Бүйректің қызметтері: 1. Организмнің ішкі ортасын қалыпты жағдайда ұстап тұрады.
2. Организмнен шлактардың шығарылуына әсер етеді.
3. Су-электролиттік балансты қалыпты жағдайда ұстап тұрады.
4. Қышқыл-негіз тепе-теңдігін қалыпты жағдайда ұстауға қатысады.
5. Организмнің осмос қысымын реттейді.
6. Тамыр тонусына әсер ететін заттардың секрециясын және синтезін реттейді.
7. Қанның түзілуіне және қанның ұю жүйесіне (эритропоэтин) әсер етеді.
8. Негізгі қызметі-зәр түзу.
28.11.2015ж
Фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау
Зәрдің түзілуі Зәр бүйректе үздіксіз түзіледі. Нағыз зәр, жинағыш түтікшелермен бүйрек астаушысына құйылады да, ол жиырылғанда зәрағарға өтеді. Зәрағардың толқынды жиырылуы нәтижесінде, секундына 2-3 см жылдамдықпен жылжып, зәр қуыққа жиналады.
Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болады. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Зәрдің түзілуі Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.
Нефрон түрлері Қыртыс нефроны
Юкстамедуллярлы нефрон
Бүйректе зәр түзуші нефрондармен қатар бозғылт затта орын тепкен ерекше нефрондар да болады. Олардың шумақтары қыртыстық қабат пен бозғылт зат шекарасында (кортико-медулярлық аймақта) жатады, ал нефрон ілгегі бүйрек астаушасына іргелес орналасады. Мұндай нефрондарды юкстагломерулярлық нефрон деп атайды. Юкстагломерулярлық аймақтағы нефрон шумағы ірірек келеді. Олардың қанды әкелуші және әкетуші тамырларының арнасы бірдей болады да, түтікшелер маңында капилляр торын құрмай, шумақтардан тікелей еміздікшелерге баратын қатар-қатар майда артерия тамырларына айналады. Бұл тамырлар бозғылт қабатқа дейін бойлай тарап, қыртыстық қабатқа кері оралады да, капиллярларға тарамданбай ұсақ веналармен тікелей жалғасып, доғалық веналар құрады. Бүйрекке келген қанның 80 пайызы қыртыстық шумақтар, ал 20 пайызы юкстагломерулярлық шумақтар арқылы өтеді.
https://www.youtube.com/watch?v=7WWOong6Lb4 Юкстагломерулярлық аймақта әрбір 100 шумақтың 12-15 шумағында қанды әкелуші және әкетуші артериялар шумаққа енер не шығар жерде невромиоэпителиальды торшалар кешенімен жанасады да, юкстагломерулярлык, аппарат (ЮГА) деген құрылым түзеді. Бұл құрылым нефронның екінші қатарлы иірімді түтікшелеріне жанаса орналасады. Осы ЮГА ренин гормонын түзеді. ЮГА торшаларында түзілетін заттар альдостеронның бөлінуін күшейтіп, нефрон түтікшелерінің соңғы бөлімдерінде натрий иондарының кері сіңірілуін жандандырады. Бүйректің бозғылт затының аралық (интерстициялық) торшаларында ЮГА өнімдерінің антагонисі болып табылатын простаглаңдиндер бөлінеді. Олар антигипертензиялық әсер етіп, электролиттер мен судың алмасуын реттейді.
ЮГА-ның қызметтері:
1. зәрдің түзілуі.
2. қан қысымын реттейді. Қолқа қысымы 50-40 мм сына бағанасына тең болған жағдайда бүйрек денешігінде фильтрация қысқартылады (анурия өледі).
3. Жоғары қысымды ұстап тұрады, ренинді түзеді, ол филтраця стадиясын реттейді.
4. Эндокринді қызмет-ренин мен эритропоэтин гормондарын бөледі.