№ 37 (147) 12 қыркүйек 2014 жыл
Қ
қ
2
Апта-ақпар
Жаңа мереке
14 қыркүйек - отбасы күні
Денсаулық күні қатысушы-
лар дың сап түзеуінен, мектеп
директоры Фаткулина Ш.М. ха-
ным құттықтау сөзімен басталды.
Фаткулина Ш.М. өз сөзінде 2011-
2015 жылдарға арналған «Сала-
матты Қазақс тан» бағдарламасы
негізінде денсаулыққа бір қадам
жасау үшін денсаулық күні
ұйымдастырылып келе жат қан-
дығын атап өтті. Ден сау лық
күніне сап түзеген оқушылар
ритмикалық әуенге үлесіп
таңертеңгі жаттығулар жасады.
Жаттығу барысында қазақы «Қара
жорға» сияқты ұлттық билердің
элементтері де келтіріліп, ата-ана-
лар мен оқушылардың көңілінен
шық ты.
Жалпы дансаулық күніне
арналған іс-шаралар барысы
төмендегідей болды:
Жалпы даму жаттығулары -
дене шынықтыру мұғалімі Жеке-
баев М.К. өткізді.
«Киокуншин-Кан» карате
өнерінің тренері Асырбаев Руслан
өз тәрбиеленушілерімен өнер
көрсетілімін өткізді.
«Көңілді старт»сайысы 1 –2-
ші сынып оқушылары үшін дене
шынықтыру мұғалімі Аймаханов
Фестиваль
7.04.14 жылы
Республика бойынша
«Белсенді өмір – жүз
жастық ғұмыр!» атты
ұранмен денсаулық
күніне Теміртау
қаласының №4
ЖББОМ оқушылары
мен мұғалімдер
ұжымы, ата-аналар
бір кісідей атсалыс-
ты. Денсаулық күніне
жалпы саны 1020
оқушы, 78 ұстаз, 56
ата-ана қатысты.
Е. жауапкершілігімен өткізілді.
Нәтижесінде 1 «А» сынып І орын,
1 «Б» сыныбы ІІ орын, 1 «Ә»
сыныбы жүлделі ІІІ орындарды
иеленді.
«Спорттық эстафетаны»3-
4-ші сыныптарға дене шын-
ық тыру мұғалімі Пирназаров
А.әртүрлі қызықты сайыстармен
ұйымдастыра білді, І орынға ие
болған 4 сынып болды.
Эстафета 5-ші сыныптарға
дене шынықтыру мұғалімі
Нурмаганбетов С.А. І орынға
ие болған 5 «Б», 6 сыныптар
аралығында бұл күні «Көңілді
старт», ал 7 сы нып тың ұлдары
мен қыз дары ның арасында жеке-
жеке баскетбол мен футболдан
жарыстар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде қыздар арасында ба-
скетболдан 7 «А» сыныбы І орын-
ды иеленсе, ал ұлдар арасындағы
мини-футболдан 7 «Б» сыныбы І
орынға ие болды.
Волейбол 8, 9,10, 11
сын ыптарға дене шынық-
тыру мұғалімі Климов С.К.
жауапкершілігімен ұйым дас-
тырылды. І орынға ие болған 9
«Ә» сыныбы.
Мұғалімдер арасында дойбы
жарысы тәлімгер О. Оразовтың
ұйымдастыруымен өтті. І орынды
жеңіп алған - Асылбекова Б.К.
орыс пәні мұғалімі, ІІ орын- Ома-
рова Г.Х. ИВТ мұғалімі, ІІІ орын
Бекназарова Р.У. бастауыш сынып
ұстазы.
Жалпы осы күні ұйым дас-
тырылған «Денсаулық фес-
ти валі – 2014» іс-шаралары
жо ғары деңгейде, ешқандай
ке леңсіз оқиғаларсыз өтті. Бар-
лық мұғалімдер мен сынып
жетек ші лер өздеріне бекітілген
іске асқан жауапкершілікпен
қарады. «Денсаулық-зор бай лық»
демекші, осы акцияға атсалысу-
шылар бір-біріне денсаулық тілеп
тарасты.
Ұйымшылдықпен
өтті
Сана мен сезім сырқаты
діни экстремизм – Қазақстан
үшін жаңа қауіп пе?
Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында 3 қыркүйек күні
Қарағанды облыстық дін істері жөніндегі басқарма «Халықаралық
лаңкестік пен экстремизм – таралу факторы, қауіп-қатері, бағыты
және оған қарсы құқықтық шаралар» деген тақырыпта семинар
өткізді.
Республикадағы радикалды қозғалыстардың жұртшылыққа
залалды іс-әрекеттерін түсіндіруге арналған кезекті кездесуді
«Қарағанды облыстық конфессияаралық қатынастарды зерт-
теу және сараптау орталығы» ұйымдастырды, оны Қарағанды
облыстық дін істері басқармасының бөлім жетекшісі Руслан Бей-
сембаев ашты:
– Халықаралық лаңкестік пен экстремизм біздің күнделікті
өмірімізге аса батыл және қатал түрде еніп отыр. Бұл өзі бүгінгі
әлемдік қоғамдастықтың саяси, әлеуметтік және экономикалық
теңсіздіктерімен уланған созылмалы ауруына айналды. Дәл осы
қауіп кез-келген мемлекетке қатер тудырады.
Қазақстандағы радикалды ағымдардың негізгі әрекеттері мен
олардың салдары жөнінде «Нұрлы білім» теріс діни ағымдардан
зардап шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Рүстем Сыздықов әңгімелеп берді. Әлемдік тәжірибеге
сүйене отырып экстремизм, фундаментализм және радикализмнің
кез-келген түріне қарсы күрес бұл бір-екі нысанның немесе биліктің
ғана ісі емес. Еліміздің әрбір тұрғынының, барлық мемлекеттік
субъектілердің ісі болуға тиіс. Сондықтан дін істері жөніндегі
басқарма жұмысы қоғамға осыны түсіндіруге бағытталып отыр.
– Өкінішке орай радикалды қозғалыстарға қатысушылардың
– 18-28 жастағы жігіттердің әлеуметтік бет-бейнесіне келсек, дәл
солар Сирия, Ирак, тағы басқа қантөгіс болып жатқан жерлерге
баруда. Ал екінші субъект – имамдар, дін зерттеушілер – олар
вахаббидтерге дәстүрлі ислам мен экстремистік ағымдар тура-
лы ғылыми негізде түсіндіре алатындар. Бұл енді экстремизмге
қарсы күрестің бірінші кезеңі ғана. Қазақстан теологтары сана мен
сезім сырқаты өзін-өзі жою бағдарламасын енгізгеніне сенімді. Ал
үшінші субъект – әлеуметтік саяси жағы: әкімдіктер, ішкі саясат
бөлімдері. Төртінші жағы – құқық қорғау органдары.
Конференцияда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр-
масымен әлемдік деңгейдегі іс-әрекеттердің қозғалысы өзгеріп,
дамып және жаңа заңдармен толықтырылып жатқаны атап айтыл-
ды. Бүгінгі таңдағы басты проблемалардың бірі – дін зерттеушілері,
имамдар, теологтар арасында орыс тілді өкілдер жоқтың қасы.
Сонымен бірге өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тағдырына үлкен
жанашырлықпен қараудың маңызы зор. Бұл ретте 16 жасар қызы
соғыс болып жатқан әрекеттер аймағына аттанған теміртаулық бір
отбасы мысалға келтірілді.
– Бізге Теміртаудан бір әйел өзінің қызын ертіп келді, – дейді
Рүстем Сыздықов. Ол осындағы жергілікті колледжде оқыған.
Құрбылары оны жыл бойы үгіттеумен болған көрінеді. Сөйтіп ол
намаз оқуды бастады. 16 жасар қыз бір Ахиға, яғни радикалды
қозғалыстағы ағасына тұрмысқа шығып, өзі де соған қатысу үшін
Уфаға кетіп бара жатқан жолда Қостанай қаласында ұсталды.
Бір қызығы ислам радикалшылары тек үкіметтің әскерлерімен
соғысып қана қоймай өзара аса қатты жауласады. Осындай ұрыс-
керістің барысында 1800 адам қаза тапқаны туралы ресми емес
мәліметтер бар.
– Жезқазған, Сәтпаев қалаларынан 50 жастың соғыс болып
жатқан аймақтарға бару үшін Қазақстаннан шығып кеткені мәлім,
олардың арасында қызыл диплом алғалы жүрген үшінші курс
студенті теміртаулық жігіт те бар. Жезқазғандықтар «Қазақмыста»
жұмыс істеген, табыстары жақсы, отбастарын құрған, екіден
жоғары білімдері бар, үш тілді игерген жігіттер. Олар «Неге
кетесіңдер?» деген сұраққа бәрі бірдей «Өлгім келеді...» деп жа-
уап берген.
Бүгінгі таңда экстремистік қозғалыстарға қарсы күрес бүкіл
Қазақстан бойынша жоспарлы түрде жүргізілуде. Онда нағыз
ислам туралы әдебиеттермен танысып, сондай-ақ еліміздің
ең үздік теологтарының радикалды топтарға кірудің аяғы неге
соқтыратынын білуге болады.
А. ШмелЬ
Құрметті кітапхана
оқырмандары мен достары!
Бізде тегін интернет-класс, қолжетімді Wi-Fi
зонасы ашылды!
Сіздерді Орталық кітапхананың оқу залына
шақырамыз!
Жеңіс көшесі, 12 үй
(«Магнитка» аялдамасы)
Біздің күнтізбемізде мереке-
лер мен айтулы даталар, кәсіптік
күндер аз емес. Тәуелсіздіктің
өткен жылдары ішінде көп
үрдістер өзгерді. Бұл енді мереке-
лерге де тікелей қатысты. Бұрын
бүкіл халық болып тойлайтын
кейбір мейрамдар өзінің маңызын
жойып халықтың есінен шығып
та үлгерді. Оның есесіне елімізде
жаңа мерекелер пайда болды, тіпті
олардың кейбірін есте сақтамай
ұмытып кететін кездеріміз де бо-
лып жатады.
Салауатты өмір салтын сақтау,
төзімділік, ұлтаралық келісім,
Биылғы жылдан бастап елімізде аталып өтетін
тағы бір жаңа мереке күні пайда болды. Ол биыл
14 қыркүйекке белгіленген отбасы күні.
отбасылық құндылық сияқты
адамның
күнделікті
тыныс-
тіршілігіне тым жақын мейрам-
дарды әрине атап өтпеу, ұмыту
мүмкін емес. Өйткені қоғамның
үйлесімді дамуына адамдардың
көңіл-күйіне өте жағымды әсер
етеді. Енді бұдан былай той-
ланатын отбасы күні де осын-
дай мерекелердің бірі болмақ.
Бұл сонымен бірге еліміздегі
жаңа және ең жас мереке. 2013
жылғы 2 наурызда ҚР Президенті
Н.Назарбаев өзінің жарлығымен
Қазақстандағы отбасы күнін
мерекелеуді белгіледі. «Отбасы–
күні еліміздегі басқа да мереке-
лер сияқты көпшіліктің көңілінен
лайықты орын алады. «Отан
отбасынан басталады», «Отба-
сы – шағын мемлекет» деген қа-
нат ты сөздер бар. Сондықтан
жанұялардың бәрі де бұл мерекені
өздерінше тойлары анық», – де-
ген еді Елбасы жарлыққа қол
қоя отырып. Президенттің бұл
жарлығы бойынша аталған мере-
ке жыл сайын қыркүйектің екінші
жексенбісінде аталады. Ал биыл
бұл күн 14 қыркүйекке дәл келіп
отыр. Отбасы күні Қазақстанның
барлық аймақтарында аталып
өтіледі.
Жаңа мереке – ол әрдайым
бір жақсылықтың жаршысы,
оны тойлау кезінде жаңа салт-
дәстүр, жаңа үрдіс өмірге келеді,
жанұяның маңыздылығы сезіледі,
әр ата-ана өзінің ұрпақ алдындағы
міндетін жауапкершілігін орын-
дауға асығады. Міне осыдан ба-
рып әр отбасында өзіне ғана тән
дәстүрлер қалыптаса бастайды.
Тағы бір айта кетерлігі мерекені
тойлаудың белгілі бір міндетті
жоспары немесе жүйесі жоқ, ол
әр аймақта әр түрлі тойлануы
мүмкін, олай болса алдымыздағы
демалыс күні тұңғыш рет аталып
өткелі отырған отбасы күні құтты
болсын!
Қ
қ
3
№ 37 (147) 12 қыркүйек 2014 жыл
Денсаулық
Қалалық іс-шара
ҚР
Президенті
Н.Назарбаев
«Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» жолдауын-
да дамыған 30 елдің қатарына енудің
15 базалық бағдарының бірі – өмір
сүру ұзақтығы салауатты өмір сал-
тын сақтау мен медицинаның кадрлық
технологиялық дамуы есебінен 80
жасқа жетеді деп міндет қойды. Биылғы
денсаулық күніне байланысты өткен
фестивальдің ұраны да осы. «Белсенді
өмір – жүз жастық ғұмыр!» деген ұран
астына жиналған, біріккен жұрт 2011-
2015 жылдарға арналған «Саламат-
ты Қазақстан» бағдарламасын орын-
дау жолында спорт, денешынықтыру
және денсаулықты сауықтыру жөнінде
біршама іс-шараларды орындап жүр.
Ең бастысы бүгінгі таңда дене шын-
ық тыру еліміздегі басымдық бағыттағы
жұмыстардың біріне айналды, жыл сай-
ын қала бюджетінен бөлінген қыруар
қаржыға көшенің спорттық жаттығу
алаңдары,
жасылалаңдар
спорт
қалашықтары жасалуда. Биыл жыл ба-
сынан бері осы мақсатқа Теміртауда
60 млн. теңге, ал Ақтау кентінде 13
млн. теңге игерілді, соның нәтижесінде
спортпен тұрақты шұғылданатын адам-
дардың саны 50 мыңға жетті, бұл өткен
Шынықсаң
шымыр
боласың
6 қыркүйек бүкіл әлемдік
денсаулық күні.
Дүниежүзінің халықтары
адамның ең асыл қазынасы,
басты байлығы денсаулыққа
келгенде бірауызды, бәрі де
шынығуды, денсаулықты
сақтауды бірінші кезекті
міндет деп біледі және ел
үкіметі де әрдайым халықтың
денсаулығын жақсартуға көңіл
бөліп отырады.
жылдың сәйкес мерзіміндегіден 30 пай-
ыз артық.
Денсаулық күніне байланысты фе-
стиваль қаладағы әрбір білім беру, меди-
цина мекемелерінде, кәсіпорындарда,
бала бақшаларда түрлі көпшілік ша-
ралармен аталып өтілді. Соның бірі
жетінші шағын ауданда орналасқан №
7 «Қуаныш» бала бақшасы. 2007 жылы
күрделі жөндеуден өтіп қаладағы мек-
тепке дейінгі тәрбие орнын көбейткен
бұл бала бақшада қазір 270 сәби
тәрбиеленіп жатыр.
– Денсаулық фестивалі бұл ба-
лалар үшін өте пайдалы іс. Біздің
тәрбие ошағы сәбилердің денсаулығын
жақсарту үшін шынықтыру шараларын
жүйелі түрде өткізіп келеді. Жыл бойы
Нептун күні, «Әкем, шешем және мен»
«Спортты отбасы», «Күн, ауа және су –
денсаулық негізі» деген тақырыптарда
үнемі шынықтыру шаралары, жарыс-
тар өтіп тұрады. Ауа райының қолайлы
уақытын қалт жібермей күн сайын ба-
лаларды аулада қыдыртамыз, сумен
ойнау дәстүрі қалыптасқан, ұйқыдан
кейін де арнайы жаттығу жасалады, –
дейді бала бақша директоры Валентина
Юрьевна Кузмина.
Денсаулық фестиваліне аталған
тәр бие орны арнайы дайындалған, ба-
лаларды қызықтыру үшін қолдарына
желпуіштер, шарлар беріп біркелкі
қимылдар жасауды үйретті, сырт көзге
аса әсем жарасымды-ақ. Үйлесімді
іс-қимылға сүй сінген дирек тор дың өзі
балалардың қатарына тұрып, олармен
бірге жаттығулар жасап, көпке өнеге
көрсетті.
Мұндай шынықтыру шарасы №
21 «Самал» бала бақшасында да
ерекше дайындықпен өтті. Сәбилер
«Денсаулық» және «Ұйымшыл бала-
лар» деп аталатын топтарға бірігіп
өзара жарысқа түсті. Кім шапшаң, кім
тез, кім епті деген сұрақтар аясын-
да өзара бәсекеге түскен балғындар
жаттығуларды икемді орындап, бірінен-
бірі озуға тырысты. Директордың
міндетін атқарушы Бурибаева Татьяна
Муратовна бастаған қазылар алқасы
ең үздіктерді анықтап сәбилерді ын-
таландырумен болды. Жеңімпаздарға
сыйлықтар берілді.
Бұл күні қаланың мемлекеттік қыз-
мет шілері,
қоғамдық
ұйымдардың
өкіл дері, жастар мен студенттер «Ме-
таллург» стадионы алдында ашық
алаңда бас қосты. Таңертеңнен бастап
осындағы көше жаттығу құралдарында
денелерін шынықтырған олар спорттың
бірнеше түрінен жарысқа түсті. Ме-
диктер болса өздерінің қызметтерінен
жаңылмай келушілердің қан қысымын,
салмағын өлшеді. Ал жылжымалы флю-
орография адамдарды рентген аппара-
тына түсірді.
– Бүгін ауа райының өзі адамдарға
ерекше мейірімін төгіп тұр, күн ашық,
жылы, сондықтан мұнда жастармен
қатар үлкен кісілер де көптеп келуде.
Аздап сырқаттанғаныма қарамастан
мен де спорттық киіммен келіп тұрмын.
Бәріміз бірге шынығайық, жаттығайық, –
деді қала әкімінің орынбасары Шолпан
Мырзақасымова.
Бұл күні алдыңғы қатарда қаланың
тәжірибелі спортшылары сап түзеді.
Олар түрлі жаттығулармен бірге арнайы
көрсетілімдер жасады. Ал балалар
болса оларға қызығып ауыздарын аша
қарап, еліктеді. Бұл енді әрине спорт
секциялары жаңа қатысушылармен
толығады деген сөз.
Қалалық
денсаулық
сақтау
кәсіп одағы
ұйымының
төрайымы
Т.Сахновская жиналғандарды өздерінің
бейі міне, денсаулығына қарай спорт
секцияларын таңдауға болатынын айт-
ты. Одан әрі екі топқа бөлінген команда-
лар өзара жарысқа түсті.
Басында жаттықтырушыға қарап
жасағанымен кейін бәрі де мерекелік
көңіл күйіне елітіп биге ойысты. Бұл
шын мәнінде денсаулық фестивалінің
мерекеге ұласқанын көрсетті.
– Денсаулық фестиваліне қаланың
екі мыңнан астам тұрғыны қатысты, –
десті ұйымдастырушылар. Ал бұған
кәсіпорындарда, бала бақшаларда, ме-
кемелерде өткен іс-шараларды қоссақ
бұл күні он мыңнан астам адам арнайы
мақсатты түрде дене шынықтырғанын
білуге болады.
Серікгүл АлтАйбАевА
Суреттерді түсірген:
Қарлығаш бейСенҚызы
№ 7 «Қуаныш» бала бақшасы
№ 21 «Самал» бала бақшасы
№ 37 (147) 12 қыркүйек 2014 жыл
Қ
қ
4
Жаныңда жүр жақсы адам
Жарты ғасырға
жалғасқан сыйластық
Алдыңғы толқын
1969 жылдың қазан айынан бастап осы Теміртау
қаласындағы Құрылысшылар көшесі, 107 ықшам ауда-
нында бір аулада бірнеше қазақ отбасылары қатар өмір
сүрдік. Жоғарыда атап кеткенімдей сыйластығымыз
араласуымыз, достығымыз әлі де баянды, сол тұста
Петропавловск қаласынан келген Жұмажан ағай мен
Әмина апай және олардың қызы Ания осы біз тұратын
аулаға келіп қоныс тікті, танысып, сыйласып қадірмен
көрші болдық. Халқымыздың салты бойынша алыстан
ат терлетіп көшіп келген көршілерімізді үйден дәм
таттырып, ерулікке шақырдық, жақын таныстық. Міне
содан бері жарты ғасырдан да артық уақыт өтіпті. Әлі
күнге дейін сыйласамыз. Біздің отбасымыз жоғарыда
айтылған мекен-жайда жиырма екі жыл тұрып кейін
қаланың 70 ықшам ауданына басқа пәтерге көшіп
кеттік, бірақ бұрынғы көршілермен араласуымыз,
қарым-қатынасымыз еш үзілген жоқ. Жұмажан ағай ол
кезде Кармет комбинаттың бірінші қаңылтыр цехында
жұмыс істейтін еді, зейнетке шыққанға дейін заводта
еңбек етті. Ал Әмина апайымыз болса ол да халық
үшін аса маңызды салада жұмыс істеді, бірінші нан
заводында шебер наубайшылардың бірі болды. Жасы
жеткенде зейнетке де сол бір орыннан шықты.
Жұмажан, Әмина Сүлейменовтердің Ания есімді
қызы аулада біздің балалармен араласып, бірге ойнап
өсті, кейін біздің Қуаныш, Ержан, Ғалия бәрі бірге №
13 мектептің бірінші сыныбына табалдырық аттады.
Теміртау – Қазақстан Магниткасы: бұл екі сөз бір-
бірімен үндес, тығыз байланысты, Теміртау дегенде
қазақтың тұңғыш металлургия заводы, ал комбинат де-
генде осы қаланың тарихы ойға оралады. Өткен ғасырдың
50-60 жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен жастар ағылып
келіп еңбек ордасын қыздырған тұста біз де солардың
дәл ортасында болғанымызды мақтан тұтамыз. Елба-
сымыз нұрсұлтан назарбаевтың: «Менің тағдырым
Теміртаудың адамдарының тағдырымен ұштас» деген
сөзі ылғи да осы қалада еңбек жолын бастап, өмірін ком-
бинатпен байланыстырған сол кездегі жастардың өмірі
туралы айтылғандай болып тұрады. Талай қыз-жігіттер
осы Қарағанды металлургия комбинатының ірге тасын
қалап, сонда еңбек етіп, отбасын құрып, өсіп-өркендеп
елдің әлеуетін көтеруге атсалысты. Сол кездегі адамдардың
ерекше ұйымшылдығы, татулығы, қайырымдылығы,
досжандылығы қазір де көңілімізде сайрап тұр. Біразымен
әлі де араласып сыйласып, достығымыз жалғасып келеді.
Сондай бір жақсы сыйластық сыры туралы баяндағым