Бөлімі: Құм терпиясы. Тақырыбы: "Аспазшы мамандығы. (пиязбен тәжірбие)" Мақсаты



Дата07.10.2022
өлшемі13,22 Kb.
#41731

«06 »Қазан 2022ж
Білім беру саласы : Вариативтік .
Бөлімі: Құм терпиясы .
Тақырыбы: "Аспазшы мамандығы. (пиязбен тәжірбие)"
Мақсаты: Балаларды құммен жұмыс жасау барысында, өз қиялдарын құм
бетіне түсіре білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін және ой-қиялдарын дамытуды жалғастыру, Бір-бірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу, кәсіптермен танысу
Көрнекілік: Құмзар, ойыншықтар, сулы шүберек.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: Балалар шеңбер жасап тұрып, қимылмен бір-біріне деген достығын білдіреді.
Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге,
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Қолында қасығы бар
Басында ақ қалпақ.
Ол бізге түскі асқа:
Компот, ботқа және сорпа жасайды!
Кім бұл? (аспазшы)
Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар балалар, аспазшы бізге не жасайды?
- Тамақ жасағанда қандай көкөністерді қолданады? (пияз,сәбіз,картоп)
- Тамақ арқылы біз бойымызға нені жинаймыз? (жылуын, күш-қуат береді)
- Қандай көкөністерді жақсы көресіндер?
Балалардың жауаптары.
Көңілді музыка әуенімен, балаларға аспазшының қалай жұмыс атқаратының айту.
Аспазшы қандай заттармен қолданатының, қандай көкөністерден сорпа,ботқа жасайтының айту.
Тәрбиеші: Балалар, аспазшы қандай тамақ жасай алады?
- Сорпаға аспазшы нені қосады?
- Қандай тамақты сендер жақсы көресіндер?
Балалардың жауабы.
Құмзар ережесі:
- құм шашуға, таласуға болмайды;
- айқайлауға тағы да;
- жүгіруге, секіруге болмайды.
- құмды ауызға салуға болмайды
- көзді ұқалауға болмайды
Тәрбиеші: Қанекей балалр көзімізді жұмып, аспазшының жұмысын елестетиік, аспазшы қандай тағам дайындағанын елеститік. Аспазшы дайындайтын көкөністерді құмзар арқылы салайық!
Балалар: балалар елестеткен көкөністі салады және өзінің сезімін түсіндіреді.
Қорытынды:
- Балалар, біз бүгін қандай кәсіпті өттік?
- Аспазшы жұмысы сендерге ұнады ма?
- Бүгін біз немен жұмыс жасадық?
Балалардың жауаптары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет