарына көмектесуді үйреткені жөн, байқаулар мен олимпиадаларға дайындық кезінде де бір-біріне көмектесуге, бірге дайындалуға жұмылдыру, әрқайсысына жалпы процестегі рөлін анықтап беру, қандай іс-шара болмасын, мұғалімнің әрқашан балалармен бірге болуы маңызды. Сондай-ақ мектептің тағы бір проблемасы - жасөспірімдер ортасында алкоголь мен есірткінің болуы. Балаларға өмірдің көшеде ғана емес, ұжымда, мектепте, сыныпта қызықты екенін көрсету - мектептің мақсаты. Біз, ересектер, ең бастысы, балаларды алкоголь мен есірткіден қорғау керек екенін түсінеміз. Мектептегі баланың өмірі қызықты, қанықты болуы керек. Балаларды үйірмелерге, спорт секцияларына тарту керек. Бірақ бала тек өзіне қызықты, оны жақсы қарсы алатын жерге барады. Бізге ең бастысын – балаларды сеніп тапсырды. Біз мектеп жылдарын олар үшін ең бақытты уақытқа айналдыруға тырысуымыз керек.



  1. Қалай кибербуллингтің алдын аламыз?

Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес.
Ақпараттың көптігі, гаджеттердің де артуы, сонымен қатар ата-ананың бейқамдығы интернеттегі буллинг пен кибербуллингтің арта беруіне әкеледі. қазіргі таңда баланың не көріп отырғанын бақылауда ұстайтын арнайы технологиялар бар. Осыған орай мамандар балаларды кибершабуылдан қорғаудың қазақстандық бағдарламасын әзірлеп, бекітуді көздеп отыр. Алайда оны бақылау үшін емес, жақсы насихат үшін пайдалану қажет. Ең алдымен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға күш салу керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет