Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


көркем дидарын тілеп, дұға етушілермен бірге шын көңілден



жүктеу 2.22 Mb.
Pdf просмотр
бет18/20
Дата15.03.2017
өлшемі2.22 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

көркем дидарын тілеп, дұға етушілермен бірге шын көңілден 
сабыр  ет  (шыдамдылық  таныт)!  Дүние  өмірінің  өсемдігін 
қалап,  олардан  көз  жазып  қалма!  Жүректерін  бізді  еске 
алудан ғапыл қылған, жаман әуестіктеріне бағынған және 
барлық ісі шектен шығушылық болған адамдарға бас име!» 
(Кәһф, 28)
Уа, Рабб! Бізге жағымды және жағымсыз барлық сезім-
дер мен ойларымызды Сенің ризашылығыңа сай қолдануды 
нәсіп ет!
Әмин!

- 248 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ТАСАВВУФ ПЕН ЛӘДҮН ІЛІМІ
«Парасаттылықтан нәсібі жоқ көптеген 
ғалымдар бар. Ілімді жатқа білсе де, Аллаһқа 
сүйікті бола алмаған!»
Хазіреті Мәуләнә
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһ 
Тағаладан үш түрлі ілім ұққан.
Біріншісі  -  өзі  мен  Аллаһ  Тағала  арасында  қалған.  Бұл 
ілім адамзат түсіне алмайтын болғандықтан адамдарға паш 
етілмеген. Тек қана Аллаһ Расулына (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) тән болған. Жәбірейіл (аләйһиссәләм):
«Уа, Расулаллаһ! Мен сенің ақиқатыңды білсем, қасыңа 
келе алмас едім» - деген.
Екінші ілім - жалпыға бірдей. Бұл - адамдардың түсінігі 
мен шамасы жететіндей дәрежеде. Бүкіл адамзат осы топқа 
жататын  білімге  иман  және  амал  етуге  міндетті.  Мұның 
екінші бір аты - шариғат.
Үшінші  ілім  -  кейбір  лайықты  адамдарға  тән,  ол  тасав-
вуф,  зүһд,  ихсан  түсінігіне  жету.  Яғни  Бұл  ілім  рухани 
(жүрек) өмірмен байланысты. Сонымен қатар адамның Бұл 
бапта қабілеті мен шамасына қарай жауапкершілігі бар. Құл 
өзінің амандығы үшін осы қабілетті жетілдіруге мәжбүр. Бұл 
нәпсіні тазарту мен жүректі сафтандыру арқылы болады.
Сондай-ақ Құран Кәрімде:
«Шүбәсіз,  нәпсісін  тазартқандар  құтылды».  (А'лә,  14; 
Шәмс, 9)
«(Ей,  пайғамбар!)  Әуестігі  мен  әуесқойлығын  тәңір  ет-
кендерді  (табынғандарды)  көрдің  бе?  Енді  сен  оған  өкіл 
боласың ба?» - (Фұрқан, 43) делінеді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 249 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тәбәрани риуаят еткен бір хадис шәрифте былай деліне-
ді:
«Жер  бетіндегілер  табынған  тәңірлердің  ішіндегі 
Аллаһтың ең жек көретіні - әуесқойлық».
Ләдүнни  ілім  -  тасаввуф  ішінде  рухани  тәрбиенің 
нәтижесінде  жететін  Хақтың  сыйы.  Құран  Кәрімнің 
көптеген  аят  кәримәларында  осы  ілім  туралы  айтылуы 
осының  дәлелі.  Мұсаға  (аләйһиссәләм)  байланысты  кел-
ген  алғашқы  уахиларда  осы  шындықтың  ишараттары 
айтылған.
Хазіреті  Мұса  (аләйһиссәләм)  отбасымен  бірге  Мәдиен 
қаласынан  Мысырға  кетіп  бара  жатқан  еді.  Жолда  суық, 
жаңбырлы, қараңғы бір түнде баласы дүниеге келді. От пен 
жарық қажет болды. Алыстан бір от көреді. Негізінде анық 
көрген оты, оны пайғамбарлыққа әзірлеуге бір ишарат еді. 
Сол жерден шоқ әкеліп, от жағып осылайша отбасымен жаңа 
туған нәрестені жылытпақ болады. Сол жерге барғанда оған 
Аллаһ (жәллә жәләл үһү) тарапынан:
«Ей,  Мүса!  Әлбетте,  мен,  иә,  мен,  сенің  Раббыңмын! 
Дереу  нөліңді  шеш!  Өйткені,  сен  қасиетті  Туа  ойпатында 
түрсың!» - (Таһа, 11-12) делінді.
Тәпсіршілер «�
�ْ�َ�ْ�َ� ْ�َ� ْ��َ�
» "нәліңді шеш!" сөзін әр түрлі 
баяндап  ишари  мағына  берген.  Бұлар  қорыта  айтқанда 
Кұшейри,  Ләтайфүл-ишарат  пен  Рухул-Баянда  былайша 
баяндалады:
«Екі нәлі дүние мен ақиретті тәмсіл етіп;
«Жүректі  дүние  мен  ақиретке  байланысты  істерден  бо-
сат! Хақ үшін барлық нәрселерден оқшауланып, Аллаһтың 
мағрифаты  мен  назарында  (бақылауында)  ез  нәпсің  мен 
мендігіңді жоюға тырыс!» деген сөз».
Екінші бір мағынада:
«Сен  табиғатың  мен  нәпсіңнен  арыл!  Нәпсің  мен  оған 
байланысты нәрселерді ойламайтын бол, кел!»

- 250 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Дәлелді  ойлаудан  баз  кеш!  Өйткені  көзбен  көргеннен 
кейін бұлардың пайдасы жоқ!» - түрінде баяндалады.
Сол  себепті  Шәйх  Шибли  Аллаһқа  қауышқаннан  кейін 
барлық кітаптарын өртеп жіберген.
Хазіреті  Мұса  (аләйһиссәләм)  Перғауын  мен  оның 
әскерлері  Қызыл  теңізде  Исрайл  ұлдары  қауымының  көз 
алдында  жойылып  кеткен  соң  қауымын  жинап,  оларға 
өте  анық,  түсінікті,  қызу  уағыз  айтты.  Қауымы  Хазіреті 
Мұсаның ілім мен мағрифаттағы тереңдігіне қайран қалды. 
Тәнті болды. Араларынан біреу:
«Ей,  Аллаһтың  пайғамбары,  мына  жер  бетінде  сенен 
асқан ғалым бар ма?» - деді.
Хазіреті Мұса:
«Ондай адамды білмеймін» - деді.
Сол сәтте уахи келіп:
«Екі теңіздің бірлескен жерінде бір құлым бар, оған ерек-
ше ілім (ләдүн ілімі) бергенмін. Үмметіңнен таңдаулы бірін 
алып соған бар!» - делінеді.
Мұса (аләйһиссәләм) досы Юша бин Нун (аләйһиссәләм) 
мен бірге асығыс жолға шықты.
Мұса (аләйһиссәләм) өзіне уахи арқылы ишарат етілген 
адамды, бір жартастың үстінде шекпенін бүркеніп отырған 
жерінде көріп, сәлем берді.
«Мен Мұсамын» - деді. Қызыр:
«Демек, Исрайл ұлдарының пайғамбары Мұса сен болдың 
ғой!» - деді. Мұса (аләйһиссәләм):
«Маған  Аллаһ  тарапынан  хабарланған  адамдардың  ең 
білгірі сенбісің?» - деп сұрады. Қызыр оған:
«Ей  Мұса,  Аллаһ  маған  бір  ілім  берген,  ол  сенде  жоқ. 
Саған бір ілім берген, ол да менде жоқ» - деп жауап берді.
Мұса (аләйһиссәләм) Қызырға (аләйһиссәләм) осы ілімді 
үйренгісі келетіндігін айтты. Сырттай түсіну мүмкін емес, 
өзіне ғажайып болып көрінген кейбір ақиқаттардың хикме-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 251 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тін содан үйренбек болды. Сөйтіп, аталмыш мәшһүр сапарға 
шығады.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) бұл оқиғаның ғибратты және 
хикметті жағына назар аударып былай дейді:
«Ей, Кәрим (абыройлы, жомарт) адам! Бұл рухани ынта-
ны «Кәлимұллаһ» болған Хазіреті Мусадан көр! Қара Мүса 
(аләйһиссәләм) не дейді:
«Осыншама  мәртебеге  ие  болсамда  өзімдікәміл  сана-
маймын.  Одан  ары  рухыма  жарық  беретін  Қызырды  іздеп 
жүрмін».
Хазіреті Мұса, Қызырды іздеуге кіріспек болғанда, оған 
қауымы айтты:
«Ей,  Мұса,  сен  қауымыңды  тастап,  сенен  де  төмен 
дәрежедегі бір адамның ізіне түстің!»
«Алайда, сен «қауіп  пен үміттен» құтылған пайғамбар-
сың. Ендіне болады. Қанша уақытқа дейін іздемексің?»
«Іздеген нәрсең өзіңде... ійұны сен де білесің. Ей, көкпен 
таласқан үлық пайғамбар! Жер бетінде қашанға дейін осы-
лай кезбексің?»
Мұса (аләйһиссәләм) қауымына:
«Өтінем  Күн  мен  айдың  жолына  кедергі  жасамаңдар! 
Мен-пайғамбарлықтың айымын, Қызыр болса - әулиеліктің 
күні. Яғни менен де жоғары пайғамбарлар бар. Қызыр болса 
әулиеліктің ең жоғарғы мәртебесінде» - деді».
Хазіреті Мұса сөзін жалғап, былай деді:
«Мен  дәуірдің  сұлтаны  болған  бір  әулиемен  сұхбаттасу 
үшін екі теңіздің қосылған жеріне кетіп барамын».
«Ақиқат  пен  мағрифатқа  жету  үшін  Қызырды  дәнекер 
етемін.  Сол  үшін  де  ұзақ  жол  жүремін.  Себебі,  онымен 
жолығуым керек».
«Талап пен тәуекелге мініп, жылдар бойы ұшамын. Жыл 
деген не, мыңдаған жыл жүрсем де оны іздеп табамын. Бұл 
сапар сол гауһарды табуға татымай ма?»

- 252 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мұсаның сипаты - Кәлимұллаһ (яғни Аллаһпен 
сөйлесуші). Аллаһ Тағала Хазіреті Мұсамен тілдескен кез-
де  өзінің  ежелгі  «кәләм»  сипатымен  сөйлесті.  Оның  ешбір 
сипаты  жаратылғандардың  сипатына  ұқсамайды.  Ол  бі-
леді;  оның  білуі,  біздің  білуіміз  сияқты  емес.  Құдірет  иесі 
ол  да  біздің  құдіретіміз  сияқты  емес.  Ол  сөйлейді,  біздің 
сөйлескеніміз  сияқты  емес!  Біз,  тіл  сияқты  құралмен 
сөйлейміз.  Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу)  бұдан  пәк.  Әріптер 
жаратылған  нәрсе.  Аллаһтың  сөзі  жаратылмаған.  Әріпсіз 
және  құралсыз  болады.  Мұса  (аләйһиссәләм)  Аллаһпен 
(жәллә  жәләлуһу)  тілдескен  кезде  қасындағы  70  адам  мен 
Жәбірейіл  (аләйһиссәләм)  бұл  тілдесудің  парқына  барып 
түсіне алған жоқ.
Хазіреті 
Мұса 
(аләйһиссәләм) 
бұл 
тілдесуден 
ләззаттанғаны  соншалық  -  дүниеде  ме,  әлде  ақиретте  ме, 
қайда екендігін ұмытып, мастықпен:
«Уа, Раббым! Маған өзіңді көрсет!» - деді.
Оның талабына Аллаһ Тағала:
�ِ��َ�َ� ْ�َ�
  - Сен мені ешқашан кере алмайсың?» - деді.
Аллаһ Тағаланың бұл сезін әулиелер былай түсіндіреді:
«Ей, Мұса! Сен сен болып тұрғанда мені көре алмайсың! 
Бірақ,  нәпсіңді  тастап,  мендігіңді  жойған  кезде  ғана  мені 
көре  аласың.  Ол  кезде  көретін  сен  емес,  мен  боламын. 
Өйткені ол кезде сен менде боласың!»
Хазіреті  Мұсаның  (аләйһиссәләм)  бұл  ұсынысы  оның 
көңіліндегі  Аллаһқа  деген  ғашықтығы  мен  махаббатынан 
туындаған еді. Ол көктегі айдың жарығын көргенде шабытқа 
мініп, масаттанып, ұлғайып-кішірейген дария сияқты еді. 
Сондай-ақ бұл ғашықтық халі Хазіреті Мұса тұрған тауды 
теңселтіп қарсы алдындағы тау болса, ғашықтық сырынан 
алған  кішкентай  пайымен  жарылуына  себеп  болған.  Сол 
сияқты Хазіреті Идрис пен Хазіреті Исаның (аләйһиссәләм) 
әртүрлі себептермен көкке көтерілуі де осы көрініс арқылы 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 253 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
болған.  Тағы  осы  ынта  Хазіреті  Мұхаммедті  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  бұрынғы  пайғамбарлардан  да  ілгері 
дәрежеде Аллаһқа қауышу көрінісіне бөлеп, оны Миғражға 
көтерген. Бұлар жасанды түрдегі емес, ақиқат нәрсе.
Осындай  сырлы  терең  мәселелер  жайында  Хазіреті 
Мәуләнәның  (құддисә  сирруһ)  тілімен  Мәснәуиді  талдау-
шылар былай дейді:
«Егер  тек  қана  доспен  жан  жолдас  болып,  жан  жолдас 
болған  достарымның  барлығы  мені  түсінгенде  кейбір  жат 
адамдар  біздің  сұхбатымызға  қатыспаған  жағдайда  мен 
сендерге  ғайып  қазынасынан  әліге  тіл  жетпеген  талай  жа-
сырын сырлар айтар едім. Айтатын да едім, түсіндіретін де 
едім. Бірақ, сырларыма шыдай алатын дос, сырлас жоқ бол-
са, үндемеген дұрыс. Өйткені әр адамға ақылы жететіндей 
дәрежеде сөз айту керек. Әйтпесе, халді түсінбейтін адамға 
хикмет пен мағрифат туралы айту ақиқатқа зұлымдық бо-
лады.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай 
дейді: «Хикметті иесінен басқаға берсеңдер (оған) зұлымдық 
еткендерің». Мұның екінші бір мағынасы:
«Хикмет пен сырларды иесіне бермейтін болсаңдар (онда) 
оларға зүлымдық жасағандарың» деген сөз».
Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  ләдүн  ілімі,  иләһи  бір  нәсіп 
екендігін, бұл тек  рухани қабілеттілерге ғана берілетіндігін 
былай баяндайды:
«Яқубтың Юсуфтың жүзінде көрген ерекшелігі өзіне тән 
еді. Ол нұрды көру Юсуфтың бауырларына нәсіп болмаған 
еді.  Бауырларының  жан  дүниесі  Юсуфты  көруден  де, 
тіүсінуден де алыс еді».
«Рухтың қорегі - ғашықтық. Жанның - қорегі аштық».
«Яқуб пен Юсуф бір бірін тартты. Сол себептіде Юсуфтың 
көйлегінің  иісі  оған  өте  алыс  жерден  жетгі.  Ал  көйлекті 
әкеле жатқан бауыры болса, ол иісті сезе алмады».
«Себебі,  Юсуфтың  көйлегі  бауырының  қолында 
уақытша ғана нәрсе еді. Бауыры көйлекті Хазіреті Якубқа 

- 254 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
табыстауға міндетті болатын. Яғни, ол көйлек бауырының 
қолында  түтқындаушының  қолындағы  құл  сияқгы  еді. 
Түтқындаушының өзінікі емес, баскдсына тиесілі еді».
«Көптеген парасаттылықтан нәсіпсіз ғалымдар бар. Ілім-
ді жаттап алған, бірақ Аллаһқа сүйікті бола алмаған».
Өйткені көрегенділікке кітап-қалам арқылы қол жетпей-
ді. Ол тек кеңілін мағрифат нүрымеін нұрландырған құлға 
беріледі.  Осындай  бір  көңілге  ие  Юнус  Әмрә  Хазіреті  бұл 
ақиқатты қандай тамаша баяндайды:
Юнус Әмрәм болды пақыр,
Ажал желкесін тоқыр,
Көңіл кітабынан оқыр,
Қолына қалам алмады...
Осы  ұлық  мәртебеге  жетпеген  ғалымдарда,  яғни  ілімін 
парасатты-лыққа  айналдырмаған  адамдарда,  ілім  нақыл 
түрінде ғана болады. Олар сырттай білімдердің шеңберінен 
шыға  алмаған.  Айналасы  толған  әулие  болса,  да  пайдасы 
жоқ. Өйткені олар өздеріндегі таяз мәліметтердің тар тере-
зесінен қарағандықтан ақиқатты толықтай кере алмауымен 
қоймай, бұл кемшіліктерін айналасындағы әулиелерге тели-
ді, яғни әр әулиеден бір нұқсандық тауып, өздері арқалаған 
сырттай білімнің тұманына батып арғы жақты көре алмай-
ды.
Мұндай  адамдар  үшін  Аллаһ  Тағала  өткен  үмметтерді 
мысал келтіріп, былай дейді:
«Оларға  Тәурат  жіберілсе  де  оны  қажетті  түрде 
орындамағандар  кітап  арқалаған  есек  сиякты.  (Әсіресе) 
Аллаһтың  аяттарын  жоққа  шығарғандардың  халі  қандай 
жаман.  Шүбә  жоқ,  Аллаһ  залымдарды  дұрыс  жолға  сал-
майды». (Жұма, 5)
Қасиетті аят кәримәда айтылған кһгап арқалаған есектің 
жағдайында-ғылар  теңелген  жануар  сияқты  арқалаған 
кітаптарының  бір  сөзін  де  лайықты  түрде  түсінуді  былай 
қойғанда,  кітап  арқалап  жүргендерінің  де  парқында  емес. 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 255 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Мұндай ілім Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм): «Уа, Раббым! Пайдасыз ілімнен саған сиынамын!» 
деген ілім түріне жатады.
Ілім  тақуалық  және  ықыласпен  қоректенбесе,  пайда-
дан гөрі зиянға көп себеп болады. Тақуалықпен безендіріл-
ген ілім ғана Хақ Тағала алдында қабыл болып, иесіне сыр 
әлемінің есігін ашады. Сол кезде құл жазылмаған ілімге ие 
болады. Бұл тақуалықтың берекетімен ғана болмақ.
Аллаһ Тағала былай дейді:
ُ�ا ُ�ُ�ِّ�َ�ُ� َو َ�ا ا�ُ���اَو
«Аллаһтан  қорқыңдар  (тақуалықтан  таймаңдар!  Біліп 
қойыңдар)  Аллаһ  (сендерге  білмегендеріңді)  үйретеді!» 
(Бақара, 282).
Сондай-ақ Имам Ғазали мен Абдұлқадир Гейлани сияқты 
түлғалар, алдымен сыртқы ілімдердің шыңына жеткен еді. 
Бірақ, ғайыби сырлар мен Аллаһқа баратын нәзік, жіңішке, 
әрі  тартымды  жолға  рухани  тереңдіктерінің  ішінен  және 
өте  кеш  болса  да  жетіп  -  Хақ  досы  болды.  Аллаһ  (жәллә 
жәләлуһу)  өзінің  заттық  ерекшеліктері  мен  сырларын 
соларға,  солар  сияқты  ерекше  жаратылған  адамдарға  паш 
етті. Олар да онымен айналысуға кедергі болған барлық ке-
дергілерді жойды. Тәндері зікір, нәпсімен күресу, сұхбаттасу 
және мұрақаба арқылы нұрға айналды. Сырлар мен хикмет-
терді көзбен көруге қол жеткізді. Аллаһ Тағала Бұл сияқты 
рухани сыйларды ежелде өзі үшін таңдаған адамдармен дос 
болған құлдардан басқаға бермейді.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Әбу Бәкір көп намаз оқып, көп ораза устағандығынан 
сендерден үстем емес. Оның үстемдігі - жүрегіндегі тағзым 
ниетінен».
Көптеген 
аят 
кәримәларда 
әулие 
құлдардың 
жүрегіндегі  ихсан  сезімінің  арқасында  қорықпайтынын, 
қайғырмайтынын  және  астынан  өзендер  ағып  жатқан 
жәннәттарға қол жеткізетіндігі айтылады.

- 256 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әбу һурайрадан риуаят етілген бір хадис шәрифте:
«Кейбір жасырын ілімдерді тек "Аллаһтың ариф" құлдары 
түсінеді.  Бұл  ілім  туралы  айтылған  кезде  оларды  тек 
өздерін жақсы көретін тәкәппар топтар ғана "надан" деп 
санайды. Хақ Тағала өз тарапынан ілім берген ғалымдарды 
төмен санамаңдар! Өйткені Аллаһ Тағала оларға сол ілімді 
берген кезде оларды төмен санаған жоқ,» - делінеді.
Ғазали  (құддисә  сирруһ)  рухани  ғұламалардың  сырт-
тай  ғалымдардан  үстемдігін  мына  мысалдар  арқылы 
түсіндіреді:
Имам  Шафи  Шәйбани  Райдың  алдында  шәкірт  сияқты 
тізе бүгетін. Оған:
«Ей, имам, сен кім, Шәйбани кім? Бұл құрметіңнің себе-
бі не?» - деп сұраған кезде Имам Шафи:
«Бұл адам, біздің білмегендерімізді біледі» - деп, жауап 
береді.
Ахмед бин Ханбәл мен Яхия бин Муаз кейбір мәселелерді 
Ма'руф  Кәрһиден  сұрайтын.  Олардан  мүның  себебін 
сұрағанда, сахабалардың:
«Уа, Расулаллаһ! Кітап пен сүннетте жоқ болса, не істей-
ік?» - деп сұрағанда, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм):
«Оны 
салих 
адамдардан 
сұраңдар! 
Солармен 
ақылдасыңдар!» - деген хадис шәрифті мысал келтіретін.
Әлбетте  рухани  ғалымдар  көрінбейтін  әлемнің  сырына 
толы.  Жүнәйд  Бағдадиге,  Сәрий  Сақати  (құддисә  сирруһ): 
«Аллаһ  сені  алдымен  сыртқы  ілімдерге  жеткізсін.  Содан 
кейін сопы қылсын!» - деп, дұға ететін. Сонымен қатар Ха-
рис бин Әсәд әл-Мухасибимен сұхбат етіп, одан әдеп пен ілім 
алуға кеңес беретін.
Хазіреті  Омар  (радиаллаһу  анһу)  қайтыс  болған  кезде 
Абдуллаһ бин Мәс'уд (радиаллаһу анһу):

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 257 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ілімнің оннан тоғызы кетті,» - деді.
Сахабалар оған:
«Әлі де ішімізде ғалымдар бар!» - дейді.
Сонда ол:
«Мағрифат ілімі туралы айтып отырмын» - дейді.
Жалпылай сыртқы мәліметтер білім деп аталады. Мұндай 
мәліметтер  ақылға,  нақылға  және  сыртқы  тәжірибелерге 
сүйенеді. 
Мағрифат 
немесе 
парасаттылық 
болса, 
көрегенділікке, аянға және ішкі тәжірибеге сүйенеді.
Сопылардың 
пікірінше 
адамның 
негізгі 
сипаты 
сауатсыздық.
Аят  кәримәларда  адамға  өте  аз  ілім  берілгендігі  және 
адамның өте надан әрі залым екендігі айтылады.
Ілім - Аллаһтың сипаты. Құл Аллаһ берген аз мәліметтерге 
қосымша  Аллаһтан  «ихсан»  келуі  арқылы  ариф  болады. 
Мағрифаттан, яғни Аллаһты танудан, үлес алуға тырысады.
Ақыл ез бетінше кәмілдікке жетсе де Аллаһты лайықты 
түрде  тани  алмайды.  Өйткені  ақыл  -  адам  үшін  бір  құрал 
ғана.  Адам  осы  қүрал  арқылы  ғана  езін  танытушыны  та-
ниды.  Аллаһты  да  тек  белгілері  арқылы  тани  алады.  Хақ 
Тағала ежелде рухтардан:
«Мен кіммін?» деп емес,
«Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?!» - деп сұрады.
Ақылмен  нәпсі  тазартыла  алмайды.  Тазартылу  тек 
жүрекпен болады. Аят кәримәда былай делінеді:
ُب�ُ�ُ�ْ�ا ��ِ�َ� ْ�َ� ِ�ا ِ�ْ�ِ�ِ� َ�َأ
«Жүректер тек Аллаһты зікір етумен ғана тыныштала-
ды». (Рағд, 28)
ً��ِ�ْ�َ� ِ�ْ�َ�ِا ْ���َ�َ� َو َ�ِّ�َر َ� ْ�ا ِ�ُ�ْذاَو
«Раббыңның  есімін  зікір  ет  те,  барлық  байланыстарды 
үз!  Раббыңа  бет  бұр!»  -  (Мүззәммил,  8)  делінеді.  Ибн  Ата 

- 258 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
былай дейді: -Аллаһ езін қарапайым адамдарға мақлүқаты 
арқылы танытты:
ْ�َ�ِ� ُ� َ�ْ�َ� ِ�ْ�ِ�ْا �َ�ِا َنوُ�ُ�ْ�َ� َ�َ�َا
«Түйелерге қарамай ма? Қалай жаратылған?» (Ғашия, 17) 
Зиялыларға (ғалымдарға) кәләм сипаты арқылы танытты:
َنَاْ�ُ�ْ�ا َنوُ���َ�َ�َ� َ�َ�َا
«Құранды ойламай ма?» (Ниса, 82)
َ��ِ�ِ�ْ�ُ�ْ�ِ� ٌ�َ� ْ�َر َو ٌء�َ� ِ� َ�ُ��َ� ِنَاْ�ُ�ْ�ا َ�ِ� ُلِّ�َ�ُ� َو
«Құранда  түсірген  аят  кәримәларымызда  мүминдер 
үшін шипа және рахмет бар». (Исра, 82)
�َ� ْ� ُ�ْ�ا ُء�َ� ْ�َ�ْا ِ�ِ َو
«Ең көркем есімдер Аллаһтыкі». (Ағраф, 180)
Әбу Хасан бин Әбу Зәрр, Шиблиден риуаят етеді:
«Тасаввуф - жоғары, көктен түскен иләһи ілім. Бітпейді, 
аяқталмайды.  Бұл  ілімнен  тек  иелері  пайдаланады.  Мұны 
тек  Аллаһ  Тағаланың  арнайы  үлкен  сыйына  бөленгендер 
ғана біле алады».
Бұл мәртебелерді ұстанбай айтып жеткізу мүмкін емес. 
Осы  халді  өмірде  ұстанған  сопылар  «Фүсус» 
(Мухиддин 
Арабидің кітабы)
 Фүсусүл Хикем: Мухиддин Арабидің кітабы. 
-  дағы  сияқты  кей  кездері  ишаратты  сөздерді  қолданады. 
Мұның себебі - рухани ілімнен нәсіпсіз адамдардың ез бетін-
ше түсініп адасушылыққа түсуінің алдын алу!
Имам Ғазали, Бахауддин Нақшибәнд, Мухиддин Араби 
және Имам Раббани сияқты Хақ достары діннің сырларын. 
хикметтерін  көріністен  мағрифат  ғарышына  жеткізетін 
ерекше қабілет иелері болып саналады.
Жәннатпен  сүйіншіленген  сахабалардың  осы  мағрифат 
ілімі себепті «еш» екендіктерін сезініп, иләһи салтанаттың 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 259 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
алдында «қорқыныш (хауф)» халінде болғандықтарын біл-
діретін риуаяттар көп.
Юсуф  Әсбат  Хазіреті  «еш  болудың»  бір  түрі  болған 
қарапайымдылықты  кәміл  түрде  .ұстануды  былай 
түсіндіреді:
«Таңертең үйден сыртқа шыққаныңда кімге жолықсаң, 
оны  езіңнен  жоғары  көргейсің.  Қарапайымдылық  дегені-
міз кім саған хақ нәрсе айтса оны қабылдағайсың да сенен 
төменгілерді  өзіңнен  жоғары  санағайсың.  Шам  сияқты 
жұмсақ  болғайсың.  Түйе  сияқты  жетекке  жүргейсің.  Сені 
мақтаушы  мен  жамандаушы  бірдей  болсын.  Әрбір  істе 
Аллаһқа  бет  бұрғайсың,  басыңа  келген  жақсылыққа  да, 
жамандыққа да шүкіршілік еткейсің.
Ариф  -  өзіне  келген  жақсылықты,  сый  мен  ізгілікті 
Хақтан деп біліп, кемшілікті нәпсісінен көрген адам...
Құлдың адалдығының (туралығының) белгісі - көңілі ті-
лімен, жүрегі іс-әрекетімен бірге болғаны».
Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу):
«Әттең, құстар шоқыған бір құрма түйірі болсам!»
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) болса:
«Әттең, от болсам! Шіркін ештеме болмасам еді!» - деген.
Аммар бин Ясир Куфа мешітінде:
«Мен куә боламын, ол осы дүниеде де, ақиретте де Аллаһ 
Расулының  жүбайы»  -  деген  Хазіреті  Айша  (радиаллаһу 
анһә):
«Шіркін, мына ағаштағы бір жапырақ болғанымда!» - де-
ген.
Және  Хазіреті  Әбу  Бәкір  (радиаллаһу  анһу)  Ниса 
сүресінің:
«Кімде-кім жаман іс істесе, жазасын тартады!» - (123 аят 
кәримә) мағынасындағы аят кәримә түскен кезде қатты ді-
рілдеп, Аллаһтан қорыққандығынан:
«Белім сынғандай болды, бүктісіп қалдым!.» - деген бо-
латын.

- 260 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұл адамдардың халдерін осылайша жеткізуі, Аллаһтың 
ризашылы-ғына қайшы бір амал істеуден қорыққандығынан 
және  Аллаһ  Тағаланың  құдіретінің  ұлылығын  тілге  тиек 
етуден, әр сәт шаттықпен өмір сүру мен ұялудан туындаған 
еді:
Құран Кәрімде:
�ً�� ِ� َ�  َ�ْ�َ�َ� َمْ�َ�ْ�ا َ� ِ�ْ�َ�ِ� �َ�َ� َ�َ��َ�ِ� اَ�ْ�ِا


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет