C# тілінің даму тарихы. С# программалау ортасында жұмыс істеу негіздері



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі37,4 Mb.
#19726
түріПрограмма
  1   2   3   4   5

C# тілінің даму тарихы. С# программалау ортасында жұмыс істеу негіздері


«Информатика және білім беруді ақпараттандыру» кафедрасының аға оқытушысы Текесбаева Назым Айтмолдаевна

Мазмұны

Әдебиеттер

Мысал

С # тілін орнату мүмкіндігі

С # программалау тілі

С#-ке кіріспе


С# программалау тілі тобы – көптеген есептерді сипаттауға және есептеу процестері мен мәліметтерді өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын бірталай көрнекті де ыңғайлы программалау тілі. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары қарай жобалау, құрылымды программалау және модулдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалар құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді. Соған қарамастан С# тілі өте қарапайым тіл: оған жоғарғы деңгейлі программалау тілдеріне қарағанда ассемблерге тән кейбір құралдар кіреді.

С# программалау тілі

C# объектілерді қолдану арқылы программалау парадигмасы, объектіге-бағытталған архитектураға негізделген. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді.

Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады. Объектіге-бағытталған программалау негізгі үш қасиетімен: инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизммен сипатталады

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма (while, for)

C# (дыбысталуы си-шарп) – объектіге-бағытталған программалау тілі. 1998-2001 жылдары Microsoft компаниясында Андерс Хейлсбергтің басшылығымен бір топ инженерлермен Microsoft.NET Framework платформасына қосымшаларды құрастырушы тіл ретінде жасалған.

Объектіге-бағытталған программалау – қазіргі программалау тілдерінің негізгі технологиясы. Бұл технологияда негізгі мүше объект болып табылады және бағдарламаның басқа бөлігінен тәуелсіз, кейбір функционалдық есептерін шешу үшін оның бөліктері де жеткілікті. С# тілінде жазылған программа мәтіндік файл болып табылады және тіл операторларынан, түсініктемелерден тұрады.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма (while, for)

С# тілі объектіге-бағытталған программалау тілдерінің тобына жатады. Объектіге бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы – құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын программалық модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Күрделі программалар бірнеше біртипті объектілерді қолдануы мүмкін.

Әдіс нұсқаулардың жиынтығынан тұратын, кодтар блогынан құралған құрылым болып табылады. C# тілінде барлық нұсқаулар әдістің контекстінде орындалады. Main әдісі C# құрылымына кіретін кіріс нүктесі болып табылады және бағдарламаны орындауға жіберген кезде CLR ортасы арқылы шақырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет