Бөж ежелгі қазақ мәдениетінің ерекшелігі Орындаған: Мырзатай Арслан Қабылдаған: Самбетов Жанболат Тобы: жхм-211 Түркістан 2023ж Жоспар Кіріспе



Дата15.11.2023
өлшемі179,84 Kb.
#123583
Байланысты:
ZYLDNTJMEETO27102023040331


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті

БӨЖ
Ежелгі қазақ мәдениетінің ерекшелігі

Орындаған: Мырзатай Арслан
Қабылдаған: Самбетов Жанболат
Тобы: ЖХМ-211

Түркістан - 2023ж
Жоспар
Кіріспе
Қазақ мәдениетінің тарихы. Рухани мәдениеті.
Негізгі бөлім
Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері. Киіз үй.
Салт-дәстүрлер
Қолөнер туындылары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Қазақ халқының мәдениет өнерінің тарихы ежелдегі сақтардан бастау алады. Көшпелі және отырықшы халықтардың арасында қазақ мәдениеті дамып қазіргі күнге дейін жетіп отыр. Қазақтар ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Табиғатпен етене жақын көшпелілердің өзіндік рухани мəдениеті қалыптасты. Көшпелілердің салт-дəстүріндегі табиғаттың үйлесімдігін сақтау, аруаққа бас ию, сөз қадірін түсіну, ата салты, ұлағатты қағидалары рухани мəдениеттің ерекше үлгілері болып табылады. Көшпелілердің бай фальклоры, аңыз əңгімелері болды. Оларда əлем, оның құрылымы туралы күрделі түсініктер сипатталған. Ежелгі көшпелілердің дүние туралы алғашқы қарапайым түсінігі, олардың дүниетанымы анимизм түрінде болды. Жанның денеден бөлінетіні, рух, жан туралы алғашқы түсінік - анимизм еді. Адамның жер бетіндегі өмірі "бұл дүние" (фəни) деп аталынды. Ал адам өлгеннен кейінгі жер астындағы өмірі "о дүние" (бақи) делінді. Бақи дүние "мəңгілік" деп білінді.
Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді... Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі.
Қонақжайлылық - қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен. «Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі.
Қазақ еліне, тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді» айтуға болады . Тыйым сөздер – деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ қауымында «жеті» саны қадірлі болып саналады. Осыған орай, жеті санына байланысты көптеген салттар мен жоралғылар бар. Олардың қатарына: «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті жоқ», «Жеті ата», «Жеті нан» немесе «Жеті шелпек», «Жеті керемет», «Жеті күн», «Жеті ғашық», секілді түрлері көп. Бұл «жеті» санының қасиеттілігін айқындай түседі деп ойлаймын. Қазақ халқында, бұрыннан жалғасқан салт бар. Бұл «жеті» санына тіркес болып келеді. Бұл туыстық қатынасқа тікелей байланысты.Бұл «Жеті ата» дәстүрі. Яғни, «Жеті ата» дәстүрі бойынша, әрбір ер азамат өзінің ата-тегін білуі қажет. Ол ата, әке, бала , немере , шөбере, шөпшек, немене қатары бойынша жалғасуы шарт. Сонымен қоса, туысқан жігіт пен қыз ешқашан отау құрмаған. Бұл қазақ халқының қанының тазалығын білдіреді. Тікелей айтқанда, егер екі жастың жеті аталарында ортақ кісі кездеспейтін болса, жастардың үйленуіне рұқсат етілген. Сонымен қатар, қазақтар үш жүзге бөлінеді. Олар: «Ұлы Жүз», «Орта Жүз», «Кіші Жүз» деп аталады. Ал әрбір жүз бірнеше тарауларға бөлініп, руларға ұласады. Бұл да қанның тазалығына әсер етеді. Қортындылай келе, қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазақ елі-асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.
Дəстүрлі əлем бейнесі
Сақтардың əлемнің құрылымы туралы айқын түсінігі қалыптасты. Олар үш əлем: жер асты, орта - жер əлемі, жоғары - көк немесе аспан əлемі бар деп есептеді. Əлемнің төрт бұрышы - оң, сол, алдыңғы, артқы жағы болды. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорғанынан табылған сақ патшасының баскиімінде бейнеленген. Мұндағы ою-өрнектер үш бөлікке бөлінген. Қалпақтың етегін жиектей алтын таулар мен ағаштар бейнелеген. Тау баурайында жолбарыс, ешкі, басында - құстар, қанатты жолбарыстар бар. Баскиімнің алдыңғы жағына бүкіл аспан əлемінің бейнесі болып табылатын күн белгісі: қанатты аттар мен төрт алтын жебе салынған. Бұл Құдайдың үш əлемге билігін жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады. Аталғандардың бәрі "аң стилінде" жасалған. Кейіннен келе қазақтың қошқар мүйіз, түйетабан және тағы басқа да атақты ою өрнектері қазіргі кезде де қолданыста.
Әр елдің өзіне тән мәдениеті болады. Қазақтың қазіргі таңдағы мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан. Мәдениет болмаса ел болмайды, әр елдің салты, дәстүрі, ұстанымы әрқилы. Кең байтақ жерімізде қаншама түрлі мәдениет ескерткіштері мен мұралары жетерлік. Әрқайсысы өзінше бір тарихы бар. Ақын жыраулар мен халық ауыз әдебиетінің шығармалары қазақ даласының түкпір-түкпіріне жайылып кең қанат жайды. Қазақтың қанына сіңген қонақжайлылығы мен кішіпейілдігі қазақ мәдениетінің ары қарай дамуына үлес қосады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1)https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD
2)https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96
3)Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.
Қосымша әдебиеттер: Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет