13. 8 Төмен температурада жұмыс атқаратын криогенді болаттар
Төмен температурада жұмыс атқаратын болатқа қойылар негізгі талап, оның суыққа сынғыштық табалдырығының мейлінше төмен болуы. Мұндай қасиет болаттың құрамына никель енгізуімен алынады. Төмен көміртекті және аз легірленген болаттың пісіру қабілеті жоғары. Өте төмен температурада (- 196 0 С дейін) пайдаланылатын затты сақтауға немесе тасымалдауға арналған ыдыстарды жасауға жұмсалатын болаттар криогенді саналады. Өйткені оттегінің қайнау температурасынан (-1830С) төменгі температура криогенді аталады. Құрылымы – аустенит. Пайдалану температурасына қарай криогенді болаттар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топ -130...-2690С-та пайдаланылатын 10Х14Г14Н4Т; 10Х18Н10Т болаттар, механикалық қасиеттері КСU = 12...20 Дж/см2, изг = 650 ... 700 МПа.
Екінші топ: Сібірде пайдаланылатын 10ХСНД, 15Г2СФ, 12ГН2МФАЮ болаттар. Механикалық қасиеттері: - 400 С- та КСU = 30...50 Дж/см2 - 700 С- та КСU = 30Дж/см2, изг = 520 ... 850 МПа. Аса төмен температурада (-130... –2690С) сұйытылған газды тасымалдауға арналған цистерналар жасалады.
13.9 Тозуға төзімді болаттар мен қорытпалар
Тозуға төзімді болаттарды қажалып тозатын (тербелістен қажалу, жылжу үйкелісінен қажалу) және соққыдан тозатын деп ажыратуға болады.
13.9.1 Шарикті-подшипникті болаттар
Қажалып тозатын бөлшектер шарикті және роликті подшипниктер, біліктер т.б. Подшипниктердің тетіктері (шариктер, роликтер, құрсамалар) жұмыс атқарғанда айнымалы күштің әсерінде болады. Подшипникке жарамды болаттардың қаттылығы, тозуға төзімділігі түйісіп шалдығу шегінің жоғарылығымен үйлесімді болу керек. Құрамындағы металл емес кірмелердің болмауы аса қадағаланады, себебі мұндай кірмелер мерзіміне жетпей шалдығудан қирауға соқтырады. Мұндайда болаттың қаттылығы жоғары болуы шарт.
Шарикті подшипникті болаттар ерекше топ құрады. Оларға жоғары көміртекті хромды болаттар ШХ15 (0,95-1,05%C, 1,3–1,65Cr), хромдымарганецтікремнийлі ШХ15СГ (0,95–1,05%C, 0,9–1,2%Cr, 0,4-0,65%Si және 1,3-1,65%Mn) қолданылады. Құрамындағы көміртегінің мөлшері 1%-ға жуық, қыздырылу тереңдігі үлкен. Подшипниктің сақиналары мен роликтерін шынықтыру және босатудан кейін ШХ15 болат үшін HRC 61-65, ШХ15СГ үшін HRC 60-64, ал шариктердің қаттылығы HRC 62-66.
Соққы күші түсетін подшипниктерге цементтендірілетін 20Х2Н4А және 18ХГТ болаттары қолданылады. Цементтендіріліп, шынықтырылып, босатылғаннан кейін беткі қабатының қаттылығы 20Х2Н4А, өзегінде HRC 58-62, HRC 35-45.
ШХ4 болат диаметрі 13,5мм шариктерге, диаметрі 10мм роликтерге; ал ШХ15 болат диаметрі 22,5 мм шариктерге, диаметрі 15мм роликтерге; ШХ15СГ - диаметрі 30мм шариктерге пайдаланылады. Үлкен диаметрлі шариктер үшін ШХ20ХГС, ал агрессиялы ортада жұмыс атқаруға тоттанбайтын 95Х18 болат қолданылады.
13.9.2 Соққыдан тозуға төзімді болаттар
Мұндай болаттар қатарына жоғары марганецті, Г13 маркалы, тозуға төзімді болат жатады. Құрамында 1- 1,5% көміртегі, 12...14 % марганец бар. Құрылымы – аустенит, қаттылығы төмен (НВ 250). Пайдалану кезінде бөлшектерге түскен үлкен күштің салдарынан болат тойтарылып, оның қаттылығы мен тозуға төзімділігі өседі, болаттың тұтқырлық дәрежесі көтеріңкі қалпын сақтайды.
Болатты құйма, кей кезде ыстықтай деформацияланған күйде пайдаланады. Термиялық өңделуі: -1050 -11000С суда шынықтыру. Босату жүргізілмейді. Құрылымы – аустенит және карбидтер. Беріктігі көтеріңкі және тұтқырлығы жоғары, созымтал. Г13 болатты Гадфильд болаты деп те атайды. Үйкеліс пен қысымдық және соққылық кезіндегі тозуға төзімділігі аса жоғары. Оның себебі жай болатпен салыстырғанда тойтарылу қабілеті көтеріңкі. Соққы күші түсетін бөлшектерді дайындауда қолданылады. Олар тас жарғыш құралдардың ұштығы, шар диірмендерінің қаптамасы, шынжырлы табандар, темір жол табаны т.б. қолданылады.
13-кесте. Шарикті-подшипникті болаттың химиялық құрамы,%
Болат
|
С
|
Cr
|
Mn
|
Si
|
ШХ6
ШХ9
ШХ15
ШХ15СГ
|
1,05 - 1,15
1,05 – 1,10
0,95 – 1,05
0,95 – 1,05
|
0,4 – 0,7
0,9 – 1,2
1,3 – 1,65
1,3 – 1,65
|
0,20 – 0,40
0,20 – 0,40
0,20 – 0,40
0,90 – 1,20
|
0,17 – 0,37
0,17 – 0,37
0,17 – 0,37
0,40 – 0,65
|
Ескерту:
Барлық болатта S < 0,020 % ; Р < 0,027 % ; Ni < 0,3 % ; Cu < 0,25 %.
|
Достарыңызбен бөлісу: |