Бөж тақырыбы: 15-17 гг. Қазақтың ауызша дамыған төл әдебиетінің нұсқалары және олардың тілін зерттеуде кездесетін қиындықтар



бет1/7
Дата18.10.2023
өлшемі82,94 Kb.
#118433
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ үлгісі (копия)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.
Филология факультеті
ФҚФ-111
БӨЖ
Тақырыбы: 15-17 гг. Қазақтың ауызша дамыған төл әдебиетінің нұсқалары және олардың тілін зерттеуде кездесетін қиындықтар

Қабылдаған: Ф.ғ.к., аға оқ. Мағжан С.


Орындағандар: Жиенқожа Арайлым,
Базарбай Талшын, Мұхтарқызы Аружан.

Түркістан - 2023


Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) ХV-ХҮІІ ғасырлар әдеби мұралары тілінің текстологиялық жай-күйлері
ә) ХV-ХҮІІ ғасырлар әдеби мұралары тілінің қазақ пен ноғай тіліне ортақтастығы
б) ХV-ХҮІІ ғасырлар әдеби мұралары тілінің сақталуы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдени-рухани өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл қызмет етті. Ол, негізінен, поэзия түріндегі көркем әдебиет пен ауызша жүргізілетін дау-билік саласында (шешендік сөздерде) көрінді. Сонымен катар хан жарлықтары, өзге елдермен арадағы қарым- қатынас қағаздары, тарихи шежірелер сияқты жазба дүниелердің қажетін ортаазиялық түркі әдеби дәстүріне негізделген қазақтың ескі жазба тілі өтеп отырды. Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат-хабарларын, іс-қағаздарын, үкім-жарлықтарын осы тілде жүргізді. Қазақ елінде орта ғасырлар шамасынан бергі жерде шежірелер жазылып, ол шежірелер көбінесе би, сұлтан, ру басы үйлерінде сақталған. Бұл жазба дәстүр бірте-бірте қазақтың өз жазба тіл машығына айналды. Қазақтың жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы сияқты тарихшысының шығармасы да қазақтың ескі жазба тілінде жазылған. Бұл жерде XV-XVII ғасырлардағы қазақтың төл әдеби тілі деген мәселе принципті түрде қойылып отыр, өйткені бірқатар ғалымдар бұл дәуірлерде қазақтың әдеби тілі болды дегенді мақұлдамайды, себебі әдеби тілді танытатын әдебиеттің басын XVIII ғасырдан, Бұхар жыраудан бастайды. Демек, бұл концепция бойынша XVIII ғасырға дейінгі көркем сөз үлгілері ауыз әдебиеті мұрасына жатқызылады да, олардың тілі де "әдеби тіл" категориясынан тыс қалдырылады. Бұл тұжырымды әсіресе кейбір әдебиетшілер қолдайды. Мысалы, қазақ әдебиетінің ғылыми курсын жазғандар XV-XVII ғасырлар қазақ мәдениетінің жыраулар танылған тұсы екендігін, қазақ жырауларының жалпы түркі тайпаларының ауыз әдебиетінен бөлініп, дараланып шыққан кезі екендігін айтады, Сөйте тұра, олар бұл кезеңдердегі қазақ жырауларының әрқайсысының өздері қалаған жанрлары, тақырыптары қандай болғанын, өзіндік қолтаңбаларын айырып тану материалдың аздығынан өте қиын, оның үстіне ондай ерекшеліктер жоққа тән, бар материалдар фольклордағы дидактикалық-тұрмыстық жырлар мен арнау, қоштасу, өсиет сияқты ертеден келе жатқан ауыз әдебиетімен кіндіктес жанрдың туындылары деп табады.
Ал біздің XV-XVII ғасырларда қазақтың ауызша дамыған төл әдеби тілі болды деген түжырымға келуімізге материалдық негіз бар. Ең алдымен, соңғы 30-40 жылдың ішінде ілгергі ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы ғылыми зерттеулер жүргізіліп, лингвистикалық нүсқа болатын материалдар (мәтіндер) жиналды2. Бүл мәтіндер "XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары" (1965), "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967), "Алдаспан" (1971), "XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы" (1982), "Ақберен" (1972), "Ел аузынан" (1985), "Боздағым" (1990), "Бес ғасыр жырлайды", 1, 2, 3-кітаптар (1984- 1985) атты кітаптарда басылып, көпшілік назарына үсынылды. Сонымен қатар кейінгі жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде де ертеде өткен қазақтың ақын-жыраулары туралы пікірлер мен жаңа деректер, олардың кейін табылған мәтіндері үздіксіз жарияланып келеді. Осылардың барлығы бұдан төрт-бес ғасыр бүрын болған қазақ көркем әдебиеті үлгілерінің өзіне назар аударта түскенін және ол нұсқалардың әр тұрғыдан зерттеле бастағанын көрсететін фактілер. Соңғы жылдардағы (сілтемеде көрсетілген) зерттеулерде әдебиеттанушылар XV-XVII ғасырларда жасап өткен қазақ сөз шеберлерінің есімдерін тауып, шығармаларын талдаса, тіл мамандары сол үлгілердің жанрлық-стильдік сипаттарын, лексикасы мен фразеологиясын, өлең құрылысын сөз етеді3. Бұлар, сөз жоқ, алғашқы қадамдар, тұңғыш ізденістер, кей тұстарда тіпті топшылаулар деуге болады. Бұл ізденістер сонымен қатар нақты талдаулар, материалдың өзін сөйлету әрекеттері болып та келеді. Сондықтан бұл зерттеулер өздерінің сонылығымен, нақтылығымен және теориялық негіздерімен үтымды. Әрине, ілгергі дәуірлерден ауызша жеткен қазақ көркем туындыларын әрі қарай іздестіре беру, жиналғандарына текстологиялық жүмыстар жүргізу, стильдік-тілдік жағынан жан- жақты талдаулар жасау - қазақ филологтері мен тіл мамандарының міндеттері.
Ал жазба тіл үлгілеріне келсек, бұл салада да азды-көпті зерттеулер мен айтылған пікірлер бар. Орта ғасырлардағы түркі әдеби тілінің қазақ халқын құраған ру-тайпалар тіліне де ортақ екенін, "шағатай тілі" деп аталған жазба дәстүрді қазақ қауымы да өз қажетіне жарата білгенін тіл мамандарының көпшілігі-ақ айтып келеді*, Жоғарыда аталған Қадырғали Жалайыридың тарихи шығармасын танып-талдау үстінде қазақ туындысы пайдаланған жазба тіл мәселесі көтерілді (Ә.Марғұлан, Қ.Жүнісбаев, Е.Масанов, Т.Қордабаев, Р.Сыздықова т.б.)5. XVI- XIX ғасырлардағы қазақтың хан, сұлтан, тархан, старшиналарының Ресей үкіметіне немесе бір-біріне жазысқан ресми қағаздары мен хаттарының және әкімшілік орындарының үкім- жарлықтарының мәтіндері де әр тұста сөз болып, олардың тілдері жөнінде айтылған пікірлерде қазақтар қолданған жазба тіл мәселесі күн тәртібінде тұрды. Сөйтіп, әдеби тіл статусын тарих көшінің барлық кезегінде тек жазуға байланыстыра анықтауға болмайды. Сол тілді танытатын үлгілердің әлеуметтік жүгі, барлық нұсқаларға біршама ортақтығы, тілдік-көркемдік нормаларының болуы ("қырланған, өңделген, сұрыпталған сипатының" болуы) осылардың баршасы қоғамға белгілі бір дәуірде қызмет еткен тілдің категориясын айқындайды, даму сатысын көрсетеді. Осы тұрғыдан келгенде, бізде ауызша сақталып, там-тұмдап жеткен ескерткіштердің тілін ә д е б и тіл болды деп табамыз. Сонымен қатар XV-XVII ғасырларда қазақта жазба тіл дәстүрі де орын алды деген тұжырымды ұсынамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет