Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Сенсуализм - сезім түйсіктері арқылы дүниені танып білу. Бұл білім саласы танымды сезіну арқылы танудың бір бөлімі. Солипсизм



Pdf көрінісі
бет58/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86
Сенсуализм
- сезім түйсіктері арқылы дүниені танып білу. Бұл білім
саласы танымды сезіну арқылы танудың бір бөлімі.
Солипсизм
- субъективті идеализмнің шекті түрі.
Агностицизм
- (гр. білім жəне жоққа шығару) əлемді толық танып-білуге
болмайды деп қарастыратын білім саласы.
Методология принциптері
- əдістер, тəсілдер, методикалар жүйелердің
негізгі ережелері мен негізі болып табылады.
Эмпириялық білім
- рационалды білімнің төменгі түрі, эмпириялық
объектерді бақылау операцияның нəтижелері мен эксперименттердің
қорытындысын ойлау арқылы түйіндейтін жəне тіл тəсілдер арқылы
қорытындыланатын білім.
Эмпириялық танымның əдістері
- бақылау, эксперимент, сипаттама,
абстракциялау, индукция, материалдық модельдеу, экстраполяция т.б.


178
Теориялық білім
- білімнің эмпириялық пен метатеориялық деңгейлердің
арасындағы білім; өз пəндігімен эмпириялық білімнен ерекше; олар - идеалдық
объектілер; логикалық 
ұйымдастыру 
деңгейі 
жоғары; дедуктивтік-
аксиоматикалық əдістер арқылы дəлелденеді.
Теориялық əдістер
- идеялдандыру, ойлау эксперимент, математикалық
модельдеу, білімнің логикалық ұйымдастыру, дəлелдеу, интерпретация т.б.
Эврилогия
- əлеуметтік маңыздылығы бар, жаңалық, жаңа идея, жаңа
теория мен жасамды материалды объектерді жасау жолдары мен тəсілдер
туралы ғылым; шығармашылық теория оның синонимі болып табылады;
объектке бағытталған пікірлер шығармашылық процестердің психологиялық
механизмі шығармашылықты меңгеру, өнімділік түрін нығайтатын себептерді
қамтитын хронотоптық пікірлер; 3 бөліктен тұрады: шығармашылықтың
онтологиялық негіздері, шығармашылық процестің нерв жүйесімен ми
өзгешелігімен байланыс түрі, индивидуалды шығармашылықтың өзгешелігі
туралы (методикалық шығармашылық туралы теория қазір өзекті).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет