Қ
қ
1
№ 39 (149) 26 қыркүйек 2014 жыл
Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос.
Абай.
Құрыш
қала
Теміртау қалалық қоғамдық газет 26 қыркүйек жұма 2014 жыл № 39 (149)
khurysh_khala@mail.ru
3 - бет
2 - бет
4 - бет
Балалар жазған кітап
24 қыркүйек күні қаламыздағы тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени
орталығында ел өміріндегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға болды.
бұл күні Елбасының баспасөз қызметі республикалық «Айқын» газетімен
бірігіп шығарған «Президент пен перзент» кітабының тұсауы кесілді.
Белсенділік бағытымен
Кеше жастар ісі
жөніндегі қалалық
кеңестің кезекті мәжілісі
әкімнің орынбасары Ш.
Мырзақасымованың
төрағалық етуімен
Теміртау кәсіби
техникалық колледжінде
өтті.
Үш тілдің
патшалығы
Теміртау №
24 индустриялық
технологиялық кол
ледж қаланың шығыс
бөлігіндегі іргелі оқу
орындарының бірі. Ол
1966 жылы есігін айқара
ашқан еді, әуелгі бағыты
да, мақсаты да өркендеп,
өсіп келе жатқан жас
шаһардың құрыш қолды
құрылысшыларын даяр
лау болатын. Міне арада
48 жыл өтсе де бұл білім
ошағы бастапқы мақсат
мүддесінен айырылған
жоқ. Қазір мұнда қала
шаруашылығына қажетті
төрт мамандық иелері
дайындалуда, олар – көлік
жөндеу және пайдала
ну механигі, тігінші,
сылақшысыршы және
газбен дәнекерлеуші.
Еңбекпен қамту бөлімінің
сұранымына және
хабарландыруларға
қарасақ бүгінгі таңда
Теміртауға дәл осындай
мамандықтар ауадай
қажет.
№ 39 (149) 26 қыркүйек 2014 жыл
Қ
қ
2
Аптаақпар
Тәжірибе алмасу
Жастар саясаты
Белсенділік бағытымен
Кездесу қаладағы ең үздік саналатын №6 округтік өзін-өзі басқару
комитетінен басталды. Теміртаудағы ардагерлер қозғалысына елеулі
үлес қосып отырған бұл қоғамдық ұйымның жұмысы шынында да
үйренуге тұрарлық. Делегация мүшелерінің біразы металлургия өндірісін
қызықтауға ниет білдірді. Олар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісінде
болып, домна пештерінің қалай жұмыс істейтіндерін өз көздерімен тама-
шалады. «Бұл шынында да бір керемет процесс екен, қайнатылған шой-
ын қып-қызыл от өзен болып ағып жатыр, шынында да металлургтердің
жұмысы қандай ауыр, әрі қауіпті» деп таңданды Павлодар облысы ар-
дагерлер кеңесінің төрағасы Ырымтай Шөкеев. Бұдан кейін республика
ардагерлері тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында болып,
ондағы мұражай жәдігерлерімен танысты. Дәл осы жерде қала әкімі
Нұркен Сұлтановпен кездесу өтті.
– Ардагерлер нағыз өмірлік тәжірибеге бай қазыналы қарттар, сіздер
осы жұмыстарыңызбен қазақстандықтардың бойында туған Отанға деген
патриоттық сезімді тәрбиелеп келесіздер сол үшін мың да бір рахмет, –
деген қала әкімі Н.Сұлтанов оларға Теміртау туралы жасалған сурет аль-
бомын сыйға тартты. Ардагерлер бұдан кейін қала жанындағы «Айхан»
шаруа қожалығын аралап, ондағы күзгі жұмыстармен танысты.
Қазір барлық жылу көздері,
жылу тарату кәсіпорындары
бұл жауапты іске дайындықты
аяқтап қалды. Ең басты
жылу көзі – ТЭЦ – 2 биылғы
күрделі жөндеу жұмыстарына
1млрд. 790 млн. теңге
қаражатты игерді. Соның
нәтижесінде біріншы қазандық
ағымдағы жөндеуден өтті.
Ал 2,3 қазандықтар осы
айдың аяғында толық дай-
ын болады. № 4 турбоге-
нераторды күрделі жөндеу
30 қазанда аяқталады деп
күтілуде. Қаланың батыс
бөлігін жылытатын ҚарГРЭС
-1 станциясында негізгі үш
қазандықты жөндеу аяқталған,
ал, сегізінші қазандық алдағы
айдың орта кезінде жөнделіп
бітпекші. Аталған жылу
көздері өздерінің қысқа толық
әзірлігі жөнінде облыстық
мем ле кеттік энергетикалық
тексеру комиссиясының
төлқұжатын алды.
«Оқжетпес» ЖШС биыл
жылу, ыстық-суық су тарату
құрылғыларын, желілерін
жөн деу ге бөлінген 1млрд.
324 млн. теңгені игеріп, 9,9
шақырым жылу құбырларын,
5,1 шақырым магистральдік
желілерді және 7,4 шақырым
су, кәріз жүйелерін жөндеуден
өткізді. Гидравликалық сынақ
барысында шыққан ақаулар
реттелуде. Жылу қабылдау
маусымына баяу дайындалған
10 тұрғын үй де осы
қыркүйектің соңында толық
дайындық сапына қойылатын
болады. Мамандар қала
биылғы қысқа жақсы әзірленді
деген пікірде.
Өткен аптада, 20 қыркүйек
күні ұйымдастырылған алғашқы
сенбілікке 18 000 адамы бар 27
еңбек ұжымы қатысты, бұл күні
екі гектар жердің түрлі күл-қоқысы
жиналды, 4 жертөле тазартылды,
27 ағаштың басы тегістелді.
Қала әкімі Н.Сұлтанов кез-
Еңбек күнімен!
Қымбатты жерлестер ,сіздерді Қазақстан Республикасы еңбек күні мерекесімен құттықтаймын!
Теміртаулықтар қай уақытта да талантты, еңбексүйгіш, əрі молшылық пен қайырымды көршілік
жағдайында өмір сүрумен танылып келеді. Біздің ата-бабаларымыз үй салды, жол жасады, егін
жинады, ал бүгін біз өз ұрпағымыздың бойында еңбек адамына деген құрмет, олардың алдында
жауапкершілік, парыз сезімдерін тəрбиелеудеміз.
Еңбек адамының қоғамдағы абыройын арттыру үшін сонымен бірге еңбек өнімділігін, жұмысшы
мамандығын насихаттау, өндіріске жастарды кеңінен тарту, жұмысшы əулеттерінің көп жылғы
дəстүрлерін нығайту мақсатында Президент жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде ата-
Құттықтау
лып өтілетін еңбек күні мерекесі белгіленді.
Адал еңбек əрбір отбасы мен қоғамның бай-бақуатты болуының негізі. Осы мереке еңбек
ардагерлері мен өндіріс озаттарына, олардың ісін жалғастырушыларға жəне өз қолымен бола-
шақ ты құрып жатқандарға алғыс сезімін білдірудің үлкен мүмкіндігі, осы тамаша мерекеде ең
ыстық құттықтау сөздерді қабыл алыңыздар. Бұл күн баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй жəне жаңа
табыстарға қол жеткізетін бастамашы болсын.
Баршаңызға мықты денсаулық, болашаққа сенім, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға тола-
ғай табыс тілеймін.
Теміртау қаласының əкімі Нұркен СҰЛТАНОВ
Жылу 1 қазанда
беріледі
Қалалық
әкімдікте
Қалалық әкімдіктің
кезекті аппарат
мәжілісінде жан-жақты
қаралып талқыланған
басты мәселе биылғы
жылу беру маусымына
әзірлік барысы бол-
ды. Ол жөнінде есепті
баяндама жасаған сала
басшысы Е.Дөненбаев
жылу беру маусымы 1
қазанда басталатынын
мәлімдеді.
біздің Теміртау қалалық ардагерлер кеңесі
республикада ең үздіктер шоғырын бастайды.
Олардың жұмысына қызыға қарайтындар аз
емес. Сондықтан жуырда еліміздің қырықтан аса
ардагерлер ұйымының өкілдері және медицина,
әлеуметтік сала мамандары біздің қалаға келіп
олардың іс-тәжірибесіне ден қойды.
республика ардагерлері
Теміртауда
Тазалық
Сенбіліктер өтеді
Қала басшылығы 15
қыркүйек – 10 қазан аралығын
санитарлық тазалық айлығы
деп жариялады. Осыған орай
қалада бірнеше сенбіліктер
өткізу жоспарланып отыр.
ек ті аппарат мәжілісінде 27 қыр-
күйек күні де осындай сенбілік
өткізілетінін және барлық мемле-
кет тік мекемелердің басшыла-
ры өздеріне бекітілген ай мақта
ұйымдастыру жұмыстарын жүр гізу-
ге жауаптылығын қадап тапсырды.
Бұл жолы 57 ұжымнан 21 000 адам
көше-көшені тазалайды, 34 тех-
ника арқылы жиналған күл-қоқыс
қала сыртына тасылады. Осы-
лайша барлығы 2 гектар жер, 13
жертөле тазартылып, 2 заңсыз
қоқыс жиналған жер біржола
жойылады, 400 түп ағаш егіледі.
Мамандар спорт кешені және
мәдениет сарайы аумағындағы
саябақ жаңа өскіндермен толық-
тырылады деп отыр.
Өз тілшімізден
Оның күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Өнеркәсіп орындарында жа
стар ісі жөніндегі комитеттер құру және оқу орындарындағы жас тар ісі
комитеттерінің жұмыс тәжірибесі туралы» болды. Баяндама жасаған
Кеше жастар ісі жөніндегі қалалық кеңестің
кезекті мәжілісі әкімнің орынбасары Ш.
Мырзақасымованың төрағалық етуімен Теміртау
кәсіби техникалық колледжінде өтті.
«Жастармен жұмыс жөніндегі орталық» директоры А.Абдрахманова
бұрынғы жастар ұйымдарының тәжірибесін басшылыққа ала отырып,
нақты құрылымы бар белсенді, әрі көшбасшылық рөлді атқара алатын
комитеттер құру керектігін алға тартты. Соған мысал ретінде қаладағы
9 оқу орнында құрылған осындай ұйымдардың жұмыс тәжірибесін тар
қа тып әңгімеледі.
Теміртау қалалық мәслихаты депутаты А.Ломакин, еңбекпен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ю.Ким, Қазақстан
– 2050 жалпы ұлттық қозғалысының өкілі А.Козловский аса қуатты
жастар комитетінің қажеттігін нақты мысалдармен әңгімеледі.
Мәжіліске қатысқан жастар ұйымдарының өкілдері бұл жаңалықты
қолдайтындықтарын білдірді.
Қ
қ
3
№ 39 (149) 26 қыркүйек 2014 жыл
Президент пен перзент
Ел жаңалықтары
Тұсаукесер
Балалар жазған кітап
Қазақстан Республикасы Премьер-
министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықова
жұмыс сапарымен Алматы қаласына
Жуырда Мәскеуде ҚР Премьер-Министрі
бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың
қатысуымен
Еуразиялық-экономикалық
ко мис сиясының кезекті кеңесі өтті. Онда
қаралған негізгі мәселе осы жылғы 29 мамыр-
да қол қойылған Еуразиялық-экономикалық
одақтың жұмысын тиімді қалыптастыруға
бағытталды. Атап айтқанда халықаралық
келісім-шарттар мен одақ органдарының
хаттамаларын мемлекеттік тілдерге аудару
және оларды жариялауға байланысты ортақ
ұстанымдар талқыланды. Сонымен қатар
Еуразиялық-экономикалық одақ сотының
жаңа құрылымын қалыптастыруға байланы-
сты келісімге қол жетті.
Кеңес барысында Қырғыз Респуб лика-
сын ың бірыңғай экономикалық кеңістікке
байланысты жол картасын әзірлеу жөніндегі
жұмыс барысы талқыланды, одан кейін дәрі-
дәрмек құралдарының ортақ нарығын жа-
сау арқылы қауіпсіз, әрі сапалы дәрілердің
Денсаулық сақтау
Экономикалық кеңестің
кезекті басқосуы
келді. Үкіметтік делегация құрамында ҚР
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрі Т.Қ.Дүйсенова болады.
Г.Н.Әбдіқалықова қала басшылығымен
және тұрғындармен бірқатар кездесулер
өткізіп, денсаулық сақтау және халықты
әлеуметтік қорғау салаларындағы
проблемалық мәселелерді талқылап,
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру тиімділігін артты-
ру бойынша міндеттер қойды.
Соңғы 3 жылда Алматыда денсаулық
сақтау саласын қаржыландыру көлемі 33%
артты. 2014 жылы қаланың бір тұрғынына
шығын 42 517 теңгені құрады. Алматыда
«100 мектеп, 100 аурухана құрылысы»
және «350 дəрігерлік амбулатория,
фельдшерлік-акушерлік тіректер жəне
емханалар құрылысы» жобалары іске асы-
рылуда.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігі
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
қағидаларын жүзеге асыру бойынша
жұмыстарды жалғастыруда. Жүйе алғашқы
медициналық алғашқы көмек деңгейінде
қызмет сапасын арттыруды қамтамасыз ету-
ге қажетті емханалар арасында бәсекелестік
қол жетімділігін қамтамасыз ету, әлемдік
нарықта фармацевтика кәсіпорындары бар
мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арт-
тыру жан-жақты әңгімеленді. Бұл мәжілісте
2014-2015 жылдарға арналған кеден ода-
ғы ның техникалық жұмыс тәртібі бекітілді,
сондай-ақ кеден одағы аясында өзара сауда-
саттықты жүргізу кезінде ауа қабаттарын
бұзатын заттардың қозғалысы және оларды
есепке алу жөніндегі келісім жобасы қаралды.
Ой-ілім меншігі нысандарының құқығын
бұзуға жол бермеу жөнінде мәселелерді
үйлестіруде бірыңғай түсіністікке қол жетті.
Бір сөзбен айтқанда осы талқылау барысын-
да іскерлік байланыстың негізгі жүйелері бой-
ынша айтарлықтай ілгері басушылық болды.
Бұл жөнінде Б.Сағынтаев кездесудің жемісті
болғанын маңызды мәселелер бойынша
өзара тиімді шешімдер жасалғанын мәлім
етті.
орта қалыптастырады. Сондай-ақ, алғашқы
медициналық-санитариялық көмек маман-
дары үшін жан басы нормативіне ынты-
ландыру компонентін (учаскелік дəрігердің
жалақысына берілетін қосымша еңбекақы
көлемі жұмыс нəтижесіне байланысты
болады) енгізу жұмыстары жалғасуда.
Г.Н.Әбдіқалықова денсаулық сақтау
жүйесі органдары қызметіндегі оң
нәтижелерді атап өте отырып, жергілікті
атқарушы органдар шешуі тиіс бірқатар
мәселелерді алға тартты. Үкіметтік деле-
гация тұрғындарға уақытылы және сапалы
көмек көрсету, медициналық көмекке теңдей
қолжетімділікті қамтамасыз ету және қала
халқын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша
тапсырмалар жүктеді.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары
Г.Н.Әбдіқалықованың Алматы қаласына
сапары бағдарламасында №3 қалалық
емханаға, Онкология және радиоло-
гия ғылыми-зерттеу институтына, №7
қалалық клиникалық ауруханасына ба-
рып, қызметімен танысу жоспарланған.
Сондай-ақ, қаланың денсаулық сақтау
саласы қызметкерлерімен кездесу
ұйымдастырылады.
Кітап екі бөлімнен тұрады, біріншісі
«Биікке беттеген балалар» ал екіншісі «Ел
тірегі – Елбасы» деп аталады, Мұнда әртүрлі
ісшаралар барысында ел Президентімен
кездесудің сәті түскен балалардың өмірі ту
ралы мақалалар, сондайақ оқушылардың
ұлт көшбасшысы туралы жазған шығар
малары жинақталыпты. Аталған айтулы
ісшараға ҚР Білім және ғылым министрі
Аслан Сәрінжіпов, Қарағанды облысының
әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Президент
әкімшілігі баспасөз хатшысының орынба
сары Бауыржан Омаров, Президенттің досы
қаланың құрметті азаматы Қуаныш Омашев
қатысты.
Кітапта 32 баланың Президент тура
лы жазған шығармалары еш өзгеріссіз сол
күйінде берілген. Оларда еліміздің келешегі
және оның дамуына тұңғыш Президенттің
көрегендікпен қосқан үлесі баяндалған
еді. Салтанатты сәтте еліміздің Білім және
ғылым министрі бұл саланың Елбасының
24 қыркүйек күні
қаламыздағы тұңғыш
Президенттің тарихи-
мәдени орталығында ел
өміріндегі аса маңызды
қоғамдық-саяси
оқиға болды. бұл күні
Елбасының баспасөз
қызметі республикалық
«Айқын» газетімен
бірігіп шығарған «Пре-
зидент пен перзент»
кітабының тұсауы
кесілді.
қолдауы нәтижесінде еш кедергісіз дамып
келе жатқанына назар аударды. Қазіргі
заманғы мектептер, шығармашалық сарай
лары салынуда. Оқу орындары заманауи
ақпараттық, интерактивтік, мултимедиялық
құралдармен қамтамасыз етілген. Ұстаздар
еңбегі жанжақты қолдауға ие. Ал ұлт
көшбасшысының өмір жолы ұрпаққа өнеге,
сондықтан болар Елбасымен кездескен ба
лалар да тұңғыш Президент туралы көсіле
ой толғаған, оқушылар өз болашақтарын
тұңғыш Президентпен тығыз байланыс
тыра әңгімелеген. Әр облыстан екіден
басаяғы 32 шығарма таңдалып олардың
бәрі «Президент пен перзент» кітабында
тоқайластырылған. Біздің облыстан екі
үздік шығарма енгізіліпті. Оның біреуінің
авторы Теміртау қаласындағы № 10 орта
мек тептің оқушысы Арайлым Балтабаева,
екіншісі Шахтинск қаласынан.
Министр Аслан Сәрінжіров те, об
лыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков те өз
сөздерінде залдағы жас жеткіншектерді
Қазақстанның нағыз патриоттары болуға,
терең білім алып, оны ел қажетіне жара
татын мықты азаматтар болуға шақырды.
Ал Президенттің әріптестері Қ.Омашев
пен Н.Вахитова Нұрсұлтан Әбішұлының
60жылдары Қазақстан Магниткасына
комсомолдық жолдамамен келіп бүгін
де әлемдік танымалдылық деңгейіне
жетуі ізденімпаздық пен білімділіктің,
еңбек қорлық пен патриотизмнің арқасы
екенін айтып берді. Нұрсұлтан Әбішұлы
қарапайым металлург, одан кейін комсомол,
партия басшысы болған кезде Теміртаудағы
аса қиын жағдайларды ең жоғарғы билікке
қаймықпай жеткізіп, соның нәтижесінде
Қарағанды металлургия комбинаты дер
кезінде салынып, өнім берді. Мұның өзі әр
жеке адамның бір өзі көп іс тындыра ала
тынын көрсетеді. Қазір Елбасы Қазақстан –
2050 стратегиялық бағытын ұстанып отыр.
Мұны қолдау, жүзеге асыру жас ұрпақтың
еншісінде, олай болса Президент пен ел
перзенттерінің ойы да, мақсатмүддесі де
қабысып, үндесіп жатуы керек.
Серікгүл АлТАйбАЕвА
Суреттерді түсірген:
Қарлығаш бЕйСЕнҚызы
№ 39 (149) 26 қыркүйек 2014 жыл
Қ
қ
4
Анамның тілі – ардағым менің
Мерекелік шара
Үш тілдің патшалығы
– Бізде 8 бөлімше бойынша 350 бала
білім алуда. Олардың жартысы қазақша,
ал жартысы орысша оқытылады, жыл
сайын жүзден астам баланы табалдырық
аттатып, осыншасын қолдарына дип
лом ұстатып шығарып салып келеміз.
Жұмысшы маман дық тары болғандықтан
сұраным өте жоғары, бітіргендердің бәрі
де өндірістік тәжірибе кезіндеақ өздерінің
болашақ жұмыс орындарын тауып кетіп жа
тады, – дейді осы оқу орны директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат
Жағыпберова.
Жасөспірім ұлқыздар бұл оқу орнын
да өздерінің өмірлік наны болатын маман
дық алып қана қоймайды, екіүш жыл
Теміртау № 24 индустриялық технологиялық колледж қаланың
шығыс бөлігіндегі іргелі оқу орындарының бірі. Ол 1966 жылы
есігін айқара ашқан еді, әуелгі бағыты да, мақсаты да өркендеп,
өсіп келе жатқан жас шаһардың құрыш қолды құрылысшыларын
даярлау болатын. Міне арада 48 жыл өтсе де бұл білім ошағы
бастапқы мақсат-мүддесінен айырылған жоқ. Қазір мұнда қала
шаруашылығына қажетті төрт мамандық иелері дайындалуда,
олар – көлік жөндеу және пайдалану механигі, тігінші, сылақшы-
сыршы және газбен дәнекерлеуші. Еңбекпен қамту бөлімінің
сұранымына және хабарландыруларға қарасақ бүгінгі таңда
Теміртауға дәл осындай мамандықтар ауадай қажет.
бойы өнерге, мәдениеттің сансаласына
тәрбиеленеді, еліміздің мерекелерінің бір
дебірі бос кетпейді. Концерттік шаралар
бәрінің де сүйікті ісі. Жуырда ғана осы оқу
орнындағы тілдер күніне байланысты өткен
мерекеге қатысып, оны қызықтаған сәтте
осындай тоқтамға келдік. Колледждің кең
де жарық мәдениет залының сахнасы тілдер
күнінің мазмұнына орай безендірілген.
Ұлы Абайдан бастап халқымыздың айту
лы азаматтарының ана тілі туралы айтқан
ұлағатты сөздері көркем жазып ілінген.
Мерекелік шараны колледж оқушысы Жан
дос Аязбаев «Қазақстан» әнімен баста
ды, ал Әнуарбек Сартаев ана тілі туралы
жыр маржанын төкті. Айдос Ибадуллаев
шырқаған лирикалық ән тіпті желпіндірді.
«Тілден терең теңіз жоқ», «Ана тілім,
сені егер білмесем, елдің бетіне қалай»
қараймын деген мазмұндағы жырлардың
қайқайсысы болса да залда толып отырған
жасөспірімдердің жүрегіне жол тауып бәрі
де қайтақайта қошеметтеп қол соғумен
болды. Бір айта кетерлігі сахнаға шыққан
өнерпаздардың әрқайсысы бірбір ұлттың
өкілі бейнесіне еніп, алдыңғы қатарда
отырған ақсақалдарға ұлттық тағамдарды
ұсынып және сол ұлттың әні мен биін орын
дап елді риза етті. Таланттар қай жерде бол
масын жарып шығады емес пе, сахнаға, үнді,
өзбек халықтарының биін билеп шыққан
Ләззат Сатжол, Ұлбосын Бердібекова сынды
оқушы қыздардың өнері көрермендерді таң
қалдырды, олар бір кәсіби өнерпаздардай
мың бұралған сәтте би құдіретіне тамсана
қол соқты бәрі. Сондайақ қазақ халқының
қыз баланы қалыңдық ретінде дайындау,
болашақ күйеуіне ұзату сәттері көрсетілген
ұлттық дәстүрлер көрінісі де көпшіліктің
көңілінен шықты. Сөйтіп бұл күні колледж
ғимаратын қазақ әндерімен қоса неміс,
үнді, татар, өзбек халықтарының әуендері
кернеп, халықтар достығын, татулықты,
туысқандықты паш етті.
– Колледжде он бестен аса ұлттың
өкілдері білім алуда, бәрі тату, бір кісінің
баласындай. Елбасының тапсырмасы
мен үш тілді қатарынан жүргізіп келеміз.
Біз дің оқушылар қазақ, орыс, ағылшын
тілдерін жақсы меңгерген. Мәселен, қазақ
оқушыларының бәрі орыс, ағылшын тіл
дер інде сөйлесе, орыстардың арасын
да қазақша ағып тұрғандары баршылық.
Бола шақ дәнекерлеуші Максим Чемёр
кин сөйлегенде қазақтан бірде кем емес,
– дейді Салтанат Тоқабайқызы. Колледж
оқушыларының өнеріне осы шараға
құрметті қонақ ретінде шақырылған қала
дағы этномәдени орталықтары жетек
шілері де риза болып алғыстарын білдірді.
Мәселен, азірбайжан этномәдени орта лы
ғы ның өкілі Ширван Абишов:
– Оқушылардың тек қазақ, орыс тіл
дері мен шектелмей ағылшынды да игеруі,
бүгінгі шараның үш тілде өтуі маған өте
ұнады, бірақ біз Қазақстанда тұрғандықтан
қазақшаны – мемлекеттік тілді еркін білуге
міндеттіміз, жастар осыны әрдайым есте
ұстауы керек десе, ардагер ұстаз Бірлікбай
Ордабаев қаламыздың танымал ақыны
Қасым Ботановтың:
Намысқа шапсаң бүйірден тіліп,
Қылышқа қарсы шүйілген тілім.
Әділін айтқан бидің сөзіне,
Ханның да басы иілгентұғын, – деп
келетін жырын оқып, балаларды туған
Отан ның нағыз патриоттары болуға, ана
тілді ұлықтап, өзге тілді үйренуге үндеді.
Ән мен жырмен апталған тілдер күні
мерекесі өте қызықты ісшаралардың бірі
болып жиналғандардың көңілінде сақталып
қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |