Бөж тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері Қабылдаған: Нұрынбетова Салтанат Орындаған: Медет Айымторы Тобы: ФҚӘ-312 Түркістан 2023 Мазмұны



бет1/5
Дата17.10.2023
өлшемі106,63 Kb.
#117252
  1   2   3   4   5


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері

Қабылдаған: Нұрынбетова Салтанат


Орындаған: Медет Айымторы
Тобы: ФҚӘ-312

Түркістан 2023


Мазмұны:
I.Кіріспе................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім:...................................................................................................3
Жас ерекшелік психологиясындағы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.........3
Жас ерекшелігі психологиясының пәні, зерттеу объектісі мен негізгі ұғымдары...............................................................................................................5
Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістеріне қойылатын талаптары..7
3.Қорытынды.......................................................................................................10
4.Глоссарий...........................................................................................................11
5.Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................12

Кіріспе
Жас ерекшелігі психологиясы- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, бала жасөспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста. Педагогикалық-психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.Педагогикалық-психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін ойлап тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса педагогикалық психология оқушыларға жеке дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді зерттейді. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі-бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтылығымен түсіндіріледі; олар жас ерекшелігіне сай даму динамикасын тұтастығында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының объектілігі, ал педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы- жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы- педагогикалық-психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясына теңдей қарасты. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтастықты құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде қарастырады. Сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеуде өзінен өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет