Болаттар мен қорытпалар



бет1/4
Дата15.04.2023
өлшемі31,18 Kb.
#82907
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Тема 13


14 ҚҰРАЛ - саймандық БОЛАТТАР МЕН ҚОРЫТПАЛАР
Құрал - саймандық деп көміртекті және легірленген, қаттылығы жоғары (60 - 65НRС) болат аталады. Конструкциялық болатқа қойылатын талаптан өзгеше, құрал - саймандық болатқа атқаратын жұмысына байланысты тозуға төзімділік, жоғары температурада қаттылығын сақтау үшін қызуға төзімділік қажет. Жоғары қаттылығы мен тозуға төзімділігін қамтамасыз ету үшін мұндай болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері 0,7... 1,2% аралығында алынады.


14.1 Құрал- саймандық болатты класқа бөлу
Құрал - саймандық болат қасиетіне және қолданылуына қарай бөлінеді. Негізгі қасиеті қызуға төзімділігі деп қаралады.
Қасиеті бойынша қызуға төзімсіз, қызуға жартылай төзімсіз және қызуға төзімді болып ажыратылады.
Қызуға төзімсіз тобына қаттылығы мен тозуға төзімділігі шыңдау арқылы арттырылған, көміртекті және легірленген (3-4% легірлеуші элементтер) болат жатады.
Қызуға жартылай төзімсіз тобына орта және жоғары легірленген (хроммен), құрамында көміртегі 0,6-0,7%-дан астам, 4-18% Cr енгізілген болаттар жатады. Қаттылығы шынықтыру мартенситін алу арқылы көтеріледі. Бірақ босату нәтижесінде үстем легірленген цементит және арнаулы карбидтердің түзілуінің арқасында болат қаттылығын 300...500°С дейін сақтайды.
Қызуға төзімді тобына жоғары легірленген (легірлеуші элементтер – Cr, W, V, Mo, Co) болат жатады. Мұндай болаттың қаттылығының көтерілуі - мартенситке шынықтыру және жоғары температурада 500...625°С босату кезінде легірлеуші элементтерден туындаған күрделі карбидтердің бөлініп шығуының арқасында нығаюында. Бұл топтағы болаттар шапшаң кескіш болат деп аталынады.
Құрал-саймандық болат қаттылығы мен тұтқырлығына қарай топтастырылуы мүмкін. Қаттылығы жоғары болаттың тұтқырлығы төмен, сол себепті мұндай болат соққы күші түсетін құрал – сайман жасауға жарамайды.
Қаттылығына қарай құрал - саймандық болаттар келесідей ажыратылады: а) қаттылығы жоғары және тозуға төзімді болаттар;
б) тұтқырлығы көтеріңкі болаттар.
Бірінші топқа (а) шынықтырылып, босатылғаннан кейінгі қаттылығы НRС 58...65 дейін көтерілген, құрамында 0,7...1,5% көміртегі бар болат жатады. Тұтқырлығы 10 Дж/см2 жуық.
Екінші топқа (б) құрамында 0,4...0,7% көміртегі бар болат жатады. Шынықтырылып, босатқаннан кейін мұндай болаттың қаттылығы НRС 45...50. Тұтқырлығы құрамына қарай 20...80 Дж/см2 өзгереді.
Қолданылуына қарай құрал- саймандық болаттар:
- кескіш құралдық болат;
- суық деформацияланатын штампты болат;
- ыстық деформацияланатын штампты болат;
- өлшеуіш құралдық болат болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет