«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы
Әдістемелік нұсқау
72-92
бетттің беті
Тақырыбы: Электроэнцефалографияның физикалық негіздері. ЭЭГ-нің негізгі ритмдері. Электроэнцефалограмманы тіркеу. Жас балалардың ЭЭГ ритмдеріндегі ерекшеліктері.
Мақсаты:
Электроэнцефалограмманы тіркеу мен сараптау принциптерін үйрену.
Мидың сыртқы электрлік өрісін ЭЭГ көмегімен оқып үйрену.
ЭЭГ-ні генездеу үшін пирамидалық нейрондардың электрлік белсенділігі өзара байланысының маңызы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.ЭЭГ-ні тіркеу үшін қандай әдістер қолданылады?
2. ЭЭГ –нің негізгі ритмдері қандай?
3. Пирамидалық нейрондардың электрлік белсенділігінің негізігі типтері қандай?
4. ЭЭГ-да қандай жаңа әдістер қолданылады?
5. Пирамидалық нейрондардың электрлік белсенділігі өзара байланысының қандай маңызы бар?
6. ЭЭГ-ні генездеудің маңызды шарты қандай?
Оқыту мен үйретудің әдістері:шағын топтармен жұмыс істеу.
Тақырыптың қысқаша ма змұны. Электроэнцефалография (электро..., греч. enkephalos – бастағы ми және ...графия), бұл жануарлар мен адамның миының жұмыс істеуін зерттеу әдісі, ол мидың жеке зоналарының, бөліктерінің облыстарының биоэлектрлік белсенділігінің қосынды шамасын тіркеуге негізделген. ЭЭГ қазіргі кезде заманауи нейрофизиологияда, сол сияқты нейропатология мен психиатрияда қолданылады .
Электроэнцефалография мидың қызмет ету кезіндегі жағдайы туралы сандық және сапалық сараптама жасауға және оның тітіркендірушілер әсер еткен кездегі реакциясынның деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. ЭЭГ-ні жазу диагностикалау және емдеу жұмыстарында (әсіресе эпилепсия кезінде жиі пайдаланылады), анестезиологияда, сол сияқты ми қызметінің қабылдау, есте сақтау, бейімделу т.б. функцияларына байланысты іс-әрекетінің өзгерісін тіркеуде қолданады. Мидың электрлік белсенділігі өте төмен және вольттің миллионнан бір үлесіндей шамамен өрнектеледі; оны өте жоғарғы сезімталдықтағы арнайы приборлар мен күшейткіштердің, яғни электроэнцефалографтардың көмегімен ғана тіркеуге болады. ЭЭГ-ні аппараттардың кірісіне өткізгіштер арқылы жалғанған металл пластинкаларды ( электродтарды) бас сүйегінің бетіне қою арқылы жүзеге асырады. Оның шығысында тірі ағза миының биоэлектрлік потенциалдары тербелісінің өзгерісін көрсететін графикалық бейнелеу пайда болады, олар электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп аталады. ЭЭГ күрделі ми құрылысы іс-әрекетінің динамикасын, яғни бастағы ми қабығының нейрондарының денесі мен дендриттерінде дамитын синаптикалық үрдістерді көрсетеді. ЭЭГ – фазалық жағынан және амплитудасы өзгеріп отыратын, әртүрлі жиіліктегі (периодтағы) толқындардан тұратын күрделі қисық. ЭЭГ-де амплитудалар мен жиіліктердің өзгерісіне қарай грек әріптерімен "альфа", "бета", "дельта" және т.б. белгіленген толқындардың түрлері ажыратылады. Сау адамдарда ЭЭГ оның физиологиялық жағдайына ( ұйқы мен сергектік, көру және есту сигналдарын қабылдау, әртүрлі эмоциялық жағдайлар және т.б.) байланысты ажыратылады. Сау адамның ЭЭГ –сында тыныштық күйдегі салыстырмалы жағдайын сипаттайтын екі түрдегі ритмді ажыратамыз, олар тербеліс жиілігі 8 – 13 Гц – пен, амплитудасы 25-55 мкВ сипатталатын-ритм, және тербеліс жиілігі 14-30 Гц, амплитудасы 15-20 мкВ - ритм. Мидың әртүрлі аурыларында ЭЭГ-нің қалыпты бейнесінің біршама немесе аздаған ауытқулары пайда болады, оларға қарап зақымдану шамасы мен созылмалы түрін, мысалға ісіктер мен қан құйылу аймағының орны мен мөлшерін анықтауға болады. ЭЭГ – ні жазудың математикалық, сандық тәсілдері, спектрлік, корреляциялық және басқа да статистикалық сараптау әдістері, мидың потенциалдық өрісінің топографиялық картасын жасау ЭЭГ –нің қарапайым сипатын анықтауға және ЭЭГ арқылы бұрын бізге белгісіз, зерттеуге қажетті жасырын ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.
ЭЭГ-ні тіркеу арнайы электродтар арқылы жүргізіледі ( олардың кеңірек тарағандары көпір тектес, конус тәріздес және ине тәріздес түрлері ). Қазіргі кезде көбірек қолданылатындары электродтарды орналастырулардың халықаралық жүйесінде қабылданған « 10 – 20 %» немесе «10 – 10 % »тәсілі. Әрбір электрод жеке-жеке күшейткіштерге жалғанады. ЭЭГ –ні жазу үшін қағаз таспалар қолданылады немесе берілген сигналды түрлендіре отырып АЦП көмегімен компьютерде файлдар түрінде жазып, сақтайды. Кеңірек тараған түрі дискретизация жиілігі 250 Гц болатын жазу түрі. Әрбір жазу референттің нөлдік потенциалымен , оларға құлақтың сырғалығы мен мұрын ұшы жатады, салыстырмалы түрде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде орта дәрежедегі референттің арнайы салмақтық коэффициенті бойынша анықталған потенциалдың салыстырмалы мәні кеңірек қолданылады. Мұндай есептеулер кезінде мүмкін болатын артефактылар желілендіріледі де, ал көрші тармақтардың бір-біріне әсері кемиді. ЭЭГ-зерттеулердің бастамасын, соның ішінде қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерді де, 1925 жылы иттегі электрлік тербелістердің әртүрлі типтерін зерттеу және классификациялау арқылы Правдич-Неминский қалады – олар 7 түрлі спонтанды толқындар түрінде тіркелді. Правдич – Неминскийдің зерттеулері мидың биопотенциалдарын тіркеу әдісін адамға қолдануға жол ашты. ЭЭГ-ні тіркеу «Нейрон-Спектр-5» деп аталатын 32 арналы жаңа спектрометрдің көмегімен жүзеге асырылады (1-сурет). ЭЭГ-ні көп арналы құралмен тіркеу бір мезгілде мидың сыртқы бөлігінің барлық бетін түсіруге, яғни өте нәзік зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Көптеген қолда бар эксперименттік мәліметтерге қарағанда ЭЭГ генезі негізінен бастағы мидың үлкен жарты шарлары қабығының электрлік белсенділігі арқылы, ал жасушалар деңгейінде – олардың пирамидалық нейрондарының белсенділігі арқылы анықталады.