Ционные технологии в системе современного образования и воспитания павлодар 2013 2



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата30.01.2017
өлшемі3,03 Mb.
#3008
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

Классификация проектов:  
В  настоящее  время  проекты  в  ДОУ  классифицируют  по  седующим 
признакам:  
-  по  тематике  различаются  (творческие,  информационные,  игровые 
или исследовательские) и способам реализации результатов.  
-  по  составу  участников  проекта  различаются  –  индивидуальные, 
групповые и фронтальные.  
-  по  срокам  реализации  проекты  бывают  как  краткосрочными  (1-3 
занятий),  так  средней  продолжительности  и  долгосрочными  (пример: 
ознакомление  с  творчеством  крупного  писателя  может  длиться  весь 
учебный год).  
Основные этапы метода проектов:  

 
Выбор  цели  проекта.  Воспитатель  помогает  детям  выбрать 
наиболее  интересную  и  посильную  для  них  задачу  на  их  уровень 
развития. 

 
Разработка  проекта.  Составление  плана  деятельности  по 
достижению  цели:  к  кому  обратится  за  помощью,  определяются 
источники  информации,  подбираются  материалы  и  оборудование  для 
работы, с какими предметами научиться работать для достижения цели. 

 
Выполнение проекта. Выполняется практическая часть проекта. 

 
Подведение  итогов.  Проводится  "разбор  полетов",  оценка 
результатов и определение задач для новых проектов.  
Виды проектов в ДОУ:  
-
 
Творческие.  После  воплощения  проекта  в  жизнь  проводится 
оформление результата в виде детского праздника.  

244 
 
-
 
Исследовательские.  Дети  проводят  опыты,  после  чего  результаты 
оформляют в виде газет, книг, альбомов, выставок.  
-
 
Игровые.  Это  проекты  с  элементами  творческих  игр,  когда  ребята 
входят  в  образ  персонажей  сказки,  по-своему  решая  поставленные 
проблемы и задачи.  
-
 
Информационные.  Дети  собирают  информацию  и  реализуют  её, 
ориентируясь  на  собственные  социальные  интересы  (оформление 
группы, отдельных уголков и пр.). 
Виды исследовательских проектов 
Проект «Здоровье всего дороже» Группа: подготовительная  
Проект «Умелые руки творят чудеса» 
Проект  «Развивающие  игры  на  магнитной  доске  с  детьми  раннего 
возраста» 
Познавательно  –  творческий  проект  «Развивающие  игры  на 
магнитной доске с детьми раннего возраста»  
Проект  «Мойдодыр»  для  реализации  во  второй  младшей  группе 
детского сада. 
Проект «Вместе некогда грустить» 
Экологический проект: «Весенняя неделя». 
Проект  «Осень  Золотая  в  гости  к  нам  пришла,  и  даров  прекрасных 
нам принесла. 
Примерный план работы воспитателя по подготовке проекта: 
1.
 
На основе изученных проблем детей постановка цели проекта
2.
 
Разработка плана достижения цели.  
3.
 
Привлечение  специалистов  к  осуществлению  соответствующих 
разделов проекта. 
4.
 
Составление плана-схемы проекта. 
5.
 
Сбор, накопление материала. 
6.
 
Включение  в  план-схему  проекта  занятий,  игр  и  других  видов 
детской деятельности. 
Домашнее  задание  для  самостоятельного  выполнения.  Презентация 
проекта, открытое занятие: 
1.
 
Основные этапы метода проектов: 
2.
 
Целеполагание. 
3.
 
Разработка проекта. 
4.
 
Выполнение проекта. 
5.
 
Подведение итогов.  
 
 
 
 

245 
 
УДК 669.162.214 
 
И.Н. МУРАШКОВСКА, Н.П. ВАЛЮМС ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 
АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КАРТИНА 
БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРУҒА ҮЙРЕТУ 
Мырзаханова Г.Р., бірінші санатты тәрбиеші 
«Павлодар қаласының №121 сәбилер бақшасы» 
мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны 
Е-таil: pavlodar121@mail.ru 
 
Мақала  картиналар  бойынша  балаларды  шығармашылықты  әңгіме 
құрастыруға  үйрету  мәселесіне  арналған.  Балалардың  сөйлеу  тілінің 
қызметіне  ықпал  ететін  ойлау  әрекеттерінің  алгоритмдері  және 
кезеңдік әдістемелік қадамдар ұсынылады.  
 
Статья  посвящена  вопросам  по  обучению  детей  творческому 
рассказыванию  по  картинам.  Предлагается  алгоритмы  мыслительных 
действий, поэтапные шаги и инструментарий  способствующие речевой 
функций ребенка
 
The article is devoted to training of children creative tell from the pictures. 
Proposed  algorithms  mental  action,  incremental  steps  and  tools  contributing 
to the voice functions of the child. 
  
“Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, 
өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі”.  
Жүсіпбек Аймауытов  
 
Тіл  дамыту  қазіргі  қоғамдағы  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 
келеді.  Тілді  дамытудың  соңғы  нәтижесі,  ол  –  ең  кереметтің,  күштінің 
және  қиынның  көрінісі,  яғни  адам  өз  тілінің,  өзінің  байланыстырып 
сөйлеу тілінің жемісі болып саналады.  
Байланыстырып  сөйлеу  тілі  сөз  қорының  байлығын,  тіл 
заңдылықтары мен мөлшерін, яғни грамматикалық құрылымын меңгеру, 
сонымен  қатар  оларды  тәжірибеде  қолдануға  әкеледі,  ал  тәжірибелік 
білім  тіл  материалын  меңгере  білуіне,  соның  ішінде  толық, 
байланыстыра,  бірізділікті  және  қоршаған  ортадағы  жағдайларды 
қарастыруда  дайын  мәтіннің  мазмұнымен  немесе  өз  бетімен 
байланыстырап мәтін құруға итермелейді.  
Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және 
ең  алғашқы  жағдай  ол  –  баланың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту. 
Бала  байланыстырып  сөйлеуді  жақсы  меңгерсе  ғана  кез  келген  сұраққа 
толық, мәнді жауап бере алады.  

246 
 
Ғалымдардың  зерттеулері  бойынша  мектепке  дейінгі  және  кіші 
жастағы балалардың тілін дамыту тек қарапайым ситуациялық түрде ғана 
көрінеді.  Бала  мақсатсыз  түрде  ойындағы  жалғыз  бір  көріністі  бір  ғана 
сөзбен сипаттайды. Басқа да ой елегінен өткізіп, толық, мәнді айту оның 
ойына  келмейді,  тек  сұрақты  жаудыртсаң  ғана  сол  сұрақтарға  нақты 
жауап беруге тырысады не бірден ойын толық жеткізуге тартынады. Сол 
себептен балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Балаға өз ана тілін 
меңгерту мектепке дейінгі берілер білімнің маңыздысы болып табылады. 
Ол  қазіргі  мектепке  дейінгі  білім  беру  ісінде  бала  тәрбиесінің  негізгі 
іргетасы  ретінде  бағаланады.  Мектепке  дейінгі  баланың  тілді  меңгеру 
үдерісі  үлкендер  және  балалармен  қарым  –  қатынас  жасауымен  және 
қоршаған ортаны тануда, өзінің ойы мен сезімдерін толыққанды айта білу 
мүмкіндігімен тығыз байланысты.  
Соңғы жылдары балалардың сөйлеу деңгейлері дамуының төмендеуі 
ерекше  байқалуда.  Ең  біріншіден  бұл  балалардың  денсаулығының 
нашарлауымен  байланысты,  бұл  фактор  олардың  (сөйлеу  деңгейлері) 
дамуына  тікелей  әсер  етеді.  Тілдің  жақсы  дамуы  –  мектепалды 
дайындықтың  негізгі  көрсеткіші  болып  табылады.  Баланы  мектепке 
жақсы  дайындау,  сауатын  ашудың  негізін  қалау  тілді  ауызша  дамыту 
үдерісінің  сапасына  байланысты.  Тілді  дамытуға:  сөйлеу  үлгілерін 
беретін  тілдік  орта;  тілдік  белсенділік;  балалардың  өзінің  тілдік 
тәжірибесі 
қажет. 
Отбасындағы 
үлкендер 
мен 
балалардың, 
балабақшадағы  бүлдіршіндердің  өзара  сөйлесуі  тілдік  орта  болып 
табылады.  Егер  де  бала  тіл  мәдениетін  меңгерген  адамдардың  арасында 
болса,  үлкендер  балалармен  белсенді  қарым  –  қатынас  жасап,  оның 
әңгімелесудегі  белсенділігін  мақтайтын  болса,  тілдік  ортаның  тіл 
дамытудағы  әсері  нәтижелі  болады.  Балалардың  әңгімесіне  салғырт 
қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың дұрыс сөйлемеуі 
мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жалпы  психикасы  мен  тілінің 
дамуына  кері  әсерін  тигізеді.  Ал  ата  –  аналар  мен  тәрбиешілердің 
балаларға  үлгі  болатындай  дұрыс  бейнелі  сөйлеуі  балалар  тілінің  тез 
дамуының  алғы  шарты  болып  табылады.  Балалармен  оқып  –  талдайтын 
әдеби  шығармаларды  іріктеуде  де  белгілі  бір  мақсатты  көздеу  керек. 
Шығармалар мазмұны негізінде әсерлі, ойнақы, танымдық дүниелер және 
балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас тәжірибесін байыта түсетін 
мағлұматтар  болуы  назарға  алынған.  Шығарма  мазмұны  арқылы  әр 
баланың  тілдік  белсенділігін  қолдап,  сабақта  бала  өзінің  неге  және  не 
үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, өзінің тілдік тәжірибесін жасауына жағдай 
туғызу қажет. Бүлдіршіндерді өзіндік тілдік тәжірибе жинау мақсатында 
біз 
картинаны 
қарастыруды 
және 
сол 
картина 
бойынша 
шығармашылықты әңгіме құруды алдық.  
Картина  бойынша  әңгіме  құру  –  бір  көзбен  қарағанда  оп  –  оңай 
сияқты. Мәнісіне келгенде педагог өз тарапынан көп айтып, ал баланың 
«аузын  ашты,  бірақ  не  дегені  естілмеді»  деген  «сахналық  көрініске»  ие 

247 
 
болады. Ендеше, бұл мәселеде балаға келіп тиетін тастың бір қиыршығы 
бар сияқты. Егер де оны жеңіп өтіп, сол қиыршықты қағытпаса, бала өз 
жолында көп қиындыққа ұшырайды. Бұл мәселені біз тек осы картинаны 
қарастырумен  ғана  байланыстырып  отырған  жоқпыз.  Байланыстырып 
сөйлеу бар сабақта да қажет екенін білеміз. Жалпыға міндетті білім беру 
стандартында мынадай мақсат көзделген – балаларды «өз ойларын және 
сезімдерін  саналы  түрде  әрбір  тыңдаушы  мен  баға  берушіге  ұғынықты 
болатындай,  олардың  ой  мен  сезім  –  ықыластарын  көрсете  алатындай» 
жағдай жасау. Ендеше картина бойынша әңгіме құру әр баланың аузынан 
мүдірмей шығуына қалай әкеліп соғады екен деген сауал туындайды. Бұл 
сауалдарға  жауап  алу  үшін  кез  келген  бір  картинаны  қарастырайық. 
Мысалы, «Ит күшіктерімен» картинасы болсын. Біз бірден картинада не 
көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жатыр? Неше күшігі бар? Күшіктерге ат 
қояйықшы – деп сұрақтың астына аламыз. Бала «ит», «ойнап жүр», «екі» 
деп  қысқа  жауап  береді.  Сонымен  картина  қарастыру  толастап  қалады, 
яғни баланың ойын одан әрі оятпайды, сөйлеу түрткісі пайда болмайды. 
Балалар  белсенділік  танытпайды  және  беретін  жауаптары  бір  сөзбен 
шектеулі.  Міне  мәселе  қайда  жатыр?  Сондықтан  біз  И.Н. Мурашковска, 
Н.П. Валюмстің  әдістемелерін  алып  қарастырып,  осы  мәселеде  көмек 
көрсететініне кәміл сендік. Бұл әдістемеге қойылатын талаптар: 
 
Әдістемелік қадамдардың толықтығының арқасы; 
 
Әр қадамның қажеттілігі; 
 
Балалардың көзқарастары бойынша әр қадамның себептілігі; 
 
Әр баланың картинаны қабылдаудағы жеке көзқарасын жетілдіруі
 
Нәтижелілігі, мақсатқа жету; 
 
Басқа сабақтармен байланыстылығы. 
Әдістеменің  негізіне  ойлаудың  жүйелі  –  диалектикалық  түрін 
қалыптастыру үшін ТРИЗ-де әзірленген қадамдар қаланған. Алдымен біз 
әрбір  көпірдің  мықтылығын  тексердік,  содан  кейін  ортақ  бір  жол  құра 
бастадық,  ол  мақсатты  түрдегі  картинаны  мүдірмей  қарастырып  айтып 
беру  еді.  Аталмыш  әдістемені  қадамдарға  байланысты  ашып  көрсету 
керек.  
  
1 қадам. Картинаның құрамы. 
Картинада не  салынған?  Осы сұраққа жауап  беруде  балада  қиындық 
туындай  ма  екен?  Әрине,  иә.  Бірден  картинаға  қарасаң,  салынған  сурет 
көп.  Барлық  нысандар  мен  заттар  бір  –  бірімен  матасып  жатыр,  бір  – 
бірлерін жауып тастайды, дәп қарап айтуға қиындық туғызады. Сол үшін 
де  педагог  қай  нысанды  нақты  алып  тұрғаны  белгісіз  болады.  Сол 
нысанды  қалай  тапсам  екен?  Әдемі  суреттің  ішінде  бір  нысанды  қалай 
бөлсем  екен?  –  дейді.  Ендеше  қойылған  сұрақты  басқа  түрге 
ауыстырамыз. Суретте кім салынған? 

248 
 
Міне,  ол  осы  суреттегі  негізгі  белсенді  бейне  адамға  әкеліп  соғады. 
Ендеше дұрыс жауап  – қыз болады.  – Ол не істеп жатыр?  – Үйректерге 
жем беріп жатыр. Осымен картинаның мазмұнын ашып тастадық та, бар 
сөздік қор  аяқталды.  Неге  дейсіз  ғой?  Өйткені басқа  «кім»  суретте  жоқ. 
Ендеше  сөйлесуді  жалғастыру  үшін  қайтадан  баяғы  жайылып  кеткен 
«мынау  неге»  әкеліп  соғамыз.  Осындай  келеңсіз  жағдайды  жеңе  білу 
үшін  бізге  түрлі  сиқыршылар  көмекке  келеді.  Ол  «сиқыршыларды»  әр 
қадамды ашу барысында беріп отырамыз. Дәп осы қадамда, осы жағдайда 
бізге  көмекке  сиқыршы  «БӘРІН  БӨЛ»  келеді.  Ол  баланың  қабылдауы 
үшін  ыңғайлы  сәтте  ТРИЗ  түсінігін  –  жүйелілігін  көрсетіп  түсіндіреді. 
«БӘРІН БӨЛ» дүниеде барлығын және барлық затты бөледі. Мысалы, ол 
адамға қарайды да, оны бірден бөліктерге бөле бастайды, яғни қол, аяқ, 
бас, көз, т.б. Ендеше бұл суретке осы сиқыршының көмегімен қарадық та, 
картинаны  нысандарға  бөлдік,  ол  үшін  қолымызға  ұсақ  заттар  мен 
нысандар  көзден  таса  қалмауы  үшін  ойыншық  «ДҮРБІ»  алдық,  оны 
қолмен  де  көрсетуге  болады,  яғни  алақанды  дөңгелетіп,  ортасына  көз 
көретін  тесік  болады,  содан  қарап  көреміз.  Қарағанда  тек  қана  бір 
нысанды бөліп алу керектігін ешқашан ұмытпауымыз керек.  
Сонымен  дүрбіден  не  көріп  тұрмыз?  Енді  картина  нақтылана 
бастайды:  көзіміз  әрбір  нысанды  жекелеп  бөле  бастайды  және  балалар 
кім  не  бөліп  алғанын  айтып  отырады.  Әрбір  табылған  не  айтылған 
нысанды біз сызба түрінде немесе алдын ала суретке салу арқылы және 
сол  суреттерді,  сызбаларды  шеңберге  қоршап,  тақтаға  іліп  отырамыз. 
Мысалы, қыз, үйрек, жем, тегене, қалақша т.б. 
Картинадағы 
нысандарды 
бөліп 
алуға 
және 
балалардың 
қызығушылығн оятуға арналған ойын «Дүрбі» болып саналады. Ережесі: 
дүрбінің  көзін  белгілі  бір  нысанға  қадап,  атауын  атап  беру.  Ол  үшін 
«Аукцион»,  «Ең  зейінді  кім?»  тәсілдері  қолданылады.  Аталған 
нысандарды  сызбалармен,  суреттермен,  түспен,  әріптермен  үлгілеуге 
болады. Ол үшін тақта немесе үлкен қатырма қағаз керек.  
 
2 қадам. Нысандар арасындағы байланыстар мен өзара қатынас 
«Не істеп жатыр?» деген сұрақ бала ойына бірден түсінікті болмайды. 
Егер  де  қыз  қолын  созып  тұр  және  оның  қолдары  күректі  қатты  қысып 
алыпты  десе,  қарсы  шығып  көр!  Біз  әрине,  қыздың  үйректерге  жем 
салғанын ғана естігіміз келеді. Бірақ үйректерді тамақтандыру ол көп істі 
қажет  ететінін  білеміз  ғой,  яғни  күрекпен  тегенеден  жем  сыпырғанын, 
күректі тегенеге жақындатқанын, тегенеден жемді алып шашқанын және 
сол  сияқты  көптеген  қайталанатын  қимылдарды  ойластырып  қоюға 
болады.  Тамақтандыру  жалпылауыш  әрекет  қана.  Ендеше  өзіміздің 
қарапайым  сұрағымызбен  суреттегі  қатып  тұрған  қыздың  сан  түрлі 
қимылдарын  айтып  берсе  екен  деп  ойлаймыз.  Егер  де  бала  жалпы 
осындай  тұрмыстық  жағдайлардан  хабары  болса,  әрине  есіне  түсіріп 
айтып  бере  алады,  ал  егер  де  хабары  болмаса  онда  оған  қиыншылық 

249 
 
тудырады.  Бұл  жөнінде,  мұндай  жағдай  туындаған  кезде  не  істеу 
керектігін біз кейінге қалдырамыз  Қайтадан қарапайым түрдегі «не істеп 
жатыр?» сұрағына оралатын болсақ, көп жауап ала алмайтынымыз анық 
әрине. Қыз үйректерді тамақтандырып жатыр, үйректер жем жейді, тағы 
не  айтуға  болады?  Нысандар  арасындағы  байланыс  аяқталған  жағдайды 
үнемі  көрсете  бермейді.  Біз  әрине  бұл  дүниедегі  барлық  нәрсе  өзара 
байланыста  болады  деген  қағиданы  ұстанамыз.  Ендеше  алдымызға 
мынадай мақсат қоямыз: картинадан бөлініп алынған нысандардың өзара 
байланыстарын табу. Бұл үшін бізге «БӘРІН ҚОС» сиқыршымыз қонаққа 
келеді. Сиқыршы, мысалы, ойланып қарындашқа қарайды. Сендер қалай 
ойлайсыңдар,  қарындашты  немен  қосуға  болады?  Ақ  қағазбен.  Неге? 
Өйткені  қарындашпен  ақ  қағазға  сурет  саламыз  не  жазамыз.  Қолмен 
қосамыз.  Қол  сурет  салады.  Суды,  аяқты  немен  қосуға  болады?  Суды 
шелекпен,  өйткені  шелекке  құйылады,  аяқты  жермен  қосамыз,  өйткені 
аяқ  жерді  басып  жүреді  т.с.с.  Міне  осындай  ойларды  түрткіге  ала 
отырып,  енді  тақтада  тұрған  шеңбер  ішіндегі  нысандарды  өзара  қоса 
бастаймыз. Яғни ретке келтіру әдісі басталады, барлық нысандарды өзара 
қосып бір бүтін аламыз. Бұл жерде бала өз ойын дәлелдеу керек.  
Сонымен: Үйректер мен жем: үйректер жем жейді. Үйректер мен қыз: 
қыз үйректерді тамақтандырды. 
 
3 қадам. Нысандар мен әрекеттерге сипаттама.  
Әңгіменің негізін дайындадық, бірақ оның қиял шегін шарықтататын 
бейнелер жетіспейді. Әңгімені одан әрі суреттеу керек, яғни ашық түсті 
сипаттаулар керек ақ, сонда біздің қабылдауымыздағы картинаға жан біте 
бастайды. 
Картинаның  құрамын  анықтағанда  үйректерді  қара  мен  аққа,  шөпті 
аласа  мен  биікке  бөлгенімізді  еске  түсірейік.  Осы  сипаттамаларды 
байланыстыра  құрастырған  кезде  қолдануды  ұсынамыз.  Онда  мысалға 
алғанда  мынадай  сөйлемдер  легі  шығады:  Ақ  және  қара  үйректер  құм 
үстінде  жүр.  Шарбақ  түбінде  биік  шөптер  өсіп  тұр,  ал  құмда  –  аласа 
шөптер өсіп тұр. 
Осылай  әңгіме  барысына  жаңағы  белгілер,  сипаттамалар,  қасиеттер 
ене  бастайды.  Ал  адамның  қабылдауға  қажетті  басқа  да  дене  мүшелері 
бар  екендігі  есімізге  түскендіктен,  бізге  тағы  да  бір  сиқыршы  қонаққа 
келеді.  
Оның  аты  «МЕН  БӘРІН  ЕСТІП  ТҰРМЫН»,  оны  «КАРТИНАҒА 
ЕНУ»  ойын  жаттығуымен  байланыстыруға  болады,  яғни  бір  мезетте 
көздеріңді  жұмып  картина  ішіне  енетіндеріңді  елестетіңдер.  Мұқият 
тыңдап, картина ішіндегі оқиғаға көз салыңдар, сендерді қоршаған заттар 
не істеп жатқанын естіп көрейік. Не естіп жатырсыңдар? 
Мен үйректердің барқылдаған дауысын естідім. 
Мен олардың астауды тұмсықтарымен соққанын естідім. 
Мен шарбақтың сықырын естідім. 

250 
 
Мен шөптің өсіп келе жатқанын естідім. 
Мен тегенедегі жемнің сусылын естідім. 
Бұл жерде балалардың нақты жауаптары берілген. Расында да, жанды, 
қызық,  кейде  күтпеген  жауаптар  айтылады.  Сөйтсек  балалар  сөйлей 
білетіні байқалады. Біз бостан босқа барлық нысандарды мұқият бөлген 
жоқ едік, олардың арасында байланыс та орнаттық. Суреттерден құралған 
тор  әлі  де  көз  алдымызда  тұрады  және  әрбір  шеңбер,  әрбір  сызық  бала 
қиялындағы жаңа ойдың көзі болып көрінеді.  
 
4 қадам. Бейнелі сипаттамаларды жинақтау.  
Осыған  дейін  қолданған  әдістердің арқасында  пайда болған  әңгімеге 
қуану  әлі  ертерек.  Дұрыс  қойылған  сұрақ  баланың  белсенді  ақыл  – 
ойындағы  сөздерді  қолдануды  талап  етеді,  бірақ  белсенді  емес  есте 
қалған  сөздерді  жинақтау  қиынға  түседі.  Барлық  бейнелі  сипаттамалар 
«үлкен - кішкентай», «қара - аққа» келіп тоғысады.  
  Қорытынды  біреу  ғана:  не  ексең  соны  орасың.  Егу  мәселесін  қоя 
тұрып,  ору  мәселесіне  кірісейік,  басқа  сөзбен  айтқанда  сөздік  қорды 
бейнелі  сипаттамалармен  толтырамыз.  Бұл  жұмыс  міндетті  түрде  келесі 
кезеңдерді мынадай бірізділікпен айқындайды: 
1-кезең:  Белсенді  емес.  Балаға  жаңа  сөздің  мағынасын  ашу  көп 
мысалдың арқасында түсіндіріледі. 
2-кезең:  Жартылай  белсенді.  Тәрбиешінің  қойған  сұрағына  жаңа  сөз 
тауып береді. 
3-кезең:  Белсенді.  Бала  өз  бетімен  жаңа  сөзді  есіне  алады  және  оны 
алдына қойған мақсатты шешуге қолданады. 
4-кезең:  Автоматты.  Бала  тілінде  жаңа  сөз  өз  бетімен  пайда  болады, 
яғни ойды арнайы тапсырмалармен дайындауды талап етпейді. 
Картинаға  қайтадан  қараймыз.  Бір  нысанға  сипаттама  таңдаймыз. 
Мысалы, үйректер – ауыр денелі. Бірақ «ауыр денелі» сөздерін түсіндіру 
балаға түрткі болмайды. Сондықтан үйректер жайында әр түрлі ойлар бар 
екендігін айтамыз: біреулер оларды ауыр денелі десе, екіншілері жылдам 
қимылдайды  дейді.  Басынан  бастап  балаларды  тілге  деген  қатаң 
көзқарасқа үйрете бастау керек. Сондықтан көпжақты емес, нақты сөздік 
қорымен анықталады.  
Келесі  жартылай  белсенді  кезеңде  балаларға  ауыр  және  қимылды 
нысандарды  тапқызамыз.  Белсенді  кезеңде  мынадай  тапсырмалар 
қолдана  аламыз,  яғни  салыстыру  немесе  жұмбақтарды  құрастыру. 
Салыстыру  «БӘРІН  БӨЛ»  сиқыршысының  көмегімен  іске  асады. 
Сонымен  үйректі  тауықпен  салыстырамыз.  Тақтаға  осы  құстардың 
суретін  ілеміз.  «БӘРІН  БӨЛ»  сиқыршысын  шақырып,  құстар  қандай 
бөліктерден тұратынын сұраймыз. Бөліктерін шеңберге алып тақтаға іліп 
отырамыз.  Сонда  салыстыру  кезінде  екі  құс  бірдей  дене  мүшелерін 
иемдене ме немесе олар біреуінде аз не ірілеу болып келетіні байқалады. 

251 
 
Мысалы,  үйрек  тұмсығы  тауық  тұмсығынан  қалай  ерекшеленеді?  Ал 
табандары ше? Денесі? 
Балалардың  жауаптарында  жаңа  сөздердің  баршылығы  байқалады. 
Егер ол жоқ болса, жартылай белсенді кезеңді жалғастыра береді.  
 
5 қадам. Болып жатқан және ілеспе оқиғалар.  
Біздің «Бәрін бөл» мен «Бәрін қос» сиқыршыларынан сұрап алынған 
«дүрбі»  не  керек  картинаның  түкпір  түкпірін  аралады.  Осымен  жұмыс 
бітті деп ойлаймыз ба? Әрине жоқ. Басқа жаңадан көзқарас алу үшін біз 
дүрбімізді  енді  жаңа  бір  қонақ  «МЕН  УАҚЫТ  КӨЛІГІМІН»  дегенге 
береміз.  Ол  болып  жатқан,  ертеректегі  және  ілеспе  мен  алдағы 
оқиғалармен  таныстырады,  яғни  әңгіменің  басы  мен  аяғын  білуіміз 
керектігін  көрсетеді.  Негізі  әдістемеде  бұл  қонақты  «қалып  қою»  мен 
«қуып жету» деген түсінікпен берген. Біз мұны балаларға түсінікті болу 
үшін  «уақыт  көлігі»  деп  атадық.  Мысалы,  қазір  біз  сендермен 
балабақшадамыз.  Ал  (қалып  қою  –  қонағымен  қарасақ  )  сендер  қайда 
болдыңдар  және  онда  не  істедіңдер?  Біз  таңертең  үйде  болдық, 
ұйықтадық. Тақтаға қонағымыздың суретін іліп қоямыз. Ал сосын екінші 
бөлігі  «қуып  жет»  келген  соң  не  болады?  Біз  оянып  жуындық.  Содан 
кейін  не  істедіңдер?  Осылай  қонағымыздың  күнделікті  істейтін  күн 
тәртібін  ашып алуымызға болады.  Олар бұрын не болды және  сосын не 
болды  сұрақтар  төңірегінде  болады.  Сөйтіп  қонағымыздың  ісін  реттеп 
аламыз.  Балалар  себеп  –  салдар  байланысын  анықтайды,  яғни  болып 
жатқан  және  ілеспе  оқиғалардың  бірінсіз  –  бірі  болмайтынына  көз 
жеткізеді.  Мысалы,  таңертең,  сосын  түн  болады  деген  сияқты.  Осындай 
дайындықтың  арқасында  біз  картинаны  қарастыруға  қайтадан  кірісетін 
боламыз.  Сонымен,  қыз  қазір  үйректерді  тамақтандырып  жатыр.  Ол 
алдында  қайда  болды?  Алдында  үйінде  болды,  ойнады.  Ойнап  болған 
соң, бірден үйректерге барды ма? Әлде біз бір қадамды тастап кеттік пе? 
(қуып жет?) Иә, тастап кеттік, алдымен қыз жемді алды. 
  
6 қадам. Түрлі көзқарас 
Картинамен  жұмыс  жасаған  кезде  бала  өзінің  жеке  қабылдау 
ерекшеліктерін  толық  пайдалана  алуды  қалай  жүзеге  асырсақ  екен? 
Баланың айтқан әңгімесі басқаларының мен де айтам деген сезімін оятар 
ма екен? Тәжірибеде осы мәселемен көп айналыстық. Картина бойынша 
әңгіме құрастыру сол картинаның өзіне ғана емес, әңгімелеушіден, оның 
жеке  көзқарасына  тәуелді.  Баланың  қызық  көзқарасы  ғана  әңгімені 
ерекше, тартымды қылып береді.  
Адамдардың өз пікірлері көптеген әр түрі көзқарастарға байланысты: 
кәсіби,  ұлттық,  діни,  жасқа  байланысты  және  т.б.  Біз  қарапайым 
заттардан  бастаймыз,  яғни  пікір  адамның  көңіл  –  күйіне  тәуелді 
болуынан басталады. 
7 қадам. Қорытынды. Нәтиже.  

252 
 
Балалар  әу  бастан  келе  жатқан  әңгіме  легін  босатып  алмай,  соңына 
жетуге  дейін  тырысады.  Тақтаға  тілі  жатық,  шығармашылықты  айта 
алатын бір баланы шақырып өз  тарапынан әңгіме құрастыртуға  болады. 
Бала  өзінің  әңгімесін  айта  келе  соңына  жеткенде  сол  әңгімесіне,  яғни 
картинаға  ат  қояды.  Жалпы  картинаға  ат  қоюды  әр  түрлі  ойын 
жаттығулары  арқылы  өткізуге  болады.  Ең  үздік  атаулардың  ішінен 
біреуін алып, нақты атауына жақындастыру керек.  
Қорытынды: нәтижелер мен болашақтағы көрініс неден табылады? 
Аз  уақыт  болса  да  осы  И.Н.  Мурашковска,  Н.П. Валюмс 
педагогтардың  «Картина  бойынша  шығармашылықты  әңгімелеуге 
балаларды үйрету» әдістемесін қолдану қандай нәтиже берді? 
Балалардың  белсенділігі  артты,  олар  жауап  беруге,  өз  ойларын 
білдіруге  жанталасады.  Балалар  сөзбен  сурет  салу  тәсілін  де  жақсы 
меңгере  бастады,  бәрінен  бұрын  бала  өзі  сезбесе  де  сөйлей  бастады. 
Сөзбен  суреттеу  сосын  кәдімгі  ақ  қағазға  сурет  салуға  айналады. 
Суреттер тақтаға ілініп көрме ашылады.  
Сонымен  балалардың  қол  көтеруі  көбейді,  барлығы  тақтаға  шығып 
жеке  нысандарды  өзара  қосқысы  келеді.  Енді  картина  бойынша 
әңгімелеуді  тілі  жатық  балалар  ғана  емес,  сонымен  қатар  әу  бастан 
үндемей  отырған  бала  да  сөйлей  бастайды.  Сабаққа  дайындалу  жеңіл 
бола бастады. Картинаны алдымен қарастырып, содан кейін толық, мәнді 
әңгіме құрастыруға үйретуге болады. Бұрынғыдай тәрбиеші ғана көпіріп 
сөйлеп,  көптеген  сұрақ  қойып  жатпайсың,  онсыз  да  бәрі  айдан  анық 
көрініп  тұр  ғой.  Кей  кездерде  қалай  оңай  болса  да,  белгілі  бір  кезеңде 
қажетті сөздер табылмай қалады және бала айтамын деп тырысса да айта 
алмай  қалатын  жәйттар  да  болады.  Сондықтан  бос  уақытта  «Иә  -  Жоқ» 
ойынын  ойнауға  болады,  мысалға  кез  келген  нысан  алына  береді, 
«Жанданған  картина»  ойнатуға  болады.  Жұмбақ  шешкізіп,  ұйқасын 
таптыруға  да  болады.  Сабақтар  барлығы  «сиқырлы  түрде»  өтеді.  Олар 
«Сиқырлы  картина»,  «Сиқыршылар»,  «Сиқырлы  дүрбілер»,  «Сиқырлы 
таяқша», «Сиқырлы фломастер», «Сиқырлы жолақтар», «Сиқырлы кілем» 
тұрпатында болады. Сиқыршылардың атаулары «Бәрін бөл», «Бәрін қос», 
«Уақыт  көлігімін»,  «Бәрін  естіп  тұрмын»,  «Бәрін  иіскеймін»,  «Бәрін 
қолыммен  сипаймын  және  сеземін»,  «Бәрінің  дәмін  татамын»  деп 
аталады.  Жалпы  сіздер  ойлана  келіп  өз  тарапыңыздан  басқа 
кейіпкерлерді  ойлап  табуға  болады.  Мысалы,  Ертегідегідей  бір  көзді 
дәулерді,  күшік,  мысықай  т.б.  жанды  заттарды  алуға  болады.  Мектепке 
дейінгі  балалармен  картиналар  бойынша  әңгіме  құрастыруда  ойлау 
операцияларын  көп  қолданған  жақсы.  «Картина  бойынша  әңгіме 
құрастыруға  үйрету»  әдістемесі  көптеген  ойын  жаттығуларының 
жүйесімен  құрылған  сияқты.  Әңгімелеуге  үйретуде  қолданылатын 
форманың бірі – ол дидактикалық ойындар. Ойын нақты бір құрылымды 
игереді:  дидактикалық  мақсатты,  ойын  ережелері  мен  қимылдарды 

253 
 
жүйелейді,  сұрыптауға  үйренеді,  болжам  жасап  және  өз  әңгімелерін 
құрастыра алатындай бұрмалап, жаңартып алады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет