Бизнес және кәсіпкерлік негіздері



бет1/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы


Маханов Т.Ш.


Бизнес және кәсіпкерлік негіздері
пәнінен
дәрістер жинағы

7М01406 – Кәсіптік оқыту педагогін даярлау
магистранттарына арналған

Оқу формасы: Күндізгі

Шымкент 2021

Құрастырған: Маханов Т.Ш. –п.ғ.к., аға оқытушы


«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен әзірленген дәрістер жинағы 7М01406 – Кәсіптік оқыту педагогін даярлау магистранттарына арналған.


Дәрістер жинағы 7М01406 – Кәсіптік оқыту педагогін даярлау магистранттарына «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәнінің білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды. Кәсіптік салада бизнестің және кәсіпкерліктің жалпы теориялық негіздері, анықтамалар мен терминдер, кәсіпкерлік мотивтері, әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, инновациялық кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерліктің жұмысын критералды бағалау, кәсіпкерліктің жағдайларын талдау, мемлекеттік қолдау, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес көрсеткіштері қарастырылады. Жаңа идеялармен сипатталатын бизнес пен кәсіпкерліктің негіздері, әрі қарай оқуды дербес жалғастыруға жаңа серпін береді.



Дәрістер жинағы
Кафедра мәжілісінде тақыланды
Хаттама № «____» ________2021
Кафедра меңгерушісі Узахова А.С.


Кіріспе

«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен 7М01406 – Кәсіптік оқыту педагогін даярлау магистранттарына арналған білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес әзірленген.


Осы дәрістер жинағында мазмұнында білім алуына заманауи экономикалық жүйелердің құрылымы мен толықтай экономикалық кешенді түсінік бере алады. Қоғамдық және жеке фирмалардың маңызды мәселелерін шешуде, мемлекеттік реттеу әдістері мен заманауи нарықтық механизмдердің кемшіліктер мен мүмкіншіліктер ажырата алады.
Дидактикалық материалдың барлығы әр түрлі мемлекетте болып жатқан экономикалық мәселелерді салыстырмалы түрде, Қазақстандағы заманауи трансформациялық экономиканың мәселелерін көрсете отырып, мемлекеттің осы кездескен қиыншылықтардан қалай шыққандығын сараптап көрсетеді.
Алынған теориялық білімдерді бекітетін тәжірибелік cеминарлық ) сабақтар білім алушылардың оқытылатын тақырыптар шеңберінде жобаларды басқарудың нақты мәселелерін шешудің дағдысын иемденуді қарастырады.
Осы пәнді оқып-үйренудің нәтижесінде білім алушылар келесілерді білуі қажет:
Кәсіптік салада бизнестің және кәсіпкерліктің жалпы теориялық негіздері, анықтамалар мен терминдер, кәсіпкерлік мотивтері, әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, инновациялық кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерліктің жұмысын критералды бағалау, кәсіпкерліктің жағдайларын талдау, мемлекеттік қолдау, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес көрсеткіштері қарастырылады. Жаңа идеялармен сипатталатын бизнес пен кәсіпкерліктің негіздері, әрі қарай оқуды дербес жалғастыруға жаңа серпін береді.
Сонымен қатар Қазақстандағы экономикалық реформалардың барысы мен өзекті мәселелері, нарықтың құрылуы, жекеменшік қатынастары, өндіріс құрылымы, экономиканың басқару жүйесінің жетілдіру жолдары, мемлекеттің « жасыл экономикаға » көшуі тақырыптарына рефераттар дайындау.
Ұсынылған оқу материалының мазмұнын және ерекшеліктерін ала отырып, келесі оқу әдістері ұсынылады: ой-талқы, шағын топтарда жұмыс, рөлдік және іскерлік ойындар, нақты жағдайларда талдау.
Болашақ магистрлер кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқылары бар:

  • кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге арналған циклдар мен пәндер үшін жалпы оқу уақытын сақтай отырып оқу уақытының көлемін. 25% өзгертуге;

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен );

  • оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.

Жұмыс берушілердің талаптары мен жергілікті жағдайларға, мамандығына байланысты, аймақтық компонентін енгізу арқылы, бөлімдер мен тақырыптар тізімін тереңдету жәнекеңейту мақсатында өзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет