«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің аудандық байқауын өткізу ережесі Жалпы ережелер «Бояулар құпиясы»



бет1/3
Дата11.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#91841
  1   2   3

«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің аудандық байқауын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер

1. «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің аудандық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттерін, оны өткізу форматын және тәртібін айқындайды.


2. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
3. Байқаудың міндеттері:
1) жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;
2) қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылық дамытуда балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру;
3) қатысушылардың ой-өрісін, олардың көркемдік қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігін кеңейту.
4. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамдарын байқау ұйымдастырушылары қалыптастырады.


2. Байқауды өткізу мерзімі
5. Байқау 2023 жылғы 11 мамыр күні сағат 9.00- де Өтеген батыр кенті, №7 орта мектепте өткізіледі.
Тіркеу 8.30- дан 9.00-ге дейін болады
Аудандық байқауға қатысу үшін мектеп басшыларының қолы қойылған ілеспе хатты 2023 жылғы 5 мамырға дейін zeresesim@mail.ru электрондық поштасына жіберілсін.

6. Хатқа қосымша:


1) байқаудың аудандық, қалалық жеңімпаздардың қатысуы туралы өтінім (қатысушының Т.А., туған жылы, білім беру ұйымы, сынып, үй мекенжайы, телефоны);
2) қатысушылардың, топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, топ жетекшісінің Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефондары.


3. Байқауға қатысушылар

7. Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы (18 жасқа дейін) білім алушылар келесі жас санаттары бойынша қатысады:


1) 10-13 жас;
2) 14-17 жас.


Байқауға қатысушылар өздеріне қажетті құрал-жабдықтарын алып келіп, сол жерде өздері таңдаған тақырып бойынша суреттерін салып,
өнерлерін көрсетеді және де қорғайды.
8. Байқау өткізілетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және қайтар жолда балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жетекшісі жауапты болады.
Топтың әрбір қатысушысы байқау өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарының сақталуына жауапты болады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет