Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі23,51 Kb.
#114212
  1   2   3   4

Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі

Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады.


Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.
Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым - қатынас. Дұрыс тыңдап білмеу .Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті. Сәтсіз.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.
Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.
Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі:
Топ мүшелерінің көп болуы
Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы.
Бір топтың шуылының екінші топқа әсері.
Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі
Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы
Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады.
Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы
Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан жоғары тұруы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет