Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары» Синтаксис



бет1/2
Дата03.05.2023
өлшемі17,93 Kb.
#89553
  1   2

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары» Синтаксис

Оқу мақсаты

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын салыстырады

  • сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.

А мәтіні
Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.


Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.
Ә мәтіні
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады.
Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна (шартты оның түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн.т.) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2млрд. тонна.
Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі кестеден келтіріген.
Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. тонна: АҚШ- 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдері- 290, оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір). Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн. Тоннаның үстінде көмір алынады, оның ішінде 40 % ашық әдіспен.



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы







Қандай стильде жазылған?







Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?







Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?







2. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана отырып, қоршаған ортаға байланысты 8 сөйлем құрастырыңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет