Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары №1 6- сынып Қазақ тілі І тоқсан



бет1/2
Дата12.10.2022
өлшемі25 Kb.
#42683
  1   2




Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары №1
6- сынып Қазақ тілі І тоқсан
1-бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»

____09. 2022ж _______________________________________________





Тақырып

Қазақстандағы көрікті жерлер

Оқу мақсаты

6.1.4.1 -мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу;



Бағалау критерийі

  • Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ажыратады;

Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;




Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

20-25 минут

Балқаш көлі туралы аңыз
Ертеде мыңғырған мал айдаған бір байдың Балқия деген айдай ару, күндей көркем қызы болыпты. Ел-жұрты Балқияның ақылы мен көркіне тамсанып, оны «Балқияжан, Балқаш» деп еркелетіп айтатын болыпты. Күндердің күнінде сол Балқаш қыз бойжетіпті. Бала кезінен атастырылған Балқаш қыз өзінің болашақ жары туралы ештеңе білмейді екен. Бір күні бесік құдасы байға кісі шаптырып, «келінімді алып кетуге барамын, дайындала берсін» деп хабар жіберіпті. Өзінің болашақ күйеуінің сақау әрі есерсоқтау екенін осы кезде ғана жеңгелерінен естіп-білген Балқаш қыз күннен-күнге солған гүлдей сарғайып, қайғыдан қан құса бастайды.
«Бай баласы, ертең-ақ ел ағасы болады, қызымыздың да көңілі жайланар» деп ата-анасы бұған аса мән бермейді. Бірақ та жүрегі қаламаған жанға жар болмасқа бел буған Балқаш қыз ертеден өзі көңіл қосып, ұнатып жүрген Ерденге өзінің өтініш-назын жеткізеді. Ерден бұл елге сіңіп кеткен, сырттың адамы екен.– Етегіңнен ұстадым, батыр-еке. Өмір-бақи алдыңнан шықпай, бетіңнен қақпай өтуге ант-су ішемін. Тек мені мына пәледен құтқара гөр дейді қыз.
Барар жер, басар тауы жоқ, артында тұрған қалың жұрты, арқа сүйер елі жоқ Ерден сонда қатты қысы­лыпты. Балқаш қыздың кім көрінгеннен бұлай өтіне бер­мейтінін, ғазиз тағдырын қолына бекер тапсыр­майтынын Ерден де жақсы біледі. Нартәуекел! Өткен жылы жоғалған бай жылқысын іздеп жүріп, қамыс қ­ұ­рақ­ты айдын көлге тап болғаны бар-ды. Күзді Бал­қа­ш­жанмен сонда өткеріп, қыс түсе көлдің беті қатқанда ар­ғы беттегі жұртқа өтіп кетсе, қауіп бұлты сейілер. Ел қор­ғауға жарар күші бар, ел ішіне сіңіп кетер. Қарға та­мырлы қазақ баласы сыртына теппес. Ер ойы осыған бе­кіді. Бір түнде ізім-ғайым жоғалған екі жасты іздеп, ел-жұрты сабылды да қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет