БҚму хабаршы №4-2016ж


Экологиялық білім мен тәрбие берудің әдістемелік жүйесінің моделі



Pdf көрінісі
бет2/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Экологиялық білім мен тәрбие берудің әдістемелік жүйесінің моделі 
Педагогикалық 
негізқдері 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
10 
Экологиялық білім мен ұғымды тексеру тапсырмалары төмендегідей бағыттарда 
жүргізілді: 
  1.  Ғылыми-техникалық  прогресстің  негізгі  бағыттарына  байланысты  қазіргі 
өндірісте, шаруашылықта кездесетін экологиялық мәселелерді қарастыру; 
  2.  Оқушыларды  қазіргі  техникадағы  экологиялық  құбылыстар  мен  ұғымдар, 
заңдылықтармен таныстыру;   
  3.  Техникалық  және  технологиялық  құрылғылардың  құрылысы  мен  жұмыс 
істеу принципін түсіндіру.   
  Оқушылардың білімді меңгеру коэффициентінен басқа  эксперименттік  оқуда 
статистикалық әдіс χ
2
  (Хи-квадрат) пайдаланылады. 
Нәтижелерді 
өңдеу 
эксперименттік 
және 
бақылау 
сыныптарындағы 
оқушылардың  экологиялық  білім  деңгейлерін  салыстыру  арқылы  жүргізіледі. 
Экологиялық  білім  мен  ұғымды  деңгейлер  бойынша  анықтау  үш  бағытта:  төмен, 
орташа және жоғары  жүргізілді [8]. 
Эксперименттік сыныпта ұсынылған әдістемелік жүйені сынақтан өткізуде жаңа 
әдіс-тәсілдер қолданылды. Эксперименттік сыныптарға электростатика, тұрақты электр 
тогы,  әр  түрлі  ортадағы  электр  тогы,  магнит  өрісі  бөлімдерінен  іріктелініп  алынған 
экологиялық мазмұндағы тапсырмалар мен  оқу  материалдары берілді.  Осы    бөлімдер 
бойынша жүргізілген эксперимент нәтижелерін төмендегі 4 суреттен көреміз:
 
 
1
2
3
4
0
10
20
30
40
50
60
70
80
Эксперименттік сыныптар
бойынша дұрыс жауаптар саны,
%
Бақылау сыныптары бойынша
дұрыс жауаптар саны, %
 
4 сурет – Эксперименттік жұмыстар жүргізілгеннен кейінгі оқушылардың 
экологиялық білім деңгейлері 
 
Деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  оқушылардың  алған  білім 
дәрежелері  анықталды.  Эксперименттік  және  бақылау  сыныптарындағы    деңгейлік 
тапсырмалар бойынша оқушылардың білім көрсеткіші: 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
11 
38
48
14
47
46
7
0
5
10
15
20
25
30
35
40
45
50
Эксперименттік 
Бақылау 
 
5 сурет – Эксперименттік жұмыстар жүргізілгеннен кейінгі оқушылардың 
экологиялық білім деңгейлері 
Педагогикалық  эксперимент  нәтижесі  біз  ұсынған  дидактикалық  жүйені 
қолданған  уақытта  эксперименттік  сыныпта  экологиялық  білім  мен  іскерліктің 
деңгейі  шамамен  орта  есеппен  17  пайызға  артқаны  байқалды,  яғни  ғылыми  болжам 
эксперименттік оқу нәтижесі арқылы дәлелденді. 
Жалпы  білім    беретін  орта  мектепте  физиканы    оқыту    үдерісінде  
экологиялық    білім  мен    тәрбиенің    мазмұны      және  жүйесі    анықталып,    қазіргі 
заманғы  өндіріс  жағдайында    физикадан  экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудегі  
жаңа  оқу-әдістемелік  жүйесінің  моделі    жасалды.  Ғылыми  –  техникалық  прогрестің 
басты    бағыттарының    физикалық      негіздерін      оқыту    үдерісінде  оқушылардың 
экологиялық  білімі  мен  тәрбиені    жетілдіру  мәселесінде      әдістемелік    кешен  
дайындалып, педагогикалық эксперименттің нәтижесі көрсетілді.  
 
Әдебиеттер: 
1.  Бугаев  А.И.  Методика  преподавания  физики  в  средней  школе.  –  М.: 
Просвещение, 1981. – 288 с. 
2. Глазунов А.Т. Техника в курсе физики средней школы. – М.: Просвещение, 
1977. – 159 с. 
3. Физика и научно-технический прогресс / Под. ред. В.Г. Разумовского, В.А. 
Фабриканта, А.Т. Глазунова. – М.: Просвещение, 1980. – 159 с. 
4.  Шут  Н.И.  Электрика  и  магнетизм:  Навч.-метод.  Посібник  для 
самост.работы. НПУ ім. М.П. Драгоманова. – Киів. – 2002. – 236 с. 
5.  Турдикулов  Э.А.  Экологическое  образование  и  воспитание  учащихся  в 
процессе обучения физике. – М.: Просвещение, 1988. – 126 с.  
6.  Имашев  Г.И.  Развитие  знаний  в  курсе  физики.  –  Palmary:  Academic 
Publishing, 2012. – 232 с.  
7.  Имашев  Г.И.  Политехническое  образование учащихся  в  процессе 
обучения    физике  в  средней общеобразовательной  школе:  монография.  –  Атырау, 
2006. – 421 с. 
8. Imashev  G.  Innovative  approaches  in development  of  polytechnic  education  in 
the  process  of  educating  to  physics  at  high  school.  –  Atyrau:  ATGU  the  name  of  Õ. 
Dosmukhamedova, 2011. – 150 p. 
*** 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
12 
Имашев Г., Губашева А.О. 
Развитие экологических знаний и умений в процессе обучения физике 
В  статье  рассматриваются  концептуальные  основы,  модели  и  методы 
совершенствования  экологических  знаний  в  процессе  обучения  физике  в 
общеобразовательной школе. 
Ключевые  слова:    экологические  знания,  физика,  научно–технический 
прогресс, модель, электродинамика, методы обучения, эксперимент. 
 
Imashev G., Gubasheva A.O. 
Development of ecological knowledge and skills in Physics educating process 
In the articleare considered conceptual bases, models and methods of perfection of 
ecological knowledge  in the process of educating Physics at general school. 
Keywords:  Ecological  knowledge,  Physics,  scientific  and  technical  progress, 
model, electrodynamics, methods of educating, experiment. 
 
*** 
 
ӘОЖ 373.3 
 
Мұханбетжанова Ә.М. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,      
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Мұханбетжанова А.У. – педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
E-mail: pedagogika_@mail.ru 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  бастауыш  білім  берудің  мазмұнын  құрудың    теориясы 
мен  тәжірибесіне  терең  талдау  жасалып,  оны  жаңартудың    педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктері қазіргі көзқарастар тұрғысынан  қарастырылған. 
Тірек  сөздер:  Парадигма,  білім  беру  мазмұны,  жаңарту,  12  жылдық  білім 
беру,  функционалдық  сауаттылық,  дамыту,  әлеуметтік  тәжірибе,  интеграция, 
құзыреттілік, стандарт, жеке тәжірибе. 
 
Ақпараттық  кеңістікті  кеңейту  және  әлемдік  қоғамдастыққа  кіру  жағдайында 
адамзат  ресурстарының  қалыптасуындағы  білім  беру  рөлінің  өсуі  еліміздің 
әлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейінің  өлшемдері  ретінде  мектептің  білім  беру 
жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлау үшін маңызды.  
Бүгінгі 
күні 
білім 
беру 
саласы 
«Қазақстан-2050» 
ұзақ 
мерзімді 
Стратегиясының  маңызды  басым  бағыттарының  бірі  болып  танылды.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  республиканы  әлемдегі  бәсекеге 
қабілетті  30  елдің  қатарына  кіргізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Бұл  мәселені 
жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.  
«100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберіндегі бес институционалдық реформа 
бойынша білім беру саласында 12 жылдық білім беруді ендіру және функционалдық 
сауаттылықты  дамыту  үшін  мектепте  білім  берудің  стандартын  жаңарту 
жоспарланған.  Осы  тұрғыдан  білім  мазмұнын  жаңарту  ұлт  болашағының  кепілі 
ретінде қарастырылуда [1, 5 б.].  
Осыған орай, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің 
бірі білім берудің мазмұнын жаңарту болып отыр. Бүгінгі күн талаптарына сай жаңа 
білім  беру  оқушыларға  тек  белгілі  бір  білім,  іскерлік,  дағдылар  жиынтығын 
меңгертіп  қана  қоймай,  оқушы  тұлғасын  дамытуға,  өмірлік  проблемаларды  өз 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
13 
бетімен және тиімді  шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-
өзі  жүзеге  асыруына  мүмкіндік  беретін    білімділік,  тәжірибе  және  әмбебап  қабілеттердің 
жиынтығын меңгертуге бағытталуы тиіс [2, 3 б.]. 
Қазақстандық  білім  беру  саласына  белгілі  бағыт  берілді,  бұл  ізгіліктік, 
тұлғалық,  тұлғалық-бағдарлы,  іс-әрекеттік,  құзыреттілік    тұрғылыр  негізінде  білім 
беру.  Оның  басты  мақсаты  –  оқушының  өз  тұлғалық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру 
үшін  барлық  жағдайды  тудыру.  Мектепте  әрбір  бала  қайталанбайтын,  ешкімге 
ұқсамайтын  даралық  ретінде  қалыптасуы  тиіс.  Мектептің  негізгі  міндеті  –  баланың 
даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру. Бұл білім 
беру мазмұнына өзгеріс енгізу қажеттілігінің бір көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу 
міндеті  білім  берудің  философиясы  мен  педагогика  ғылымының  парадигмалық 
өзгерісін әдіснамалық тұрғыдан терең талдау жасауға алып келеді. 
Бүгінгі  күні  әлемдік  білім  беру  үрдісінде  негізгі  білім  беру  парадигмалары 
қарастырылып,  олардың  салыстырмалы  сипаттамасы  жасалды.  Парадигмалардың 
көптүрлілігі білім беру мен мәдениеттің басты мақсатына әртүрлі тұрғылар арқылы: 
1)  құндылықтық  (аксиологиялық)  –  білім  беру  (мәдениет)  адамның  өмірінің  мәні 
ретінде қабылданады, яғни мәдениетті жасау және  оған жету; 2) іс-әрекеттік – білім 
беру  (мәдениет)  материалдық  және  рухани  құндылықтарды  жасауда  сыналған  іс-
әрекеттің әдісі ретінде  түсіндіріледі; 3) тұлғалық – білім беру (мәдениет)  белгілі бір 
тұлға  типінен  көрініс  табады.  Сондықтан  мәдениетке  деген  әртүрлі  көзқарас  білім 
беруде  әртүрлі  парадигмаларға  алғышарт    ретінде  алынады  (Т.Кун,  В.Н.  Садовский,                    
А.М. Новиков, Г.П. Щедровицкий, Е.В. Бондаревская, А.П.  Сейтешов, Ш.Т. Таубаева және 
т.б.) [3, 61 б.; 4, 64 б.; 5, 365 б.; 6, 7 б.]. 
Бұл  бағыттар  еліміздегі  білім  берудің  жаңа  мазмұнын  құрастыру  арқылы 
әлемдік білім кеңістігімен интеграцияланып, осы кеңістіктегі білім беру талаптарына жауап 
бере алатын деңгейге жеткізуді көздейді. Осыған орай, қазіргі отандық педагогикалық қоғам 
білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа мазмұнын   құрастыру, сынақтан өткізу және оны 
тәжірибеге енгізудің ауқымды міндеттерін жүзеге асыруда. 
Білім  беру  мазмұны мәселесі  педагогика  ғылымында  негізгі  болып  табылады. 
Ең алдымен мазмұны арқылы білім беру мекемесі білім беру  өмірдің сұранысы мен 
талаптарына  жауап  береді,  әртүрлі  өмірлік  сфераларда  ұрпақтардың  сабақтастығын 
қамтамасыз етеді, тұлғаның, оның дүниеге көзқарасының, әлемге және өз-өзіне деген 
адамгершілік қатынасының қалыптасуындағы рөлі зор.  
Білім  беру  мазмұны  педагогикалық  үдерістің  мәнді  жағымен  де  шартталады, 
өйткені  тұлғалық  сипаттағы  сұрақтарға  жауап  береді.  «Өзбетті  өмірге  қандай  тұлға 
енеді?», «Ол динамикалық дамып жатқан ортада өмір сүруге қабілетті ме?», «Өзінің 
және  қоғамның  қызығушылықтары  бойынша  өзін-өзі  өзектендіруге  дайын  ба?», 
«Қандай  құндылық  бағдарлардың  тасымалдаушысы  болады?»,  «Ойлары  мен 
идеялары  қаншалықты  шығармашыл  болады?»,  «Тұлға  қоғамда  қандай  өмірлік 
позицияны  ұстанады?»,  «Қоршаған  ортаға,  басқа  адамдарға  қандай  қатынасының 
көрінуімен сипатталады?».  
Білім беру мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы 
білімдері,  белгілі  іс-әрекет  тәсілдерін  орындаудағы  адамға  тән  біліктіліктер  туралы  
алынған  білімдері;  қоғам  алдында  туындайтын  жаңа  мәселелерді  шешу  тәжірибесі; 
өмір,  табиғат,  қоршаған  орта  тағы  басқалар  туралы  ойлары  көрсетілген  әлеуметтік 
тәжірибені  бейнелейді.  Кейде  адамзаттың  әлеуметтік  тәжірибесін  жалпы  адамзат 
мәдениеті деп атайды[6,34б].  
Сан  мыңдаған  даму  тарихында  адамзат  өте  көп  білім  жинақтады.  Жасөспірім 
ұрпақ  осы  білімді  игерген  кезде  ғана  өркениет  дамуы  жүзеге  асады.  Бірақ, 
жинақталған  білімнің  барлығын  адам  түгелдей  меңгере  алуы  мүмкін  емес. 
Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің орны 
ерекше.  Әлеуметтік  тәжірибе  мектептегі  білім  беру  мазмұнында  түрлі  пәндерге 
бөлініп  көрініс  табады.      Сонымен,  бiлiм  беру  мазмұнын  оқушылар  үшiн  сұрыптау 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
14 
мәселесi  И.Я.  Лернер,  В.С.  Леднев,  В.В.Краевский,  М.Ж.  Джадрина  т.б.  еңбектерде 
ашылған. Онда ғылыми бiлiмнiң пәндiк құрылымының өскелең ұрпаққа бiлiм берудiң 
пәндiк аймағына әсерi қарастырылады [7, 67 б.; 8, 43 б.; 9, 44 б.; 10, 9 б.].  
Білім  беру  мазмұны  –  педагогикалық  бейімделген  білімдердің,  іскерліктердің 
және  дағдылардың  жүйесі,  шығармашылық  іс-әрекеттің  тәжірибесі  және  дүниеге 
деген  эмоционалдық-құндылықтық  қатынас,  оларды  меңгеру  тұлғаның  дамуын 
қамтамасыз  етеді.  Жалпы  білім  берудің  мазмұны  оқушыларды  әлеуметтік,  кәсіптік 
емес  іс-әрекетке  қатынасуын  қамтамасыз  етеді.  Әрбір  индивидтің  дүниеге  деген 
қатынасын  ондағы  өз  орнын  анықтауды  азаматтық  позициясын  шарттандыратын 
дүниеге көзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.  
Білім  мазмұнының  қайнар  көзі  –  материалдық  және  рухани  мәдениетте 
бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 
элементті  енгізеді:  білім  /олардың  түрлерінің  жиынтығы  индивидте  қоршаған 
шындық  туралы  жалпы  түсінік  және  қажетті  іс-әрекетте  бағытталғандығын 
анықтайды/;  іс-әрекеттің  тәсілдерін  жүзеге  асыру  тәжірибесі  /оны  меңгеру 
барысында  іскерліктер  мен  дағдылар  қалыптасады,  олардың  қызметі  жинақталған 
мәдениетті  қайта  жасап  сақтап  және  дамыту  болады,  сол  арқылы  қоғамның 
репродуктивтік  іс-әрекеті  қамтамасыз  етіледі/,  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесі 
/оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, өз іс-әрекетіне, өз-өзіне 
деген эмоционалдық-құндылықтық қатынастың тәжірибесі [9, 47 б.]. 
Педагогикада  жалпы  орта  білім  мазмұнын  қалыптастырудың  негізгі  жалпы 
әдіснамалық ұстанымдары: оқу материалының жалпы білім беру сипаты, мазмұнның 
азаматтық  және  адамгершілік  бағыттылығы,  оқу  материалының  қоғам  өзгерісіндегі 
практикамен  байланысы,  оқу  материалының  негізгі  және  жүйелік  сипаты,  оқу 
курсының  интеграциялылығы,  білім мазмұнының  ізгіліктік,  этикалық  бағыттылығы, 
оқу  материалының  дамытушылық  сипаты,  оқу  пәндерінің  өзара  байланыстылығы, 
білім мазмұнының эстетикалық аспектілері түрінде көрсетілген [9, 49 б.].                                                                               
Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасын және Білім мен ғылымды дамытудың                    2014-
2016  жылдарға  арналған  басым  бағыттарын  іске  асыру  аясында  Ы.Алтынсарин 
атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 
бірлесе  отырып  орта  білім  мазмұнын  жаңартуда  «НЗМ»          ДББҰ  тәжірибесін 
республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептеріне  жүйелі  бейімдеу  мен  тарату 
бойынша жұмыстар жүргізілуде [2, 26 б.; 11, 5 б.]. 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын  жаңарту  «өмірлік  білім 
алу»  тұжырымдамасынан  «өмір  бойы  білім  алу»  тұжырымдамасына  қарай  өтуге; 
білімді үнсіз тыңдаудан ынталылыққа, білімнен құзыреттілікке бағытталған. 
Бүгінгі  таңда  «Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпығы  міндетті 
стандарты»  әзірленіп,  ҚР  Үкіметінің  2015  жылғы  25  сәуірдегі  №327  қаулысымен 
бекітілген  [12,  3  б.].  ББ  МЖМС-ның  инновациялық  сипаты  оның  тек  білімді 
меңгертуден алған білімді өмірде қолдана алу парадигмасына ауысуымен танылады. 
Оның  түп  мәні  оқытудың  мақсаттары  кең  ауқымды  дағдыларды  қалыптастыру 
арқылы  оқытудың  нәтижесіне  қарай  бағытталуында.  ББ  МЖМС  негізінде  «НЗМ» 
ДББҰ  жаңашыл  тәжірибелерін  есепке  алумен  бастауыш  білім  берудің  жаңартылған 
үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленген. 
ББ 
МЖМС 
тұжырымдамалық 
негіздері 
мен 
жаңартылған 
оқу 
бағдарламаларының  мазмұндық  ерекшеліктері  ескеріле  отырып  пәнінің  оқу 
бағдарламасы  жасалып,  «Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  пилоттық  енгізіу 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2015  жылғы  3 
сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 1қыркүйектен бастап республиканың 
30 
пилоттық 
мектептерінде 
(бірінші 
сыныптарында) 
жаңартылған 
оқу 
бағдарламалары  мен  жоспарлары  апробациядан  өткізілуде.  Соңғы  жылдары 
педагогикалық  қауымдастықтың  көңілін  аударып  отырған  Назарбаев  зияткерлік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
15 
мектебінің  білім  беру  бағдарламасы  ерекше  қызығушылық  тудырып  отырғандығы  белгілі. 
Республикада  аталған  мектеп  тәжірибесін  жалпы  білім  беретін  мектептер  тәжірибесіне 
жүйелі бейімдеп тарату жұмыстары қолға алынуда.  
«Қазақстан  Республикасы  бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандартының» ерекшеліктеріне тоқталамыз [12, 9 б.]. Бұрынғы стандарттар 
оқушылардың  іргелі  білімінің  қажетті  деңгейін  қамтамасыз  еткенімен,  олардың 
білімді  өз  бетімен  ізденуге,  оны  талдап,  тиімді  қолдануға  бағытталмаған.  Бұл 
стандарттың  қолданыстағы  стандарттан  айырмашылық  ерекшеліктері  нәтижеге 
негізделген білім беру моделін құру. Басқаша айтқанда, педагогикалық мақсат қоюдың мәні 
өзгеріп отыр, өйткені мақсат оқушы үшін де, мұғалім үшін де ортақ  болып табылады. 
ББ МЖМБ тұжырымдамалық негіздері төмендегідей: 
-  қоғамның даму үрдісі мен заманауи шынайылығы көрініс табатын мектептегі 
білім берудің құндылығы, мақсаты мен міндеттері анықталған; 
-  тұлғаның  рухани  адамгершілігін  қалыптастыруға  бағытталған  тәрбиелік 
аспекті күшейтілген; 
-  қазақстандық  тұтас  ұлтты  ұйыстырушы  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясын 
қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік,  құрмет  көрсету, 
ынтымақтастық,  еңбек  пен  шығармашылық,  ашықтық,  өмір  бойы  білім  алу  тәрізді 
құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі; 
-  кең  ауқымды  дағдылар  түрінде  ұсынылатын  күтілетін  нәтижелері 
анықталған (білімін функционалдық тұрғыдан қолдану,  АКТ дағдысы, зерттеушілік, 
коммуникативік,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлауы,  топпен  және  жеке 
жұмыс жасау дағдылары); 
-  қоршаған ортаны біртұтас қабылдау үшін пәндер мен мазмұнның кіріктірілуі 
қарастырылған; 
-  пән  бағдарламалары  нақты  күтілетін  нәтижемен  қамтамасыз  етілген,  ол 
білімін практикада қолдана алуға, зерттеушілік және жобалау жұмыстарын жүргізуге 
мүмкіндік береді; 
-  білім  беру  саласында  күтілетін  нәтиже  қызметтік  әрекет,  яғни,  оқушылардың  «білуі», 
«түсінуі», «қолдануы», «талдауы», «жинақтауы», «бағалауы» арқылы көрініс табады; 
-  бастауыш  сыныптар  бағдарламасына  дұрыс  және  қауіпсіз  қолдануға 
басымдық  беріле  отырып,  ақпараттық  коммуникативтік  технологиялар  бойынша 
пәндер  енгізілген,  сонымен  қатар  ерте  жастан  қоршаған  орта  туралы  бүтін  түсінік 
қалыптастыру үшін жаратылыстану бағыты бойынша да пәндер енгізілген; 
-  үштілді білім беруді енгізу, тілді оқытуда коммуникативтік аспект күшейеді 
(тілідік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым); 
-  оқушының  дамуына,  оның  оқуға  деген  ынта  жігерін,  қызығушылығын 
арттыруға бағытталған оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Қазіргі 
заман  мектептеріне  бес  балдық  бағалау  жүйесі  бағаның  шынайылығын  анықтауға 
мүмкіндік бермейді. 
ББ  МЖМС  негізінде  «НЗМ»  ДББҰ  жаңашыл  тәжірибелерін  есепке  алумен 
бастауыш  білім  берудің  жаңартылған  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен  оқу 
бағдарламалары әзірленеді. Сонымен қатар Стандартты қолдану: 
1)  оқытудың  күтілетін  нәтижелері  түрінде  көрсетілген  бастауыш  білім  берудің 
мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға; 
2)  мемлекеттік,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  білім  беру  процесін  ұйымдастыру 
үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға; 
3)  қолданбалы  сипаттағы  міндеттерді  шешу  үшін  білім  алушылардың 
теориялық  білім  негіздерін  меңгеруі  мен  алған  білімдерін  қолдана  білуін  дамытуды  көздейтін 
бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне; 
4)  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқу  пәндері 
мазмұнының  тереңдігі  мен  күрделілігін  қамтамасыз  ететін  пәндік  білім  мен 
дағдыларды кезең-кезеңмен толықтырып отыруға; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
16 
5)  күнделікті  білім  беру  процесінің  мазмұндық  негізін  айқындайтын  білім 
берудің  құндылықтары  мен  оқытудан  күтілетін  нәтижелер  жүйесінің  өзара 
байланыстылығы  мен  өзара  шарттылығына  негізделген  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
бірлігі қағидатын іске асыруға; 
6)  балалардың  денсаулығын  сақтауды  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ  білім 
алушылардың  ерекше  білімге  деген  қажеттіліктері  мен  қосымша  білім  беру 
қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға; 
7)  орта  білім  беру  ұйымдарының  типтері  мен  түрлерінің  әртүрлілігі 
жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге; 
8) білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға; 
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін 
объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған [13, 18 б.]. 
Білім  беру  стандарттарын  құру  –  жоспарланатын  білім  беру  мазмұнының 
бөлігін  құру  болып  табылады.  Бұл  үдеріс  нормативті  -  әдістемелік  білімді  құру 
кезеңінде  аяқталады.  Қазіргі  көзқарастар  бойынша  стандарттар  білім  беру 
мазмұнына,  білім  беру  үдерісінің  соңғы  нәтижесіне  бағытталуы  керек,  яғни  мазмұн 
оқушының жеке жетістігіне айналуы керек.  
Стандарттау  –  бұл  оқушы  тұлғасының  құрылымы  деңгейіндегі  білім  беру 
мазмұнының  нормативтік  өзгеруінің  тәсілі.  Білім  стандарттары  мәндерінің  бірі  – 
мақсатқа  жету  диагностикасы.  Білім  берудің  жалпы  мақсатына  сәйкес  оған  жетудің 
кіріктірілген  көрсеткіші  білімділік  болып  табылады.  Білімділік  –  адамда  әлеуметтік 
тәжірибенің жекеге ауысуы үдерісінде қалыптасатын тұлғалық сапасы [14, 7 б.; 15, 78 б.]. 
Классикалық  дидактикада  бұрыннан  белгілі  болғанымен  жаңа  мазмұнды 
жобалауда спиральдік (шиыршық) қағидасы қолданылған. Бұл қағида бойынша білім 
алушы  бастауыш  мектептегі  білімді  алу  барысында  тақырыптар  мен  ұғымдарды 
бірнеше  рет  қайталайды,  ал  әрбір  қайталау  барысында  оның  мазмұны  күрделілене 
түседі. Пәнаралық интеграция мен ортақ тақырыптар арқылы білім алу осы қағидаға 
негізделген.  Оқу  пәні  бойынша  мазмұнды  жобалаудың  ұстанымдары  өзгерді: 
сызықтық  ұстаным  спиральдік  (шиыршық)  ұстанымына  алмасты,  яғни  білім  мен 
біліктің  бірте-бірте  тігінен  және  көлденеңінен  (сынып,  тақырып  бойынша 
дағдылардың  күрделенуі)  ұлғайтылуы.  Осыған  байланысты,  оқу  бағдарламасы 
мазмұнының  құрылымына  негіз  болған  спиральдік  ұстаным  негізге  алынып  отыр. 
Меңгерілетін  оқу  материалының,  құрылымының,  сынып  және  тоқсан  бойынша  ұсынылған  
пәнаралық «ортақ тақырыптардың» спиральдік ұстанымы бойынша беріледі. 
Бастауыш мектеп  оқушыларын айналамен таныстырудағы алғашқы түсініктер 
баланы  қоршаған  заттар  мен  құбылыстардан  алынған:  сынып,  мектеп,  мектеп 
ұжымы, мектепте жүру ережелері, оқушылардың міндеттері мен құқықтары және т.б. 
Осыған сай, оқу  бағдарламасының оқу мақсаттары бастауыш мектеп оқушыларының 
айналасындағы дүниеден алынады [16, 3 б.]. 
Білім  стандарттарының  жалпыпәндік  мазмұнының  негізгі  элементтерін 
қарастырайық.  Білім  мазмұны  жоғарыда  айтылғандай,  оқушылардың  өзіндік  іс- 
әрекеттерде  меңгеретін  педагогикалық  бейімделген  әлеуметтік  тәжірибе  ретінде 
көрінеді.  Танымдық,  репродуктивтік,  шығармашылық  іс-әрекет  пен  эмоционалды  – 
құндылықтық  қатынастарды  жүзеге  асыру  тәжірибесі    оқытылатын  шындыққа, 
табиғатқа,  мәдениетке,  техникаға,  әлеуметтік  коммуникациялар  мен  басқа  да  білім 
аймақтарындағы  шынайы  нысандарға  қатысты  сәйкес  іс-әрекет  тәсілдерін  қолдану 
жолымен іске асырылуы керек [15, 98 б.]. 
Педагог  оқушыларға  әр  түрлі  іс-әрекет  түрлерін  меңгеруді  ұсынуы  керек: 
эмоционалдық-бейнелік,  логикалық  және  т.б.  Егер  іс-әрекеттің    түрлері  әрбір  бала 
үшін дара есепке алса, бұл түрде балаларды оқытуда белгілі бір білім беру нысанын 
таңдаған  жөн.  Бұндай  жағдайда    барлық  оқушыларға  тек  бір  ғана  білім  беру 
траекториясы қамтамасыз етілмейді, берілген стандарттың ерекшеліктерінің көлемін 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
17 
меңгерту,  ал  жеке  траектория  оқушыларды  жекелік  дамуда  білім  беруге    әкелуде 
айырмашылығы  көлемі қандай мазмұны да соған сәйкес болып келеді. 
Жалпы  мәдениеттің  мазмұнына    адамзатпен  шешілетін  іргелі  мәселелерін, 
негізгі мақсатқа жету үшін жалпы орта білім беру мазмұнымен  көрінетін әлеуметтік 
тәжірибемен шартталған негізгі ұстанымдар, мәндер және басқа компоненттерді біріктіреді. 
Олар  шынайы  білім  беру  нысандары  және  жалпы  мәдени  білімдері  ереже  бойынша 
сыныптарға және бөлек пәндерге бөлінбейді [15, 56 б.].    
Бастауыш  деңгей  –  білім  берудің  оқушы  бойында  тұлғалық  ерекшеліктерінің 
қалыптасуы қуатты жүретін, жоғары буындармен сабақтаса дамитын және кез келген 
арнайы  білім  алудың  негізі  қаланатын  құнды  буыны.  Сондықтан  білім  беру 
мазмұнын жобалау барысында бастауыш сынып  оқушыларының әлеуметтік-мәдени, 
биологиялық,  психологиялық,  педагогикалық  ерекшеліктері  мен  белгілерін  басты 
назарда  ұстаған  дұрыс.  Л.Выготский,  Н.Талызина,  т.б.  зерттеулері  бойынша 
мектептің  бастауыш  сатысында  оқушылардың  зейін,  қабылдау,  есте  сақтау  және  
елестету,  армандау  және  талдау,  жинақтау,  жалпылау,  салыстыру  сияқты  ойлау 
операциялары  қалыптасады.  Сонымен  қатар,  іс-әрекетті  жоспарлау,  бақылау,  бағалау, 
қорытынды шығару, өз пікірін айту, т.с.с. қабілеттері байқала бастайды [17, 38 б.; 18, 153 б.].  
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін  төмендегідей  сипаттауға  болады:  нысандар,  құбылыстар  мен 
жағдаяттардың    қатынастарын  және  сапаларын  қабылдауы  жеткілікті  дамыған; 
бұрынғы тәжірибесін жаңа қабылдағанымен салыстыруға қабілетті; көп деңгейлі, көп 
факторлы  нысандар,  құбылыстар  мен  жағдайлардың  арасындағы  байланыстарға  сай 
логикалық  ойлау  мүмкіндігіне  ие,  өзінің  ойын  байланыстырып  жеткізе  алады. 
Осылайша  бастауыш  сынып  оқушыларының    танымдық  психикалық  және  тұлғалық 
сапалары  жаңартылған  білім  мазмұнын  меңгеруіне  мүмкіндік  береді  деген 
тұжырымға келеміз. 
Тұлғаның  білім  беру  мазмұнын  игеруі,  ғылыми  көзқарасы  оның  дамуының 
жоғары  деңгейін  көрсетеді.  Әйткенмен,  тек  дүниетанымдық  білімдерді  игеру  тұлғаның 
көзқарасының тұрақтылығымен қамтамасыз етілмейді. Қандай да болмасын білімнің ішкі 
терең  сенімділігі  қажет.  Бұл  сенімнің  мәні  тек  білімде  емес,  сонымен  қатар  ішкі 
қажеттілікте, яғни не істеу керектігі мен әрекет етуінде болып табылады. 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бастауыш  сынып  оқушысының  жеке 
тұлғалық  қасиеттерін,  қызығушылықтарын  арттырып,  алған  білімін  өмірде  қолдану 
икемділігін,    құзыреттіліктерін  қалыптастыруды  көздейді,  сондықтан  білім 
мазмұнының  іс-әрекеттік  құраушысы  негізгі  білім  беру  әдістерінің  бірі  ретінде 
анықталып  отыр.  Себебі,  оқушының  бойында  байқалған  оқу  іскерліктері  іс-әрекет 
арқылы 
дамиды.  Іс-әрекеттік 
тұрғыда 
білім 
беру 
оқушының 
әлеуеттік 
мүмкіндіктерін  (қызығушылық,  қабілет,  басқа  тұлғалық  ерекшеліктер)  есепке  алу  мен 
дамытуға  бағдарланатын  тұлғалық-бағдарлы  білім  берумен  тығыз  байланысты,  өйткені, 
тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінен адами құндылықтарға бағытталады [19, 214 б.]. 
Жоғарыдағы  пікірлерді  талдау  негізінде  білім  беру  мазмұнының  іс-әрекеттік 
құраушысы,  білім  мазмұнында  оның  танымдық  және  іс-әрекеттік  құраушыларының 
арақатынасы мәселелері қарастырылды. 
Бастауыш  білім  беру  теориясындағы  жаңа  тұрғылардың  қалыптасуы,  ең 
бастысы  бастуыш  оқытудың  жаңа  мамұнын  жобалау  қажеттілігімен  көрініп  отыр. 
Жаңа  оқу  бағдарламалары  проблемалық  ойлаудың  дамуына,  педагогикалық 
интеграцияның,  кіші  мектеп  жасындағы  оқушының  жан-жақты  дамуына,  даралауға, 
дифференциациялануға,  әрдеңгейде  оқуға,  интеллектуалды  сферасының  дамуына, 
ақыл-ойының жекелей түрде дамуының шарттарын ұйымдастырумен негізделеді. Бұл 
барлық  жалпы  психикалық  даму  заңдылықтарын,  бастауыш  мектеп  оқушыларының 
интеллектуалды даму сферасын ескереді. Таным  жас ерекшелігіне сай даму көптеген 
зерттеулерде  (Ж.Пиаже,  Л.В.  Выготский,  Г.А.  Леонтьев,  В.В.  Давыдов,  Д.Б. 
Эльконин,  Н.Ф.  Талызина  және  т.б.)  орын  алады.  Мұнда  6  жасар  баланың 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
18 
сипаттамасы  ұсынылған.  Жоғары  эмоционалды,  еліктеушілік,  қоршаған  ортаны  тануға 
бағыттылық,  ересек  адамдар  мен  құрдастарына  әсеріне  сезімшілдік.  Бұл  кезеңде  6  жасар 
баланың психикасында әр түрлі «ажыраулар» болады, яғни бала сапалы білімді қалай алады: 
ол  ойын  барысында  немесе  оқуда  дамиды  және  әлеуметтік  тәрбиелеу  шарттары  мен  жеке 
ерекшеліктеріне сай дамиды [20, 79 б.; 17, 154 б.; 18, 97 б.].  
«Жеке  тәжірибеге»  сүйену  оқушылардың  жаңа  білім  мазмұнының  құрылуына 
негіз  бола  алады.  Алты  жасар  баланың  «жеке  тәжірибесі»  оның  жақын 
айналасындағылар  туралы  көзқарасынан  тұрады:  отбасы,  тұратын  жері,  дене 
бөліктері, денсаулық және адам іс-әрекеті, жануарлар мен өсімдіктер туралы. Ал, бұл 
дегеніміз  оқу  курсының  мазмұны  осыған  байланысты  басталуы  керек  жақыннан-алысқа 
қағидасына  сәйкес  білімнің  мазмұны  баланың  әлеуметтік  тәжірибесіне  сай  енгізіледі.  Егер 
баланың  оқу  пәні  оның  күнделікті  жанасатын  нысандар  мен  субъектілер  және  құбылыстар 
болса, онда баланың мектепке бейімделуі сәтті болады [23,75б].  
Бастауыш білім беруде жүзеге асырылатын білімдік үдерістің негізгі мақсаттары: 
-  отбасында  және  мектепке  дейінгі  мекемеде  басталған  бала  тұлғасын  жан-
жақты дамытуды жалғастыруға жағдай жасау;  
-  оқушыларда қоршаған ортаның біртұтас бейнесін бірізді қалыптастыру; 
-  негізгі  мектепте  қоғамдық-гуманитарлық  курстарды  одан  әрі  жетістікпен 
зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық базаны қалыптастыру;  
-  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасаудың  адамгершілік-этикалық  және 
қауіпсіздік нормаларын қалыптастыру. 
Оқу  бағдарламасының  негізгі  реттеуші  функцияларының  бірі  –  мұғалімнің 
ұйымдастырушылық-әдістемелік  тұлғасы  мен  бастауыш  мектеп  оқушысының  оқу 
қызметін  қалыптастыру  болып  есептеледі.  Қазіргі  кезде 
оқу 
пәндерінің 
педагогикалық  функциялары  мынадай  негізгі міндеттердің  орындалуын  талап  етеді: 
оқушының  жеке  тұлғасы  мен  шығармашылық  қабілетінің  дамуы,  оқуға  деген 
қызығушылығы 
мен 
ынтасын 
қалыптастыру, 
эстетикалық 
сезімдер 
мен 
адамгершілікке  тәрбиелеу,  өзіне  және  қоршаған  әлемге  деген  эмоционалдық 
құндылығын  ояту;  білім,  білік,  кең  ауқымды  дағдыларды  меңгерту,  әртүрлі  әрекет 
түрлерін  жүзеге  асыра  білу  мүмкіндіктері;  бала  денсаулығын  психикалық  және 
физикалық нығайту, баланың жекелігін сақтау және оған құрметпен қарау. 
Мысалы, пәндерді оқу барысында оқушылар қоршаған әлем туралы білімдерді 
танымның  әртүрлі  тәсілдерін  қолдана  отырып,  түрлі  көздерден  алады.  «Дүниетану» 
пәнінің  мазмұнында  адам,  қоғам,  табиғат  туралы  гуманитарлық  және  практикалық 
білімдер  кіріктіріледі.  Білімнің  бұл  аймақтарының  әрқайсысы  бірнеше  ғылымдардың 
білімін  біріктіреді.  Мысалы,  адам  оқушылар  алдында  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  (тұлға, 
отбасы мүшесі, ұжым мүшесі, қоғам мүшесі, азамат, жасампаз, тарихи тұлға ретінде 
қарастырылады),  бұл  негізгі  мектепте  қоғамтану,  тарих,  география  сияқты 
ғылымдарды меңгерудің негізін салуға мүмкіндік береді және оқушылардың қоғамға 
қажетті  адамгершілік  және  дүниетанымдық  көзқарастарының  қалыптаса  бастауына 
жағдай жасайды [24, 283 б.; 25, 16 б.]. 
Мұғалім  білім  беруші  ретінде  емес,  оқушының  белсенді  оқу  танымдық 
әрекетін  ұйымдастырушы  болуы  тиіс.  Бастауыш  сыныптың  білім  беру  үдерісін 
ұйымдасыруда  мұғалім  педагогика  және  психологияда  айқындалған  бастауыш 
мектеп  жасындағы  балалардың  қабылдау,  ойлау  және  шығармашылық  әрекетінің  маңызды 
жас ерекшеліктерін есепке алуы қажет. Жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау, ойлау және 
шығармашылық  әрекетін  есепке  алуда    осы  жастағы  балаларда  қайсысы  жақсы 
дамығанын(мұғалім  неге  сүйенуі  керек),  балаларда  қайсысы  нашар  дамығанын(қайсысын 
дамыту қажет) екенін білуі тиіс [26, 261 б.; 27, 240 б.].  
Бұл жастағы балаларға тән ерекшеліктер: 
-  жаңаны білуге деген өткір  құмарлық;  
-  жаңа әсерлерге деген сарқылмас  қажеттілік;  
-  ашық эмоциялар (ерекше қуану, тез ренжу,  жаны ашу,   қатты қайғыру, толғану); 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
19 
-  пайымдауды сүйеді («пәлсапалық»);  
-  жеңіл ойлап табады, қиялдайды;  
-  ойынға  тез  араласады  (дайындықпен,  қуанышпен,  қызығушылықпен), 
қозғалыс ойындарын сүйеді;   
- театрландырылған қимыл әрекетке шын ниетімен қатынасады; 
-  сурет салуды, қолдан бұйымдар жасауды, аппликацияны сүйеді;  
- бейнелік деңгейдегі (өлең, әуен, көркем бейне) әсемдік пен үйлесімділікке сезімтал;  
- зияткерлік ойлауы (ұғымдық ойлау, салыстыру, жинақтау, маңыздыны бөлу, 
қорытынды жасау);   
-    зейіннің  шоғырлануы  төмен  (оқушылардың  зейіні  шашыраңқы,  олар  ұзақ 
тыңдап отыра алмайды); 
-    мақсатқа  жетуге  еріктік  даярлығы  нашар(оқушыларда  сәтсіздік  сенімсідік 
тудырады және қызығушылығын жояды);  
-   бірсарынды жұмыстан тез шаршайды (іс-әрекетті алмастыру қажет);  
-   моделдеу және шартты белгілермен жұмыс жасау дағдысы болмайды.  
-   көркемдік-сөйлеу әрекеті, сөздік-логикалық есте сақтауы төмен;  
-  өздерінің әлеуеттік мүмкіндіктері туралы түсінігі нашар.   
Міне, бастауыш мектеп жасындағы балаларға тән осы аталған педагогикалық-
психологиялық  ерекшеліктердің  барлығын  мұғалім  оқыту  үдерісін  жаңаша 
ұйымдастыруда  есепке  алуы  тиіс.    Бұл  кеңестерді  мұғалім  оқушылардың  нақты 
жағдайына  бағдарлай  отырып  (даму  деңгейі,  қызығушылық  аймағы,  ұлттық 
ерекшелігі және т.б.) түзетулер енгізуіне мүмкіндігі бар.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет